Об организации деятельности торговых рынков Алматинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы сауда базарларының қызметін ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 13.12.2004 № 12-114 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5-ақпандағы "Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы" N 131 қаулысын  жүзеге асыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады :
Тармақ 1
1. Базарларды сауда базарларының ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызмет түрлеріне және жарақтандырылудың  техникалық талаптарына сәйкестілігін тексеру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы облысының базарларында 2003 жылдың 1- қазанына дейін сауда базарларының ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызмет түрлеріне және жарақтандырылудың техникалық талаптарына  базарлардың сәйкестігіне түгендеу жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 2003 ж. 27-қаңтардағы«"Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясын бекіту туралы" N 1-13 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Тәкеновке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс Әкімінің 2003 ж. 17 наурыздағы N 3-50 шешімімен БЕКІТІЛДІ Сауда базарларының ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызмет түрлеріне және жарақтандырылудың техникалық талаптарына базарлардың сәйкестілігін тексеру жөніндегі комиссияның құрамы: 1. Тәкенов Болат Долдаұлы - Алматы облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Шойымбеков Төлеген Уәлиұлы - облыстық сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері 3. Әбдірахманова Ғалия Әміржанқызы - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары; 4. Шолом Лариса Григорьевна - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының гигиена және тамақтандыру бөлімінің бастығы; 5. Қиқымов Хамза Қалиұлы - сәулет және қалақұрылысы басқармасы бастығының орынбасары; 6. Большуманов Тоқан Байжігітұлы - сәулет және қалақұрылысы басқармасының бас маманы; 7. Бәкіров Исхар Мұхамедұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы; 8. Сегізбаев Жанат Жақсылықұлы - Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметін бақылау бөлімінің бас маманы; 9. Мақанов Ерлан Тоқтағанұлы - Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы; 10. Әлімқұлов Сейданхан Әлімқұлұлы - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Алматы облысының аумақтық басқармасының бөлім бастығы; 11. Крохмалюк Надежда Васильевна - сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау жөніңдегі бөлімнің бас маманы 12. Когтева Любовь Ивановна - сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы