Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по оформлению сопроводительных накладных на товары и их документооборот Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашасы № 1104 бұйрығына қосымша Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) акцизделетін тауарлар – этил спирті, алкоголь өнімі, бензин, дизель отыны;
Тармақша 2
2) алыс-беріс шикізаты – қайта өңдеуге арналған шикізат;
Тармақша 3
3) бастапқы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі – ТІЖ) – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелген кезде ресімделетін ТІЖ; 4) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 5
5) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
Тармақша 6
6) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) алып қою тізбесінің тауарлары – тауарлар, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) коды және атауы Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне сәйкес қатысушысы болып табылатын, халықаралық шартқа сәйкес бекітілген ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданады;
Тармақша 7
7) жеңіл автокөлік – жүргізушіні қоса, сыйымдылығы 9 адамға дейін, рұқсат етілген ең жоғары жүк көтеруі 3,5 тоннадан аспайтын, жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға арнаған көлік құралы;
Тармақша 8
8) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ID) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қойманың тіркеу нөмірі;
Тармақша 9
9) құрамында алтыны бар өнім – электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын құрамында алтыны бар өнім;
Тармақша 10
10) таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі – таңбаланатын тауарлардың айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) қалыптастырылатын электрондық құжат;
Тармақша 11
11) тауарларды әкелу туралы хабарлама – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да қалыптастырылатын электрондық құжат;
Тармақша 12
12) тауарларға арналған декларация – тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;
Тармақша 13
13) тауардың ID – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жасалатын сәйкестендіргіш;
Тармақша 14
14) тауарларды өткізу – тауарларды бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
Тармақша 15
15) ТСН-код – акцизделетін өнім өндірушілерге, акцизделетін өнім импортын жүзеге асыратын көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін акцизделетін өнімнің әрбір атауына, түріне берілетін, тауарларға ілеспе жүкқұжатында акцизделетін өнімнің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 16
16) ТІЖ – тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын құжат;
Тармақша 17
17) ТІЖ ресімдеу – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес нысандарды толтыру және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда уәкілетті жеке тұлғаның қол қоюы және мөрі (болған кезде);
Тармақша 18
18) ТІЖ тіркеу – ЭШФ АЖ-да бірегей тіркеу нөмірін беру, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу жүйесінен немесе қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналынан нөмірді беру рәсімі;
Тармақша 19
19) ТІЖ тіркеу нөмірі – оны тіркеу кезінде берілетін және жеткізушінің (әкелу кезінде – алушының) сәйкестендіру нөмірінің, ТІЖ тіркелген күні мен бірегей ретсіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ-да қалыптастырылатын ТІЖ бірегей нөмірі не қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналының негізінде берілетін ТІЖ бірегей нөмірі;
Тармақша 20
20) ТІЖ растау – тауарларды алған кезде алушының ТІЖ растауы;
Тармақша 21
21) ТІЖ бас тарту – тауарлардың сәйкессіздігі болған кезде алушының ТІЖ бас тартуы;
Тармақша 22
22) ТІЖ түзету – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ жою жолымен тауарлардың жеткізушісін және (немесе) алушысын ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету;
Тармақша 23
23) ТІЖ кері қайтару – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ кері қайтару;
Тармақша 24
24) уәкілетті жеке тұлға – осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен, айналысатын адамдардың атынан сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметкері немесе өкілі;
Тармақша 24-1
24-1) тауар – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
Тармақша 25
25) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан қолайлы болып табылатын негізгі пайдалы қазбалармен бірге өндірілетін және солармен ұласып жатқан минералдық кешендер, минералдар, металдар және басқа химиялық элементтер мен олардың қоспалары;
Тармақша 25-1
25-1) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген және салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат;
Тармақша 26
26) электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар – «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар;
Тармақша 27
27) GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 жүйесінің стандарттарымен белгіленген қағидаларға сәйкес оның әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнде сәйкестендірілуі мақсатында ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымның тауарлар тобына берілетін жаһандық сәйкестендіру нөмірі, ТТҚ АЖ-ғы тауар коды ретінде пайдаланылады;
Тармақша 28
28) 328.00-нысан – «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16448 болып тіркелген) бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Тармақ 3
3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында: акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша және виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін; ДСҰ Алып қою тізбесінің тауарлары бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін; еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі – ЕЭА) аумағына тауарларды әкелу, ЕЭА аумағынан тауарларды әкету және ЕЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін; сұйытылған мұнай газы бойынша 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін іске асырылады; ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар бойынша 2023 жылғы 10 ақпанға дейін; ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар бойынша 2023 жылғы 10 ақпанға дейін іске асырылады.
Тармақ 4
4. Пилоттық жобаның:
Тармақша 1
1) мыналар: акциздік тауарларды өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын; сұйытылған мұнай газын өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын; ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын; Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкетуді жүзеге асыратын; ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды әкелуді жүзеге асыратын; ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) сұйытылған мұнай газын және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкетуді жүзеге асыратын; ДСҰ-ның Алып қою тізбесінің тауарларын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын; виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын; ЕЭА аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын; ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуді жүзеге асыратын; ЕЭА аумағында тауарларды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;
Тармақша 2
2) ЭШФ АЖ әзірлеуші – «Open Systems Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) тауарларды таңбалау операторы – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы»;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) қатысушылары болып табылады.
Тармақ 5
5. Виртуалды қоймалардың түрлері:
Тармақша 1
1) «Қойма» – салық төлеушінің негізгі қоймасы, бірнеше қойманы тіркеуге болады;
Тармақша 2
2) «Бөлінбеген қойма» – ЭШФ АЖ пайдаланушылары үшін және бөлшек саудада, оның ішінде ЭШФ АЖ тіркелмеген тауарды өткізуді жүзеге асыратын алушылар үшін автоматты түрде құрылатын қойма;
Тармақша 3
3) «Сату нүктесі» – тауарды сату орны, сату нүктесі дүкеннің сауда алаңында болуы мүмкін;
Тармақша 4
4) «Мобильді қойма» – тауарларды өткізу мақсатында тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізуге арналған қойма;
Тармақша 5
5) «Архив» – ТІЖ ресімдеу кезінде «шағын сауда нүктесі» белгісі берілген салық төлеушінің автоматты түрде есептен шығарылған тауарларын сақтау қоймасы.
