Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городских сообщениях на территории города Шымкент Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;
Тармақша 2
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 707 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген, 2016 жылы 12 мамырда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы __________ Ғ. Ташқараев 2020 жыл «__» __________