Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Білім алушылардың құқы мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары оқу орындарында мамандар даярлау сапасын бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1176 болып тіркелген, 2000 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 8-нөмірінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығы) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы ережесінде: 6-тармақта "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 12 шілдедегі N 714 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1222 болып тіркелген, 2000 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 10-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы ережесінде: 34-тармақта: "оқу саласының орталық басқару органдарының келісімімен факультет ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша оқу орнының басшысы" деген сөздер "білім беру саласының орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын; "тағайындайды" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын; 36-тармақта: бірінші абзацта "құрамы" деген сөзден кейін "төрағадан басқасы" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтың бірінші сөйлемі ", оның төрағасын да білім беру саласының орталық атқарушы органы бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1474 болып тіркелген, 2001 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 22-нөмірінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200 бұйрығы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерінде: 57-тармақ келесі мазмұнда берілсін: "Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамының: кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер; ғылыми құрамының: бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер және кіші ғылыми қызметкер сияқты қызметтері болады"; 65-тармақта "факультет" деген сөзден кейін "даярлау профилін айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын; 84-тармақта "мүмкін" деген сөз "керек" деген сөзбен ауыстырылсын; 93-тармақта: "келетін" деген сөзден кейін "арнайы" деген сөзбен толықтырылсын; "мүмкін" деген сөз "керек" деген сөзбен ауыстырылсын; "оны" деген сөзден кейін "типтік және жұмыстық оқу бағдарламаларымен қарастырылған білім беру мазмұнын" деген сөздермен толықтырылсын; 187-тармақта: "білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен" деген сөздер алынып тасталсын; 188-тармақта: "қатарынан" деген сөзден кейін "білім беру саласының орталық атқарушы органымен" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.