Об утверждении Положения Республиканского государственного учреждения «Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы қазандағы
№ бұйрығына
1- қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), өз құзыреті шегінде индустрия және индустриялық-инновациялық қызметтің: тау-кен металлургия, зергерлік және басқа бұйымдар, бағалы металдардан жасалған монеталар көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі; жергілікті қамтуды дамыту; арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі және оларды тарату; экспорттық бақылау; жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу; реттелетін салаларда тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асыру (бұдан әрі – реттелетін салалар).
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бекітеді, штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр - Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру Республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Міндеті: өнеркәсіптің: тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі салаларын дамыту бойынша индустриялық-инновациялық қолдаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу
Функциялары:
Тармақша 1
1) реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыреті шегінде және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, әзірлеуге қатысады, келіседі және бекітеді;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты қажет болған кезде реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жүргізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижесін жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыруды (Министрліктің ресми интернет-ресурсында, «Ашық НҚА» интернет-порталында) жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді және құқықтарын жүзеге асырады, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде олардың міндеттемелерін басқа халықаралық шарттар қатысушыларының орындауына бақылау жүргізуге қатысады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 9
9) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
Тармақша 10
10) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді;
Тармақша 11
11) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын қарайды, келіседі және ұсынады;
Тармақша 12
12) индустрияландыру картасын, сондай-ақ жобаларды индустрияландыру картасына енгізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 13
13) индустрияландыру картасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 15
15) еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 16
16) индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысады;
Тармақша 17
17) бағалы металдар өндірісін, бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының айналымын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдардан және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді;
Тармақша 20
20) экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін береді;
Тармақша 21
21) экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін береді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жәнеэкономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды береді;
Тармақша 23
23) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін береді;
Тармақша 24
24) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 25
25) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 26
26) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлейді;
Тармақша 27
27) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 28
28) шикізат тауарларының түрлері бойынша олардың жеке технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітетін тізбеде тұратын бағалы металдар өндірісінің әрбір субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерін белгілейді;
Тармақша 29
29) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 30
30) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдалануға байланысты қызметпен (технологиялық процеспен) тану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен бекітілген нысан бойынша ауыл шаруашылығы техникасының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасуды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) моторлы көлік құралдарының модельдерін өндіру кезінде заңды тұлғаның «Еуразиялық экономикалық одаққа және бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацына сәйкес белгіленген талаптарды сақтау фактісін белгілейді және осындай заңды тұлғаның моторлы көлік құралдары модельдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімдерінің жобасын әзірлейді ;
Тармақша 34
34) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген, көлік құралдарының (көлік құралдарының шассилерінің) паспорттарын (электрондық паспорттарын), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың, дайындаушы ұйымдардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын, көлік құралдарының (көлік құралдарының шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді қалыптастырады;
Тармақша 36
36) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерін өндіруді ынталандыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 37
37) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;
Тармақша 38
38) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді және оның үлгілік нысанын жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді әзірлейді;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімді тіркейді және оның есебін жүргізеді;
Тармақша 42
42) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 43
43) «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді»;
Тармақша 44
44) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді»;
Тармақша 45
45) «Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді)»;
Тармақша 46
46) «Экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлей;
Тармақша 47
47) «Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді»;
Тармақша 48
48) «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы саласында ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді»;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгі нысан бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгі нысан бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгі нысан бойынша көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Міндеті: жергілікті қамту үлесін арттыру және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру
Функциялары:
Тармақша 1
1) индустриялық-инновациялық қызмет саласында жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық қамту мониторингін, сондай-ақ тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін және келесі жылға жоспарланған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратқа талдау жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтудың мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 7
7) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, олардың өнім берушілерінің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 8
8) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың бірыңғай әдістеме есебін әзірлейді;
Тармақша 9
9) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың ақылы көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 11
11) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 12
12) қатты пайдалы қазбаларға байланысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін синхрондау тәртібін әзірлейді;
Тармақша 13
13) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оны қолданыстан алу жөніндегі қағидаларды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Міндеті: экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Функциялар:
Тармақша 1
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау ережесін әзірлейді;
Тармақша 4
4) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 5
5) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 6
6) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 7
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (өтініш берушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді);
Тармақша 8
8) өнімді кері экспорттауға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 9
9) экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу қағидалары мен нысанын әзірлейді;
Тармақша 10
10) өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және берілген өтініштің мәртебесі туралы консультация беруді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қажет болған кезде өнімді тиеп-жөнелту алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді);
Тармақша 14
14) өнімнің транзитіне рұқсаттар береді;
Тармақша 15
15) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат береді;
Тармақша 16
16) өтініш берушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытындылар береді;
Тармақша 17
17) белгіленген тәртіппен «экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының қолданысына жатпайтын өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар береді»;
Тармақша 18
18) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және өзектендіреді;
Тармақша 19
19) экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат береді;
Тармақша 20
20) тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен лицензияланатын саладағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Міндеті: тау-кен және химия өндірістерін пайдалану, уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою және тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру
Функциялар:
Тармақша 1
1) «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын әзірлейді;»;
Тармақша 2
2) «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын әзірлейді»;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен лицензияланатын саладағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
Тармақша 5
5) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
Тармақша 6
6) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
Тармақша 7
7) өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және берілген өтініштің мәртебесі туралы консультация беруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіппен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспортына лицензиялар береді;
Тармақша 9
9) белгіленген тәртіппен минералдық шикізат экспортына лицензиялар береді;
