Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности регионов медицинскими работниками Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрықпен бекітілген Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтері Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың: № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі: Нор­ма­тив* 1 Те­ра­пия 0,8 2 Ере­сек­тер, ба­ла­лар кар­дио­ло­ги­я­сы 0,3 3 Ере­сек­тер, ба­ла­лар рев­ма­то­ло­ги­я­сы 0,03 4 Ал­лер­го­ло­гия және им­му­но­ло­гия (ере­сек­тер, ба­ла­лар) 0,05 5 Ере­сек­тер, ба­ла­лар га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­сы 0,05 6 Ге­ма­то­ло­гия 0,05 7 Он­ко­ло­гия және ге­ма­то­ло­гия (ба­ла­лар) 0,02 8 Ере­сек­тер, ба­ла­лар пуль­мо­но­ло­ги­я­сы 0,05 9 Ере­сек­тер, ба­ла­лар эн­до­кри­но­ло­ги­я­сы 0,2 10 Ере­сек­тер, ба­ла­лар неф­ро­ло­ги­я­сы 0,07 11 Ере­сек­тер, ба­ла­лар фти­зи­ат­ри­я­сы 0,4 12 Ең­бек ме­ди­ци­на­сы (кә­сіп­тік па­то­ло­гия) 0,03 13 Ере­сек­тер, ба­ла­лар жұқ­па­лы ау­ру­ла­ры 0,3 14 Ере­сек­тер, ба­ла­лар дер­ма­то­ло­ги­я­сы және ве­не­ро­ло­ги­я­сы 0,15 15 Ере­сек­тер, ба­ла­лар нев­ро­ло­ги­я­сы 0,5 16 Ере­сек­тер, ба­ла­лар пси­хи­ат­ри­я­сы 0,5 17 Фи­зи­ка­лық ме­ди­ци­на және са­уық­ты­ру (ре­а­би­ли­та­ция) 0,15 18 Сәу­ле­лі те­ра­пия (ра­ди­а­ци­я­лық он­ко­ло­гия)/Ра­дио­те­ра­пи­я­лық он­ко­ло­гия 0,03 19 Сәу­ле­лі ди­а­гно­сти­ка (рент­ге­но­ло­гия, ком­пью­тер­лік және маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты то­мо­гра­фия, ПЭТ, уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка, яд­ро­лық ме­ди­ци­на)/ Ра­дио­ло­гия 1,0 20 Кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка 0,5 21 Спорт­тық ме­ди­ци­на 0,03 22 Ге­ри­ат­рия 0,2 23 Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­ло­гия 0,02 24 Ере­сек­тер, ба­ла­лар ане­сте­зио­ло­ги­я­сы мен ре­ани­ма­то­ло­ги­я­сы 0,9 25 Жал­пы хи­рур­гия 1,0 26 Ере­сек­тер, ба­ла­лар кар­дио­хи­рур­ги­я­сы 0,03 27 Ере­сек­тер, ба­ла­лар ан­гио­хи­рур­ги­я­сы 0,03 28 Ере­сек­тер, ба­ла­лар ней­ро­хи­рур­ги­я­сы 0,15 29 Ере­сек­тер, ба­ла­лар бет-жақ хи­рур­ги­я­сы 0,05 30 Хи­мио­те­ра­пи­я­лық он­ко­ло­гия 0,4 31 Ере­сек­тер, ба­ла­лар трав­ма­то­ло­ги­я­сы мен ор­то­пе­ди­я­сы 0,5 32 Ере­сек­тер, ба­ла­лар уро­ло­ги­я­сы 0,15 33 Ере­сек­тер, ба­ла­лар оф­таль­мо­ло­ги­я­сы 0,4 34 Ере­сек­тер, ба­ла­лар ото­ри­но­ла­рин­го­ло­ги­я­сы 0,3 35 Па­то­ло­гия 0,1 36 Транс­фу­зио­ло­гия 0,1 37 Ток­си­ко­ло­гия 0,03 38 Пе­ди­ат­рия 1,3 39 Нео­на­то­ло­гия 0,2 40 Ба­ла­лар хи­рур­ги­я­сы 0,2 41 Аку­шер­лік және ги­не­ко­ло­гия 1,4 42 Ме­ди­ци­на­лық ге­не­ти­ка 0,03 43 Ере­сек­тер, ба­ла­лар шұ­ғыл ме­ди­ци­на­сы 0,3 44 Сто­ма­то­ло­гия 0,6 45 Мей­ір­гер­лік іс 0,05 46 Эпи­де­мио­ло­гия 0,2 № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­та­ры бар ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер: Нор­ма­тив­тік мөл­шер 1 Мей­ір­гер­лік іс 63,5 2 Ем­деу ісі 7,0 3 Аку­шер­лік іс 5,1 4 Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия 0,2 Аудандық маңызы бар қалалар, елді мекендер мен ауылдар** № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер: Нор­ма­тив ДА АЕ, АМ­СКО АА КСАА 1 Жал­пы дә­рі­гер­лік тә­жі­ри­бе (от­ба­сы­лық ме­ди­ци­на) 6,7 6,7 6,7 6,7 2 Пе­ди­ат­рия (нео­на­то­ло­гия) 20,0 (0 ден 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) 20,0 (0 ден 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) 20,0 (0 ден 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) 20,0 (0 ден 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) 3 Аку­шер­лік іс және ги­не­ко­ло­гия 0,7 - 2,0 0,6 - 1,0 0,8 4 Жал­пы хи­рур­гия 0,3 - 1,0 0,4 - 0,7 0,6 5 Те­ра­пия 