Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Уилского района Күшін жойған
Басқа 0
Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 107 «Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6256 болып тіркелген, 2019 жылғы 02 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Ойыл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қазаны № 166
қаулысына қосымша
Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№
Елді мекен атауы
Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар
Саны
Ойыл ауылдық округі
1
Ойыл ауылы
Көкжар көшесі № 72 үйдің сол жағы
1
2
Ойыл ауылы
Б.Жолмырзаев көшесі № 42А ғимаратының алды
1
3
Ойыл ауылы
Көкжар көшесі № 1 ғимаратының сол жағы
1
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі
1
Қаратал ауылы
Тәуелсіздік көшесі № 5 үйдің сол жағы
1
Көптоғай ауылдық округі
1
Көптоғай ауылы
Қазақстан көшесі № 16 ғимаратының оң жағы
1
Сарбие ауылдық округі
1
Сарбие ауылы
Әйтеке би көшесі № 23 ғимаратының оң жақ алды
1
Қараой ауылдық округі
1
Қараой ауылы
Тәуелсіздік көшесі № 19 ғимаратымен № 21 үйдің арасы
1
Саралжын ауылдық округі
1
Саралжын ауылы
Ботагөз-2 көшесі № 10А ғимаратының алды
1
Қайыңды ауылдық округі
1
Ақжар ауылы
А. Иманов көшесі № 5А ғимаратының сол жағы
1