Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение безработных граждан Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмікті көрсетуін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.02.2005 № 14/5 шешімімен.
Сандықтау ауданының тұрғындарының әлеуметтік қорғау туралы әкімшілігінің ұсынысын қарастырып осы жұмыс туралы аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Н И.Кулешованың ақпаратын тындап 31 баптың 14 тармағына сәйкес 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару туралы» Заңымен және 12 баптың 1 тармақ негізімен Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңымен 1 сәуірдегі 1999 жылғы, 7 желтоқсандағы 2001 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруын есепке ала отырып, аудан мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті көрсету Ережесі бекітілсін (қосымшамен).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Сандықтау ауданы мәслихатының
шешімі 2003 жылғы 25 ақпандағы
23/2 шешімімен бекітілген
Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті көрсету ережесі
Нақты ереже бюджеттік бағдарлама бойынша «Жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша», аудан бюджетінің 285.051 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражатын шегінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті көрсету тәртібін белгілейді
Тарау 1. 1. Жалпы жағдай
1. Жалпы жағдай
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде көрсетіледі
Тармақ 2
2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету немесе;у одан бас тарту туралы шешім атаулы әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады, комиссия құрамы аудандық мәслихатын шешімімен бекітілген. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының ашық дауыс беруімен қолданылады. Отырыс хаттамасы барлық комиссия мүшелерімен қол қойылады
Тармақ 3
3. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу, егер қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі мемлекеттік органда тіркеуде тұрса, отбасының кірісіне тәуелсіз төленеді және тағайындалады.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі көмек тағайындалған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге тізімін белгілі нысанға келтіреді, ай сайын аудандық қаржы бөлімінен; қаржыландыруға тапсырыс береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш, сәйкес құжаттарға; қосымша, оны алуға құқығы бар тұлғадан беріледі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар 10-күндік мерзімде» қарастырылады және жүзеге асырылады
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабарлауға міндетті
Тармақ 8
8. Өтініш беруші, өтініштегі және құжаттағы мәліметтердің толық және сенімділігіне заңға сәйкес жауапкершілік жүргізеді
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 9
9. Азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау құқығын растайтын құжаттар болып табылады
Тармақша 1
1) Азаматтық хал актілерді тіркеу органынан берілген анықтама (түпнұсқа)
Тармақша 2
2) Қайтыс болуы туралы куәлік
Тармақша 3
3) Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органнан анықтама (түпнұсқа)
Тармақша 4
4) Келушінің жеке куәлігі, Салық төлеушінің тіркелу нөмірі (көшірмесі)
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме беріледі, тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 11
11. Құжаттардың жоқтығы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқызады
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 12
12. Жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек осы жылға сәйкес «Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген 10 есептеу көрсеткішінде көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек жүмыссыздарға қайтыс болғаннан күнінен кейін 3 айдың ішінде кешіктірмей үндеу тастаса төленеді
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 14
14. Жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджетін есебінде жүзеге асырылады
Тармақ 15
15. Жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті төлеу қаражаты: өтініш берушінің есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады
Тармақ 16
16. Жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті төлеу осы операция түріне Қазақстан Республикасы Халық Банкіне лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.