Об утверждении целевых групп лиц, подлежащих скрининговым исследованиям, а также правил, объема и периодичности проведения данных исследований Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-бабының 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 1-қосымша Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары Р/с № Нысаналы тобы Скринингтік зерттеулердің түрі 1 Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін 2 Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* әйелдер Сүт безі обырын ерте анықтау үшін 3 Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы* әйелдер Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін 4 Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер мен әйелдер Колоректальды обырды ерте анықтау үшін 5 Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы* ерлер Жіті ми қанайналым бұзылуының даму қаупін ерте анықтау үшін 6 Тәуекел топтары: 1) медицина жұмыскерлері: - инвазивті емшараларды жүргізетін, қан өндіруге қатысатын, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; - хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сонымен қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін; - клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар; 2) жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласуларға жатқызылған пациенттер; 3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-қан тамырлары және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; 4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып салатын пациенттер; 5) жүкті әйелдер; 6) өмір салтынының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар. В және С вирусты гепатитін ерте анықтау үшін (2-кезең) *Нысаналы топ жасына жеткен жыл болып күнтізбелік жылдың кезеңі есептеледі (қаңтардан желтоқсанға дейін), ол кезеңде нысаналы топ өкілі белгіленген жасқа жетеді.
Басқа 2. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 2-қосымша Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігі (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімділігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 2
2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) медициналық ақпараттық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ);
Тармақша 4
4) скринингтік зерттеулер – әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
Тармақша 5
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Тармақ 3
3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі. Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.
Тармақ 4
4. Скринингтік зерттеулер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары (бұдан әрі – нысаналы топтар) арасында өткізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
2-тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық байқау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Скринингтік зерттеулерді жүргізу үшін АЕК ұйымдары:
Тармақша 1
1) халықтың медициналық ұйымына бекітілген адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес скринингтік зерттеулер шеңберінде қызметтерді дәйекті көрсету бағытын әзірлейді;
Тармақша 3
3) халықты скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаттары, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) скринингтік зерттеулерден өтуге қоңырау шалу, SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, сондай-ақ ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар арқылы шақырады;
Тармақша 5
5) МАЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
Тармақ 7
7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды: дайындық кезеңі; негізгі кезеңі: пациенттің денсаулық жағдайындағы патологиялық өзгерістердің болуын немесе болмауын анықтау үшін бірінші кезеңінен (бұдан әрі – бірінші кезең); түпкілікті диагноз қою арқылы қосымша зерттеп-қарау жүргізу үшін екінші кезеңінен (бұдан әрі – екінші кезең); қорытынды кезеңінен тұрады.
Тармақ 8
8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина жұмыскері (бұдан әрі – ОМЖ) жүзеге асырады және мыналарды қамтиды: күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін кейіннен ай сайынғы нысаналы топтарға түзету енгізе отырып, жыл сайын қалыптастыру және жасау; халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өтудің мақсаты, қажеттілігі және тәртібі туралы хабардар ету; скринингтік зерттеулердің жедел және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін бейінді мамандардың, клиникалық-диагностикалық зертханалардың және аспаптық зерттеулердің жұмыс графигімен синхрондау арқылы халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру.
Тармақ 9
9. Бірінші кезең пациенттің жағдайындағы қалыпты денсаулық көрсетілімдерінен ауытқулардың болуын анықтау үшін жүргізіледі және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді. Бірінші кезеңде ОМЖ дәрігерге дейінгі көмек кабинетінде мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
Тармақша 2
2) антропометрия (салмақ, бой, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеу;
Тармақша 3
3) қан қысымын өлшеу (бұдан әрі – ҚҚ);
Тармақша 4
4) экспресс-тесттерді қолдануымен зертханалық зерттеулер;
Тармақша 5
5) скринингтік зерттеуге сәйкес биологиялық материалды жинау;
Тармақша 6
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеуге жолдаманың үзінді көшірмесін беру.
Тармақ 10
10. АЕК ұйымының мейіргері скринингтік зерттеудің бірінші кезеңі: зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулары болмаған кезде; саламатты өмір салты бойынша консультациялар және мінез-құлықты өзгерту бойынша ұсынымдар жүргізгеннен кейін денсаулыққа қауіп факторларының (ДСИ>25, зиянды әдеттер, ұйқы мен демалыс режимінің бұзылуы) болуын белгілеген кезде аяқтайды.
Тармақ 11
11. Скринингтік зерттеулердің екінші кезеңі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толық зерттеп-қарау арқылы зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқу себептерін белгілеу үшін өткізіледі.
Тармақ 12
12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МАЖ-да жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді. Скринингтік зертеулердің екінші кезеңінің көлеміне сәйкес келетін бұрын көрсетілген (соңғы үш ай ішінде) медициналық қызметтердің нәтижелері болған кезде АЕК ұйымының дәрігері клиникалық диагнозды белгілей отырып, скринингті аяқтайды.
Тармақ 13
13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қарап-тексеруге жататын медицина жұмыскерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.
Тармақ 14
14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантация, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.
Тармақ 15
15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.
Тармақ 16
16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық байқауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
Тармақ 17
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады. Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады. Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі. Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі. Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МАЖ-да тіркеу. Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді. Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МАЖ-ға бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.
Тарау 3. 3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі
3-тарау. Скринингтік зерттеулерді жүргізудің көлемі мен мерзімділігі
Тармақ 18
18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулер көлемін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметке лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Халықты скринингтік зерттеулердің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.
Басқа 2.1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі
Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 1-қосымша/ Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі № Нысаналы топ Кезең Скринингтік зерттеулер көлемі Көрсетілетін қызметтер топтамасының атауы 1 Z13.8 кодына сәйкес нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер 1 Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер; Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді талдауыш көмегімен анықтау; Қан сарысуындағы триглицеридтерді талдауыш көмегімен анықтау; Қандағы гликерленген гемоглобинді анықтау; Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия; Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 2 Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруына күдік болған кезде электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) толық жазу ТМККК Глаукомаға күдік туғанда офтальмологтың консультациясы ТМККК Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігері ТМККК 2 Нысаналы топ жасына жеткен Z13.6 кодына сәйкес цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер 1 Қабылдау: Мейіргер ТМККК Брахиоцефалдық бағанның УДДГ-сы МӘМС Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 2 Консультация: Тамырлы хирург МӘМС Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 3 Нысаналы топ жасына жеткен Z12.3 кодына сәйкес сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер 1 Қабылдау: Мейіргер, фельдшер Маммография (4 сурет) Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу); Консультация: Рентгенолог ТМККК 2 Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі; Мақсатты маммография (1 проекция); Көрсетілімдер бойынша стереотактикалық жетекшілікпен пункциялық/аспирациялық биопсия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Көрсетілімдер бойынша трепанбиопсия; Консультация: онколог не онколог-хирург не маммолог ТМККК Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 4 Нысаналы топ жасына жеткен Z12.4 кодына сәйкес жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер 1 Қабылдау: Мейіргер не фельдшер не акушер; Онкоцитологияға жағынды алу; Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тест ТМККК 2 Консультация: акушер-гинеколог; Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия; Көрсетілімдер