О Дисциплинарном совете Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.06.2007 № А-6/193 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №1311 «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртіптік кеңестерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Тәртіптік кеңесі – консултативтік-кеңес органының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тәртіптік кеңестің жеке құрамы Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімінің 2-қосымшада берілген тізімде көрсетілген шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 5
Қосымша 1 БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысы әкімдігінің
17.02.2003 ж. № а-2/53 қаулысы
Ақмола облысы Тәртіптік кеңесінің ҚҰРАМЫ
Жазин Аманжол Жазұлы
- төраға
Кеңестің құрамы
Әбдіхалық Жомарт Сафиұлы
- облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы
Әбутәліпов Чапай Мүтәлапұлы
- облыстық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы (келісім бойынша)
Жангуразов Ибрагим Даутович
- облыстық Мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Қасымжанов Сапар Қайыпұлы
- облыс прокуроры (келісім бойынша)
Косянюк Валентина Викторовна
- облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы
Трищ Павел Станиславович
- облыстық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Шериязданов Рүстем Шериязданұлы
- Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 6
Облыс әкімдігінің
17.02.2003 №а-2/53
«Ақмола облысының
Тәртіптік кеңесі туралы»
қаулысымен бекітілген
Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Ақмола облысы Тәртіптік кеңесінің мәртебесін, құзыретін ұйымдастыру және жұмыс тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі (әрі қарай - Кеңес) жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекет қызметкерлерінің қызметтік этикасын сақтау жөніндегі комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) үйлестіріп отыратын консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүргізеді және заңдылық, адалдық және дәйектілік принциптерін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы әкімінің (әрі қарай - әкім), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (әрі қарай - мемлекеттік органдар) басшыларының қарауына осы Ереженің 9-тармағына сәйкес қызметтік этика ережесін бұзғаны үшін және тәртіптік жауапкершілік қарастырылған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) әкім мен мемлекеттік органдардың басшылары үшін Ақмола облысының аумағында мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының талаптары мен қызметтік этика ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) комиссияның тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының талаптары мен қызметтік этика ережелері бұзылу фактілері туралы басқа да деректерді қарастыру;
Тармақша 4
4) комиссияның қарауына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың қызметтік этика ережесін сақтауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) осы ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты тәртіптік істердің материалдарын дайындау.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімдік құрады, ол кеңес төрағасынан және 7 кеңес мүшесінен құрылады. Кеңес мүшелігіне мәслихат депутаттары, жергілікті қоғамдық өкілдер мен аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары енгізіледі.
Кеңес төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысымен келісе отырып облыс әкімі тағайындайды және қызметінен босата алады, ол облыс әкімінің орынбасары лауазымдық қызметіне теңгеріледі.
Кеңес төрағасы мен кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекет қызметшілері болып табылады.
Кеңестің жұмысшы органы - облыс әкімі аппаратының жалпы саны есебінен құралатын хатшылық. Хатшылықтың штат санында 4 адам болады, соның ішінде: секретариат меңгерушісі - 1, бас маман-инспектор - 3.
Кеңес хатшысы облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі лауазымына теңгерілген кеңес хатшылығының меңгерушісі болып табылады.
Хатшылық қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес қызметке қабылданады және босатылады.
Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және отырыстарға қатысу құқықтарын өзгеге тапсыра алмайды.
Тармақ 5
5. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) әкімнің қарауына Кеңестің жеке құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес жұмыстарын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарының күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселелер бойынша Кеңес мүшелері ішінен баяндамашы белгілейді;
Тармақша 6
6) әр тоқсан сайын Комиссия алдында Кеңестің жұмыс нәтижелері туралы есеп тапсырып отырады, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қолданылған шаралар туралы;
Тармақша 7
7) облыс әкіміне әр тоқсан сайын Кеңес жұмысының нәтижесі туралы ақпарат тапсырып отырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өз құзыретіне жататын басқа да міндеттерді атқарады.
Тармақ 6
6. Кеңес отырыстары:
Тармақша 1
1) оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен көбі қатысса, заңды болып саналады;
Тармақша 2
2) олар қажет болған жағдайда өткізіледі, бірақ екі айда бір реттен кем болмауға тиіс;
Тармақша 3
3) ашық түрде өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер мемлекеттік құпияларға қатысты мәселелер қарастырылса, кеңес төрағасының шешімімен және комиссиямен келісіле отырылып жабық түрде өткізіледі.
