Об утверждении Правил выполнения многофакторного обследования гидротехнических сооружений и основного оборудования Күшін жойған
Басқа 0
Гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Cу кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Басқа 0. Гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты
көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 20 қазаны
№ 260 Бұйрығымен
бекітілген
Гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты
көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 28-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды (бұдан әрі – тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың әрекеті төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін, меншік нысанына қарамастан 5 жыл және одан да көп пайдаланудағы I, II, III сыныпты және IV сыныпты гидротехникалық құрылысжайларға (бұдан әрі – ГТҚ) және негізгі жабдықтарға (бұдан әрі – ГТҚ) қолданылады
Тармақ 3
3. Қағидалар ГТҚ жоспарлы және жоспардан тыс (жөндеуден, қайта жаңартудан, қалпына келтіруден, пайдалану жағдайларының өзгеруінен, авариялық жағдайлардан, әсерлерден кейін) тексерістер жүргізу кезінде қолданылады.
ГТҚ-ны зерттеп-қараудың негізгі міндеті:
Тармақша 1
1) ГТҚ, тораптар мен кешендердің жай-күйі мен қауіпсіздігін бағалау, олардың уақыт бойынша өзгеруін болжау;
Тармақша 2
2) құрылысжайлардың авариясына себеп болуы мүмкін материалдардың жобалық шешімдерінен ауытқуларын, зақымдануларын, ақауларын және физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгерістерін анықтау;
Тармақша 3
3) «құрылысжай – негіздеме» жүйесінде болып жатқан сүзу, орын ауыстыру, шөгу, кернеу деңгейі процестеріндегі қауіпті өзгерістерді анықтау;
Тармақша 4
4) авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша қабылданған және (немесе) қабылданатын шаралардың жеткіліктілігін талдау және бағалау;
Тармақша 5
5) ГТҚ қауіпсіздігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу;
Тармақша 6
6) ГТҚ қауіпсіздігінің белгіленген өлшемшарттардың жеткіліктілігін және оларды өлшеу кезеңділігін бағалау;
Тармақша 7
7) ГТҚ тұрақтылығын бағалау.
Тарау 2. 2-тарау. Гидротехникалық құрылысжайларды
және негізгі жабдықтарды көпфакторлы тексеру өткізу тәртібі
2-тарау. Гидротехникалық құрылысжайларды
және негізгі жабдықтарды көпфакторлы тексеру өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. ГТҚ-ны зерттеп-қарау жоспардан тыс және жоспарлы болып бөлінеді.
Тармақ 5
5. ГТҚ-ны жоспардан тыс зерттеп-қарау құрылыс бөліктерінің зақымдануын немесе бұзылуын тудырған дүлей зілзалалар мен авариялардан кейін, сондай-ақ жабдықтың жұмысында жиі істен шығу және пайдалану шарттарының басқа да бұзылуы кезінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жоспарлы зерттеп-қараулар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11478 болып тіркелген) Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының 17-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. Тексеру кезінде ГТҚ-ның ағымдағы жай-күйін оны қауіпсіз пайдалану мәніне бағалау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Зерттеп-қарауды жүргізу ГТҚ меншік иесінің мынадай дәйекті өзара байланысты іс-қимылдарды орындауын көздейді:
Тармақша 1
1) зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі жұмыс бағдарламасын (бұдан әрі – жұмыс бағдарламасы) әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2
2) зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту;
Тармақша 3
3) бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 4
4) ГТҚ қауіпсіздігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу.
