Об утверждении Правил таможенного контроля за товарами, перемещаемыми физическими лицами через таможенную границу Республики Казахстан в упрощенном, льготном порядке Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741 қаулысының 2-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Е.Қойшыбаева) осы бұйрықтың жариялануын және бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 21 ақпандағы N 37 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді.
Тарау 2. 2. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды кедендік бақылау
2. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды кедендік бақылау
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуінің жеңілдетілген тәртібі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Кеден ісі туралы Заң) 108-бабына сәйкес кедендік төлемдерден және тарифтік емес реттеу (сақтағаны үшін алымдарды қоспағанда) қолданудан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелінуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетілуі шектелген тауарларды қоспағанда, сертификаттаудан толық босатуды қамтиды.
Тармақ 3
3. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлардың өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін емес, не осы санатқа түсетін тауардың сипатын кеден органының белгілеуін кеден органының лауазымды адамы тауарды өткізуші жеке тұлғаға жүктік кедендік декларацияны жазбаша декларациялау қажеттігі туралы хабарлайды. Уақытша әкелінген тауарлардың иеліктен айырылуы, басқа тұлғаларға иелік етуге, пайдалануға немесе билік етуге берілуі мүмкін емес.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды ауызша декларациялау кезінде кеден органының қызметкерлері тауарлардың өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмайтын қасиеттерге сәйкестігін тексеру мақсатында тексеріс жүргізеді. Тауарлардың салмағына, құнына немесе шыққан жеріне сүйене отырып, сондай-ақ тауарларды өткізуші тұлғаның Кеден одағына қатысушы елдердің бірінде тұрақты тұратындығына, не көрсетілген елдердің біріне тұрақты тұруға қоныс аударуына байланысты жеңілдетілген тәртіп қолданылған кезде жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттар тексеруге жатады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүкті өлшеу жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу
3. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу
Тармақ 5
5. Коммерциялық немесе өзге де өндірістік қызметке арналған не кеден органының тауар сипатының осы санатқа жататындығын белгіленген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тауарларды өткізуші тұлғаны жазбаша декларациялаудың қажеттігі туралы құлақтандырады.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелген/әкеткен тауарлар туралы мәліметтердің жазбасы белгіленген нысанда жүргізілетін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдана отырып әкелетін тауарларды тіркеу журналы мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан жеке тұлғалар оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдана отырып әкететін тауарларды тіркеу журналына (1-қосымша) өткізілген тауарлар туралы мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Кеден органының кедендік кіріс ордерін (бұдан әрі - ККО) ресімдейтін лауазымды тұлғасы ККО-ның электронды көшірмесін жасауды және оны деректердің электрондық базасына енгізуді жүзеге асырады. Деректердің электрондық базасы кейін қорыту және Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жіберу үшін жоғары тұрған кеден органына он күн сайын беріледі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдануға арналған салмақтық немесе құндық шектеулерден асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген тауарларды (жеке пайдалануға арналған тауарларды) қоспағанда, декларациялаудың жалпы тәртібі (жүктік кедендік декларацияларды пайдалана отырып) барлық өткізілетін партияларға қатысты қолданылады.
Тармақ 9
9. Өткізілетін тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын бақылауды өз құзыретінің шегінде кеден органының құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Тарау 4. 4. Тауарларды жеңілдетілген, оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелу (әкету) кезіндегі кедендік бақылау
4. Тауарларды жеңілдетілген, оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелу (әкету) кезіндегі кедендік бақылау
Тармақ 10
10. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүруі кезінде Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елінде) жеке пайдалану үшін қажетті тауарларды уақытша әкелуі (әкетуі), сондай-ақ бастапқы келгенде (кеткенде) тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлеместен декларациялауы шартымен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарларды кері әкетуі (әкелуі) мүмкін.
Тармақ 11
11. Тауарларды жеке тұлғалардың жеңілдетілген, оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелуіне (әкетуіне) кеден органдары сапардың мақсаттары мен өзге де басқа жағдаяттарын (ұзақтығы, маусым және т.б.) ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елде) іс жүзінде болатын уақыттан аспайтын мерзімге рұқсат етеді.
