Об утверждении Положения о городской бюджетной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық бюджет комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 6-4-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2002 жылғы 6 мамырындағы № 145 "Облыстық бюджет комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының негізінде, Өскемен қаласының Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық бюджет комиссиясы туралы Ереже 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімияттың 2002 жылғы 18 маусымындағы № 1073 "Қалалық бюджет комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылған деп есептелінсін.
Басқа 3. Қалалық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Өскемен қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 17 ақпандағы № 204
№ 1 қосымша
Қалалық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы ереже қаржы жылына арналған қала бюджетін қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссиясының қызметін реттейді.
Тармақша 2
2) Комиссияның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасының құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже қалайды.
Тармақ 2. 2. Комиссияның міндеттері
2. Комиссияның міндеттері
Тармақша 1
1) Сәйкес қаржылық жылына бюджет жобасын әзірлеу мен қала бюджетінің үш жылдық мерзімге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау.
Тармақ 3. 3. Комиссияның қызметі
3. Комиссияның қызметі
Комиссия өзіне жүктеген міндеттер мен заңнамамен қойылған тәртіпке сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізінде өкілетті орган әзірлеген материалдарды қарастырып, келесіні анықтайды:
алдағы үш жыл мерзіміне қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;
қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізінде алдағы жылға бюджет қаражатын пайдалануының басымды бағыттарының тізбесін;
алдағы қаражаттық жылына секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджет бағдарламаларының тізбесін;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін ескере отырып, алдағы жыл мен үш жылдық мерзіміне қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін қарастырып анықтайды:
кіріс классификациясы бойынша қалалық бюджетке түсімдер;
қалалық бюджеттің тапшылығын (профицитін);
ағымдағы жылда жергілікті бюджеттен іс жүзіне асатын инвестициялық жобаларын қаржыландыру көлемі мен тізбесі;
ағымдағы жыл басына құрылған қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің кредиторлық қарыздарын өтеу көлемі;
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі белгілеген үлгі бойынша қалалық бюджет қаржысын пайдалануының басым бағыттарын, қаланың индикативті жоспарының негізінде құрылған жергілікті бюджет бағдарламалары әкімшіліктерінің бюджеттік өтінімдерінің аумақтық экономикалық және әлеуметтік көркейту бағдарламаларын;
қалалық бағдарламаның әкімшілігіне қарасты дамыту бюджет бағдарламалары мен ағымдағы бюджет бағдарламалары үшін шығыс лимиті;
Тармақша 3
3) болжам көрсеткіштері бойынша қаланың өкілетті органы мен жергілікті атқару органдары арасында келіспеушілікті реттейді;
Тармақша 4
4) қалалық бюджет жобасына енгізу үшін қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілігі ұсынған бюджет бағдарламалары бойынша белгіленген үлгіге қарасты әзірленген негіздеу жөнінде шешім шығарады;
Тармақша 5
5) қала әкімінің қарастыруына алдағы қаржылық жылға өкілетті органның енгізу туралы қалалық бюджет жобасының ұсыныстарын әзірлейді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде өкілетті орган енгізетін басқа да сұрақтарды қарастырады.
Тармақ 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Өзінің міндеттеріне сәйкес комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) атқарушы және басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен әрекеттесуге, сондай-ақ комиссия міндеттерін іске асыру үшін жұмысқа мамандар мен сараптаушыларды тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзыреттілігіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстар енгізуге және шешімдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) комиссия міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамамен белгіленген тәртіпте сұрап және алуына;
Тармақша 4
4) комиссия міндеттерін жүзеге асыруға байланысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға.
Тармақ 5. 5. Комиссияның құрылуы мен қалыптасу қимылдарының тәртібі
5. Комиссияның құрылуы мен қалыптасу қимылдарының тәртібі
Тармақша 1
1) Комиссия қала әкімдігімен құрылады.
Комиссия құрамына кіретіндер:
қала әкімдігінің мүшелері;
қалалық мәслихаттың депутаттары (келісім бойынша);
мемлекеттік органдарының бірінші басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары.
Тармақша 2
2) Комиссия органдары:
Тармақша а
а) жұмыс органы;
Тармақша б
б) комиссия төрағасы;
Тармақша в
в) комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша г
г) хатшы.
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстары арасындағы мерзімінде оның қызметін ұйымдастыру сұрақтарын комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, жұмысын жоспарлайды, отырыстарда төрағалық етеді, шешімдерін жүзеге асыру бойынша жалпы бақылау жасайды, комиссия атқаратын қызметке жауапкершілікті жүзеге асырады. Комиссия төрағасының жоқ болған кезінде оның функциясын орынбасары орындайды.
Тармақша 5
5) Комиссия хатшысы комиссияның күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, керекті құжаттар мен материалдарды, отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақша 6
6) Комиссияның жоспар тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Тәртіптеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақша 7
7) Комиссиясының шешімдері ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ комиссия мүшелерін сұрау арқылы қабылданады және көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданады деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының шешімі қабылданды деп есептеледі.
Тармақша 8
8) Комиссия отырысының күн тәртібінің әр сұрақтары бойынша қабылданған шешімінің қорытындысы хаттамаларға енгізіліп, төраға мен хатшының қолы қойылады.
Тармақша 9
9) Комиссияның шешімдері міндетті түрде барлық мемлекеттік органдардың қарастыруы мен белгіленген уақытта атқарылуына жатады.
Тармақша 10
10) Комиссияның жұмыс органының қызметі Өскемен қаласының қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақша 11
11) Жұмыс органының қызметтеріне отырыстарда қарастырылатын сұрақтарды әзірлеуі мен қала бюджетін қалыптастыруына қарасты құжаттарды әзірлеуі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қалалық бюджетті орындау жатады.
Тармақ 6. 6. Комиссия іс-әрекетінің тоқтатылуы
6. Комиссия іс-әрекетінің тоқтатылуы
Тармақша 1
1) Комиссия іс-әрекетінің тоқтатылуы үшін мыналар негіз болып табылады:
оның іс-әрекетін тоқтату туралы Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысы, комиссияға жүктелген міндеттер, және басқа да заңнамамен қарастырылған жағдайлар.
Тармақша 2
2) Осы ереженің 6 тармағында көрсетілген міндеттемелер басталғанда, комиссияның атқарған жұмысы туралы қала әкіміне есеп-хат жіберіледі.
Қала әкімінің аппарат жетекшісі
Г. Богатикова