Тексеру жүргізу үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарды тартқан жағдайда актіні мамандандырылған мердігерлік ұйым жасайды, комиссия мүшелерімен келісіледі және ГТҚ меншік иесі болып табылатын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
Тармақ 8
8. Жұмыс бағдарламасында мынадай іс-қимылдар жиынтығы көзделеді:
Тармақша 1
1) жобалық құжаттамамен, ГТҚ паспорттарымен және атқарушылық құжаттамамен танысу;
Тармақша 2
2) ГТҚ пайдалану қызметінің жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) ГТҚ, гидромеханикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратураларын (бұдан әрі – БӨА);
Тармақша 4
4) ГТҚ аспаптық тексеру;
Тармақша 5
5) құрылысжайға орнатылған БӨА жеткіліктілігін талдау;
Тармақша 6
6) ГТҚ жай-күйіне бұрын жүргізілген заттай бақылаулар (мониторинг) деректерін талдау және бағалау;
Тармақша 7
7) тексерілетін ГТҚ жай-күйін бағалау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік критерийлерінің бақыланатын көрсеткіштерінің номенклатурасын, олардың шекті жол берілетін мәндерін және өлшеу кезеңділігін талдау;
Тармақша 8
8) азаматтық қорғаудың оқшау құлақтандыру жүйесін тексеру;
Тармақша 9
9) ГТҚ қауіпсіздігі туралы қорытынды және оны қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар жасау.
Тармақ 9
9. ГТҚ бақылаулары мен зерттеулері өз сипаты бойынша көзбен шолу және аспаптық, инженерлік-геозедикалық және су асты болып бөлінеді және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес көлемде ГТҚ тексерулерін, өлшеулерін, сынақтарын және зерттеулерін жүргізуді көздейді.
Тармақ 10
10. Бақылау нәтижелері жүргізуді ГТҚ меншік иесі еркін нысанда жүзеге асыратын журналдарға және формулярларға енгізіледі және ГТҚ жұмысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері көп факторлы тексеру актісімен ресімделеді, онда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТҚ-ның техникалық жай-күйін бағалау көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия құрамына:
ГТҚ-ны пайдалану қызметінің басшысы немесе бас инженері;
визуалды, аспаптық, инженерлік-геодезиялық және су астын зерттеп-қарауды орындайтын қызметкерлер не осы тексеруді шарттық негізде жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері (келісім бойынша);
зерттеп-қарауды өткізу үшін тартылған мамандандырылған мердігерлік ұйымның өкілдері (оларды тартқан жағдайда) кіреді.
Тармақ 13
13. ГТҚ-ның меншік иесі комиссияның жұмысы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Актінің бір данасы ГТҚ-ның меншік иесінде сақталады, екінші данасы 3 жұмыс күні ішінде Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияға жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Гидротехникалық құрылысжайларды зерттеп-қараудың әдістері
3-тарау. Гидротехникалық құрылысжайларды зерттеп-қараудың әдістері
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылысжайларды визуалды зерттеп-қарау
1-параграф. Құрылысжайларды визуалды зерттеп-қарау
Тармақ 15
15. ГТҚ құрылысжайларын визуалды зерттеп-қараудың негізгі міндеті құрылысжайлардың ақаулықтары мен зақымдануларын, құрылымдар мен механикалық жабдықтардың ақаулықтарын, ауытқуы үлкен шөгінділерді, деформацияларды, орын ауыстыруларды, конструктивтік элементтер материалының бұзылу аймақтары мен учаскелерін, сүзгіш ағынның ашық шығуларын анықтау, сондай-ақ орнатылған БӨА жай-күйін бағалау, орындалған жөндеу іс-шараларының тиімділігін бағалау болып табылады.
ГТҚ механикалық жабдықтарын визуалды тексерумен тартқыш арқандардың, шынжырлардың, тірек конструкциялардың, қаптамалардың, қозғалғыш және басқа механизмдердің, көтергіш металл конструкциялардың механикалық және коррозиялық зақымданулары, кран асты жолдарының аралық құрылысжайларының салмалы бөліктері мен тіреулерін бекіту орындарындағы бетонның жай-күйі, бекітпелердің нығыздау сапасы анықталады.