Тармақ 12
12. Бұрын уақытша әкелінген (әкетілген) тауарларды қайта әкелу (әкету) кезінде оларда мәлімделген мәліметтердің сәйкес келуі шартымен әкелу (әкету) кезінде ресімделген жолаушылар кедендік декларациясы тауарларды өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолдану үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 13
13. Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері туралы мәліметтерді белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін (әкететін) жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері Міндеттемелерін тіркеу журналына (2-қосымша) мәліметтерді енгізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Аталған көлік құралдары мен олардың тіркемелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануды және әкетуді тек уақытша әкелу режимін мәлімдеген тұлғалар ғана жүзеге асыруы тиіс. Уақытша әкелінген көлік құралдары мен олардың тіркемелерін уақытша пайдалану, иелік ету немесе билік ету үшін басқа тұлғаға беру, автомобильді иелігінен шығару, сондай-ақ белгіленген нысан (3-қосымша) бойынша толтырылған кері қайту (келу) туралы Міндеттемені (бұдан әрі - Міндеттеме) жоғалту кедендік ережелерді бұзу болып табылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Тармақ 15
15. Бұрын оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелінген жеңіл автомобильдер мен олардың тіркелемелерін әкету кезінде кеден органының лауазымды адамы Міндеттемеде көрсетілген уақытша әкелу мерзімдерінің сақталуына тексеру жүргізеді. Міндеттеме алынады және бақылаудан алу үшін оны ресімдеген кеден органына жолданады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеңіл автокөлік құралдары мен олардың тіркемелерін уақытша әкелуі жүктік кедендік декларацияларды ресімдеу арқылы жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Тауарлардың оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдану арқылы транзиті кезіндегі кедендік бақылау
5. Тауарлардың оңайлатылған декларациялау тәртібін қолдану арқылы транзиті кезіндегі кедендік бақылау
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оларға қатысты оңайлатылған тәртібі көзделетін тауарлардың транзиті жолаушылар декларациясын толтыру арқылы жүргізіледі. Жүктерді жеткізуді кедендік қамтамасыз ету мен кедендік бақылау жалпы белгіленген декларациялау тәртібі жағдайында қолданылатын транзит режимінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртібін қолдана отырып әкелетін (әкететін) тауарларды тіркеу журналдары
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 21 ақпандағы N 67 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасының кедендік аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртібін қолдана отырып әкелетін (әкететін) тауарларды тіркеу журналдары Бұл журналдардың мынадай бағандары болуы тиіс:
Тармақ 1
1. Реті бойынша нөмірі;
Тармақ 2
2. Күні;
Тармақ 3
3. Тауарды өткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақ 4
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
Тармақ 5
5. Тұрақты тұратын ел;
Тармақ 6
6. Көлік құралы (авиа көлігі үшін - рейстің нөмірі; темір жол көлігі үшін - поездың нөмірі; автомобиль көлігі үшін - моделі мен мемлекеттік нөмірі);
Тармақ 7
7. Тауарлардың (оның ішінде валютаның) атауы;
Тармақ 8
8. Салмағы, саны (өлшем бірлігін көрсете отырып);
Тармақ 9
9. Тауарлардың құны (валютаны көрсете отырып);
Тармақ 10
10. Тауарлар шыққан ел;
Тармақ 11
11. Алынған төлемдердің сомасы (теңге);
Тармақ 12
12. ККО-нің нөмірі;
Тармақ 13
13. Инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (жеке нөмірлік мөрінің нөмірін көрсете отырып). Журналдар нөмірленеді, бауланады және тиісті кеден органының мөрімен, сондай-ақ осы кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының қолымен расталады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін (әкететін) жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелерінің Міндеттемелерін тіркеу журналы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 21 ақпандағы N 67 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін (әкететін) жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелерінің Міндеттемелерін тіркеу журналы Бұл журналдардың мынадай бағандары болуы тиіс:
Тармақ 1
1. Реті бойынша нөмірі;
Тармақ 2
2. Міндеттеменің нөмірі;
Тармақ 3
3. Әкелінген/әкетілген күні;
Тармақ 4
4. Іс жүзінде кері әкелінген/әкетілген күні;
Тармақ 5
5. Жеңіл автомобиль мен оның тіркемесінің мемлекеттік нөмірі, маркасы, двигателі мен дөңгелегі;
Тармақ 6
6. Инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (жеке нөмірлі мөрінің нөмірін көрсете отырып);
Тармақ 7
7. Жеңіл автомобиль мен оның тіркемесі иесінің қолы;
Тармақ 8
8. Ескерту. Журналдар нөмірленеді, бауланады және тиісті кеден органының мөрімен, сондай-ақ осы кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының қолымен расталады.
Басқа 3. Автокөлік құралдары мен оның тіркемелерін қайта әкету (әкелу) туралы N _____ міндеттеме
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 21 ақпандағы N 67 бұйрығымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізуін кедендік бақылаудың ережесіне 3-қосымша Автокөлік құралдары мен оның тіркемелерін қайта әкету (әкелу) туралы N _____ міндеттеме ___________________________________ кеден органының атауы Түрі, зауыттық маркісі ___________________________________________ Двигателінің нөмірі  _____________________________________________ Дөңгелегінің нөмірі ______________________________________________ Мемлекеттік нөмірі  ______________________________________________ Иесі  ____________________________________________________________                             тегі, аты, әкесінің аты Азаматтығы  ______________________________________________________ Жеке басының куәлігі (төлқұжаты) нөмірі __________________________ Кімнің бергендігі, күні __________________________________________ Тұрақты мекен-жайы  ______________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Қайта әкететін (әкелетін) күні  __________________________________ "____" ____________ 200__ ж.                                           Қолы  _________________ Кеденнің белгілері: __________________________________________________________________ Кеден инспекторының қолы ______________________________                         жеке нөмірлік мөрімен расталады                                     "___" ____________ 200__ ж. Автокөлік құралын кеденнің рұқсатынсыз иеліктен айыруға тиым салынады. Тиісті түрде расталған міндеттеме заңдық мәні бар фактілер туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Міндеттемеде дұрыс емес мәліметтерді беру, сондай-ақ кеден органының лауазымды адамына хабарлау немесе қайта әкетудің мерзімдерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.