Тармақ 6
6. Виртуалды қоймалардың белгілері:
Тармақша 1
1) «Басымды қойма» – ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;
Тармақша 2
2) «Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы» – тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;
Тармақша 3
3) «Жария қойма» – тауарларды өткізу және сату кезінде қойманы таңдау үшін жеткізушіге сатып алушы ұсынатын қойма;
Тармақша 4
4) «Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы» – бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);
Тармақша 5
5) «Лизингке арналған қойма» – белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (жеткізуші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;
Тармақша 6
6) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма» – шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;
Тармақша 7
7) «Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы» – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.
Тармақ 7
7. ЭШФ АЖ әзірлеуші, тауарларды таңбалау жөніндегі оператор олардан сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пилоттық жобаның қатысушыларына техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. ҚР ҚМ МКК субъектілерден сұрау салу алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТІЖ ресімдеу және виртуалды қоймада жұмыс бөлігінде әдістемелік консультациялар береді.
Тармақ 9
9. Пилоттық жобаның қатысушылары «ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау бойынша ұсыныстар» белгісімен esfsd@mgd.kz техникалық қолдаудың электрондық мекенжайына жолдау арқылы ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 9-1
9-1. Тауарлардың қалдықтары жөніндегі мәліметтер қоймадағы тауар қалдықтарының іс жүзінде бар санына сәйкес келетін мөлшерде «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар жөніндегі мәліметтер іс жүзінде өндірілген тауардың санына сәйкес келетін мөлшерде «Өндіріс» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады.
Тарау 2. 2-тарау. ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
2-тарау. ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
Тармақ 10
10. ТІЖ қағаз жеткізгіште ресімдеуге жататын:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі болмаған. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылады;
Тармақша 2
2) техникалық қателердің себебінен ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеудің мүмкін еместігі туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында растаған жағдайларды қоспағанда, ТІЖ электрондық нысанда ресімделеді.
Тармақ 11
11. Егер:
Тармақша 1
1) ТІЖ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
Тармақша 2
2) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ға электронды нысанда тіркеу нөмірі берілсе;
Тармақша 3
3) қағаз түріндегі ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген болса ТІЖ ресімделген болып саналады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген, аумағында жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері жоқ, олар бойынша ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі ТІЖ-ны тіркеу журналын жүргізе отырып, ТІЖ-ны қағаз жеткізгіштерде ресімдейді.
Тармақ 13
13. ЭШФ АЖ-да қамтылған электрондық құжат, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда ресімделген қағаз жеткізгіштегі ТІЖ-ы ТІЖ-ның түпнұсқасы (төлнұсқасы) болып табылады.
Тармақ 14
14. Егер ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасында осындай:
Тармақша 1
1) «міндетті емес ашық жол»;
Тармақша 2
2) «шартты-міндетті ашық жол» және толтыру міндеттілігі бойынша шарттар туындамайды,- деген ашық жолдардың белгілері болса, ТІЖ-ның жекелеген ашық жолдары толтыруға жатпайды. ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында жарияланады және ЭШФ АЖ-да ТІЖ қабылдау және өңдеу кезінде ескеріледі.
Тармақ 15
15. ТІЖ:
Тармақша 1
1) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу кезінде;
Тармақша 3
3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
Тармақша 4
4) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды, және (немесе) сұйытылған мұнай газын, және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;
Тармақша 7
7) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде.
Тармақша 8
8) ЕЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде
Тармақша 9
9) ЕЭА аумағынан тауарларды әкету кезінде;
Тармақша 10
10) ЕЭА аумағында тауарларды өткізу кезінде;
Тармақша 11
11) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде ресімдеуге жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, құрамында алтыны бар өнімге қолданылмайды.
Тармақ 16
16. ТІЖ:
Тармақша 1
1) сату орны арқылы жүзеге асырылатын бөлшек сауда кезінде, мынадай жағдайларда: тауарларды өткізу кезінде есеп айырысулар: сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдар арқылы; төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылған кезде; жеке тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде есеп айырысулар электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылған кезде;
Тармақша 2
2) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
Тармақша 3
3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде;
Тармақша 4
4) акцизделетін тауарларды, авиациялық отын мен мазутты қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;
Тармақша 5
5) ыдыс ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қайтарылатын ыдысты тиеу кезінде;
Тармақша 6
6) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
Тармақша 7
7) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып берілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
Тармақша 8
8) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізуі, өткізуі кезінде ресімдеуге жатпайды.
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың 17-1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ мынадай мерзімдерде ресімделеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тиеп – жөнелту және (немесе) өткізуде, жылжыту кезінде - тауарларды тиеп – жөнелту және (немесе) өткізуде, жылжыту кезінен кешіктірмей;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде: ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан-кедендік тазарту жүргізілген акцизделетін тауарларды, авиациялық отынды және мазутты өткізудің, өткізудің басталуынан кешіктірмей; ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін. Осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген жағдайда, автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде Мемлекеттік кірістер органының қызметкері ТІЖ-ге тиісті белгі қою арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін растауды жүргізеді;
Тармақша 3
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше екінші Мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын автомобиль өткізу пунктінде кесіп өту кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17-1
17-1. Тауарларды әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда ТІЖ әуе көлігі келген (кеткен) күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді. Тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан темір жол көлігімен әкету кезінде ТІЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін ресімделеді. Тауарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлігімен жеткізген жағдайда ТІЖ осы жеткізілімге арналған тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетін, авиациялық отын мен мазуттан басқа) көтерме саудада берген жағдайда ТІЖ тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді. Мобильдік қоймадан ТІЖ алушының виртуалды қоймасына өткізілген тауарлар бойынша жеткізуші сатылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімдейді. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ерікті негізде ТІЖ ресімдеген кезде, ТІЖ бір күн үшін іске асыруды көрсете отырып, іске асыру күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде кешіктірмей ресімделеді.