Тармақ 16
16. Тегеурінді фронт құрамында бетон және топырақ бөгеттері, гидроэлектрстанция (бұдан әрі – ГЭС) ғимараты, кеме қатынасы шлюздері, су төгу құрылысжайлары бар ГТҚ-да визуалды зерттеп-қарау объектілерінің қатарына енгізіледі:
еспе, берма, бөгет құламасы (қырлары);
дренаждық құрылғылар;
су бұру құрылысжайларының су ағызу үсті;
су өткізбейтін құдық пен қабырғаларды, энергия сөндіргіштерді, рисберма мен шөмішті қоса алғанда, төменгі бьеф жағынан осы құрылысжайлардың конструктивтік элементтері (қарауға қолжетімді шектерде);
анкерлік тіректерді қоса алғанда, турбиналық су тартқылар;
теңестіруші резервуарлар;
діңгектер, бөлек қабырғалар, ұсталар, тіреуіш қабырғалар;
бетон құрылысжайларының топырақ құрылыстарына және (немесе) жағалауларға жанасу аймақтары;
жағада, денеде және бөгеттің негізінде орналасқан галереялар;
жеткізуші және бұру арналары;
жер асты құрылысжайлары мен қазбалары;
жағалау баурайларының учаскелері және бөгеттің төменгі еңісіне (қырына), ГЭС ғимаратына, туннельдердің төменгі порталдарына, кеме жүретін құрылыстарға жанасатын аумақтар;
жоғарғы және төменгі бьефтердегі жағалаулық жанасудан 500 метр шектегі жағалаулардың абразивті аймақтары;
толқынға қарсы және еңістердің басқа да бекітулері;
ГТҚ механикалық жабдығы.
Тармақ 17
17. ГТҚ-ның бетон бөліктерінде (бөгеттер, тіреуіш қабырғалар) визуалды тексеру кезінде бетон қалауының зақымдануының мынадай негізгі түрлері анықталады және белгіленеді:
агрессивті ортамен немесе суды сүзумен байланысты бетонның коррозиясы;
бетон қалауында шоғырланған сүзу ошақтары болып табылатын өтпелі жарықтардың болуы;
бетонды қарқынды сілтілеу (одан әкті сүзетін сумен жуу);
күн радиациясының әсерін қоса алғанда, қысқы (мұздату-еріту) және жазғы (қыздыру-салқындату) кезеңдердегі температуралық әсерлердің салдарынан конструкциялардың су үсті бөліктері бетонының коррозиясы;
қыс мезгілінде мұздату және еріту салдарынан судың ауыспалы деңгейі аймағындағы суға қаныққан бетонның коррозиясы;
кавитация немесе гидроабразивті тозу салдарынан су өткізу құрылысжайлары бетонының бұзылуы;
бетон қалаудың механикалық зақымдануы (элементтер бұрыштарының сынуы, жекелеген аймақтарда бетонды ұсақтау, жарықтар, қатпарлану);
температуралық және басқа да әсерлердің (негіздің шөгуі және жер сілкінісі) салдарынан тігістердің қайтымсыз ашылуы;
күш жүктемелерінен, біркелкі емес шөгінділерден немесе температуралық әсерлерден туындаған сызаттар;
белсенді кремнез бар толтырғыштармен цемент сілтілерінің реакциясынан туындаған жарықтар.
Тармақ 18
18. ГТҚ темірбетон және болаттемір бетон конструкцияларында қосымша мынадай зақымданулар бөлінеді және тіркеледі:
тік, көлденең және қисық сызаттар элементтің созылған аймағындағы ашу шамасымен рұқсат етілген нормалардан көп;
элементтің сығылған аймағы бойындағы жарықтар, оның ішінде екі аспалы арқалықтардың баспасында;
бетонмен арматураға қатысты қорғаныс қасиеттерін жоғалту (қорғаныш қабатының барлық қалыңдығына бетонды карбонизациялау, бетонды сілтілеу);
арматураның өзекшелері бойындағы бетонның қорғаныш қабатындағы жарықтар және бетонның қорғаныш қабатының қатпарлануы;
арматураның коррозиясы;
арматураның механикалық зақымдануы;
болат қаптаманың зақымдануы (металл мен жіктердің коррозиясы, сызаттар, үйкеліс, айналадағы темір бетонды массивпен жанасу салдарынан қалыңдықтың азаюы).
