Об утверждении ставок платы за использование особо охраняемой природной территории Алматинского зоологического парка города Алматы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіннің 591-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазаны № 498 шешіміне қосымша Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері р/с № Пайдалану түрінің атауы Өлшем бірлігі Бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш, теңгемен 1. Ғылыми мақсаттарда адам-күн 0,1 2. Экологиялық-ағарту мақсаттарында адам-күн 0,1 3. Мәдени-ағарту мақсаттарында адам-күн 0,01 4. Оқыту мақсаттарында адам-күн 0,01 5. Туристік мақсаттарда адам-күн 0,01 6. Рекреациялық мақсаттарда адам-күн 0,1