Тармақ 18
18. ТІЖ алушы ТІЖ растау немесе бас тарту ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылатын, көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ны растайды немесе бас тартады.
Тармақ 19
19. Пилоттық жоба кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушы осы Қағидаларда белгіленген ТІЖ-ны ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда ҚР ҚМ МКК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуы туралы» хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) қалыптастырады. Хабарлама Пилоттық жобаға қатысушыға электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жолданады. Хабарламаны алу, сондай-ақ онымен танысу алушыны ТІЖ ресімдеуден, алуды растаудан немесе бас тартудан босатпайды.
Тармақ 20
20. ТІЖ жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша виртуалды қойма арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде ресімдейді, ЭЦҚ қояды. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде тауарларды алушы бастапқы ТІЖ ресімдейді, ол арқылы тауарлар оның виртуалды қоймасына түседі. ТІЖ бастапқы деректері мемлекеттік кіріс органдарымен жанама салықтарды төлеу фактісін растағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЭШФ-ны жазып беру кезінде шығару көзін автоматты түрде көрсету мақсатында 328.00-нысанының деректерімен салыстыруға жатады. Жеке тұлғалардың атына автомобиль көлігімен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ тауарларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейді.
Тармақ 20-1
20-1. Салық төлеушілердің сыртқы есепке алу жүйелерінің ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялық өзара іс-қимылы сыртқы есепке алу жүйелеріне ЭШФ АЖ-да Web-қосымшадағы бизнес-процестерде көзделген барлық операцияларды ЭШФ АЖ-ны ЭШФ АЖ қатысушыларының есепке алу жүйелерімен интеграциялау арқылы орындауға мүмкіндік беретін API-тетіктер арқылы жүзеге асырылады. Cалық төлеушілердің таңдауы бойынша сыртқы есепке алу жүйелері электрондық құжаттармен алмасу сервисімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, мұндай сервистің ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялық өзара іс-қимылы да, сондай-ақ осы сервиске ЭШФ АЖ-мен интеграциялау жолымен Web-қосымшадағы бизнес-процестермен көзделген барлық операцияларды ЭШФ АЖ-да орындауға мүмкіндік беретін API-тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тасымалдау, өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету кезінде:
Тармақша 1
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (жасалынған) тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 386, 446 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
Тармақша 3
3) Салық кодексінің 393-бабы 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында ресімделген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ресімделеді.
Тармақ 22
22. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютада немесе шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютада жазып беріледі.
Тармақ 23
23. Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
Тармақша 2
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде;
Тармақша 3
3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде: оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады; ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды; (бөлшек сауда, азық-түлікпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес) қызметінің түріне сәйкес келеді; деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданады. Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде «Шағын сауда нүктесі» белгісі қойылады. Осы тармақтың ережесі шегі ЕАЭО кедендік шекарасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;
Тармақша 4
4) тауарларды сатып алатын жеке тұлғаға өткізу кезінде оларды (оларды) жеке, отбасылық, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметті және жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметін жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалану үшін;
Тармақша 5
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде талап етілмейді.
Тармақ 24
24. Бұрын ресімделген ТІЖ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, жеткізушіні және (немесе) тауарларды алушыны ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ресімделген ТІЖ-ны жою арқылы түзетілген ТІЖ ресімделеді.
Тармақ 25
25. Тауар қайтарылған жағдайда:
Тармақша 1
1) алушы бас тартқан ТІЖ бойынша – жеткізуші «бас тарту» мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) алушы ТІЖ расталғанға немесе бас тартқанға дейін ТІЖ кері қайтарып алынған кезде – жеткізуші «кері қайтарып алу» мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тасымалдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) алушы бұрын растаған ТІЖ бойынша – алушы қайтаруға ТІЖ ресімдейді, бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын ресімделген ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 25-1
25-1. Қағидалардың 23-тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге өткізілген тауар бойынша ТІЖ-да алушының «Шағын сауда нүктесі» санаты белгісі қойылған кезде тауарды қайтаруға ТІЖ ресімдеуді жеткізуші жүргізеді.
Тармақ 26
26. Толық емес және (немесе) дұрыс емес деректерді көрсете отырып ресімделген, сондай-ақ алушы растамаған немесе бас тартпаған ТІЖ:
Тармақша 1
1) тауарды көліктің кез келген түрі арқылы жеткізу (тасымалдау) кезінде – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) қалған тауарлар бойынша – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) түзетуге немесе кері қайтарып алуға жатады.
Тармақ 27
27. Бастапқы ТІЖ бойынша виртуалды қоймаға кіріске алынған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша алушы, қажет болған жағдайда, өткізуге ТІЖ ресімделетін мынадай:
Тармақша 1
1) ДСҰ алып қою тізбесінің тауарларын;
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарларды;
Тармақша 3
3) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды қоспағанда, көрсетілген тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығаруды жүргізеді.
Тармақ 28
28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тауарлар: тауардың ID-ін қамтитын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы чегінің негізінде; өз мұқтажы үшін, өндірісте, қызмет көрсетуде, жұмыстарды орындауда пайдалану кезінде; бүлінген, жоғалған, ұрланған, кәдеге жаратылған кезде; қадағалап отыру тоқтатылған кезде; осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, бөлшек сауда субъектісіне ТІЖ ресімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін автоматты түрде ресімделген ТІЖ бойынша тауарларды алу кезінде өткізуге ТІЖ ресімдеусіз виртуалды қоймадан есептен шығарылады.
Тармақ 29
29. ЭШФ АЖ-да тіркелген ТІЖ Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады. Қағаз жеткізгіштерде тіркелген және қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналындағы ТІЖ Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде сақталуға жатады. Лизингке берілген тауарлар бойынша ТІЖ лизинг шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін есептелетін, Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады.
