Об утверждении правил прохождения прижизненным донором органов (части органа) и (или) тканей (части ткани) всестороннего медицинского обследования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 210-бабының 3- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 24 қарашасы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрыққа қосымша Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары (бұдан әрі ˗˗ Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 210-бабының 3- тармағына сәйкес әзірленді және ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;
Тармақша 2
2) донор - донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге де донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың, жыныс жасушаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;
Тармақша 3
3) тірі кезіндегі донор – кейінгі трансплантаттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бөлігін) немесе тіндерді (тіннің бөлігін) алуға нотариаттық куәландырылған жазбаша келісімін білдірген, реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті адам;
Тармақша 4
4) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы;
Тармақша 5
5) тіндік типтеу зертханалары (HLA-зертханалары)  - донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйымдардың жанындағы құрылымдық бөлімше;
Тармақша 6
6) тіндік үйлесімділік – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде донор мен реципиенттің үйлесімділігін айқындайтын HLA-жүйесінің өзіндік ерекшелікті антигендері бойынша донор мен ықтимал реципиент тіндерінің ұқсастығы.
Тарау 2. 2-тарау. Тірі кезіндегі донорларды зерттеп-қарау тәртібі
2-тарау. Тірі кезіндегі донорларды зерттеп-қарау тәртібі
Тармақ 3
3. Тірі кезіндегі донор трансплантаттау қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымына трансплантантаттау үшін мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін;
Тармақша 2
2) ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты анықтау туралы этика комиссиясының хаттамасын ұсынады.
Тармақ 4
4. Арнайы бейін дәрігерінің қабылдауы кезінде тірі кезіндегі донор ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) донорлығы алдында медициналық зерттеп-қараулар тағайындайды.
Тармақ 5
5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде зерттеп-қарау үшін бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
Тармақ 6
6. Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес трансплантаттау алдында тірі кезіндегі донорды жан-жақты медициналық зерттеп-қарау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өткеннен кейін бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы тірі кезіндегі донорды ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) трансплантаттауды жүзеге асыратын медицина ұйымына мамандандырылған медициналық көмекті және жоғары технологиялық медициналық қызметті ұсыну үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға жібереді.
Басқа 1.1
Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларына қосымша
Тарау 3
Зерт­те­улер нәти­же­сі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі Зерт­теу әді­сі Зерт­теу тү­рі үне­мі Се­кве­нир­леу HLA-тип­теу 48 са­ғат Се­ро­ло­ги­я­лық Же­ке үй­ле­сім­ді­лік­ке ай­қас сы­на­ма­сын жүр­гі­зу - кросс-матч 1 ай Им­му­но­фер­мент­тік тал­дау (бұ­дан әрі – ИФТ-әді­сі) Қан то­бы; HbsAg; Anti HCV; ме­рез; Рай­та – Хед­дель­сон ре­ак­ци­я­сы; ци­то­ме­га­ло­ви­рус IgM, IgG; ви­рус Эп­ш­тейн-Бар­ра IgM, IgG; қа­ра­пай­ым гер­пес ви­ру­сы 1,2 ти­па IgM, IgG; кан­ди­да IgM, IgG күн­тіз­бе­лік 10 күн ИФТ-әді­сі АИТВ күн­тіз­бе­лік 14 күн Қан тал­дау Жал­пы қан тал­дау күн­тіз­бе­лік 14 күн Қан био­хи­ми­я­сы Жал­пы ақуыз, элек­тро­лит­тер, жал­пы би­ли­ру­бин, ту­ра би­ли­ру­бин, ас­пар­та­та­ми­но­транс­фе­ра­за (бұ­дан әрі - АСаТ), ала­ни­на­ми­но­транс­фе­ра­за (бұ­дан әрі – АЛаТ), ами­ла­за, глю­ко­за, кре­а­ти­нин, несеп­нәр, фос­фор, С-ре­ак­тив­ті ақуыз (бұ­дан әрі – СРА) күн­тіз­бе­лік 14 күн Ко­а­гу­ло­грам­ма Про­тром­бин уа­қы­ты, АЧТВ, МНО, фиб­ри­но­ген күн­тіз­бе­лік 14 күн Несеп тал­дау Жал­пы несеп тал­да­ма­сы 1 ай Он­ко­мар­кер­лер СА 19-9, АФП, РЭА; (жал­пы ПСА, ер­кін – ер адам­дар үшін); (СА 125, НЕ4 – әй­ел­дер үшін) 3 ай Уль­тра­ды­быст­ық зерт­теу (бұ­дан әрі - УДЗ) Бүй­рек­ті УДЗ; Ішпер­де қуы­сы ағ­за­сын УДЗ; Қуық­ты УДЗ; Әй­ел­дер­дің кі­ші жам­бас ағ­за­ла­рын УДЗ, Ер адам­дар­дың қуы­қа­сты бе­зін УДЗ; Құр­сақ­тық қол­қа­ны, бүй­рек та­мыр­ла­рын УДДГ 1 ай Ге­мо­ди­на­ми­ка 1 тәу­лік ішін­де ар­те­ри­я­лық қан қы­сы­мын тәу­лік бойы мо­ни­то­рин­глеу (50 жастан ас­қан) күн­тіз­бе­лік 14 күн Ас­пап­ты зерт­теу әді­сте­рі Элек­тро­кар­дио­гра­фия (бұ­дан әрі - ЭКГ) 3 ай Ас­пап­ты зерт­теу әді­сте­рі Эхо­кар­дио­гра­фия; фиб­ро­эзо­фа­го­га­стро­дуо­де­но­ско­пия (бұ­дан әрі – ФЭ­ГДС); ке­уде рент­ге­но­гра­фи­я­сы 1 ай Ма­ман­дар­дың кон­суль­та­ци­я­сы Сто­ма­то­лог; ЛОР-дә­рі­гер; кар­дио­лог; ги­не­ко­лог (әй­ел­дер үшін); көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша ин­фек­ци­о­нист
Тарау 2
Зерт­те­улер нәти­же­сі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі Зерт­теу әді­сі Зерт­теу тү­рі өмір бойы Се­кве­нир­леу HLA-тип­теу 48 са­ғат Се­ро­ло­ги­я­лық Же­ке үй­ле­сім­ді­лік­ке ай­қас сы­на­ма­сын жүр­гі­зу - кросс-матч 1 ай ИФТ-әді­сі Қан то­бы; HbsAg; Anti HCV; ме­рез; ци­то­ме­га­ло­ви­рус IgM, IgG; Эп­ш­тейн-Бар­ра IgM, IgG ви­ру­сы; 1,2тип­ті IgM, IgG қа­ра­пай­ым гер­пес ви­ру­сы; кан­ди­да IgM, IgG күн­тіз­бе­лік 10 күн ИФТ-әді­сі АИТВ күн­тіз­бе­лік 14 күн Қан тал­дау Жал­пы қан тал­дау күн­тіз­бе­лік 14 күн Қан био­хи­ми­я­сы АЛаТ, АСаТ, би­ли­ру­бин, кре­а­ти­нин, несеп­нәр, жал­пы ақуыз, аль­бу­мин, СРБ, ка­лий, маг­ний, на­трий, глю­ко­за, өт фос­фо­та­за­сы күн­тіз­бе­лік 14 күн Ко­а­гу­ло­грам­ма ПВ, АЧТВ, ПТИ, фиб­ри­но­ген, ан­тит­ром­бин-III мен D- ди­мер күн­тіз­бе­лік 14 күн Несеп тал­дау Жал­пы несеп тал­дау 1 ай Он­ко­мар­кер­лер CA 19-9, CA 72, CA 125, АФП, РЭА 1 ай Бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу Аң­қа­дан, мұ­рын мен қы­нап­тан, со­ны­мен қа­тар несеп­тен, нә­жі­стен, қа­қы­рық­тан алы­на­тын се­бін­ді­лер 3 ай Ан­ти­нукле­ар­лы ауто­ан­ти­де­не­лер­ді анық­тау AMA, ANA, ANCA 3 ай Уль­тра­ды­быст­ық зерт­теу Бүй­рек­ті УДЗ; Ішпер­де қуы­сы ағ­за­ла­рын УДЗ; Қуық­ты УДЗ; Әй­ел­дер­дің кі­ші жам­бас ағ­за­ла­рын УДЗ, Ер адам­дар­дың қуы­қа­сты бе­зін УДЗ; Құр­сақ­тық қол­қа та­мыр­ла­ры­ның до­пле­ро­гра­фи­я­сы 1 ай Ге­мо­ди­на­ми­ка 1 тәу­лік ішін­де ар­те­ри­я­лық қан қы­сы­мын тәу­лік бойы мо­ни­то­рин­глеу (50 жастан ас­қан) күн­тіз­бе­лік 14 күн Ас­пап­ты зерт­теу әді­сте­рі ЭКГ 3 ай Ас­пап­ты зерт­теу әді­сте­рі Эхо­кар­дио­гра­фия; ФЭ­ГДС; Ке­уде рент­ге­но­гра­фи­я­сы; спи­ро­гра­фия; ан­гио­гра­фи­я­мен қуық­тың ком­пью­тер­лік то­мо­гра­фи­я­сы; МРХ­ПГ 3 ай Ма­ман­дар­дың кон­суль­та­ци­я­сы Сто­ма­то­лог; ЛОР-дә­рі­гер; кар­дио­лог; ги­не­ко­лог; ге­па­то­лог; ин­фек­ци­о­нист Зерт­те­улер нәти­же­сі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі Зерт­теу әді­сі Зерт­теу тү­рі үне­мі Се­кве­нир­леу HLA-тип­теу 1 ай ИФТ-әді­сі Қан то­бы; HbsAg; Anti HCV; мик­ро­ре­ак­ция; ци­то­ме­га­ло­ви­рус IgM, IgG күн­тіз­бе­лік 10 күн ИФТ-әді­сі АИТВ күн­тіз­бе­лік 14 күн Қан тал­дау Жал­пы қан тал­дау күн­тіз­бе­лік 14 күн Уль­тра­ды­быст­ық зерт­теу Әй­ел­дер­дің кі­ші жам­бас ағ­за­ла­рын УДЗ күн­тіз­бе­лік 14 күн Ас­пап­ты зерт­теу әді­сі ЭКГ 1 ай Ма­ман­дар­дың кон­суль­та­ци­я­сы Көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша