Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» Күшін жойған
Басқа 0
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің штат санын бекіту туралы» 2022 жылғы 9 наурыздағы № 160 және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің штат санын бекіту туралы» 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 251 бұйрықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес МФБК аумақтық бөлімшелерінің басшылары орынбасарларының;
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 4
4) күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.06.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. МФБК және СЭБК Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде:
Тармақша 1
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушы З.С. Байгаскинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының және аумақтық бөлімшелері басшыларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы « » № бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының және аумақтық бөлімшелері басшыларының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (20 бірлік), №№ 12-2, 13-2, 14-2, 15-2, 16-2, 17-2, 18-2, 19-2, 20-2, 21-2, 22-2, 23-2, 24-2, 25-2, 26-2, 27-2, 28-2, 30-2, 31-2, 32-2
Өлшемшарттар
Талаптар
Білімі
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина және/немесе стоматология және/немесе педиатрия және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), өндірістік және өңдеу салалары (фармацевтикалық өндіріс технологиясы),
Кәсіптік құзыреттілігі
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, көрсетілетін қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасай білу, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
Практикалық тәжірибесі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалдық міндеттері
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингілеу, рұқсат құжаттарын беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді орындау.
Басқа 3. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
3-қосымша
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Басқа 4. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
3-қосымша
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Басқа 5. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 17 қарашадағы
№ 734 бұйрығына
4-қосымша
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары