О кредитовании сельскохозяйственных товаропроизводителей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге кредит беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 21.12.2004 № 13-89 шешімімен. 2003 жылдың көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және облыс Әкімінің ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі ұсынысын қарай келе облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыс әкіміне төмендегілер ұсынылсын.
Тармақша 1
1) 2002 жылдың облыстық бюджетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылға 21 қаңтардағы "2003 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуге жергілікті бюджеттерден кредит алу жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 70 Қаулысының 3 тармағына сәйкес алынатын кредит ресурстарының түсуін ескерсін.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және қаржы министрлігімен жоғарыда аталған кредитті облыстық бюджетке беру және оның республикалық бюджетке дер кезінде қайтару туралы кредиттік шарт жасасын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджетке 2003 жылдың 1 қарашасында дейін қайтару шартымен, кейін ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша жанар жағар май материалдарын қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға және сатып алуға 280 000 000 (екі жүз сексен млн.) теңге мөлшерінде кредит берілетіні ескерілсін.
Тармақ 3
3. Тапсырма берілсін:
Тармақша 1
1) Алматы облысы ауыл шаруашылығы департаменті (Т. Ұзақов) ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі ішкі ережелерді әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақша 2
2) Алматы облыстық қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев) Алматы облысының ауыл шаруашылығы департаментімен (Т. Ұзақов) бірлесе отырып, алынған кредиттің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.