бойынша жатыр мойны биопсиясы; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог не онколог-хирург не онколог-гинеколог ТМККК Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 5 Нысаналы топ жасына жеткен Z12.1 кодына сәйкес жуан ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер 1 Қабылдау: Мейіргер, фельдшер ТМККК Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама) ТМККК Қабылдау (1-кезеңді аяқтау не 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 2 Көрсетілімдер бойынша ішкі тамыр арқылы анестезия Жаппай скринингтік бейнеколоноскопия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог ТМККК Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК 6 Нысаналы топ жасына жеткен Z11.5 кодына сәйкес В және С вирустық гепатитін ерте анықтау үшін қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезең) 1 Қабылдау: Мейіргер не фельдшер; Венадан қан алу ТМККК 2 ИФА әдісімен қан сарысуындағы HbsAg анықтау; ИФА әдісі арқылы қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді анықтау; Сапалы ПТР әдісін қолдану арқылы биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ-сын анықтау МӘМС Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері ТМККК Ескертпе: ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру РНҚ - Рибонуклеин қышқылы ПТР - Полимеразды тізбекті реакция УДДГ - Ультрадыбыстық доплерография
Басқа 2.2. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері
Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 2-қосымша Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі мен оны аяқтау мерзімдері № Нысаналы топтың атауы Мерзімділігі Зерттеудің аяқтау мерзімі 1 Нысаналы топ жасына жеткен артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет 60 күн 2 Нысаналы топ жасына жеткен сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер 2 жылда 1 рет 60 күн 3 Нысаналы топ жасына жеткен жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер 4 жылда 1 рет 60 күн 4 Нысаналы топ жасына жеткен Цереброваскулярлық аурулар бойынша байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер 2 жылда 1 рет 60 күн 5 Нысаналы топ жасына жеткен тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет 60 күн 6 В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2-кезеңдік) 6 айда 1 реттен жиі емес 3 ай
Басқа 2.3. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 3-қосымша В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері Р/с № В және С ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін ер­те анық­та­у­ға тәу­е­кел топ­та­ры­на скри­нинг­тік зерт­те­улер жүр­гі­зу мер­зім­де­рі Тәу­е­кел то­бы 1 Жұ­мысқа ор­на­ла­су ке­зін­де және кей­ін­нен ал­ты ай­да бір рет Ме­ди­ци­на жұ­мыс­кер­ле­рі: ге­мо­ди­а­лиз­бен ай­на­лы­са­тын, қан­ды қай­та өн­ді­ру­ге қа­ты­са­тын ин­ва­зив­тік ем­ша­ра­лар жүр­гі­зе­тін қан қыз­ме­ті ұй­ым­да­ры; хи­рур­ги­я­лық, сто­ма­то­ло­ги­я­лық, ги­не­ко­ло­ги­я­лық, аку­шер­лік, ге­ма­то­ло­ги­я­лық бей­ін­дер, сон­дай-ақ ди­а­гно­сти­ка мен ем­де­уді жүр­гі­зе­тін ин­ва­зив­ті әді­сте­рі; кли­ни­ка­лық, им­му­но­ло­ги­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­лар 2 Опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар­дың ал­дын­да және опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі ал­ты ай­дан кей­ін Жос­пар­лы және шұ­ғыл опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар­ға тү­се­тін адам­дар; 3 Ем­де­у­ге жат­қызуға түс­кен­нен кей­ін және ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­нан кей­ін ал­ты ай­дан кей­ін Ге­мо­ди­а­лиз, ге­мо­то­ло­гия, он­ко­ло­гия, транс­план­то­ло­гия, жү­рек та­мыр және өк­пе хи­рур­ги­я­сы ор­та­лық­та­ры мен бө­лім­ше­ле­рі­нің па­ци­ент­те­рі; 4 Ге­мот­ранс­фу­зия, транс­план­та­ция жүр­гі­зер және ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лік­те­рін), тін­де­рін, жы­ны­стық, фе­таль­ді, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­рын ауы­сты­рып са­лу ал­дын­да және ал­ты ай­дан кей­ін; Ге­мот­ранс­фу­зия ала­тын, транс­план­тат­тау жа­са­та­тын және ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лік­те­рін), тін­де­рін, жы­ны­стық, фе­таль­ді, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­рын ауы­сты­рып са­ла­тын па­ци­ент­тер; 5 Есеп­ке қой­ған кез­де және ви­ру­сты ге­па­ти­тіне зерт­теп-қа­рау бол­ма­ған жағ­дай­да, боса­нар ал­дын­да Жүк­ті әй­ел­дер 6 АИТВ ин­фек­ци­я­сы­на те­сттен өту үшін жү­гін­ген кез­де және ал­ты ай­да 1 рет­тен жиі емес Өмір сү­ру сал­ты­ның ерекше­лік­те­ріне бай­ла­ны­сты АИТВ ин­фек­ци­я­сын жұқ­ты­ру­дың жо­ға­ры тәу­е­ке­ліне ұшы­рай­тын ха­лық­тың негіз­гі топ­та­рын­да­ғы адам­дар