Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Жуалынского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматттарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары
Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қазандағы № 73-3 шешіміне қосымша Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары Осы Жуалы ауданы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі-Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Жуалы ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын жайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
Тармақша 2
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтермен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондиминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 3-1
3-1. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Жуалы аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб порталы (бұдан әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3-2
3-2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 3-3
3-3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Отбасы (азамат), (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау үшін берілген отбасының табысын растайтын құжаттары тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шоты;
Тармақша 7
7) кондиминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 10
10) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 4-1
4-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 4-2
4-2. Осы Тәртіптің 5 - тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 4-3
4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 4.4
4.4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді
Тармақ 4-5
4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат), (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 4-6
4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді, не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама, не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес анықталады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үйкөмегін көрсету мөлшері
2. Тұрғын үйкөмегін көрсету мөлшері
Тармақ 7
7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 8
8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі: өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары: жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес; екі және одан да көп адамнан тұратын отбасының әр мүшесіне - 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес. Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы. Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен, газбен, электрмен жабдықтауды және қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Тармақ 10
10. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін төлеу және қаржыландыру тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін төлеу және қаржыландыру тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы, алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің есеп шотына немесе өтініш иесінің жеке есеп шотына аударылады.