Тармақ 7
7. Кеңес отырысқа қатысқан кеңес мүшелерінің жай көп дауысымен өз шешімдерін қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші маңызға ие болады.
Кеңес төрағасы болмаған кезде, оның тапсыруы бойынша отырыста кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті деңгейінде төмендегі құқықтарға ие болады:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелерін және мәслихат аппараттарының басшылары мен лауазымды тұлғаларын тыңдау;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихат аппараттарынан, басқа да ұйымдардан алдына қойылған міндеттерді орандауға қажетті құжаттар, материалдар және ақпараттар сұратып алу;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалардан жазбаша және ауызша түсінік беруді талап ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың басшыларына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының нормаларын және қызмет этикасы ережелерін бұзу фактілері бойынша тексерістер мен қызметтік тергеу жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) қорытынды жасау үшін сараптаушыларды және мамандарды, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қатыстыру;
Тармақша 6
6) Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі басқармасымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу.
Тармақ 9
9. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және қызметтік этика ережелерін бұзған мемлекеттік функцияларды орындау құзыреті берілген және оларға теңгерілген мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқарушы және мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық қорындағы мемлекеттік үлес 35 пайыздан асатын ұйымдардың лауызымды тұлғалары, аумақтық құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары жасаған тәртіптік жауапқа тартылатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған аудан (облыстық маңызды қала) әкімдеріне, аудандық маңызды қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне, С дәрежесі тобына жататын әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге (С-1, С-2, С-3 дәрежелі қызметкерлер, орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекетті органдар мен олардың ведомстволарының қызметкерлерінен басқа) қатысты тәртіптік істерді қарастырады. Кеңес прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Президент күзеті қызметі және Республикалық ұлан органдарының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарастырмайды.
Тармақ 10
10. Комиссия тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын қарау нәтижелері бойынша Кеңес құзыретті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеріс жүргізу туралы ұсыныс бере алады.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік іс ол іс жүргізуге қабылданған күннен бастап, үш апта ішінде Кеңесте қаралуға тиіс.
Тәртіптік іс қозғалғанға және Кеңес отырысында қаралғанға дейін екі апта бұрын барлық жағдайлар мен іске қатысты қола бар мәліметтер тексеріледі, тәртіптік жауапқа тартылатын тұлғадан жазбаша түсінікхат алынады, ал Кеңес отырысында тәртіптік істің қаралуы оның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Тәртіптік істі қарау нәтижесі бойынша Кеңес төмендегі шешімдердің бірін шығара алады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және мемлекеттік ұйымдардың, аумақтық құқық қорғау органдарының, сонымен қатар мәслихат аппараттарының басшыларына лауазымды тұлғаға тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасау;
Тармақша 2
2) тиісті шешім қабылдау үшін тәртіптік істің материалдарын құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жіберу;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтату.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың ісінде қылмыс нышандары байқалса, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерін шешу үшін Кеңес осы тұлғаға қатысты тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіп бойынша құқық қорғау органдарына жібереді. Материалдар мен құжаттарды құқық қорғау органдарына жібергені туралы Кеңес Комиссияға хабарлайды.
Тармақ 14
14. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметкерлер мен басқа да тұлғалар Кеңес қабылдаған шешіммен келіспейтін болса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сотқа шағымдануға құқығы бар.
Тармақ 15
15. Кеңестің және оның хатшылығының жұмыстарын материалдық-техникалық, ұйымдастыру және ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Басқа 47
Қосымша 2 БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысы әкімдігінің
17.02.2003 ж. № а-2/53 қаулысы
Ақмола облысы әкімінің күші жойылған шешімдерінің ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімінің 1999 жылғы 26 наурыздағы №118 «Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы» шешімі;
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімінің 2001 жылғы 9 ақпандағы №24 «Ақмола облысы әкімінің 1999 жылғы 26 наурыздағы №118 «Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі;
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы №185 «Ақмола облысы әкімінің 1999 жылғы 26 наурыздағы №118 «Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі.