Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, за исключением оператора или операционного центра межбанковской системы переводов денег, а также юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и Қолданыста
Басқа 0
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруднциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2020 жылғы «___» «_____________»
Басқа 0. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзе
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 105 қаулысымен бекітілген
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және ипотекалық ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тура немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингіне тиесілі болатын агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне кредит беретін ұйымдарға, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйым) қатысты қолданылады.
Тармақ 2
2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы Заңында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны және клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәміле);
Тармақша 2
2) біржолғы операция (мәміле) – ұйымның клиенттерге - жеке тұлғаларға бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату арқылы қызметтер көрсетуі;
Тармақша 3
3) клиент – ұйымның қызметтерін алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға және (немесе) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым;
Тармақша 4
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері – ұйымды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;
Тармақша 5
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);
Тармақша 6
6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;
Тармақша 7
7) іскерлік қатынастар – клиенттермен ұйымдардың кәсіптік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын қарым-қатынас.
Тармақ 3
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ұйым ішкі бақылауды:
Тармақша 1
1) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;
Тармақша 3
3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ұйымда КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің не аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.
Ұйым ішкі бақылау қағидаларын ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.
Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйым оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 5
5. Ұйымда ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес ұйымның өзге де басшыларының қатарынан ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымдағы ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты, экономика, қаржы, банк және сақтандыру ісі, бизнес және басқару, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу салаларында жоғары білімі, қаржы ұйымдарында не микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар (техникалық немесе қосалқы қызметкерлер лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесін қоспағанда) және алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.
Тармақ 6
6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;
Тармақша 2
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жүргізілетін операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану тәртібі;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес жасалған ТҚ тізбесінде және осы Заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;
Тармақша 4
4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінен және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды тоқтату тәртібі;
Тармақша 5
5) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, ұйымның басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған, ұйым қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;
Тармақша 6
6) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі талаптардың (бар болса) сипаттамасы;
Тармақша 7
7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметінің немесе аудит жүргізуге уәкілетті өзге де тұлғаның ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;
Тармақша 8
8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;
Тармақша 9
9) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функциялары, өкілеттіктері, жауапты қызметкердің ұйымның басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және оларды барынша азайту бойынша қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерін қолдану тәртібі.
Тармақ 7
7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйымда әзірленген және ұйымның атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ ұйымда олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуын бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) ұйымның уәкілетті органын немесе ұйымның лауазымды тұлғасын анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
Тармақша 5
5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не ұйымның уәкілетті органымен немесе ұйымның лауазымды тұлғасымен келісу;
Тармақша 6
6) ұйымның атқарушы органына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұрау салулар жіберу;
Тармақша 7
7) ұйымның уәкілетті органдарын және ұйымның лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;
Тармақша 8
8) ұйымның уәкілетті органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында және ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпарат дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу;
Тармақша 9
9) ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылатын ақпаратты жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.
Тармақ 8
8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:
Тармақша 1
1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;
📌 Ескерту. 8-тармағы 1) тармақшасының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 № 74 қаулысымен.
Тармақша 2
2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.
Тармақ 9
9. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса, осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.
Тарау 3. 3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы
3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы
Тармақ 11
11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.
Тармақ 12
12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес ұлттық бағалау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерінің есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.
Тармақ 13
13. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ұйымға және оның құрылымдық бөлімшелеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібі;
Тармақша 2
2) тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттердің типі бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді және көрсетілетін қызмет/өнімдер тәуекелі) тәуекелін ескере отырып, мыналарға:
клиенттің тәуекел деңгейіне;
ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;
Тармақша 3
3) клиенттің тәуекелдеріне және ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін жүйелі мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 4
4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейін тағайындау тәртібі, мерзімдері және қайта қарауға арналған негіздер.
Тармақ 14
14. Ұйым жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.
Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.
Тармақ 15
15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) жария лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
Тармақша 2
2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдар және осындай тұлғалардың өкілдіктері;
Тармақша 3
3) коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдары, діни бірлестіктер;
Тармақша 4
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.
Тармақ 16
16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызметтерді (өнімдерді) көрсетумен және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.
Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
Тармақша 2
2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);
Тармақша 3
3) «Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
Тармақша 4
4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.
Тармақ 17
17. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) 3 000 000 теңгеден асатын сомаға не баламасы 3 000 000 теңгеден асатын шетел валютасымен сомаға қолма-қол ақшамен қарыз беру;
Тармақша 3
3) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.
Тармақ 18
18. Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:
Тармақша 1
1) ұйым уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;
Тармақша 2
2) ұйымның уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.
Тармақ 19
19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру (тәуекелдерді басқару) шеңберінде ұйым Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.
Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу бойынша рәсімдер шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың ұйым әзірлеген, кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағалайды.
Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Ұйымдар:
Тармақша 1
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеуге және жаңа іскерлік практикаға;
Тармақша 2
2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа (дамып келе жатқан) технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы
4-тарау. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 21
21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті (оның өкілін) тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйым клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болатын жағдайда, клиент-заңды тұлғаға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды өзге түрде жүзеге асыратын не оның мүддесі үшін клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер шараларды қабылдау нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке-дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органы басшысын, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды бенефициарлық меншік иесі ретінде тануға жол беріледі.
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.
Тармақ 22
22. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жүргізілетін операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) клиент шекті операция (мәміле) жүргізген;
Тармақша 2
2) клиент күдікті операция (мәміле) жүргізген (жүргізуге әрекет жасаған);
Тармақша 3
3) клиент КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жүргізген;
Тармақша 4
4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жүргізген;
Тармақша 5
5) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмәндану үшін негіздер болған;
Тармақша 6
6) жеке тұлға клиент, егер операцияның сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден не 500 000 (бес жүз мың) теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан асатын болса, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек сату алу бойынша операция жүргізген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігіне тексеру жүргізеді және іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілейді.
Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің дұрыстығына күмәндануға негіз болған кезде, қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер жаңартылады.
Клиент белгіленген іскерлік қарым-қатынастар шеңберінде операция жүргізген кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнату кезінде жүргізілген болса, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен Талаптарға сәйкес бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не қосымша мәліметтер алу қажеттілігі жағдайларында жүргізілмейді.
Тармақ 23
23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым іскерлік қарым-қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.
Тармақ 24
24. Талаптардың 22 және 23-тармақтарының талаптарына сәйкес алынған мәліметтерді ұйым клиенттің досьесіне енгізеді (қосады), ол клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар тоқтатылғаннан не біржолғы операция жасағаннан күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл ұйымда сақталады.
Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиентті тиісінше тексеру шараларына ұйым басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржылық мониторинг субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.
📌 Ескерту. 24-тармағы екінші бөлігінің осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 № 74 қаулысымен.
Егер ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған шараларына сүйенсе, ұйым осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөніндегі шаралар қабылдайтынын белгілейді.
Тармақ 25
25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйым ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (ТҚ тізбесінің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Ұйым клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
Тармақша 1
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұйымның басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
Тармақша 3
3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін және (немесе) өзге де мүлкін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан бөлек, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Ұйым жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
азаматтығы, туған күні мен жері;
заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,
қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін);
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Ұйым клиент-заңды тұлғаны (клиент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);
орналасқан және тіркелген жері;
бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;
қызмет түрі;
басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;
бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.
Ұйым клиент-заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса);
орналасқан жерінің мекенжайы;
негізгі қызметті жүргізу орны;
қызмет сипаты;
басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).
Тармақ 26
26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың сенімді ақпарат көздерін пайдаланумен шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.
Тармақ 27
27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату, тәртібі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;
Тармақша 2
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;
Тармақша 3
3) клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;
Тармақша 4
4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;
Тармақша 5
5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;
Тармақша 6
6) ұйымға бақылау жасайтын заңды тұлға белгілеген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;
Тармақша 7
7) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;
Тармақша 8
8) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;
Тармақша 9
9) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;
Тармақша 10
10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұйымның сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.
Егер ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға ұйымның клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, ұйым мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:
ұйымның сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғаларының тізбесін;
ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;
сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдерін;
ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды ұйымның жүзеге асыру рәсімін;
сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді ұйымға беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, ұйымның сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғаларының тізбесін;
ұйым сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;
ұйымның сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.
Ұйымға өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.
Шарттың негізінде шетелдік қаржы ұйымына клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті түрде тексерудің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларын тапсырған ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.
Тармақ 28
28. Қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті деңгейде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болатын немесе орналасатын жағдайда, ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.
Тарау 5. 5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
Тармақ 29
29. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
Тармақ 30
30. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу жөнінде, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.
Клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер талаптардың 24-тармағында көзделген клиент досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл және біржолғы операция (мәміле) жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.
Тармақ 31
31. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияны (операцияларды) жасауын (жасауға әрекет жасауын) ескере отырып, сондай-ақ ұйымдағы уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйым клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.
Тармақ 32
32. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның көрсететін қызметінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, белгілейді.
Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Клиенттер операцияларының мониторингі және оны зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияны анықтау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) ұйым бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтер алу бойынша міндеттерді Талаптарда көзделген жағдайларда бөлу;
Тармақша 3
3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, күрделі, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;
Тармақша 4
4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімі;
Тармақша 5
5) күрделі, әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде, операцияның сомасы, валютасы) туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау тәртібі;
Тармақша 6
6) клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты шаралар қабылдау тәртібі және қабылданатын шаралардың сипаты;
Тармақша 7
7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;
Тармақша 8
8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы ұйымдардың басқару органын, атқарушы органын және ұйымдардың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.
Тармақ 34
34. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ күрделі, әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.
Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.
Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.
Тарау 6. 6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 35
35. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты - ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 36
36. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы даярлау және оқыту бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.