Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о проведенной научной антикоррупционной экспертизе проектов нормативных правовых актов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» нысанын бекіту туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Агенттік) Парасаттылық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Басқа 0. «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2020 жылғы 4 қарашасы № 365 бұйрығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) (бұдан әрі - Агенттік). Әкімшілік деректер нысаны келесі интернет-ресурста орналастырылған:https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk Индекс: 1-НАЭ Кезеңділігі: ай сайын. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру жүктелетін ғылыми мекеме немесе жоғары оқу орны (бұдан әрі – Үйлестіруші). Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін. № Жобаның атауы нормативтік құқықтық актінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерде ескерілген ұсынымдардың жалпы саны 1 2 3 4 1 Үйлестірушінің атауы _____________________________ Үйлестірушінің мекен-жайы ___________________________________ Үйлестірушінің байланыс телефоны ____________________________________________________________________ Үйлестірушінің электронды мекен-жайы ____________________________________________________________________ Үйлестірушінің жауапты тұлғасы_______________________ Қолы__________ Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға___________________Қолы_______ Тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 1. «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды(бұдан әрі - Нысан).
Тармақ 2
2. Нысанды Үйлестіруші толтырады және Агенттікке ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысанға Үлестіруші ретінде әрекет ететін ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам, тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін ұсынылады.
Тармақ 5
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2- тарау. Нысанды толтыру
2- тарау. Нысанды толтыру
Тармақ 6
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2- бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілген нормативтік құқықтық актінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.