Тармақ 30
30. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8265 болып тіркелген), «Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат» 3-2-нысанды жасау (ресімдеу) ТІЖ ресімделген жағдайда талап етілмейді.
Тармақ 30-1
30-1. ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ-ны жазып беру мынадай тәсілдермен:
Тармақша 1
1) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» деген 32-жолда ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, ТІЖ негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ-да көрсетілетін мәліметтер бір текті болуы тиіс;
Тармақша 2
2) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» деген 32-жолда осындай ЭШФ жазып берілгенге дейін виртуалды қоймада болған тауарлардың мөлшерінен (көлемінен) аспайтын тауарлардың мөлшерін (көлемін) көрсете отырып, «NON SNT» көрсете отырып, тауарларға арналған электрондық жүкқұжатқа байланыстырусыз жүзеге асырылады. Шот-фактураны жазып беру кезінде:
Тармақша 1
1) мәміле бойынша шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
Тармақша 2
2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген тауарларды өткізген, іске асырған кезде шығарылған жерінің дерек көзі ретінде, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде ресімделген, онда мемлекеттік кірістер органының белгілері болған кезде ТІЖ нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 30-2
30-2. Техникалық іркілістер кезінде, оның ішінде ерікті тәртіпті қолдану кезінде ТІЖ растауды не растаудан бас тартуды ресімдеу, ТІЖ-ға байланыста ЭШФ жазып беру мерзімдері техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру мен техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру кезеңінен кейін 3 (үш) жұмыс күні кезеңін құрайтын кезеңге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 30-3
30-3. ТІЖ алушы бас тартқан жағдайда ТІЖ жеткізуші белгіленген мерзімнен кеш ресімдеген, тіркелген ЭШФ-ның «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» деген 32-жолда көрсетілген нөмірі мен күні, сондай-ақ оның негізінде ЭШФ жазып беру ресімделген ТІЖ-да бас тартылған ТІЖ нөмірін көрсете отырып, ТІЖ бас тартылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Пилоттық жобада ТІЖ толтыру тәртібі
3-тарау. Пилоттық жобада ТІЖ толтыру тәртібі
Тармақ 31
31. Жалпы бөлім» деген А бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) есепке алу жүйесінің ТІЖ нөмірі – салық төлеушінің салық есебінде берілетін және тауарларды жеткізуші дербес айқындайтын ТІЖ реттік нөмірі. Бұл ашық жолды толтыру міндетті емес;
Тармақша 2
2) тауарды тиеп-жөнелту күні – қолмен толтырылады. Бұл ретте, түзетілген ТІЖ тауарды тиеп-жөнелту күні, кейін жойылатын, түзетілетін ТІЖ көрсетілген тауарды тиеп-жөнелту күні бойынша айқындалады.
Тармақша 3
3) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ның тіркеу нөмірі – ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде толытырады. ЭШФ АЖ қатысушысының толтыруына және (немесе) түзетуіне арналмаған;
Тармақша 4
4) түзетілген ТІЖ – ЭШФ АЖ-да түзетілетін ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жойылғанның орнына ТІЖ ресімделген жағдайда толтырылады;
Тармақша 5
5) ТТҚ АЖ-да тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарлама – тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні толтырылады;
Тармақша 6
6) тауарды қайтару – тауар қайтарылған жағдайда белгі қойылады. Бұл ретте В бөлімінде алушының деректемелері, ал С бөлімінде – жеткізушінің деректемелері, ал 6.1-жолда бұдан бұрын ресімделген ЭШФ АЖ-ғы ТІЖ тіркеу нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу – қажет болған жағдайда: «Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (импорт)»; «қайта өңдеуге әкелу»; «уақытша әкелу»; «уақытша әкетілген тауарды әкелу»; «АЭА аумағына әкелу» ұяшығына тиісті белгі қойылады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету – қажет болған жағдайда: «Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету (экспорт)»; «қайта өңдеуге әкету»; «уақытша әкету»; «уақытша әкелінген тауарды әкету»; «АЭА аумағынан әкету»;
Тармақша 9
9) тауарларды өткізу – қажет болған жағдайда: «Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға шегінде». Бұл ашық жол тек акцизделетін тауарлар бойынша ғана толтырылады; «ЕАЭО шеңберінде бір тұлға шегінде»; «өзге де өткізулер» ұяшығына тиісті белгі қойылады;
Тармақша 10
10) акцизделетін тауарлар, авиациялық отын, мазут және басқа тауарлар (таңбалауға жататындарды қоспағанда) - қажет болған кезде: «этил спирті»; «толысылған шарап»; «сыра қайнату өнімі»; «алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімдерінен басқа)»; «мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері»; «биоотын» деген ұяшыққа тиісті белгі қойылады;
Тармақша 11
11) экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) – экспорттық бақылауға (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) жататын тауарлармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда белгі қойылады;
Тармақша 12
12) цифрлық таңбалау – қажет болған кезде ұяшыққа тиісті белгі қойылады.
Тармақ 32
32. «Жеткізушінің деректемелері» деген В бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) – жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді. Егер тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» торкөзі белгіленеді». Бұл ретте ашық жолды толтыру міндетті емес;
Тармақша 2
2) жеткізушінің (жөнелтушінің) атауы;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
Тармақша 5
5) жеткізушінің санаты;
Тармақша 6
6) жеткізуші тіркелген елдің коды – «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға (бұдан әрі – Жіктеуіштің 22-қосымшасы) сәйкес Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елдің әріптік коды көрсетіледі;
Тармақша 7
7) жөнелту (тиеп жөнелту) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елінің әріптік коды көрсетіледі;
Тармақша 8
8) жөнелтудің (тиеп-жөнелтудің) іс жүзіндегі мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
Тармақша 9
9) жөнелту (тиеп-жөнелту) қоймасының (ІD) сәйкестендіру нөмірі – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-дағы виртуалды қоймасының тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарлардың импорты кезінде деректер толтырылмайды.
