Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных в Кызылординской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазаны № 473 шешімімен бекітілген Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) - ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;
Тармақша 5
5) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 6
6) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;
Тармақша 7
7) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылыс жайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер;
Тармақша 8
8) маусымдық жайылымдар - жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
Тармақша 9
9) шалғайдағы жайылымдар - елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мыналарға:
Тармақша 1
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған).
Тармақша 2
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
Тармақша 3
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
Тармақша 4
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 5
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), сондай-ақ жаю ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Бұл ретте, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);
Тармақша 8
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;
Тармақша 9
9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 12259 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 5
5. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендеу ортасын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 17-бабына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты республикада жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы бағу жүйесі қолданылады. Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады. Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады. Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамын ескеру қажет, өйткені Қазақстандағы барлық жайылымдар маусымдық сипатта болады, сондықтан эфемерлік жайылымдар көктемде, бетегелі-астық тұқымды және таулы - жазда, ал эфемерлік-жусан жайылымдар көктемде де, күзде де пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі - см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайыздан (бұдан әрі - %); шөлейт және құрғақ далада - 65% аспауы тиіс. Таулы жайылымдарды 70% коэффициентпен, көктемгі эфемер өсімдіктері бар учаскелер сияқты пайдалануға болады.
Тармақ 11
11. Елді мекендер шегінде жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарды беру аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде - Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жоспар аудандардың немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органымен қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және (немесе) ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) кезеңге бекітілген нормативтік құқықтық акті болып табылады.
Тармақ 13
13. Жоспарды ауданның (қаладағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері және жергілікті өзін-өзі басқару органдары әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүріне сәйкес әзірлейді.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы малдарын жаю мен жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдаланудың күнтізбелік графигі Жоспарға сәйкес айқындалады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік меншіктегі кенттер мен ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11064 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі. Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары асып кеткен жағдайда Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.
Тармақ 18
18. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде айдауды ұйымдастыру
3. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде айдауды ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерді, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды. Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.
Тармақ 20
20. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.
Тармақ 21
21. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.
Тармақ 22
22. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде егу және вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.
Тармақ 23
23. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдайтын жолдар (бұдан әрі - мал айдайтын жолдар) жобаланады.
Тармақ 24
24. Мал айдайтын жолдарды аудандардың (қалалардың) және облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 25
25. Мал айдайтын жолдар олардың ең үлкен ауданына қызмет көрсету және жайылымдардың мал тұратын және суару орындарымен қолайлы және қысқа байланысын құру есебімен орналастырылады.
Тармақ 26
26. Ауыл шаруашылығы жануарларын 5 километрге (бұдан әрі - км) дейінгі қашықтыққа айдағанда, айдалатын ірі қара малдың саны 200-250 бас немесе ұсақ малдың саны 600-800 бас болған кезде мал айдалатын жердің ені 50-70 метрді құрайды. Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-нен аспайды.
Тармақ 27
27. Жолдың ұзындығы үлкен болған кезде (егер қозғалыс бірнеше күн ішінде жасалса) әрбір 40-50 км сайын мал айдайтын жолдар жеткілікті азықтық сыйымдылықтағы жайылымдық қоректендіру алаңдарымен жабдықталады және әрбір 10-15 км сайын суатпен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.
Тармақ 28
28. Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы: ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км; жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км; түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км; қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км. Республика бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км.
Тарау 4. 4. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру
4. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру
Тармақ 29
29. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) Жоспардың іске асырылуын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:
Тармақша 1
1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;
Тармақша 3
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;
Тармақша 4
4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жинайтын орындарды;
Тармақша 7
7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;
Тармақша 8
8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;
Тармақша 9
9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;
Тармақша 10
10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.
Тармақ 31
31. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;
Тармақша 3
3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;
Тармақша 5
5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.
Тармақ 32
32. Осы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
Басқа 75. Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына 1- қосымша Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары Жыныстық-жастық топтары Жануарлардың саны, бас Тәуліктік айдау қашықтығы, километр Ірі қара мал Бұзаулы сиырлар (емізулі) 150-200 15-20 Қашарлар (2 жасқа дейін) 200-250 20-25 Бұқашықтар (2 жасқа дейін) 200-250 20-25 Ұсақ мал Қозылы қойлар, Лақты ешкілер 500-600 20-30 Бір жылғы төл 600-800 30-40 Жылқылар Құлынды биелер 100-150 25-30 1,5-2 жастағы төл 150-200 35-40 Түйелер Түйелер 100-120 40-50
Басқа 76. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына 2 - қосымша Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары Жыныстық-жастық топтары Қоңдылығы Ортадан төмен, бас Орташа, бас Ортадан жоғары, бас 1 2 3 4 Ірі қара Бұзаулы сиырлар (емізулі) 50-70 150-200 150-200 Қашарлар (2 жасқа дейін) 100-150 200-250 200-250 Бұқашықтар (2 жасқа дейін) 100-150 200-250 200-250 Ұсақ мал Қозылы қойлар Лақты ешкілер 400-500 500-600 500-600 Бір жылғы төл 400-500 600-700 600-800 Жылқылар Құлынды биелер 50-70 80-100 100-150  120-150 150-200  150-200 1,5-2 жастағы төл 30-60 60-90 90-120 Түйелер Түйелер 30-60 60-90 90-120
Басқа 77. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына 3 - қосымша Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары Ірі қара мал, бас Ұсақ мал, бас Жылқылар, бас Түйелер, бас 150-ге дейін 500-ге дейін 100-ге дейін 100-ге дейін