Тармақша 10
10) есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импортына белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
Тармақша 11
11) ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспорты мен импортына белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
Тармақша 12
12) белгіленген тәртіппен шифрлау (криптографиялық) құралдарының экспорты мен импортына лицензиялар береді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Міндеті: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Функциялары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік органдар қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 3
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;
Тармақша 4
4) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі есептерді ұсыну нысаны мен мерзімдерін әзірлейді;
Тармақша 5
5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін әзірлейді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 7
7) энергия тұтыну нормативтерін, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін әзірлейді;
Тармақша 8
8) энергия аудиті қорытындылары бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді;
Тармақша 9
9) энергетикалық ресурстарды, суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңының бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын төмендетуді қамтамасыз етпеген, оның ішінде энергия тұтыну нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 10
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесін әзірлейді;
Тармақша 11
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;
Тармақша 12
12) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
Тармақша 13
13) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
Тармақша 14
14) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдықтарының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 15
15) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі класстарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 16
16) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша талаптарды әзірлейді;
Тармақша 17
17) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;
Тармақша 18
18) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді;
Тармақша 19
19) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 20
20) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 21
21) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 22
22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 23
23) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 24
24) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитор аттестатының нысанын әзірлейді;
Тармақша 25
25) энергия тиімділігі бойынша үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды таңбалау нысанын әзірлейді;
Тармақша 26
26) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
Тармақша 27
27) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 28
28) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді;
Тармақша 29
29) энергия сервистік шарттың үлгі нысандарын әзірлейді;
Тармақша 30
30) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, жобаларды іріктеу және энергия тиімділігі картасына енгізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 31
31) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін анықтайды;
Тармақша 32
32) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді;
Тармақша 34
34) өтініш берушінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы біліктілік талаптарына және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Міндеті: арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс жасауы және тарату саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Функциялары:
Тармақша 1
1) «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс жасауы және тарату саласындағы мемлекеттік органдар мен басқарушы компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары ұсынатын мәліметтер негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізеді;
Тармақша 3
3) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеу жүргізеді;
Тармақша 4
4) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шартын әзірлейді;
Тармақша 5
5) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталама пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын әзірлейді;
Тармақша 6
6) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгі шартын әзірлейді;
Тармақша 7
7) арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын әзірлейді;
Тармақша 8
8) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім берушілердің жобаларын іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлейді;
Тармақша 9
9) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді;
Тармақша 10
10) арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасының мақсаттылығын қарастырып, арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді;
Тармақша 11
11) арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасының мақсаттылығын қарау және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша негіздеме жібереді;
Тармақша 12
12) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныстарды сараптамалық кеңестің қарауына жібереді;
Тармақша 13
13) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі арнайы экономикалық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 14
14) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақ қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді;
Тармақша 15
15) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы хабарлайды;
Тармақша 16
16) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелу үшін өтінім мен сауалнама нысандарын әзірлейді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Міндет: арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және бұзу
Функциялары:
Тармақша 1
1) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен талаптарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) арнайы инвестициялық келісімшарттың үлгісін әзірлейді;
Тармақша 3
3) арнайы инвестициялық келісімшарт дайындайды;
Тармақша 4
4) арнайы инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер жасасады, тіркейді және қабылдайды.
Тармақ 20
20. Міндеті: реттелетін салалардағы тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асыру
Функциялар:
Тармақша 1
1) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау және қадағалау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 2
2) Өнеркәсіптің жетекшілік ететін салаларында таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) таңбалауды енгізу мен қадағалаудың орындылығын талдай отырып, тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды тауарларды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 21
21. Комитеттің құқықтары мен міндеттері
Құқығы Комитетінің:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу (есептер, материалдар);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге міндетті;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) негізгі қызмет мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 7
7) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап етуге құқығы бар.
Комитеттің Міндеттері:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға міндетті;
Тармақша 2
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беруге және тиісті шешімдер қабылдауға құқылы;
Тармақша 3
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті;
Тармақша 5
5) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты әкімшілік-өкімдік және бақылау функцияларын орындауға міндетті;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Комитетті Төраға басқарады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 23
23. Төрағаны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 24
24. Төрағаның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 25
25. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
Тармақ 26
26. Осы мақсатта Төраға:
Тармақша 1
1) Комитет туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне бекітуге енгізеді.
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Комитеттің жұмыс жоспарын, Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 3
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 6
6) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 10
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Комитетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылтай құжаттарын, даму жоспарларын, жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 14
14) демалыстар, сыйлықақы беру бойынша бұйрықтарға, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына қол қояды;
Тармақша 15
15) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылығының іссапарларын келіседі;
Тармақша 16
16) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
Тармақша 17
17) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
Тармақша 19
19) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Комитет төрағасының орынбасарлары:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға міндеттердің бөлінуіне сәйкес төраға және/немесе Төрағаның орынбасарлары қол қояды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 29
29. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 30
30. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 31
31. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 32
32. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6-тарау. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 33
33. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақ 34
34. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергосараптама)» акционерлік қоғамы;
Тармақ 35
35. «Жезқазғанредмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 36
36. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 37
37. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 38
38. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы қазандағы
№ бұйрығына
2- қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелеріні бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 67 бұйрығы (2019 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 747 бұйрығы (2019 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 462 бұйрығы (2020 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).