Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений на территории города Нур-Султана Күшін жойған
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89484 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 0. Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
«Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының аппараты» ММ
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 537/73-VI
шешіміне қосымша
Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) заңдарына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) қаланы абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
Тармақша 2
2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;
Тармақша 3
3) жасыл екпелердің мәжбүрлі шауып алуы – қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін (немесе) Нұр-Сұлтан қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында жасыл екпелерді кесу;
Тармақша 4
4) көгал – жасанды шөптердің жамылсығымен жер аймағы саябақ құрылысына және өсімдіктерді отырғызу үшін арналған шөп жамылғысына фон болып табылатын жер аймағы;
Көгал – ландшафтық композицияның тәуелсіз элементі және отырғызу мен саябақ ғимараттарының негізі болып табылатын арнайы таңдалған шөптердің тұқымын себуден пайда болған шөп жамылғысы бар жер учаскесі;
Тармақша 5
5) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;
Тармақша 6
6) Нұр-Сұлтан қаласының жасыл қоры – Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасының шегіндегі жалпы, шектеулі және арнайы, көгалдандырылған аумақтарды пайдалануды қамтитын жасыл желектер аумағының жиынтығы;
Тармақша 7
7) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
Тармақша 8
8) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 9
9) Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі» – қорғау, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристтік қызметтерді атқаратын және Нұр-Сұлтан қаласының аумағын қоршайтын зонасы;
Тармақша 10
10) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
Тармақша 11
11) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс–шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
Тармақша 12
12) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
Тармақша 13
13) өтемдiк отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
Тармақша 14
14) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) % – дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
Тармақша 15
15) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 16
16) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
Тармақша 17
17) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
Тармақша 18
18) ұйым –жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 19
19) жасыл екпелердің зақымдануы – жасыл екпелерге зақым келтіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң механикалық зақымдануы, топырақтың тiршiлiк қабаты, қабық тұтастығының бұзылуы, жасыл екпелердің не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де зиян келтіру зақымдану болып табылады;
Тармақша 20
20) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
Тармақша 21
21) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
Тармақша 22
22) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
Тармақша 23
23) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.
Тармақша 24
24) Нұр-Сұлтан қаласының жасыл екпелер тізілімі – Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі, орналасуы және саны туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 25
25) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 26
26) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;
Тармақша 27
27) санитарлық кесу – тамыр жөкемен, орақпен және басқа да зең ауруларымен зақымданған барлық түрлердегі, жастағы, қураған, өлі, жел, шеговальды, қарлы жасыл екпелерді кесу;
Тармақша 28
28) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 29
29) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
Тармақша 30
30) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
Тармақша 31
31) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 32
32) күтіп-баптау– өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);
Тармақша 33
33) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
Тармақша 34
34) ағаштарды заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу.
Тарау 2. 2. Жасыл екпелер күтіп-ұстау және қорғау.
2. Жасыл екпелер күтіп-ұстау және қорғау.
Тармақ 1. 1-параграф. Жасыл екпелерді сақтау және қорғау бойынша шаралар.
1-параграф. Жасыл екпелерді сақтау және қорғау бойынша шаралар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елді мекендердің қоғалуы тиіс бiрыңғай жасыл қор құрады.
Тармақ 6
6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға себеп болатын заңды емес әрекеттіке және әрекетсіздіке жеке және заңды тұлғалар жол бермеу қажет.
Тармақ 9
9. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызметтер жасыл екпелерді қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Қағидалармен белгіленген талаптарын сақтап, жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көгалдандырған аумақтар субъектінің жерге құқығына байланысы мемлекеттік және жеке меншікте тұрады.
Тармақ 11
11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жасыл екпелерді отырғызу;
Тармақша 2
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
Тармақша 3
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
Тармақша 4
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;
Тармақша 5
5) ұшарбасты қалыптастыру;
Тармақша 6
6) жасарту;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштар салу;
Тармақша 8
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
Тармақша 9
9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.
