Ауданда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 16.01.2004 № 1 қаулысымен. Ауданның еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жыл 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жыл 19 маусымдағы №836 Қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйымдардың басшылары 1-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің уақытша Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне /Т. Каюпов/ тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне /К. Садбеков/ жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Мендығалиевке тапсырылсын.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын, мекеме ұйымдардың тізімі
Аудан әкімдігінің 2003 жыл 28 қаңтардағы №1 Қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын, мекеме ұйымдардың тізімі № Мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың аты Қамтылатын адам саны 1 1. Казталов ауылдық округі 2. Тереңкөл ауылдық округі 3. Қараоба ауылдық округі 4. Қошанкөл ауылдық округі 5. Бостандық ауылдық округі 6. Бірік ауылдық округі 7. Мирон ауылдық округі 8. Қайыңды ауылдық округі 9. Жалпақтал ауылдық округі 10. Ақпәтер ауылдық округі 11. Қарасу ауылдық округі 12. Қараөзен ауылдық округі 13. Талдықұдық ауылдық округі 14. Талдыапан ауылдық округі 15. Көктерек ауылдық округі 16. Жаңажол ауылдық округі 44 28 28 28 28 28 28 28 49 28 28 28 28 28 28 28 2 1. Аудандық мәдениет бөлімі 2. Аудандық коммуналдық кәсіпорын демалыс орталығы 3. Аудандық әскери комиссариат 4 6 10 3 1. Аудандық білім бөлімі 6 4 1. Аудандық орталық аурухана 2. Жалпақтал ауруханасы 6 6 5 1. Аудан әкімі аппараты 2. Аудандық қаржы бөлімі 3. Аудандық мұрағат бөлімі 4 3 3 Барлығы 533
Басқа 8. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстың түрлері
Аудан әкімдігінің 2003 жыл 28 қаңтардағы N 1 Қаулысына 2-қосымша Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстың түрлері
Тармақ 1
1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарды шығару.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, жөндеу жұмыстарына көмектесу.
Тармақ 3
3. Тарихи-мәдени ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру.
Тармақ 4
4. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме, кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.
Тармақ 5
5. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық және мал санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу.
Тармақ 6
6. Мал және өсімдіктер аурулары мен шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты аспазшыға қосымша көмекші жіберу.
Тармақ 10
10. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп бүлдіруден қорғау, далалық өрттерді сөндіру.
Тармақ 11
11. Бұлақ көзін ашып тазарту, өзен, көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.
Тармақ 12
12. Мал өлімтіктерін көметін ескі шұңқырларды жою шараларын ұйымдастыру.
Тармақ 13
13. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жойып, залалсыздандыруды ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Ауыл маңындағы өзен көлдің бетіндегі мұз қабатының қатуына байланысты онда мекендейтін балықтарды сақтап қалу мақсатында ойық ою жұмыстарын ұйымдастыру.
Басқа 23. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және еңбекақы төлеудің уақытша ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2003 жыл 28 қаңтардағы N 1 Қаулысына 3-қосымша Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және еңбекақы төлеудің уақытша ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебін қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және кәсіпорындармен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім-шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақыға Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен салық салынады және зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты келісім-шарт жасайды және соның негізінде бұйрық беріп жұмысқа алады.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округтер әкімдері, мекеме, кәсіпорындар басшылары әрбір айдың 25-не атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырады.