О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированные лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатных условиях Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазаны № 474 шешіміне қосымша Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар № Ауру түрі Халық санаты Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны) 1 Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері - Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мл; - Ацетилцистеин 100 мг, 200 мг; - Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады); 2 Идиопатикалық және екіншілік өкпе артериясының гипертензиясы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар II, III, IV сатылары - Силденафил 25 мг, 50 мг; - Бозентан 125 мг; - Риоцигуат 2,5 мг; - Илопрост ингаляцияға арналған ерітінді, 10 мкг/мл, 2 мл; - Мацитентан 10 мг 3 Аяқтың эмболиясы және тромбозы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Басқа антикоагулянттық дәрілік препараты қолдану мүмкін болмағанда - Ривароксабан 10 мг, 20 мг; - Эноксапарин Натрия 0,6 мг; 4 Ювенильді идиопатиялық артрит (балалардағы) Диспансерлік есепте тұрған балалар Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану - Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді; - Инфликсимаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; флакон; - Циклоспорин 5 Буллезды эпидермолиз Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Таңып-байлау материалдары, санитарлық гигиенаға арналған зат (сабын) мамандандырылған қорек; 6 Бехчет ауруы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар - Инфликсимаб 100 мг; 7 Көмей стенозы IV дәрежесі (балалардағы) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар - Оттегімен жасанды қамтамасыз етуге және санитарлық гигиенаға арналған залалсыздандыру материалдары; - Будесонид, дозаланған ингаляцияға арналған суспензия 0,25 мг/мл 2 мл; - Повидон - йод 1%-50 мл; - Флуимуцил 100 мг/мл, инъекция мен ингаляцияға арналған ерітінді; - Натрия хлорид 0,9%-100,0; Хлоргексидин биглюконаты, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05%; 8 Целиакия Диспансерлік есепте тұрған балалар Туа біткен ферментопатия кезіндегі алмастырғыш дәрілік препарат. Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Панкреатин 10000 ЕД/150 мг; - Панкреатин 25000 ЕД/300 мг; - Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз нан пісіруге арналған ұн қоспасы; - Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз макарон 9 Созылмалы қабынулық демиелинизациялық полинейропатия Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Инфекцияға ағзаның қарсы тұра алу қабілетін қамтамасыз ететін екіншілік гуморальды препарат - Адами қалыпты иммуноглобулин G 50 мл, 100 мл; 10 Остеопароз Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Остеопаразоның генерализацияланған нысаны, ауыр ағымы, III, IV дәрежелері, сүйек кемегінің бұзылуы ұлғайған кезінде - Золедрон қышқылы 5 мг/100 мл; 11 Туа біткен гиперинсулинизм Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Туа біткен гормонопатия кезіндегі алмастырғыш препараты - Октреотид 0,05мг/мл, 0,1мг/мл; 12 Көптік миелома Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады. - Даратумумаб инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат; - Иксазомиб капсула; - Помалидомид капсула. 13 Қант диабеті 1 типі, ауыр ағымда декомпенсация сатысы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Гипергликемиялық жағдайға байланысты - Инсулиндік помпаға арналған резервуар 3 мл, инсулин помпасына жиынтық; 14 Бүйректің гетеротоксикалық аллотрансплантациясынан кейінгі жағдай Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Ағзалар трансплантациясынан кейінгі қауіп тобына жататын науқастарды цитомегаловирустық инфекцияның алдын алу мақсатында - Валганцикловир қабықпен қапталған 450 мг таблетка; 15 Дюшенн бұлшықет дистрофиясы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Молекулалық генетикалық зерттеулер Жүйке-бұлшықет панелі/ бір жолғы зерттеу; Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Дефлазакорт таблетка; - Левокарнитин ішуге арналған ерітінді, инъекцияға арналған ерітінді. 16 Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, терминалдық сатысы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Қан алмастырғыштар, диализ - Физионил 1,36%-2,0 л (пакет, қақпағымен); - Физионил 2,27%-2,0 л (пакет, қақпағымен); - Қосымша материалдары (өтпелі түтік, катетр, қысқыштар, дренаждық компонент, магистраль жиынтығы) Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Жасанды қоректік сұйықтық өмір сүру ұзақтығын ұзартады Нутрикомп Дринк ренал-ванильді-200 грамм-1 құты; Нутриком стандарт-500,0 мл (0,5-л, энтеральді қоректендіруге арналған жүйе) 17 Лимфоэпителиальды және назофарингеальды карцинома Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Бетаферон флакон 0,3 мг; 18 Псориаз Диспансерлік есепте тұрған ересектер Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері - Бетаметазон, салицил қышқылы, 15 гр жақпа майы; 19 Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура Диспансерлік есепте тұрған балалар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Неоцитотект 1000Е/10 л 20 Психикалық және мінез-құлықтық ауытқулары «Д» есепте тұрмайтындар үшін Депрессиялық жағдайлар Қобалжу - Сертралин 50 мг таблетка; - Флувоксамин 50 мг таблетка. 21 Эпилепсия Диспансерлік есепте тұрған балалар Ауыр дәрежесі - Вигабатрин 500 мг 22 Жұлын бұлшықетінің атрофиясы Диспансерлік есепте тұрған балалар І, ІІ типті - Нусинерсен 12 мг/5 мл 23 Криопирин-ассоциирленген кезеңдік синдромы (CAPS) Диспансерлік есепте тұрған балалар Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану - Канакинумаб 150мг 24 Жүйелі қызыл жегі Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады Ритуксимаб көктамыр ішіне инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат флакон 25 Амиотрофиялық бүйірлік склероз Рилузол қабықпен қапталған таблетка 26 Гепатоцеллюлярлық карцинома Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады -Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат флакон 27 Тұқым қуалайтын анги-оневро-тикалық ісіну Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады Ингибитор С1-эстеразы (Цинрайз) иньекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 МЕ флакон 28 Біріншілік остеопороз Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Терипаратид тері астына енгізуге арналған ерітінді Шприц-ручка 29 Нейрофиброматоз 1 типті, плексиформды түрі Диспансерлік есепте тұрған балалар Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады - Селуметиниб Аббревиатураның толық жазылуы: мг - миллиграмм; мл - миллилитр; мкг - микрограмм; % - пайыз; гр - грамм.