Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в населенных пунктах Туркестанской области Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
Түркістан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
қазандағы № шешіміне
1-қосымша
Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Түркістан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Қағидалар қызметтік иттері бар, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты атқаратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден басқа, меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын (бұдан әрі - Иелері) барлық тұлғаларға қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі
2-тарау. Иттер мен мысықтарды асырау тәртібі
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды ұстау санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және ветеринариялық нормативтерді, сондай-ақ осы Қағидаларды сақтаған кезде жол беріледі:
бір отбасы тұратын жеке тұрғын үйлерде, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде, тұрғын-үй жайларда;
бірнеше отбасылар мекен еткен тұрғын жайларда тек өзінің тұрғын алаңында ғана, көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (аллергиясы) болмаған жағдайда, пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келісімімен;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, бау-бақша және саяжайлар учаскелерінде, демалыс базаларында - иттерді байлаулы немесе торлы орында ұстаған және қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп төндірмейтіндей жағдайда.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын орындарда (кіреберістерде, дәліздерде, баспалдақтар алаңшаларында, жертөлелерде, шатырларда және қосымша жайларда) иелеріне жеке меншік, жалға беру, уақытша пайдалану және басқа мүлік құқығы тиесілі дербес тұрғын үйлердің жанындағы аумақтардан бөлек үйлердің жанындағы аумақтарда ұстауға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Жекеменшік тұрғын үйлерде тұратын иелері, иттерді оның қашып кетуін, адамдарға және басқа да жануарларға шабуыл жасауын, өтіп бара жатқандарды қауып алуын болдырмайтын қоршауы бар, жеке ауласының шекарасында ұстауды қамтамасыз етеді. Аумақта иттің бар екенін ескертетін тақтайша жазылып аулаға кіреберістегі қақпаларға ілінеді.
Тармақ 7
7. Иелері меншігіндегі иттер мен мысықтарын ветеринариялық ұйымдарда тіркеуден өткізеді . Иттер мен мысықтар есепке алынады, тіркеу кезінде иелеріне ветеринариялық паспорт беріледі.
Тармақ 8
8. Иттер мен мысықтардың иесі тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін (сатылу, жоғалу, көшу, басқа тұлғаға тапсырылу) тіркеуші ұйымға хабарлайды.
Тармақ 9
9. Иттер мен мысықтарды иеліктен шығару орындары, интернет-алаңдардан басқа, санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Иттер мен мысықтарды ветеринариялық паспортсыз сатуға және иеліктен шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер және мысықтар үш айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға қарсы және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады.
Тармақ 11
11. Иттер мен мысықтардың иелері қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз иттері мен мысықтарын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды;
Тармақша 2
2) ветеринария саласындағы мамандардың қызметтiк мiндеттерi ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде оларға жәрдем көрсетуді;
Тармақша 3
3) адамды немесе оның жануарын басқа жануар тістеген, тырнаған жағдайда денсаулық сақтау және ветеринария мекемелеріне хабарлауды;
Тармақша 4
4) иттер мен мысықтарға тері паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін профилактикалық өңдеу жүргізуді;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтардың барлық ауыру жағдайында немесе ауыруына күдік туындаған кезде, тез арада ветеринариялық мекемелерге барып, тексеру қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын бұлжытпай сақтауды;
Тармақша 6
6) көп пәтерлі тұрғын үй құрылыстарында иттер мен мысықтар тарапынан сағат 23-ден таңғы 9-ға дейін уақыт аралығында шуды болдырмауды;
Тармақша 7
7) көп пәтерлі тұрғын үйлердің (кіреберістер, баспалдақтар, баспалдақ алаңдары, лифтілер, жертөлелер, шатырлар, үйлердің шатырлары), балалардың ойын алаңдары, жолдар, тротуарлар, саябақ, демалу орындарын иттер мен мысықтардың тіршілік ету өнімдерімен ластануына жол бермеуді.
Тарау 3. 3-тарау. Иттер және мысықтарды серуенге шығару тәртібі
3-тарау. Иттер және мысықтарды серуенге шығару тәртібі
Тармақ 12
12. Иттер мен мысықтарды серуендету кезінде Иелері келесі шарттарды сақтауы қажет:
Тармақша 1
1) иесі ғимарат жайында болған уақытқа, егер басқа тұлғалар үшін қауіп жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзбайтындай болса, итті тұмылдырығымен және қысқа шылбырда, өз бетімен шешілмейтіндей етіп, осы ғимараттың жанында байлаулы қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда ит адамдардың кіріп шығуына кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;
Тармақша 2
2) иттерді қоршаған ортаға қолайсыздық және кедергі келтірмейтіндей тек тұмылдырықта ғана (декоративті тұқымды иттерден басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейінгі) шылбырмен сыртқа шығаруға және серуендетуге жол беріледі;
Тармақша 3
3) иттерді тұмылдырықсыз және шылбырсыз серуендетуге тек қоршалған аумақтарда, үйрету алаңдарында және еркін серуендету орындарда ғана жол беріледі;
Тармақша 4
4) қалалық қоғамдық көліктерде иттерді тасымалдау, жолаушыларды мазаламайтын жағдайда, артқы алаңшаларда жүзеге асырылады. декоративті тұқымды иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдау контейнерлерінде), немесе қолына алып тасымалдауға жол беріледі.
Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақша 5
5) иттің иесі немесе оны серуенге шығаруды жүзеге асыратын тұлға өзімен бірге нәжістерді жинауға арналған ыдысын алуы тиіс.
Тармақ 13
13. Жол берілмейді:
Тармақша 1
1) иттерді аулалық балалар ойын алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар және оқу орындарында, емдеу мекемелерінде, саябақтарда және басқа да азаматтардың көпшілік демалыс орындарында, тиым салынған белгілер қойылған, осы мақсат үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан бөлек жерлерде серуендетуге;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, су бұрқақтарында, су қоймаларында және су бөгеттерінде шомылдыруға;
Тармақша 3
3) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, сауда және дүкендердің өндірістік жайларында, сервистік қызмет көрсету, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени белгідегі мекемелерде, медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелерде және қоғамдық іс-шараларда иттер мен мысықтарды ұстауға және әкелуге;
Тармақша 4
4) тұлғаларға мас күйінде және 14 жастан кіші балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде жүруге;
Тармақша 5
5) иттің жасына сәйкес құтырма ауруына қарсы міндетті вакцинацияланбаған иттерді серуендетуге болмайды.
Тарау 4. 4-тарау Қорытынды ереже.
4-тарау Қорытынды ереже.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың Иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапты болады.
Басқа 43. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Түркістан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
қазандағы № шешіміне
2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2351 болып тіркелген, 2013 жылғы 10 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/202-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2651 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырдағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 23 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 34/266-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2951 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 23 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 36/294-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3138 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №42/343-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3396 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).