О проведении мероприятий по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде іс-шаралар өткізу туралы
Облыс қалалары мен елді мекендерінің санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту, тазалау және көркейту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 10 наурыздан 1 қарашаға дейін облыс қалаларының, аудан орталықтары мен басқа да елді мекендерінің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде іс-шаралар өткізу жариялансын.
Тармақ 2
2. Iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзуiн бақылау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы (N 1 қосымша) және Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау нысандары (N 4 қосымша) бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 68 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қалаларды, аудан орталықтарын және басқа да елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау және олардың санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде іс-шаралар өткізу кезіндегі жұмыс мөлшерін анықтап, оның 2003 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Іс-шаралар өткізу кезінде:
Тармақша 1
1) көшелерді, алаңдарды, саяжолдарды, ирригациялық науаларды, көпірлерді, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын, үй маңындағы аумақтарды, көп қабатты және жеке тұрғын үй аулаларын, көгал алаңдарын тазалауға;
Тармақша 2
2) әкімшілік ғимараттардың қасбеттерін, тұрғын үйлерді,
әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер мен қоршауларды әктеп жөндеуге;
Тармақша 3
3) ағаштар мен бұталарды көктем және күз мезгілінде отырғызу мен күтімге алуға;
Тармақша 4
4) елді мекендер, аудан орталықтары және қалалар ішіндегі көшелерді, жолдарды және саяжолдарды жөндеуге және ұстауға;
Тармақша 5
5) қолдағы бар жол белгілерін және бағдаршамдарды ретке келтіруге;
Тармақша 6
6) көшелерді, көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін, әкімшілік ғимараттарды, тұрғын үйлердің нөмірлік белгілерін және көше, елді мекен атаулары жазылған аншлагтарды түнгі уақытта жарықтандыруға;
Тармақша 7
7) мемориалдық кешендер, жауынгерлік даңқ және ұлттық батырлар ескерткіштері мен олардың аумағын ретке келтіруге;
Тармақша 8
8) ретсіз тасталған қоқыс орындарын жоюға және қоқыс тастауға берілген орындарды дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға;
Тармақша 9
9) сенбіліктерге, санитарлық күндерге және конкурс - байқауларға жұртшылықты және тұрғындарды тартуға;
Тармақша 10
10) аумақтарды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінен тұрғындар арасындағы түсіндіру және ағартушылық жұмыстарын күшейтуге ерекше назар аударылсын.
Тармақ 5
5. қала және аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) ауыл әкімдері, елді мекендер мен ауылдар арасында үлгілі елді мекен, үй, аула, орам және көше аты үшін және жасыл қор құру, гүлбақтар салу жөнінде жарыстар ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша үлкен нәтижеге жеткен ауыл әкімдерін, көше, үй және аула иелерін марапаттау шарттары мен нысанын әзірлесін;
Тармақша 3
3) N 2 және N 3 қосымшаларға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы ай сайын есеп беру айынан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін облыстық құрылыс және көркейту басқармасына мына мекен-жай бойынша ақпарат тапсырсын: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 17.
Тармақ 6
6. Облыс әкімиятының мына төмендегі:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 552-нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 30 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған "Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы" 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысының ;
Тармақша 2
2) 2002 жылғы 13 маусымда Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 596-нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 25 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған "Облыс әкімиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N№148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 2 мамырдағы N 177 қаулысының ;
Тармақша 3
3) 2003 жылғы 27 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 801-нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 4 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған" 2002 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 552-нөмірмен тіркелген "Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы", "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 30 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж.Әмірәлинге жүктелсін.
Қалыбек Атжан - Облыстық телерадиокомпания төрағасы
Оразхан Жарқынбекұлы - "Оңтүстік қазақстан" облыстық газетінің бас редакторы
Аманқұл Медеуұлы Қасымбеков - Облыстық ішкі істер бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы
Юрий Георгиевич Кирюхин - "Южный Казахстан" облыстық газетінің бас редакторы
Басқа 24
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
6 наурыздағы N 98 "Оңтүстік
Қазақстан облысының аумақтарын
көркейту, көгалдандыру және
санитарлық тазалау жөнінде
іс-шаралар өткізу туралы"
қаулысына N 1 қосымша
Іс-шараларды ұйымдастыру және өткiзуiн бақылау жөнiндегi
облыстық комиссияның құрамы
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 68 қаулысымен.
Ақылбек Жәкенұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия Әмiралин төрағасы;
Бауыржан Ахметов - облыстық құрылыс және көркейту Сейiтмұратұлы басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Лес Керiмбайұлы Исмаилов - облыстық құрылыс және көркейту
басқармасы көркейту бөлiмiнiң бастығы,
комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелерi:
Қалыбек Атжан - облыстық телерадиокомпаниясының
төрағасы (келiсiмi бойынша);
Бақытжан Әшiрбаев - облыстық сәулет және аумақтарда құрылыс Құдайбергенұлы салу басқармасының бастығы;
Иса Омар - "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық газетiнiң
бас редакторы (келiсiмi бойынша);
Аманқұл Медеуұлы Қасымбеков - облыстық iшкi iстер бас басқармасы жол
полициясы басқармасының бастығы
(келiсiмi бойынша);
Юрий Георгиевич Кирюхин - "Южный Казахстан" облыстық газетiнiң
бас редакторы (келiсiмi бойынша);
Евгений Анатольевич Самофалов - облыстық құрылыс және көркейту
басқармасы бастығының орынбасары;
Сұлтанбек Шойынбайұлы Сүгiрбаев - облыстық табиғатты қорғау
басқармасының бастығы.
Басқа 25
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
6 наурыздағы N 98 "Оңтүстік
Қазақстан облысының аумақтарын
көркейту, көгалдандыру және
санитарлық тазалау жөнінде
іс-шаралар өткізу туралы"
қаулысына N 2 қосымша
№
Жұмыстардың атаулары
Өлшем бірлігі
2003
жылғы 1 қаң-
тарға бары
Белгі-ленген жұмыс
көлемі
Есеп беру күніне орындалған жұмыс көлемі
Жұмыс көлемі,
(мың теңге)
1
2
3
4
5
6
7
1.
Тазаланды :
-көшелер
шаршы
-ирригациялық науалар және арықтар
шаршы
-өзен жағалары
шаршы
-көпірлер
дана
2.
Жөнделді:
- көшелер мен жолдар
- саяжолдар
- фонтандар
- автобус аялдамалары
- ескерткіштер,
обелискілер
мың ш/м
мың ш/м
дана
дана
дана
3.
әктелді :
- әкімшілік ғимараттар
-көп қабатты тұрғын үй -әлеуметтік, мәдени және
тұрмыстық объектілер
дана
дана дана
4.
Отырғызылды :
көркейту қаржысы есебінен:
-ағаштар
-бұталы өсімдіктер
елді мекен есебінен : -ағаштар
дана дана дана
5
Санитарлық-сәулет нормаларына сәйкес келтіру :
-көше аттары мен тұрғын
үйлердің реттік нөмірлерін
-елді мекен аттары
жазылған маңдайшаларды
дана
дана
6.
Санитарлық-қоғамдық жұмыстар :
-өткізілген сенбіліктер
-көркейту, көгалдандыру және аумақты санитарлық тазалау жөнінде
облыстық, жергілікті баспасөзде жарияланған
мақалалар
-көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау
объектілерінің
санитарлық-сәулеттік нормаларды бұзғаны үшін салынған айыппұл
дана дана
дана
7.
Санитарлық тазалау :
-жойылған ретсіз қоқыс алаңдары
-көшелерден шығарылған қоқыс
-контейнер қойылып, қоқыс алаңшасы салынды
дана
М3
дана
8.
