Об утверждении Областной экспертной комиссии по определению категории рынкам Алматинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 17.03.2003 № 3-50 шешімімен. Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26-желтоқсандағы "Алматы облыстық Мәслихатының 2001 жылғы 26-желтоқсандағы арнайы салық тәртібі ставкалары туралы" № 17-113 шешіміне өзгертулер енгізу туралы"№№ 31-165 шешіміне , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148 Заңы 27-ші бабындағы 1 тармағының 22-2 тармақшаларына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады :
Тармақ 1
1. Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясының құрамы (№1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясы туралы Ереже (№2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Базарлардың жарақтандырылуына және көрсетілетін қызмет түрлеріне қойылатын талаптар (№ 3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Тәкеновке жүктелсін.
Басқа 5
Алматы облысы Әкімінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы №1-13 қаулысына № 1 қосымша Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясының ҚҰРАМЫ: 1. Тәкенов Б.Д. - Алматы облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Крохмалюк Н.В. - Облыстық сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау бөлімінің бас маманы, хатшы Комиссия мүшелері: 3. Шойымбеков Т.У. - Облыстық сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру мен бақылау бөлімінің бастығы 4. Әбдірахманова Г.А.- Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары 5. Қиқымов Х.К. - Сәулет және қалақұрылысы басқармасы бастығының орынбасары 6. Каюпова К.К. - Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы 7. Қиялбеков Е.Т. - Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметі бақылау бөлімі бастығының орынбасары
Басқа 6
Алматы облысы Әкімінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы №1-13 қаулысына № 2 қосымша Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ Алматы облысы базарларының санатын анықтау жөніндегі облыстық сараптау комиссиясы товарлар мен өнімдерді сатуға қажет жағдайдың бұрынғыдан да жақсартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың оларды сатып алуына қажетті жағдай туғызу мақсатында құрылған. Ол жаңадан құрылған базарлар санатының сәйкестігін тексереді. Сараптау комиссиясының міндеттері:
Тармақ 1
1. Сараптау комиссиясының мүшелері аудандар мен қалалар әкімдерінің өтініштері негізінде сараптау-ұсыным қорытындыларын және сауда кәсіпорны болып табылатын базардың қойылатын талаптарға сәйкестігі жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ белгіленуіне, базардың товарлық-салалық белгісі бойынша мамандандырылуына (базардың мамандандырылуына байланысты 60-80%-ы тек азық-түлік товарларын немесе азық-түлік емес товарларды сату белгіленсін), орналасқан жеріне, көрсетілетін қызметтің көлеміне, сауда алаңдары мен техникалық жарақтандырылуына, санитарлық ережелер мен нормаларына байланысты базардың санатын анықтайды.
Тармақ 2
2. Базардың санаты облыстық сараптау комиссиясының қорытынды-сына сәйкес Алматы облысы әкімінің шешімімен бекітіледі.
Басқа 9
Алматы облысы Әкімінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы №4 қаулысына № 3 қосымша Базарлардың санатын анықтау жөніндегі кесте Базардағы көрсетілетін қызметтер түрлеріне және техникалық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар 1 санат 2 санат 3 санат әмбебап Мамандан- дырылған әмбебап Мамандандырылған Шағын базарлар Азық- түлі товарлары Азық-түлік емес товарлар Азық- түлік товарлары Азық- түлік емес товарлар 1.Тоңазытқыш камералар 0 0 - 0 0 - - 2.Көтергіш құрал-жабдықтар 0 0 0 Р Р Р - 3. Мал дәрігерлік- санитарлық сараптама зертханасы 0 0 - 0 0 - - 4. Таразы және басқа құралдарды жалға беру пункті 0 0 - 0 0 - 0 5. Ет шабу 0 0 - 0 0 - - 6.Сақтау орындары мен қоймаларда азық-түлік терді сақтау 0 0 0 0 0 Р Р 7.Сауда орындарында жүктерді жеткізу 0 0 0 0 0 Р Р 8. Киім өлшейтін орын (бөлме) 0 - 0 0 - 0 - 9. Сауда қызметін көрсететін бюро ұйымдастыру 0 0 - 0 0 - 0 10.Күрделі- тұрмыстық техникаларды тексеру үшін жағдай жасау 0 - 0 Р - Р - 11.Контейнер лерден және машиналардың үстінен сауда жасау үшін орын беру 0 0 0 0 0 - 0 12.Машиналар қоюға орын беру 0 0 0 0 0 0 0 13. Радио арқылы жарнамалар беру 0 0 0 0 Р Р - 14.Күзетпен қамтамасыз ету 0 0 0 0 0 0 0 Ескерту: 0 - міндетті түрде, Р - ұсынылады, - қызмет көрсетуге міндетті емес. Өтімділігі, орналасу орны, сату қабілеттілігі комиссия арқылы анықталады.