Әкімнің Құрмет Грамотасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімиятының 2004.10.07 № 27-289/10 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәцкес және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамыуна, жас ұрпақтарды қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухани тәрбиелеуде қосөаг үлестері үшін азаматтар мен ұжымдарды мадақтау мақсатында әкімият қаулы етеді:
Әкімнің Құрмет Грамотасы туралы от 30.01.2003 г. № 4-22/1 (Әкімнің Құрмет Грамотасы туралы)
1. Моралдық марапаттаудың белгісі ретінде қала әкімінің Құрмет Грамотасы белгіленсін.
2. Құрмет Грамота туралы қағида бекітілсін (№1 қосымша).
Сәтпаев қаласы әкімиятының
2003 жылдың 30 қандардағы
№ 4-22/1 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Әкімнің Құрмет Грамотасы туралы
1. Әкімінің Құрмет Грамотасымен қаланцң әлеуметтік-экономикалық дамуына және ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухына тәрбиелеуде елеулі үлес қосқан азаматтар мен еңбек ұжымдары марапатталады.
2. Әкімнің Құрмет Грамотасымен марапаттаудың негізгі мыналар болып табылады:
1) азаматтардың, ұжымдар мен заңды тұлғаладың қоғамдық келісім және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде қосқан үлесі;
2) азаматтардың еңбектегі және қоғамдық-саяси өмірдегі шағырмашылық белсенділігін арттыру, оларды моральдық жағынан көтемелеу;
3) қызметтік міндеттерін мүліксіз атқару және өндірістік жоспарларын асыру орындау;
4) азаматтардың, мемлекеттік қызметкелердің қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы батыл іс-әрікеті;
5) қала тұрғындарының игілігі үшін жасаған көп жылдық еңбегі;
6) қала мекемелері мен кәсіпорындары (меншік нысанына қарамастан) басшыларының ұсыныстары.
3. Құрмет Грамотасымен азаматтар, ұжымдар, мекемелер, заңды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, әкімнің орынбасарларының, аппарат бөлімдері бастықтарының және мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар (меншік нысанына қарамастан) басшылары ұсыныстары бойынша марапатталады.
4. Құрмет Грамотасымен азаматтар мен заңды тұлғалар қала әкімінің жеке ұйғарымымен де марапатталады.
5. Құрмет Грамотасымен марапаттау үшін мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар (меншік нысанына қарамастан) басшылары,бірлестіктер ұжымдары әкім атына жазбаша ұсыныс береді.
6. Құрмет Грамотасына әкім қол қояды.
7. Құрмет Грамотасын салтанатты жағдайда әкім, немесе әкімнің тапсыруымен оның орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы тапсырады.
8. Әкімнің Құрмет Грамотасымен марапатталғандығы туралы деректер азаматтардың аңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметкерлердің жеке ісінің қызмет тізбесіне жазылады.