Көркейту элементі объектілерінің құрылысы :
-гүлбақ, аллея, саябақ
-аялдамалар
-фонтандар
-сауыттар орнату
-көше жарығы
дана дана дана дана шаршы
Басқа 26
Қала (аудан) әкімінің орынбасары
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
6 наурыздағы N 98 "Оңтүстік
Қазақстан облысының аумақтарын
көркейту, көгалдандыру және
санитарлық тазалау жөнінде
іс-шаралар өткізу туралы"
қаулысына N 3 қосымша
Отырғызылған ағаштарды суару, қарау және күтіп ұстау
туралы мәлімет
№
Елді мекендер
атауы
Отырғызылған күні
Отырғызылған ағаштардың саны, дана
Суару күні
құтайған ағаштардың саны, дана
1
2
3
4
5
6
Басқа 27
Қала (аудан) әкімінің орынбасары
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
6 наурыздағы N 98 "Оңтүстік
Қазақстан облысының аумақтарын
көркейту, көгалдандыру және
санитарлық тазалау жөнінде
іс-шаралар өткізу туралы"
қаулысына N 4 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау нысандары
📌 Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 68 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Iс-шаралар 2003 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қарашаға дейiн өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Iс-шараларды өткiзу барысында жоспарланған барлық жұмыс көлемiн бекiтiлген мерзiмде және сапалы орындасын;
Тармақша 2
2) Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы N 98 қаулысының 3, 4 және 5 тармақтарында және осы қаулының N 4 қосымшасында қаралған шарттар мен жұмыстар түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) N 2 және N 3 қосымшаларға сәйкес iс-шараларды өткiзу барысында атқарылған жұмыс көлемi туралы қорытынды ақпараттарды 2003 жылғы 5 қарашаға дейiн тапсырсын;
Тармақша 4
4) Iс-шараларды өткiзу кезiнде әрбiр жүлделi орынға үмiткердiң жеке:
көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге дейiнгi және өткiзгеннен кейiнгi түсiрiлген суреттерi бар сурет альбомын; аудандық (қалалық) санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан, аудандық (қалалық) сәулет және аумақтарда құрылыс салу бөлiмiнен және облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан, қалалар, аудан орталықтары және басқа елдi мекендердiң аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша өткен жылдың осы мезгiлiмен салыстырғандағы қол жеткiзген табыстары мен оң тәжiрибелерi, оның iшiнде тұрғындардан жоспарлы-тұрақты қоқыс шығару жағдайы көрсетiлген анықтамасын тапсырсын.
Тармақ 3
3. Жеңiмпаздарды марапаттау үшiн келесi номинацияларда ақшалай сыйлықтар белгiленедi:
«Ең жақсы қала (Арыс, Жетiсай, Кентау, Ленгiр, Сарыағаш, Түркiстан, Шардара, Шымкент қалалары қатысады).
1 орын 350000 теңге
«Ең жақсы аудан орталығы» (Ақсукент, Қазығұрт, Темiрлан, Рысқұлов, Шаян, Шәуiлдiр, Шолаққорған аудан орталықтары қатысады). 1 орын - 300000 теңге
«Ең жақсы кент» (Атакент, Асықата, Ащысай, Баялдыр, Көктерек, Қантағы, Қыземшек, Мырзакент, Таукент, Түлкiбас және Састөбе кенттерi қатысады).
1 орын 150000 теңге
« Ең жақсы ауыл » (облыс қалалары мен аудандарының барлық ауылдары қатысады)
1 орын 120000 теңге
2 орын 105000 теңге
3 орын 95000 теңге
4 орын 80000 теңге
5 орын 65000 теңге
6 орын 50000 теңге
7 орын 35000 теңге
Тармақ 4
4. Жеңiмпаздарды марапаттау осы мақсаттарға қарастырылған облыстық бюджет қаржысы есебiнен iске асады.
Тармақ 5
5. Жеңiмпаздар облыстық комиссия отырысында:
Тармақша 1
1) қаулының 4 қосымшасының 2 тармағына сәйкес қалалар, аудандар және елдi мекендердiң әкiмдерi тапсырған қорытынды ақпараттары, анықтамалары және сурет альбомдары;
Тармақша 2
2) облыстық құрылыс және көркейту басқармасының анықтамалары; 3) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының анықтамалары;
Тармақша 4
4) облыстық сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының анықтамалары негiзiнде анықталады.