Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Уланскому району Күшін жойған
Басқа 0
Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 8, 9-баптарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 404 шешіміне
қосымша
Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Тармақ 1
1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналыстарды өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Тармақ 2
2. Ұлан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Қасым Қайсенов кентінің, Заки Ахметов көшесі № 26/1, Мәдениет үйінің жанындағы алаң анықталсын. Материалдық-техникалық жабдықтау: жасанды жарық; электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 10 автокөлік қою орны (10 кіру, 10 шығу). Шекті толу нормасы 200 адамға дейін.
Тармақ 3
3. Шеру мен демонстрацияның маршруты: Қасым Қайсенов кентінің Заки Ахметов көшесі № 9/1 бойымен, Заки Ахметов көшесіндегі № 26/1 Мәдениет үйіне дейін. Маршрут ұзақтығы 1 километрді құрайды: көше бойында жарықтандыру, шекті толтыру нормасы 200 адамға дейін.
Тармақ 4
4. Ұлан ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен не ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, бейбіт жиналысты өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына мынандай сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;
Тармақша 2
2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;
Тармақша 3
3) осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын, сондай-ақ, осы Заңмен қарастырылған көлік құралдарын пайдалану;
Тармақша 4
4) ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;
Тармақша 5
5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
Тармақ 5
5. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 5 және 6 баптарының талаптарын сақтауы қажет.
Тармақ 6
6. Заңның 9 бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан 200 метрден кем емес қашықтық пикет жүргізуге тыйым салынған шекаралар болып айқындалсын.