Тармақ 19
19. Топырақ бөгеттерінде және негіздерде мынадай:
төменгі бьефте сүзгіш сулардың ашық шығу орындары, оның ішінде табаны мен жағалық беткейлер, қыста олардың мұздану мүмкіндігін бағалай отырып;
бөгетке жанасатын негізден, жағалаулық және жайылма алқаптарынан, бөгеттен топырақты суффозиялық шығару;
пьезометриялық желінің жағдайы;
бөгет дренаждарының, су бұру шығарылымдарының, жыралар мен кюветтердің жай-күйі;
бөгеттің төменгі беткейінің табанына жанасатын аумақтың батпақтануы;
бөгеттің жотасы мен берм еңістерінің, сондай-ақ жанасудағы жағалау баурайларының жергілікті деформациялары;
еспеде, еңістерде және бермаларда жарықтар мен жаңбырлы ойықтардың болуы;
жоғарғы және төменгі құламалар бекіткіштерінің, сондай-ақ жағалаулар бекіткіштерінің жай-күйі (егер ондай болса);
төменгі беткейде және іргелес аумақта проталин мен мұздың пайда болуы;
бөгет құламаларын аязды желдеу (солифлюкция);
төменгі бьефтегі бөгет пен жағалауларды шайып кету аймақтары;
су асты бөліктерін қоса алғанда, бөгет профилінің уақыт бойынша өзгеруі (пайдаланушы ұйымның деректері бойынша) зақымдануларға бөлінеді және белгіленеді.
Тармақ 20
20. Жер асты ГТҚ-да (машина залдары, деривациялық туннельдер, қалқан үй-жайлары, шахталық су тартқылар) визуалды зерттеп-қараумен мыналар:
қабырғалар мен күмбездер (темір бетон, торкрет, металл)қаптамаларында және басқа бетон конструкцияларында жарықтардың болуы және ашылуы;
бетонның коррозиясы және бұзылуы, арматурадан бетонның қорғаныш қабатының қатпарлануы;
қабырғалардан және анкерлік күмбездерден жартас блоктарының шығып кетуі, блоктардың бір-біріне қатысты қозғалуы;
жартасты жынысты бекітудің болат анкерлердің үзілуі немесе қатып қалуы, жартасты массивте орналасқан құрылымдағы жеке тектоникалық жарықтар мен жарықтарды ашу;
жер асты құрылысжайларына профильденген судың шығыстары;
дренаждық құрылғылар мен дренаждық суларды сору сорғы станциялары жұмысының жарамдылығы;
монтаждау крандарының рельстік жолдарының деформациясы (жерасты үй-жайлары камераларының жартасты қабырғалары);
су бұру жолдарында тастардың, ұстағыштарда және арамшөпті ұстайтын торлар алдында тас шөгінділерінің болуы;
су құбыры жолдарының бетонды қаптамалары мен жартасты қабырғаларын балдырлармен және микроорганизмдермен өсуі;
апаттық шығу, жарықтандыру және желдету жағдайы анықталады және тіркеледі.
Тармақ 21
21. Төменгі бьефті тексеру кезінде мыналар:
су ағызу жұмысы кезінде бьефтердің жанасу режимдері;
су бұрудағы пульсациялық және кавитациялық құбылыстар;
су бұру каналындағы ағынның іркілуі, жағалаулар мен түбінің шайылуы (арнада);
сөндіргіштер мен рисберманың жағдайы;
шаю өнімдерінің шөгінділерінің мөлшері мен пішіні;
арнаның (жағалаулардың) және жер асты құрылысжайларының су шайылуының орналасқан жері, олардың барынша тереңдігі мен даму серпіні анықталады және тіркеледі.
Тармақ 22
22. ГТҚ механикалық жабдығын қарау кезінде оның жалпы жай-күйі бағаланады, оның мынадай ақаулары:
металл конструкциялардың механикалық зақымдануы (майысулар, қисаюлар, жарықтар, сызаттар);
металл конструкциялардың коррозияға қарсы жабынының ескіруі;
кернеу шоғырлану орындарындағы жарықтар;
дәнекерленген жіктердің үзілуі, бұрандамалық және тойтарма қосындылардың үзілуі мен әлсіреуі;
үйкелетін жұптардың тозуы (жүріс дөңгелектері мен бекітпелер жолдарының, тістегершіктер тістерінің, төлкелердің);
тарту арқандары мен пластина шынжырларының коррозиялық және механикалық тозуы;
белбеулер мойынтірек дөңгелекті ысырмаларды және жетек механизмдері; бекітпелерді және гидрожетектерді тығыздаудағы ағыстар;
сорғыш торларды, бекітпелердің паздарын және бетонның пазына жанасатын жылыту жүйесі жұмысының бұзылуы;
бекітпелердің, паз конструкцияларының және тығыздағыштардың тірек конструкцияларын бітеу орындарында бетонның бұзылуы;
кран және электр техникалық жабдықтардың, көтергіш механизмдер мен электр жылыту жүйелерінің ақаулықтары анықталады және белгіленеді.
Комиссияның шешімі бойынша жекелеген бекітпелер мен тетіктердің жұмысына іріктеп тексеру жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Аспаптық зерттеп-қарау
2-параграф. Аспаптық зерттеп-қарау
Тармақ 23
23. Аспаптық зерттеп-қараудың негізгі міндеті құрылысжайдың жай-күйі деформациялар, беріктілік, жарықшақтың пайда болуы және ылғалдылығы туралы сандық деректерді алу болып табылады.
Тармақ 24
24. Аспаптық зерттеп-қарау кезінде мынадай әдістер қолданылады:
бетон беріктігінің конструкция бетонындағы (диаметр және тереңдік) таңба өлшемімен байланысын немесе индентордың соққысы немесе индентордың бетон бетіне жанасуы кезінде бетондағы және стандартты металл үлгідегі таңба диаметрінің арақатынасын анықтайтын пластикалық деформация әдісі;
цифрлық өлшеу құрылғысының көмегімен құрылым қабырғаларының қалыңдығын өлшейтін ультрадыбыстық әдіс, бейнедисплейді пайдалана отырып, конструкция бетінде жарықтар мен сыртқы коррозиялық раковиналардың тереңдігін анықтау;
бетонның беріктігінің денеде жасалған арнайы анкерлік құрылғының конструкциясы оны қоршаған бетонмен бірге одан алып кетуді күшейтумен байланысты негізделген бұзбайтын әдіс;
инженерлік геодезия әдістері түрлі ғимараттар мен құрылысжайларды іздестіру, жобалау, салу және пайдалану кезінде орындалады, инженерлік геодезия алаңдар мен трассалардың топографиялық-геодезиялық ізденістерін, құрылысжайларды инженерлік-геодезиялық жобалауды, геодезиялық бөлу жұмыстарын, конструкциялар мен технологиялық жабдықтарды геодезиялық тексеруді, құрылысжайлар мен олардың негіздерінің деформациялануын бақылауды қамтитін әдіс;
радиографиялық әдіс дәнекерлеу қосылыстарының тұтастығын бақылау үшін қолданылады;
кернеулердің шоғырлану аймақтарында және коррозиялық-тозу зақымданулардың дамушы аймақтарында құбыр металының магниттелуінің өзгеруіне байланысты жердің магниттік өрісінің бұрмалануы өлшенетін магнитометриялық әдіс;
табиғи радиоактивтілікті анықтауға және зерттеуге негізделген барлаудың геофизикалық әдісі;
ылғалдылықты өлшеуге арналған нейтрондық әдіс материалдағы сутегі атомдарының ядроларымен өзара әрекеттесуі процесінде жылдам нейтрондардың баяулау әсеріне негізделген;
құйынды токтар әдісі бояу қабатымен немесе битум қабатымен жабылған беттерді тексеру кезінде оларды тіркеу үшін металл элементтердің жарықтары мен жарықтарын анықтау әдістеріне қосымша қолданылады;
электрметриялық әдіс коррозиялық қауіпті бағалау мақсатында катодты қорғанысты тексеру үшін қолданылады және құрылысжайдың болат құрылымы мен қоршаған орта - су арасындағы әлеуеттің айырмашылығын өлшеу болып табылады;
акустикалық әдіс су асты құрылысжайларының металл конструкцияларының дәнекерленген тораптарындағы ішкі ақаулардың болуын тексеруге арналған;
механикалық сынау әдісі жүктемені қолдану тәсіліне байланысты металдардың механикалық қасиеттерін сынау әдістері үш топқа бөлінеді: статикалық сынақтар (созылу, иілу, бұралу, кесу, сығылу); динамикалық сынақтар (соққылық тұтқырлыққа); қайталанған немесе белгісіздік жүктемелер кезіндегі сынақтар (шаршау);
георадар әдісі (георадиолокация, георадарлық түсіру, георадарлық тексеру, георадарлық зондтау) георадар сәулеленетін электромагниттік толқындардың жер қалыңдығы арқылы өтуін техникалық талдау және әр түрлі жер асты коммуникациялары астында жасырынғанын көруге мүмкіндік береді.
Тармақ 25
25. Аспаптық тексеру барысында мыналар:
конструкция бетіндегі жарықтар және сыртқы коррозиялық раковиналар;
су асты құрылысжайларының металл конструкцияларының дәнекерленген тораптарындағы ішкі ақаулар;
бетон массивінің тығыздығы мен серпімділігі, сондай-ақ онда каверналар мен қуыстардың болуы;
бөгет құламаларының, жотасының және бермінің деформациясы;
су асты бөліктерін қоса алғанда, бөгеттің профилін уақыт бойынша өзгерту анықталады және тіркеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Инженерлік-геодезиялық зерттеп-қарау
3-параграф. Инженерлік-геодезиялық зерттеп-қарау
Тармақ 26
26. Инженерлік-геодезиялық зерттеп-қараудың негізгі міндетігеодезиялық желінің қамтамасыз етілуін, жер беті және топырақмаркаларының болуы мен жай-күйін тексеру, жоғары рұқсаты баробъектілермен іргелес аумақтардың атқарушылық түсірілімдерін жүргізу болып табылады.
Тармақ 27
27. Инженерлік-геодезиялық зерттеп-қарау барысында мыналар: :
бастапқы геодезиялық пункттерді зерттеп-қарау нәтижелері;
бастапқы пункттерге байланыстыруды көрсете отырып, жоспарлы-биіктік геодезиялық желілердің схемалары;
есептеу, дәлдікті теңестіру және бағалау материалдары,геодезиялық пункттердің координаттары мен биіктіктерініңведомостары, нивелирлік белгілер мен тұрақты белгілермен бекітілген нүктелер;
өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы деректер (аспаптарды зерттеу, тексеру және эталондау, рейкаларды және өлшеу аспаптарын құрастыру);
тұрақты белгілермен бекітілген геодезиялық пункттер менгеодезиялық желілердің нүктелерін, олардың сақталуын бақылауға тапсыру туралы актілер;
далалық (камералдық) зерттеп-қарау актілері анықталады және тіркеледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Су асты зерттеп-қарауы
4-параграф. Су асты зерттеп-қарауы
Тармақ 28
28. Су асты зерттеп-қарауының негізгі міндеті құрылысжайдың жоғарғыжәне төменгі бьефтерінің су асты бөлігінің және оларғажанасатын түбінің учаскелерінің жай-күйін тексеру болып табылады. Гидротехникалық құрылысжайдың су асты бөлігін тексеру судың ең аз тұрған кезеңінде орындалады.
Тармақ 29
29. Суасты зерттеп-қарау барысында мыналар:
тас жапсары құламаларының жай-күйі;
берма шамасы;
массивтердің төменгі қатарының (курсының) жағдайы;
қалаудың көлденең және тік тігістерінің ені;
массивтердің жылжуы және құрылысжайдың су асты бөлігінің тігінен ауытқуы;
кавернаның болуы;
жалаңаш арматурасы бар орындар, жарықтар мен ойықтар;
кесілген және металл бекіткіштердің жай-күйі;
толассыз баған құрылысжайларының жай-күйі;
су қабылдағыш торларының және құрылысжай бастарының жай-күйі;
жағалау құламаларының жай-күйі;
түбінің жай-күйі (қоқыстар, суға батқан заттар, шөгінділер, шайындылар, шұқанақтар) анықталады және тіркеледі.