Тармақ 33
33. «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ЖСН/БСН. Егер тауарлар алушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;
Тармақша 2
2) алушының атауы;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
Тармақша 5
5) алушының санаты;
Тармақша 6
6) алушының тіркелген елінің коды – тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі, әуежайлар Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес әуе борты тиесілі елдің әріптік кодын көрсетеді;
Тармақша 7
7) жеткізу (жеткізіп беру) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі. Әуежайлар авиациялық отынды өткізген кезде әуе бортының жүру маршруты елінің әріптік коды көрсетіледі;
Тармақша 8
8) нақты жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
Тармақша 9
9) жеткізу (жеткізіп беру) қоймасының сәйкестендіру нөмірі (ІD). Бұл ашық жол экспортқа ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
Тармақ 34
34. «Жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері» деген D бөлімінде мынадай деректер: Жүк жөнелтуші – оның атынан жүк жөнелту ресімделетін тұлға:
Тармақша 1
1) ЖСН/БСН. Егер жүк жөнелтуші бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;
Тармақша 2
2) жүк жөнелтушінің атауы;
Тармақша 3
3) жөнелту елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк жөнелтуші елдің әріптік коды көрсетіледі; Жүк алушы – шарттың негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті тұлға:
Тармақша 1
1) ЖСН/БСН. Егер жүк алушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» деген ұяшық белгіленеді;
Тармақша 2
2) жүк алушының атауы;
Тармақша 3
3) жеткізу елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк алушы елінің әріптік коды көрсетіледі.
Тармақ 35
35. «Тасымалдау жөніндегі мәліметтер» деген Е бөлімінде – мынадай деректер:
Тармақша 1
1) тасымалдаушы. Егер тасымалдаушы бейрезидент болып табылса, онда «бейрезидент» торкөзі белгіленеді;
Тармақша 2
2) ЖСН / БСН;
Тармақша 3
3) жоспарланған көлік туралы мәліметтер – көлік түрі көрсетіледі (көрсетілген тізімнен таңдалады).
Тармақ 36
Тармақ 37
37. «Шарт (келісімшарт)» деген F бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) шарттың (келісімшарттың) нөмірі;
Тармақша 2
2) шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі$
Тармақша 3
3) шартсыз (келісімшартсыз).
Тармақ 38
38. «БҚҚ (бірлескен қызметке қатысушылар)/ӨБК (Өнімді бөлу туралы келісім) шеңберіндегі шарт (келісімшарт)» F1-бөлімінде мынадай деректер: Жеткізушінің:
Тармақша 1
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
Тармақша 2
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында); Алушының:
Тармақша 1
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
Тармақша 2
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі. валюта коды – «валюта бағамдары» ЭШФ АЖ анықтамалығынан таңдалады; валюта бағамы – ТІЖ ресімдеу күніне валюта бағамы көрсетіледі.
Тармақ 39
Тармақ 40
Тармақ 41
41. «Тауарлар бойынша деректер» деген G1 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) тауарлардың әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) тауардың шығарылған жерінің белгісі (анықтамалықтан таңдап алынады);
Тармақша 3
3) тауарлар атауы;
Тармақша 4
4) тауар коды (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы) – ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі;
Тармақша 5
5) өлшем бірлігі;
Тармақша 6
6) саны (көлемі);
Тармақша 7
7) тауар бірлігі үшін баға – шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың бағасы көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыруға міндетті емес;
Тармақша 8
8) жанама салықтарсыз тауардың құны – жанама салықтарды есепке алусыз тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
Тармақша 9
9) акциз сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
Тармақша 10
10) ҚҚС сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген ҚҚС көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
Тармақша 11
11) жанама салықтармен тауардың құны – жанама салықтарды есепке ала отырып, тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
Тармақша 12
12) тауарларға арналған декларацияның жиырма мәнді тіркеу нөмірі, ТІЖ қырық екі мәнді тіркеу нөмірі, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің он сегіз мәнді тіркеу нөмірі, тауардың шығарылған жері туралы сертификатың он үш мәнді тіркеу нөмірі (СТ-1). Тауардың шығарылған жері туралы сертификатының он бір мәнді тіркеу нөмірі (СТ-KZ);
Тармақша 13
13) тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініштен, тауарларға арналған декларациялардан, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен, СТ-1 немесе СТ-KZ – салық төлеуші тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініште, тауарларға арналған декларацияларда, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште, СТ-1 немесе СТ-KZ пайдаланатын тауарлардың атауына сәйкес келетін тауар позициясының нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 14
14) тауарларды бергенге дейін шығару туралы өтініштен тауар позициясының нөмері тауарларга арналған, таурларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы декларациялар немесе тауарларға арналған декларациялар, бастап;
Тармақша 15
15) GTІN.
Тармақ 42
42. «Алкоголь өнімі бойынша деректер» деген бөлімде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) жеткізушінің лицензия нөмірі (В бөлімнің «ЖСН/БСН» деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
Тармақша 2
2) лицензия бойынша жеткізушінің мекенжайы (В бөлімнің «ЖСН/БСН» деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
Тармақша 3
3) алушының лицензия нөмірі (С бөлімнің «ЖСН/БСН» деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
Тармақша 4
4) лицензия бойынша алушының мекенжайы (С бөлімнің «ЖСН/БСН» деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады) көрсетіледі.
