О лицензировании и услуг инструктора туризма Күшін жойған
Басқа 0
Туризм нұсқаушысының қызметiн лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 13.12.2004 № 12-114 шешімімен.
Ескерту. Шешімнің атауы өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 2-28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13-маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы туристтiк қызмет туралы" № 211-II Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14-қыркүйектегi "Туристтiк қызметтi лицензиялау ережелерiн бекiту туралы" № 1213 Қаулысының талаптарын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 ж. 20-қыркүйектегi № 1-1-2/262 бұйрығына сәйкес Алматы облысының Әкiмi ШЕШIМ қабылдады :
Тармақ 1
1. Туризм нұсқаушысының қызметiн лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiлiк Алматы облыстық туризм жөнiндегi бөлiмге (Т. Бекбергенов) жүктелсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - Алматы облысы Әкімінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 2-28 шешімімен.
Тармақ 2
2. Туризм инструкторының қызметіне берілетін лицензияға қолтанба қою уәкілеттілігі облыс Әкімінің орынбасары Б. Тәкеновке берілсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Әкімінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 2-28 шешімімен.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Б. Тәкеновке жүктелсiн.