Тармақ 12
12. Қағидалар бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
Тармақ 13
13. Көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалға алушылары:
Тармақша 1
1) жасыл екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптермен, зиянкестермен және аурулармен күресті, ұшар басын қалыптастыруды, жасыл екпелерді жасартуды, санитариялық кесуді, көгалдарды шабуды жүргізеді;
Тармақша 3
3) өз қаражаты есебінен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленген бекітілген дендрологиялық жоспарлар бойынша бекітілген аумақта жасыл желектерді көгалдандыру мен ағымдағы жөндеуді жүргізеді;
Тармақша 4
4) жасыл екпелерді кесуді, қайта отырғызуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарында белгіленген тәртіппен ресімдейді;
Тармақша 5
5) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақталуға жататын барлық екпелерді оларды қорғаудың тиімділігін қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және басқа да зақымданулардан қорғайды.
Тармақ 14
14. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
Тармақ 15-1
15-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
Тармақ 16
16. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
Тармақ 17
17. Жасыл екпелерді есепке алу Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Жасыл екпелердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлбақша.
Тармақ 19
19. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу жән орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.
Тармақ 20
20. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман- патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің аппараттарына жібереді.
Тармақ 22
22. Жасыл екпелердің тізімі мен есебін уәкілетті орган электрондық нысанда жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады.
Тармақ 23
23. Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің тізілімі келесі мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің саны мен жай-күйі туралы дәйекті кешенді деректер алу;
Тармақша 2
2) Нұр-Сұлтан қаласындағы жасыл екпелердің жағдайы мен санына мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) Нұр-Сұлтан қаласының көгалдандырылған аумақтарын қорғау, сақтау және дамыту саласындағы қалалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 4
4) жасыл екпелерді қорғаудың, сақтаудың және дамытудың неғұрлым ұтымды тәсілдерін әзірлеу болып табылады;
Тармақша 5
5) Нұр-Сұлтан қаласындағы халықты, мемлекеттік органдарды жасыл желектердің саны мен жай-күйі туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тармақ 24
24. Жасыл екпелер тiзiлімінің мәлiметтерiн жаңартуы 2 жылда 1 рет жүргiзiледi.
Тармақ 2. 2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу.
2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлық кесу.
Тармақ 25
25. Ағаштарды кесу мынадай:
Тармақша 1
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
Тармақша 4
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
Тармақша 5
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, мәртебесі белгіленген тәртіпте бекітілген ағаштарды кесу; Қызыл кітапқа енгізілген сүректі және бұта өсімдіктерінің түрлері кесуге тыйым салынады.
Тармақ 27
27. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын дайындау кезінде белгіленген тәртіппен жобаны әзірлейді;
Тармақша 2
2) жобалау ұйымы мен жобаның хатының негізінде уәкілетті орган жасыл екпелердің саны, олардың түрлік құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп жамылғысының, гүлзарлардың бар-жоғы көрсетілетін жасыл екпелерді салу, реконструкциялау болжанатын учаскеге тексеру жүргізеді және зерттеу актісін жасайды;
Тармақша 3
3) жасыл желектерді зерттеу актісінің негізінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді;
Тармақша 4
4) әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жасыл екпелерді кесу және қайта отырғызу жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді және (немесе) кесуді осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйым уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.
Тармақ 29
29. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 30
30. Ағаштардың өздері, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкін жағдайларда ағаштарды кесу уәкілетті органның келісімінсіз жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, келіннен уәкілетті органға хабарланады.
Тармақ 32
32. Ғимараттардан және құрылыстардан 5 метр қашықтықта орналасқан, орын-жайларды толық көлеңкелеуге себеп болатын жасыл екпелерді кесуге уәкілетті орган өтемді отырғызу есебінсіз азаматтардың өтініштері бойынша рұқсаттама береді.
Тармақ 33
33. Қураған, суалған және ауру ағаштарды, бұталарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жерiне қарамастан, көгалдандырылған аумақтарды пайдаланушылардың, меншiк иелерінің және жалға алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
Тармақ 34
34. Егер комиссия зерттеу кезінде құрғақ ағаштар мен бұталардың өлімі кәрілік пен ауруға байланысты емес, жеке немесе заңды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 35
35. Құлату, түбiрiн қопару, кесiлген ағашты және кесiндi қалдықтарын (жоңқа, бұтақтар, жапырақтар, қабығы) тиеу мен тасу жұмыстар басталған сәттен бастап тәулiкiшiнде жүргізіледі. Кесiлген жасыл екпелердіжәне кесiндi қалдықтарды өндiрiс орнында сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Ағашы кесілген жерге іргелес аумақтағы көгалдар, жасыл желектер бүлінген жағдайда, жер, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жүргізуші оларды қалпына келтіруді жүргізеді.
Тармақ 37
37. Кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынылған кезде рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның ағаштарды кесуге рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Бұл ретте жасыл екпелерді түгендеу және орман патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі.
3-параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі.
Тармақ 39
39. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жасыл желектерді өтемдік отырғызу жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Ағаштарды кесу кезінде уәкілетті органның рұқсаты бойынша өтемдік отырғызу он есе мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 40-1
40-1. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Екпенің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3-4 сантиметрден кем болмауы керек.
Тармақ 41-1
41-1. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауап ты болады және жиырма есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін берілген кепілдік хатқа сәйкес өтемдік ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 43
43. Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.
Тармақ 44
44. Нұр-сұлтан қаласының аумағында өтемдік отырғызу жүргізу үшін уәкілетті орган арнайы учаскелерді айқындайды.
Тармақ 45
45. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.
Тармақ 46
46. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.
Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.
Ағаштарды амалсыз кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, жасыл желектерді күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.
Тармақ 47
47. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.
Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.
Тармақ 48
48. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 49
49. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Өскен және зақымдалған жасыл екпелер табиғи жағдайда құласа, кінәлі тұлғаларды анықтауға мүмкіндік жоқ кезінде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган бекітілген дендрологиялық жоспарға сәйкес жасалынады.
Тармақ 51
51. Қолданыстағы инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарына түсетін жасыл желектерді кесу кезінде өтемдік отырғызу талап етілмейді.
Тармақ 52
52. Кепілдік берілген күтімнен кейін жасыл екпелерді қабылдау жасыл екпелердің жерсіну актісі негізінде жүзеге асырылады. Егер өсімдіктердің 50%-ы сау болса, ағаш қолайлы деп саналады.
Тармақ 53
53. Отырғызылған ағаш көшеттері солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделі болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екі жылдың ішінде (ағаш көшетінің ұласып өсу кезеңі) олардың одан әрі күтіп бапталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 54
54. Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл екпелерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстарды қаржыландыруды қарастыруы қажет.
Тармақ 55
55. Жөндеу жұмыстары барысында бұзылған көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтіру құрылыс салушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-параграф. Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі» аумағында жасыл екпелерді күзету, қорғау, күтіп-ұстау.
4-параграф. Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі» аумағында жасыл екпелерді күзету, қорғау, күтіп-ұстау.
Тармақ 57
57. Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі» аумағындағы жасыл екпелерді қорғау және күтіп-ұстау:
Тармақша 1
1) жасыл екпелерді күтіп-ұстау, орманды молайту және ағаш өсіру;
Тармақша 2
2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 3
3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) табиғи немесе жасанды жасалған сутоғандарды қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі» күтіп ұстау және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеу» аймағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу жатады.
Тармақ 5. 5-параграф. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауды бақылау
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында.
5-параграф. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауды бақылау
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында.
Тармақ 58
58. Осы Қағидалардың сақталуы үшін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 59
59. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.