Об утверждении Инструкции о присвоении, использовании и аннулировании Национальным Банком Республики Казахстан банковских идентификационных кодов, а также присвоении и аннулировании кодов банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, и кодов филиалов банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, их структуре, формировании и ведении Справочника банков, филиалов банков-нерезидентов Республики К Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін ж
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазаны № 128 Қаулымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік идентификациялау кодтарын беруін, пайдалануын және жоюын, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беруін және жоюын, олардың құрылымын, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын (бұдан әрі – Банктер анықтамалығы) қалыптастыру және жүргізу нақтыланады.
Тармақ 2
2. Нұсқаулықта «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банк атауы – банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – банк), Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, банк филиалының толық атауы. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының құрылтай құжаттарына сәйкес қысқартылған атауды пайдалануға жол беріледі;
Тармақша 2
2) банк коды, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының коды – Ұлттық Банк банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, банктердің филиалдарына беретін, үш цифрлық разрядтан тұратын бірегей нөмір;
Тармақша 3
3) банктердің анықтамалығы – банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының жүйеге келтірілген, олардың банктік сәйкестендіру кодтары, банктердің кодтары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банктер филиалдарының кодтары және басқа деректемелері бар тізбесі;
Тармақша 4
4) банктік сәйкестендіру коды – ақша аудару не төлеу туралы нұсқауларды ұсыну кезінде, Ұлттық Банктің төлем жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын сәйкестендіруге арналған символдар қатары;
Тармақша 5
5) жеке сәйкестендіру коды – Ұлттық Банкте ашылған Қазақстан Республикасы банкінің, бейрезидент банкі филиалының корреспонденттік шотының тиісті нөмірі;
Тармақша 6
6) клиент түрі – жүзеге асырылатын қызметтің негізгі түріне сәйкес топтастырылатын институционалдық бірлік;
Тармақша 7
7) мәртебе – қазіргі мәртебесін айқындауға мүмкіндік беретін деректеме.
Тармақ 3
3. Ұлттық Банк банктік идентификациялау кодтарын береді, жояды және пайдаланылуын айқындайды, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банктер филиалдарының кодтарын береді және олардың құрылымдарын белгілейді, сондай-ақ Банктердің анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді.
Тармақ 4
4. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының кодын өз клиенттеріне банк шотының нөмірін қалыптастыру, экспорттық-импорттық валюталық бақылау және банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, банк филиалының Ұлттық Банктен қолма-қол ақша алу мақсатында пайдаланады.
Тармақ 5
5. Банктердің анықтамалығында Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттар ашқан банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары туралы ақпарат болады. Бұл ақпарат төлем құжаттарын қалыптастыру кезінде, олардың дұрыс қалыптастырылуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, сондай-ақ ақпараттық мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Банктік идентификациялау кодын беру
2-тарау. Банктік идентификациялау кодын беру
Тармақ 6
6. Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына банктік идентификациялау кодын беру Ұлттық Банк пен банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы арасында жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты ашу кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік идентификациялау коды болған кезде банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы бұл банктік идентификациялау кодын Ұлттық Банк оны Банктердің анықтамалығына енгізген соң Қазақстан Республикасының аумағында қолданады. Банктік идентификациялау коды латын әліпбиінің сегіз не он бір әріптік белгілерінен және цифрлардан құралады.
Тармақ 8
8. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы ISO халықаралық стандарттарына (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code сәйкес берілген банктік идентификациялау кодын Қазақстан Республикасында пайдалану туралы өтініш жасаған кезде Ұлттық Банк берген банктік идентификациялау коды жойылады.
Тарау 3. 3-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және банк филиалының кодын беру
3-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және банк филиалының кодын беру
Тармақ 9
9. Банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының коды Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты ашумен бірмезгілде беріледі.
Тармақ 10
10. Банк филиалына кодты беру және оны Банктердің анықтамалығына енгізу банк Ұлттық Банкке банк филиалына кодты беру туралы еркін нысандағы өтінішхатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және банк филиалы кодының разрядтары мына мәндерді білдіреді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін мемлекеттік органдарға 001-ден 099-ға дейін;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банк пен оның филиалдарына 101-ден 199-ға дейін;
Тармақша 3
3) банктерге және олардың филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына 201-ден 999-ға дейін.
Тармақ 12
12. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк филиалының коды бірегей болып табылады және басқа банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына, банк филиалына қайталап берілмейді.
Тарау 4. Қазақстан Республикасы банкінің, бейрезидент банкі филиалының банктік сәйкестендіру кодының және банк филиалы кодының күшін жою.
Қазақстан Республикасы банкінің, бейрезидент банкі филиалының банктік сәйкестендіру кодының және банк филиалы кодының күшін жою.