Тармақ 30
30. Су асты тексерулерін жүргізу Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 33 бұйрығыменбекітілген Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10369 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін бағалау
4-тарау. Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін бағалау
Тармақ 31
31. Зерттелетін ГТҚ қауіпсіздігін бағалау «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/289 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11478 болып тіркелген) Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерийлерімен тексеру қорытындылары бойынша алынған мәндерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады, оларға ГТҚ-ның меншік иесі оны пайдалану барысында бақылау жүргізеді.
Басқа 1. Көп факторлы тексеру актісі
Гидротехникалық құрылысжайлар
мен негізгі жабдықты көпфакторлы
зерттеп-қарауды орындау
қағидалары
1-қосымша
Көп факторлы тексеру актісі
Тармақ 1
1. Жобалық құжаттаманың, ГТҚ* паспортының және атқару құжаттамасының болуы туралы ақпарат__________________________________
Тармақ 2
2. Зерттеу жүргізу сәтіндегі ГТҚ нақты жай-күйіне жобалық құжаттаманың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ақпарат______________________________________________________________
Тармақ 3
3. ГТҚ пайдалану қызметінің жұмысы туралы ақпарат__________________
Тармақ 4
4. ГТҚ, гидромеханикалық жабдықтар мен БӨА визуалды тексеру нәтижелері________________________ ___
Тармақ 5
5. ГТҚ аспаптық тексеру нәтижелері________________________________
Тармақ 6
6. Инженерлік-геодезиялық тексеру нәтижелері_______________________
Тармақ 7
7. Су асты тексеру нәтижелері______________________________________
Тармақ 8
8. Құрылысжайда орнатылған БӨА жеткіліктілігін талдау нәтижелері__________________________________________________________
Тармақ 9
9. ГТҚ жай-күйіне бұрын жүргізілген заттай бақылауларды талдау нәтижелері___________________________________________________________
Тармақ 10
10. Тексерілетін ГТҚ жай-күйін бағалау үшін пайдаланылатын бақыланатын параметрлердің номенклатурасын және олардың шекті жол берілетін мәндерін талдау нәтижелері____________________________________
Тармақ 11
11. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру нәтижелері___________________________________________________________
Тармақ 12
12. ГТҚ жағдайын бағалау:
Тармақ 12.1
12.1. ГТҚ және олардың жекелеген элементтерінің беріктігі мен орнықтылығын бағалау ________________________________________________
Тармақ 12.2
12.2. Гидроторап жармасындағы су өткізу құрылысжайларының нақты қабілетін бағалау, су өткізу жолдары мен су төгінділерін дәлдік тексеру туралы мәліметтер __________________________________________________________
Тармақ 12.3
12.3. Құрылысжайлар жотасы мен сүзуге қарсы элементтердің қалыпты тіректік (үдемелі) деңгейден асып кетуінің жеткіліктілігін бағалау ____________________________________________________________________
Тармақ 12.4
12.4. ГТҚ конструктивтік элементтерінің жағдайын бағалау ____________________________________________________________________
Тармақ 12.5
12.5. ГТҚ жанасу аймақтарының жай-күйін бағалау ____________________________________________________________________
Тармақ 12.6
12.6. ГТҚ механикалық жабдықтары мен арнайы болат конструкцияларының жұмыс қабілеттілігі мен беріктігін бағалау ____________________________________________________________________
Тармақ 12.7
12.7. Гидротехникалық құрылысжайларда орнатылған аварияға қарсы қорғаныс және автоматика құралдарының жұмысын бағалау ____________________________________________________________________
Тармақ 13
13. Жалпы ГТҚ және жеке негізгі жабдықтың техникалық жай-күйі туралықорытынды ________________________________________________________
Тармақ 14
14. ГТҚ қауіпті зақымданулар мен авариялық жағдайларды оқшаулауға және жоюға дайындығы туралы қорытынды_______________________________
Комиссия төрағасы: _________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Комиссия мүшелері: _________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ескертпе:
* осы бұйрықтың мақсаттары үшін «Гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығымен бекітілген паспорттардың нысандары және паспорттың нысаны қаралады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 болып тіркелген).