Об утверждении Инструкции по установлению пределов вычетов по страховым премиям, подлежащим уплате (уплаченным) страхователем по договорам страхования Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 99-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiледi және оның күшi 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
келісілді
13 ақпан 2003 ж.
Басқа 7. Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Сақтандыру шарттары бойынша
сақтанушы төлейтiн (төлеген)
сақтандыру сыйлықақылары бойынша
шегерiмдердiң шегiн белгiлеу
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту
туралы"
2003 жылғы 31 қаңтардағы
N 27 қаулысымен
бекiтiлген
Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты айқындау кезiнде сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары шегерiмдерiнiң шегiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықтың күшi сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасаған және Салық кодексiнiң талаптарына сәйкес корпорациялық табыс салығын төлеушi болып табылатын сақтанушыларға қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдер шегi
2-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдер шегi
Тармақ 3
3. Сақтанушы автомобиль көлiгiн сақтандыру класы бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылатын мүлiктiң баланстық құнының 5 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Сақтанушы мынадай барлық:
Тармақша 1
1) темiржол көлiгiн сақтандыру;
Тармақша 2
2) әуе көлiгiн сақтандыру;
Тармақша 3
3) су көлiгiн сақтандыру;
Тармақша 4
4) жүктердi сақтандыру;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген кластарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру кластары бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылатын мүлiктiң баланстық құнының 1 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Сақтанушы мынадай барлық:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;
Тармақша 2
2) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
Тармақша 3
3) темiржол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
Тармақша 4
4) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
Тармақша 5
5) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
Тармақша 6
6) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
Тармақша 7
7) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
Тармақша 8
8) осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген кластарды қоспағанда, зиян келтiрiлгенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру кластары бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтанушының жылдық жиынтық табысының 1,5 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Осы Нұсқаулықтың 3-5-тармақтарында белгiленген шектеулер мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының шегерiмдерiне қолданылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 7
7. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шешiледi.