Аудандық көркемөнерпаздар байқауын және аудандағы ауылдық округтердің Мәдениет күндерін өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық көркемөнерпаздар байқауын және аудандағы ауылдық округтердің Мәдениет күндерін өткізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 20 қаңтарда Ақмола облыстық Әділет басқармасында 1507-нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N а-1/1 "Облыстық көркемөнерпаздар байқауын және облыс қалалары мен аудандарының Мәдениет күндерін өткізу туралы" қаулысынасәйкес, жаңа көркемөнерпаздар ұжымдарын құрып, халық шығармашылығын жандандыру мақсатында,аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 24 ақпанынан 27 наурызына дейінгі аралықта "Өнерді қолдау - Отанды қолдау", атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген байқау аясында Целиноград ауданы ауылдық округтерінің Мәдениет күндері өткізілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәдениет бөлімі (Қарыбекова Ш.Қ.) ауылдық округтердің әкімдері Мәдениет күндерін ұйымдастыру және өткізу үшін тиісті шаралар қабылдасын.
Тармақша 1
1) "Өнерді қолдау - Отанды қолдау" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауын өткізу Ережелері(1-қосымша);
Тармақша 2
2) көркем өнерпаздар байқауын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы (2-қосымша);
Тармақша 3
3) қазылар алқасының құрамы (3-қосымша);
Тармақша 4
4) ауылдық округтер бойынша Мәдениет күндерін өткізу кестесі (4-қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Басқа 9
1-қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 17.02 N 69
қаулысымен Бекітілген
Аудандық көркемөнерпаздар байқауын өткізу
Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1."Өнерді қолдау - Отанды қолдау"атты көркемөнерпаздар байқауының ережесі (бұдан былай - Ереже)ауылдың халық шығармашылығында жаңа көркемөнерпаздар ұжымдарын дүниеге келтіріп, оларды одан әрі дамыту мақсатында жасалып отыр.
Тармақ 2
2. Байқаудың құрылтайшысы Целиноград ауданының әкімдігі.
Тармақ 3
3. Байқауды ұйымдастырушы аудандық мәдениет бөлімі болып табылады.
Тарау 2. 2. Байқаудың негізгі міндеттері
2. Байқаудың негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Аудандағы ең үздік клубтар мен мәдениет үйлерінің озық тәжірибелерін жинақтау және өмірге енгізу.
Тармақ 5
5. Музыкалық аспаптар, киімдер сатып алу және репертуарды жаңарту үшін жергілікті жерлерде уақытылы көмек көрсету.
Тармақ 6
6. Орындау шеберлігін жетілдіру үшін әр түрлі мамандарды тартып, жаңа бағдарламалар құру жөнінде кеңестер алып, шеберлік сыныптарын өткізу.
Тармақ 7
7. Шығармашылық ұжымға барлық жас санаты бойынша халықтың барлық өкілдерін тарту.
Тармақ 8
8. Қолданбалы қолөнер және бейнелеу өнерлерінің шеберлері көрмесін ұйымдастыру арқылы ауылдың мәдени мүмкіншілігін толық көлемде көрсету.
Тармақ 9
9. Аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен "Ауылды жандандырайық" атты қайырымдылық акциясын өткізу.
Тармақ 10
10. Ауылдағы мәдениет мекемелеріне ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу.
Тарау 3. 3. Байқауды өткізу шарттары
3. Байқауды өткізу шарттары
Тармақ 11
11. Аудандық байқау аясында ауылдық клубтар мен мәдениет үйлер негізінде 2003 жылдың 24 ақпанынан 27 наурызына дейін кестеге сәйкес ауылдық округтердің Мәдениет күндері өтеді.
Тармақ 12
12. Бағдарламаның ұзақтығы жалпы регламент бойынша 1,5 сағаттан аспауы тиіс.
Тармақ 13
13. Байқау бағдарламасына:
Тармақша 1
1) Гала-концерт
Тармақша 2
2) Қайырымдылық акциясы
Тармақша 3
3) Қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі кіреді.
Тармақ 14
14. Аудандық байқаудың бағалау өлшемдері:
жоғары орындау шеберлігі;
орындалатын репертуардың сапалық сахналық үндестігі;
орындау мақамын игеру және этнографиялық алғашқы бастамаға
киімнің сәйкестігі (фольклорлық орындаушылар үшін);
бағдарламаны киімдеу, ойдағыдай дыбыстық және саздық шешім;
шығармашылық бағдарламалардың сауатты режиссурасы;
соңғы 3 жыл ішіндегі ауылдағы мәдениет ошақтарының даму
қарқыны:
Тармақша 1
1) материалдық негізі
Тармақша 2
2) киімдері
Тармақша 3
3) музыкалық аспаптары
Тармақша 4
4) көркемдігі және т.б.