Тармақ 43
43.««Этил спирті» деген G2 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) операция коды (ЭШФ АЖ анықтамалығынан таңдап алынады);
Тармақша 2
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
Тармақша 3
3) этил спиртінің түрі, атауы;
Тармақша 4
4) мөлшері (көлемі);
Тармақша 5
5) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәміле жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
Тармақша 4
4) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәмілені жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
Тармақ 44
44. «Толысылған шарап» деген G3 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
Тармақша 2
2) толысылған шараптың түрі, атауы;
Тармақша 3
3) мөлшері (көлемі);
Тармақша 4
4) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәмілені жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
Тармақ 45
45. «Сыра қайнату өнімі» деген G4 бөлімінде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) операция коды (анықтамалықтан таңдап алынады):
Тармақша 2
2) сыра қайнату өнімінің атауы;
Тармақша 3
3) өнім түрі;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігі;
Тармақша 5
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен);
Тармақша 6
6) саны (шөлмектердің, банкілердің, кегтердің, орамның данада);
Тармақша 7
7) орамдағы (шөлмектердің, банкілердің) саны;
Тармақша 8
8) мөлшері (литрмен);
Тармақша 9
9) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
Тармақ 46
46. «Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімдерінен басқа)» деген G5 бөлімінде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
Тармақша 2
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
Тармақша 3
3) тауарлардың атауы;
Тармақша 4
4) өнімдердің түрі (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
Тармақша 5
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен) (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
Тармақша 6
6) саны (шөлмек);
Тармақша 7
7) мөлшері (литрмен);
Тармақша 8
8) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
Тармақ 47
47. «Мұнай өнімдері бойынша деректер» деген G6 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
Тармақша 2
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
Тармақша 3
3) жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайындағы мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) коды;
Тармақша 4
4) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
Тармақша 5
5) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
Тармақша 6
6) мұнай өнімінің түрі, маркасы ПИН-кодты енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қойылады;
Тармақша 7
7) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
Тармақша 8
8) тауардың өлшем бірлігінің бағасы;
Тармақша 9
9) тоннадағы тауар мөлшері (бөлшек сауда үшін литрмен) көрсетіледі.
Тармақ 48
48. «Биоотын бойынша деректер» деген G7 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
Тармақша 2
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
Тармақша 3
3) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
Тармақша 4
4) жеткізу (жеткііп беру) мекенжайындағы МКО коды;
Тармақша 5
5) биоотынның атауы;
Тармақша 6
6) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
Тармақша 7
7) мөлшері (тоннада, бөлшек сауда үшін литрмен);
Тармақша 8
8) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
Тармақ 49
49. «Темекі өнімдері бойынша деректер (цифрлық таңбалауды қоспағанда)» деген G8 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
Тармақша 2
2) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
Тармақша 3
3) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
Тармақша 4
4) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
Тармақша 5
5) темекі өнімінің атауы;
Тармақша 6
6) өлшем бірлігі (қорап, блок, пачуа, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
Тармақша 7
7) темекі өнімінің қорап, блок, пачкадағы саны;
Тармақша 8
8) саны (қорап, блок, пачка, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
Тармақша 9
9) темекі өнімінің дана, килограмм, миллилитрдегі саны;
Тармақша 10
10) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы – шарт валютасында көрсетіледі.
Тармақ 50
50. «Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар бойынша деректер (цифрлық таңбалау)» деген G9 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) тауар коды (GTIN);
Тармақша 2
2) тауардың атауы;
Тармақша 3
3) тауарлардың тұтыну орамының саны;
Тармақша 4
4) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
Тармақ 51
51. «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша деректер» деген G10 бөлімінде мынадай деректер:
Тармақша 1
1) құжаттың нөмірі (лицензия/рұқсат);
Тармақша 2
2) берілген күні (лицензия/рұқсат);
Тармақша 3
3) аяқталған күні (лицензияның/рұқсаттың аяқталу мерзімі);
Тармақша 4
4) өлшем бірлігі;
Тармақша 5
5) саны (көлемі);
Тармақша 6
6) тауар бірлігі үшін баға – шарт валютасында көрсетіледі;
Тармақ 52
52. «Тауарды жіберу бойынша мәліметтер» деген L бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тауарды жіберуді жүргізген тұлға;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ қол қоюға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
Тармақша 3
3) ТІЖ ресімдеген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 4
4) тауарды жіберу сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі. Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
Тармақ 53
53. «Тауарды қабылдау туралы мәліметтер» деген М бөлімінде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) тауарды қабылдауды/бас тартуды жүргізген тұлға;
Тармақша 2
2) тауар қабылданған/бас тартылған күн (күні, айы, жылы форматында);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ растауға/бас тартуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
Тармақша 4
4) ТІЖ растаған/бас тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 5
5) тауарды қабылдау сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі. Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
Тармақ 54
54. «МКО/уәкілетті органның (ұйымның) белгілері» деген N бөлімінде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) автомобиль өткізу пункті/бақылау-өткізу пункті;
Тармақша 2
2) МКО қызметкерінің/уәкілетті органның (ұйымның) қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 3
3) Мемлекеттік шекараны/АЭА аумағын кесіп өту күні мен уақыты/Әуе кемесінің ұшу күні;
Тармақша 4
4) іс жүзіндегі көлік туралы деректер: автомобиль көлік құралының маркасы; автомобиль көлік құралының мемлекеттік нөмірі; жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); жүргізушінің ЖСН көрсетіледі.
Тармақ 55
55. «Анықтама үшін мәлемет» деген O бөлімінде мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) жеткізушінің/жөнелтушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды;
Тармақша 2
2) алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды көрсетіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ТІЖ ресімдеу
4-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ТІЖ ресімдеу
Тармақ 56
56. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизинг үшін қойма жасайды.
Тармақ 57
57. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизингке арналған қоймаға өткізу үшін ТІЖ ресімдейді, бұл ретте алушының ТІЖ растауы талап етілмейді.
Тармақ 58
58. Лизинг нысанасы лизинг алушының лизинг нысанасына меншік құқығын бергенге дейін лизинг алушының лизингке арналған қоймада болуы тиіс.
Тармақ 59
59. Лизинг алушының лизинг нысанасына меншік құқығын бергеннен кейін лизинг беруші лизинг нысанасын лизингке арналған қоймадан лизинг алушының виртуалды қоймасына көшіру үшін ТІЖ ресімдейді.