0,3 - 1,0 0,4 - 0,7 0,4 6 Нев­ро­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 7 Кар­дио­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 8 Эн­до­кри­но­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 9 Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар 0,2 - 0,3 0,2 10 Он­ко­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 11 Ме­ди­ци­на­лық ре­а­би­ли­то­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 12 Дер­ма­то­ве­не­ро­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 13 Оф­таль­мо­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 14 Ото­ла­рин­го­ло­гия 0,2 - 0,3 0,2 15 Ане­сте­зио­ло­гия және ре­ани­ма­то­ло­гия 0,4 - 0,7 0,6 16 Пси­хи­ат­рия 0,2 - 0,3 0,2 № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­та­ры бар ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер: ДП ФАП ДА АЕ, АМ­СКО АА КСАА 1 Мей­ір­гер­лік іс/ ем­деу ісі 1,0 - 6,7 1,0 - 6,7 1,0 - 6,7 0,7 - 2,0 0,4 - 0,7 0,4 2 Аку­шер­лік іс - 1,0 1,0 - 6,7 0,3 - 1,0 0,6 - 1,0 0,8 Барлық қалалар мен елді мекендер үшін медициналық - санитариялық алғашқы көмек қызметі № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі: Нор­ма­тив­ті мөл­шер 1 Жал­пы дә­рі­гер­лік тә­жі­ри­бе (от­ба­сы­лық ме­ди­ци­на) / Те­ра­пия 6,7 2 Пе­ди­ат­рия 20,0 (0 ден 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар) 3 Ге­ри­ат­рия 0,5 № Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­та­ры бар ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер: Нор­ма­тив­ті мөл­шер 1 Жал­пы тә­жі­ри­бе­лік мей­ір­гер (от­ба­сы­лық мей­ір­гер) 1 жал­пы тә­жі­ри­бе­лік дә­рі­гер­ге 3 2 Те­ра­пи­я­лық учас­ке­лік мей­ір­гер 1 учас­ке­лік те­ра­певтке 2 3 Пе­ди­ат­ри­я­лық учас­ке­нің мей­ір­ге­рі 1 учас­ке­лік пе­ди­атр­ға 2 Ескерту: * Норматив ең төмен мөлшер болып табылады және 10 000 халыққа есептелген **Ауылдық жерлерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалаларда медицина қызметкерлеріне қажеттілікті анықтау бірінші кезекте жүргізіледі. Қысқартулар мағынасы: АА – аудандық аурухана; АЕ – аудандық емхана; ДА - дәрігерлік амбулатория; КСАА – көп салалық ауданаралық аурухана; МП – медициналық пункт; МСАКО –медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы; ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт; ПЭТ – позитронды-эмиссиялық томография
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазанда № 274-275 (26335-26336) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, Диспансерлер) туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінің № 141 (26562) санында жарияланған);
Тармақ 3
3. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6775 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінің № 173 (26594) санында жарияланған);
Тармақ 4
4. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7426 болып тіркелген, 2012 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 4, 67-құжат);
Тармақ 5
5. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 714 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8055 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы);
Тармақ 6
6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8730);
Тармақ 7
7. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 39 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14942 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгеріс енгізу туралы);
Тармақ 8
8. Бұйрық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16873 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақ 9
9. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-65 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18638 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).