Тармақ 15
15. Байқау негізінде төмендегі комикациялар бойынша атақтар
тағайындалады:
Жанрлар ішінде ең үздік көркемөнерпаздар ұжымы: хореография, вокал-хор өнері, театр өнері, аспап жанры, фольклор;
Ең үздік әсем-қолданбалы және бейнелеу өнерінің халық шебері;
Ең үздік жас дарын;
Ең үздік ауылдағы мәдениет ошағы;
Байқаудың ең үздік бағдарламасы.
Тармақ 16
16. Ең үздік өнерпаздар Көкшетау қаласында өтетін облыстық халық шығармашылығы байқауына жіберіледі.
Басқа 36
2-қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 17.02 N 69
қаулысымен Бекітілген
Аудандық көркемөнерпаздар байқауын
өткізу жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Жанбаев Берік Амантайұлы - аудан әкімінің орынбасары,
жұмыс тобының төрағасы
Қарыбекова Шолпан Қожайыпқызы - мәдениет бөлімінің меңгерушісі,
жұмыс тобы төрағасының
орынбасары
Байғазин Нұржан Диханбайұлы -"Аудандық Мәдениет үйі"
мемлекеттік қазыналық
коммуналдық мекемесінің директоры
Можаева Ольга Ивановна - аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі
Түгелбаев Жанат Сәлкенұлы - аудандық "Ұран", "Призыв"
газеттерінің редакторы
Красавская Любовь Александровна - аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Басқа 37
3-қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 17.02 N 69
қаулысымен Бекітілген
Қазылар алқасының құрамы
Жанбаев Берік Амантайұлы - аудан әкімінің орынбасары,
төраға
Қарыбекова Шолпан Қожайыпқызы - мәдениет бөлімінің меңгерушісі,
төрағаның орынбасары
Байғазин Нұржан Диханбайұлы -"Аудандық Мәдениет үйі"
мемлекеттік әкімшіл коммуналдық
мекемесінің директоры
Трачев Леонид Яковлевич - Новоишимка ауылындағы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Гроза Владимир Трофимович - Малиновка ауылындағы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Тақсымов Ермек Қаптайұлы - Воздвиженка ауылындағы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Попелхова Любовь Владимировна - Приозерный ауылындағы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Басқа 38
4-қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 17.02 N 69
қаулысымен Бекітілген
Ауылдық округтер бойынша аудандық
көркемөнерпаздар байқауын өткізу
КЕСТЕСІ
N№
Ауылдық округ атауы
Өткізу орны
Өтетін уақыты
1.
Қараөткел ауылдық округі
Ильинка ауылының клубы
25 ақпан
2.
Луговой ауылдық округі
Луговой ауылының Мәдениет үйі
27 ақпан
3.
Шалқар ауылдық округі
Егіндікөл ауылының Мәдениет үйі
26 наурыз
4.
Қосшы ауылдық округі
Қосшы ауылындағы N18 орта мектептің мәжіліс залы
4 наурыз
5.
Романовка ауылдық округі
Романовка ауылының клубы
5 наурыз
6.
Максимовка ауылдық округі
Максимовка ауылындағы N 9 орта мектептің мәжіліс залы
6 наурыз
7.
Краснояр ауылдық округі
Жалғызқұдық ауылының Мәдениет үйі
11 наурыз
8.
Мәншүк ауылдық округі
Мәншүк ауылының клубы
12 наурыз
9.
Приречный ауылдық округі
Приречный ауылының клубы
13 наурыз
10.
Софиевка ауылдық округі
Софиевка ауылындағы N 21 орта мектептің мәжіліс залы
14 наурыз
11.
Оразақ ауылдық округі
Оразақ ауылының Мәдениет үйі
17 наурыз
12.
Қабанбай батыр ауылдық округі
Қабанбай батыр ауылындағы аудандағы Мәдениет үйі
19 наурыз
13.
Талапкер ауылдық округі
Талапкер ауылындағы N 3 орта мектептің мәжіліс залы
20 наурыз
14.
Новоишимка ауылдық округі
Новоишимка ауылының клубы
24 наурыз
15.
Воздвиженка ауылдық округі
Воздвиженка ауылының Мәдениет үйі
25 наурыз
16.
Приозерный ауылдық округі
Приозерный ауылының Мәдениет үйі
26 наурыз
17.
Малиновка ауылдық округі
Малиновка ауылының Мәдениет үйі
27 наурыз