Тармақ 60
60. Лизинг нысанасын қайтарған немесе алып қойған жағдайда лизинг беруші лизинг нысанасын лизингке арналған қоймадан лизинг берушінің виртуалды қоймасына көшіру үшін ТІЖ ресімдейді. Бұл ретте қайтару/алып қою кезінде ТІЖ-де көрсетілетін лизинг нысанасының құны ТІЖ-да көрсетілген лизинг нысанасының құнынан лизингті берген кезде (соманы көрсетпеуі мүмкін) ерекшеленуі мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде ТІЖ ресімдеу
5-тарау. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде ТІЖ ресімдеу
Тармақ 61
61. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алыс-беріс шикізатының қайта өңдеушісі қайта өңдеушінің сәйкестендіру деректерін және алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасының нақты мекенжайын көрсете отырып алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойманы жасайды. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан алыс-беріс шикізатын әкелген кезде қайта өңдеуші бастапқы ТІЖ ресімдейді, оның негізінде алыс-беріс шикізаты алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі қоймаға келіп түседі.
Тармақ 62
62. Жеткізуші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге тапсырған кезде, алыс-беріс шикізатын жеткізушінің қоймасынан алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймаға беру үшін ТІЖ ресімдейді.
Тармақ 63
63. Алыс-беріс шикізатының қайта өңдеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймадан өндіріске алыс-беріс шикізатын есептен шығарады.
Тармақ 64
64. Дайын өнімді жеткізушіге берген кезде қайта өңдеуші дайын өнімді алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасына «Өндіріс» виртуалды қойма нысаны бойынша енгізеді.
Тармақ 65
65. Қайта өңдеуші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасынан тиеп-жөнелту үшін ТІЖ ресімдейді.
Тарау 6. 6-тарау. Көлік құралын пайдалана отырып, тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
6-тарау. Көлік құралын пайдалана отырып, тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
Тармақ 66
66. Көлік құралын пайдалана отырып тауарларды, оның ішінде таңбалауға жататын тауарларды өткізу кезінде жеткізуші мемлекеттік нөмірін көрсете отырып әр көлік құралына арналған мобильді қойма жасайды.
Тармақ 67
67. Таңбалауға жататын тауарларды өткізу кезінде жеткізуші ТТҚ АЖ-да Таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдейді.
Тармақ 68
68. Жеткізуші мобильді қоймадан алушының виртуалды қоймасына өткізілген тауарлар бойынша өткізу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ТІЖ-ны ресімдейді.
Тармақ 69
69. Жеткізуші мобильді қоймадан алушының виртуалды қоймасына таңбалануға жататын өткізілген тауарлар бойынша өткізу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісінің тіркеу нөмірін көрсете отырып ТІЖ-ны ресімдейді.
Тармақ 70
70. Таңбалануға жататын тауарлар бойынша ТІЖ-ны ТТҚ АЖ-да таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі бойынша алушы растайды.
Тарау 7. 7-тарау. Бөлшек сауда кезінде ТІЖ ресімдеу
7-тарау. Бөлшек сауда кезінде ТІЖ ресімдеу
Тарау 8. 8-тарау. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша ТІЖ ресімдеу
8-тарау. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша ТІЖ ресімдеу
Тармақ 82
82. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша (метрикалық тоннадағы пайдалы заттардың пайыздық қамтылуы), ТІЖ-да:
Тармақша 1
1) тауарды тиеп-жөнелту күніне айқындалған баға көрсетіледі;
Тармақша 2
2) «Мөлшері (көлемі)» деген ашық жолда тиеп жөнелтілген тауардың іс жүзіндегі мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 82-1
82-1. Түзетілген ТІЖ ресімдеу бағалы металдар мен басқа да тауарлардың мөлшері мен құнын түзету бөлігінде ТІЖ расталғаннан кейін «сипаттамаларын өзгерте отырып, тауарларға арналған Шарт (келісімшарт)» деген жолға белгі қойылған кезде жүргізіледі.
Тарау 9. 9 тарау. Республикалық меншікке айналдырылған мүлік бойынша ТІЖ ресімдеу
9 тарау. Республикалық меншікке айналдырылған мүлік бойынша ТІЖ ресімдеу
Тармақ 83
83. Республикалық меншікке айналдырылған және аукцион арқылы өткізілетін мүлік бойынша ТІЖ-ны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган ресімдейді.
Тармақ 84
Тармақ 85
85. Осы Қағидалардың 83-тармағында көрсетілген мүлік «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады.
Тарау 10. 10-тарау. ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ТІЖ ресімдеу
10-тарау. ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ТІЖ ресімдеу
Тарау 11. 11-тарау. Қағаз тасығышта ТІЖ ресімдеу
11-тарау. Қағаз тасығышта ТІЖ ресімдеу
Тармақ 90
90. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген жеткізушілердің ТІЖ, егер:
Тармақша 1
1) ТІЖ осы Қағидаларға сәйкес ресімделген;
Тармақша 2
2) ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген;
Тармақша 3
3) ТІЖ уәкілетті жеке тұлға қол қойған және мөрмен куәландырған (болған кезде) болса, ресімделген деп саналады.
Тармақ 91
91. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген жеткізушілердің ТІЖ талап қою мерзімінің өтуі ішінде сақталуға жатады. Техникалық қателердің себебі бойынша ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу мүмкін еместігі туралы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ақпаратты растау себебі бойынша қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ: техникалық ақаулар туындаған кезеңде қағаз тасығышта ТІЖ ресімделген жағдайда – ЭШФ АЖ-да техникалық қателерді жойған күннен бастап; техникалық қателер кезеңінде алушы тауарларды сатып алған жағдайда – ТІЖ жеткізушісі ЭШФ АЖ-ға қағаз түріндегі ТІЖ-ны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
Тарау 12. 12-тарау. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде ТІЖ ресімдеу
12-тарау. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде ТІЖ ресімдеу
Тармақ 92
92. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде тауар алушы әкелінетін тауардың құрауыш бөліктеріне (құрамдастарына) бастапқы ТІЖ ресімдейді. Бұл ретте бір көлік құралында бірнеше құрауыш бөліктері (құрамдастары) әкелінген жағдайда тауар алушысы бір бастапқы ТІЖ-да құрауыш бөліктерін (құрамдастарын) жолма жол көрсете отырып ресімдейді.
