Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Мендыкаринского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 24.01.2004 № 14 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13-бабына (ҚР 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 261 Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданы әкімиятының 2002 жылѓы 28 ақпандағы № 99 «Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» (тіркелген № 1369, «Меңдіқара үні» газетінде 2002 жылы 17 мамыр № 20 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Меңдiқара ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 14 «Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» қаулысының күшi жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары, ТЖ жөніндегі комиссия төрағасына жүктелсін.
Басқа 5. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ережелері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімиятының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысымен бекітілген Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ережелері Осы ережелер Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 6. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелерде келесі түсініктер қолданылады: Меңдіқара ауданының әкімияты резерві-тиісті қаржы жылына аудандық бюджетте қарастырылған және бір уақытты сипаттағы болжанбаған шығыстарды қаржыландыру үшін Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат; болжанбаған шығыстар үстіміздегі қаржы жылына аудандық бюджетті құрау уақытында алдын-ала жоспарлау мүмкіндігі болмаған және үстіміздегі қаржы жылында кейінге қалдырылмайтын қаржыландыруды талап ететін шығыстар; Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін Меңдіқара ауданының әкімияты резерві құрамындағы қаражат - Меңдіқара ауданының әкімияты резерві құрамында қарастырылған және соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімгерімен бөлінетін қаражат; Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын алушы - аудандық бюджет бағдарламаларының әкімгері немесе аудан әкімияты.
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір уақытты сипаттағы болжанбаған шығыстарға келесі іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою; төтенше жағдай туындау нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуді; зардап шеккендер тұратын және ауқаттану орындарын өрістету және ұстау; апатты-құтқару және апатты-қайта құру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау; төтенше жағдай аумағына күштер мен қаражаттарды тасымалдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулысымен белгіленетін басқа болжанбаған шығыстар.
Тарау 12. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражатты бөлуді алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі және оларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ қаражатты қайтару негізінде бөлу жағдайында оларды ұсыну және қайтару мерзімінің шарттары көрсетілген Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулысы негізінде заңнамамен белгіленген тәртіпте бұл мақсаттарға қаржыландыру ашу әдісімен тиісті қаржы жылына аудандық бюджет шығыстары мен несиелеу құрамында бекітілген мөлшерлер шамасында Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінің қаражаты қатаң мақсатта белгіленген және осы ережелермен және резервтен қаражат бөлу туралы Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулысында қарастырылмаған қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулысын әзірлеуде келесі шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) үстіміздегі қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қаржының болмауы жоқтығы;
Тармақша 2
2) Меңдіқара ауданының әкімияты резерві қаражатының қажеттілігі үстіміздегі қаржы жылында туды және олардағы қажеттілік соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларынан басқа алушының бұрынғы міндеттемелеріне байланысты емес.
Тармақ 6
6. Меңдіқара ауданы әкімиятының Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы қаулысы бір жыл өткенге дейін, Меңдіқара ауданы әкімиятының тиісті қаулылары негізінде күші жойылды.
Тарау 19. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы уақытында Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарастырады.
Тармақ 8
8. Негіздейтін материалдарды ұсыну тәртібі және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия белгілейді.
Тармақ 9
9. Жергілікті масштабтағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органның резерві есебінен қаржыландырылады.
Тарау 23. Соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 10
10. Соттардың шешімдері бойынша Меңдіқара ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, сот атқару құжаттары бар болған жағдайда, Меңдіқара ауданының әкімияты резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Меңдіқара ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеуге Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулы жобасын Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша әзірлейді.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Меңдіқара ауданы әкімиятының қаулы жобасын жергілікті атқарушы орган заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша әзірлейді.
Тарау 27. Бақылау және есеп беру
Бақылау және есеп беру
Тармақ 13
13. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен бөлінген қаражатты алушылар Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындаған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 14
14. Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы ай сайын Меңдіқара ауданының әкіміне Меңдіқара ауданының әкімияты резерві қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Алушы, Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Тармақ 16
16. Меңдіқара ауданының әкімияты резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.