Тармақ 13
13. Ұлттық Банк пен банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы арасында жасалған корреспонденттік шот шарты бұзылған және корреспонденттік шот жабылған кезде Ұлттық Банк банктік идентификациялау кодын және банк кодын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кодын жояды және оларды Банктер анықтамалығынан алып тастайды.
Тармақ 14
14. Ұлттық Банк банктің филиалы кодының күшін жояды және оны банктің жазбаша хабарламасы негізінде Банктердің анықтамалығынан алып тастайды.
Тарау 5. 5-тарау. Банктік идентификациялау кодының құрылымы
5-тарау. Банктік идентификациялау кодының құрылымы
Тармақ 15
15. Банктік идентификациялау кодының құрылымы ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына негізделген және сегіз әріптік-цифрлық разрядтан тұрады, мұнда:
Тармақша 1
1) бірінші, екінші, үшінші және төртінші разряд – банк атауының төрт әріптік символынан тұратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бірегей коды. Банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген атауына сәйкес келетін қысқартылған атауы пайдаланылады және латын әріптерімен белгіленеді. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бірегей коды банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен келісу бойынша беріледі;
Тармақша 2
2) бесінші және алтыншы разрядтар – ел коды. Қазақстан Республикасының халықаралық коды – KZ пайдаланылады;
Тармақша 3
3) жетінші және сегізінші разрядтар – әріптік-цифрлық символдардан тұратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орналасқан жерінің (қала, аймақ) коды. Алматы қаласында орналасқан банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін жетінші разряд – «К» мәнін, Қазақстанның аймақтық банктері үшін – «2», сегізінші разряд аймақ немесе қала ішінде қосымша бөлімшені айқындайды және «0» және «1» цифрлары мен «O» әрібімен басқа кез келген мәнді білдіреді.
Тарау 6. 6-тарау. Банктер анықтамалығының құрылымы
6-тарау. Банктер анықтамалығының құрылымы
Тармақ 16
16. Банктер анықтамалығы Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде қалыптастырылады және мына деректемелер:
Тармақша 1
1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының банктік идентификациялау коды (банк және оның филиалы үшін);
Тармақша 2
2) Ұлттық Банктің банктік идентификациялау коды;
Тармақша 3
3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк филиалының коды;
Тармақша 4
4) жеке идентификациялау коды;
Тармақша 5
5) банктің атауы;
Тармақша 6
6) бизнес идентификациялау нөмірі;
Тармақша 7
7) клиенттің түрі;
Тармақша 8
8) резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті);
Тармақша 9
9) ұлттық және (немесе) шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге берілген банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы лицензиясының нөмірі, күні;
Тармақша 10
10) экономика секторы;
Тармақша 11
11) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының (КҰЖС) коды;
Тармақша 12
12) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орналасқан жері;
Тармақша 13
13) телефон, факс, электрондық пошта;
Тармақша 14
14) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
Тармақша 15
15) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
Тармақша 16
16) мәртебе қамтылады. Бұл бағанда мына мәртебелердің бірі көрсетіледі: «белсенді» төлемдерді жүргізуде шектеудің жоқтығын көрсетеді; «белсенді емес» белсенді операциялар жүргізуге тыйым салынғанын көрсетеді; «жабық» Банктердің анықтамалығынан банктік идентификациялау коды алып тасталғанын көрсетеді.
Тарау 7. 7-тарау. Банктердің анықтамалығын жүргізу
7-тарау. Банктердің анықтамалығын жүргізу
Тармақ 17
17. Банктердің анықтамалығын жүргізу деректерді жинақтауды, өңдеуді, өзгерістерді енгізуді, сондай-ақ Банктердің анықтамалығын банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Ұлттық Банктің филиалдарына, сонда-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) жеткізуді қамтиды.
Тармақ 18
18. Банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы өзінің деректемелері өзгерген кезде корреспонденттік шоттың шартына сәйкес ол туралы Ұлттық Банкке он жұмыс күні ішінде еркін жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 19
19. Ұлттық Банк алынған ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде Банктердің анықтамалығына өзгерістер енгізеді және электрондық байланыс арналары арқылы Ұлттық Банктің төлем жүйесіне қатысушыларға, Ұлттық Банктің филиалдарына, сондай-ақ Орталыққа хабарларды кепілді жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығына өзгерістерді енгізгеннен кейін енгізілген өзгерістер туралы банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 21
21. Банктердің анықтамалығы Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.
Тармақ 22
22. Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығындағы ақпараттың дәйектілігін және жаңартылып тұруын, сондай-ақ оның уақтылы жіберілуін және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазаны № 128 Қаулыға қосымша Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 763-767 (27839) жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда «Заң газеті» газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 36-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16446 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулылары тізбесінің 3-тармағы.