Тармақ 93
93. Бастапқы (бастапқы) ТІЖ ресімдеген кезде шарт (келісімшарт) талаптарында көзделген әкелінетін тауардың жалпы құны бірінші мәлімделген құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша көрсетіледі, ал басқа құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша құн жөніндегі мәлімет көрсетілмейді.
Тармақ 94
94. Виртуалды қоймаға әкелінген тауардың құрауыш бөліктері (құрамдастары) келіп түскен кезде алушы әкелінген тауар туралы мәліметтерді көрсете отырып «Жиынтықтау» деген нысан арқылы оларды өңдеуді жүзеге асырады.
Тарау 13. 13-тарау. Таңбалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу
13-тарау. Таңбалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу
Тармақ 95
95. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланатын тауарларды өткізген кезде таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдеу ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 96
96. ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу үшін таңбалауға жататын тауарлар бойынша виртуалды қоймада тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында таңбалау жөніндегі оператор ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) жөнелтушінің/алушының ЖСН/БСН;
Тармақша 3
3) тауар коды – GTIN;
Тармақша 4
4) тұтыну орамының саны;
Тармақша 5
5) тауардың өлшем бірлігінің санын (қажет болған кезде) қамтитын тіркелген құжаттар бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Таңбаланатын және таңбаланбайтын тауарлар бойынша ТІЖ жеке жазып беріледі. Бір тұлға шеңберінде өткізілетін таңбаланатын тауарлар бойынша ТІЖ ТТҚ АЖ-де қабылдап алу/беру актісіз ресімделеді.
Тармақ 97
97. Таңбалануға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламаны ресімдеу мен тіркеу импортқа ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Техникалық қателер бойынша ТТҚ АЖ қолжетімсіз болған жағдайда, ТІЖ Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы ТТҚ АЖ қағаз түріндегі қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның негізінде қағаз тасығышта ресімделеді. Қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның нөмірін көрсете отырып ТТҚ АЖ-да қағаз тасығышта ресімделген қабылдап алу/беру актісін немесе хабарламаны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
Тарау 14. 14-тарау. Құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
14-тарау. Құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
Тармақ 99
Тармақ 100
100. ТІЖ ресімдеу кезінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы), егер 100-1-тармақта өзгеше белгіленбесе, «Қосымша мәліметтер» ашық жолында құрамында алтыны бар бастапқы жер қойнауын пайдаланушының сәйкестендіру нөмірін, егер бұл мәліметтер жеткізуші, алушы туралы мәліметтерге сәйкес келмесе көрсетеді. Бұл талап аффинаж зауыттары мен алтын өңдеу фабрикаларына қолданылмайды.
Тармақ 100-1
100-1. Ломбардтар ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған, үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі болып табылатын, құрамында алтыны бар тауарды жария сауда-саттық (аукциондар) арқылы өткізген кезде ТІЖ-нің «Жеткізушінің санаты» ашық жолында «Кепіл ұстаушы/сақтаушы» деп белгілейді. ТІЖ-нің «Қосымша ақпарат» деген G бөлімінің 17-бағанында: ломбардтың меншігіне айналмаған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – «Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкін жария сауда-саттық арқылы өткізу»; ломбардтың меншігіне айналған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – «Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі меншігіне айналдырылған» деп көрсетіледі. Бұл ретте құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы жер қойнауын пайдаланушының, сондай-ақ кепіл берушінің/жүк берушінің сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді. Ломбардтар сатылатын тауарға СЭҚ ТН-нің тиісті кодын ол атқаратын функциясына қарай береді.
Тармақ 101
101. ТІЖ-де құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы шығарылған жері немесе оны өндіруші көрсетілмеген құрамында алтыны бар өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жол берілмейді.
Тарау 15. 15-тарау. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімдеу
15-тарау. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімдеу
Тармақ 102
102. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 қаулысымен бекітілді.
Тармақ 103
103. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімделеді: ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде; Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін экономикалық аймақ аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде ресімделеді.
Тармақ 104
104. G10 бөлімде ТІЖ ресімдеген кезде ЭШФ АЖ орналастырылған рұқсат беру құжаттардың журналынан жүктелетін рұқсат беру құжаты туралы мәліметті көрсету қажет.
Тармақ 105
105. Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жанар-жағармай материалдарын алушы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналым жасалған күнгі айдан кейінгі айдың 15-і (он бес) күнінен кешіктірмей, осы жанар-жағармай материалдарын жеткізушіге шот-фактура жазып беру туралы жүгінеді, ал жеткізуші осындай талапты, оның ішінде жанар-жағармай материалдарын алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген тұлға арқылы жанар-жағармай материалдарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе жанар-жағармай материалдарын сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындайды. Шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күнгі айдан кейінгі айдың 15-і (он бес) күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Басқа 1. Тауарларға арналған қағаз түріндегі ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналы
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша нысан Тауарларға арналған қағаз түріндегі ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналы ТІЖ тір­кеу нө­мі­рі ТІЖ ре­сім­дел­ген күн Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы Жө­нел­ту­дің/ти­е­удің іс жү­зін­де­гі ме­кен­жайы Алушы­ның ЖСН/БСН Алушы­ның ата­уы Жет­кі­зіп бе­ру­дің/жет­кі­зу­дің іс жү­зін­де­гі ме­кен­жайы Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: ТІЖ – тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес–сәйкестендіру нөмірі
Басқа 2
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша нысан
Басқа 3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы туралы хабарлама
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша нысан Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы туралы хабарлама 20__ жылғы «____» ____________. ___________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы «____» ____________ № ___ бұйрығымен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерінің 19-тармағына сәйкес Сізді ____________________________________________________________________________________ (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе оның атауы) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (нөмірі және ұсынылған кезеңі) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы туралы хабардар етеді. Ескертпе: Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы фактісі бойынша тіркеу орнындағы мемлекеттік кірістер органына келген кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.