Об утверждении правил итования сельскохозяйственных товарпроизводителей Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы товарлары өндірушілерге кредит беру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21-каңтардағы № 70 Қаулысына сәйкес Облыс Әкімі ШЕШІМ кабылдады:
Тармақ 1
1. 2003 жылға арналған Республикалык бюджеттен бөлінген кредит ресурстары есебінен жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңатқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалкы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуға, көктемгі егіс және астык жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге кредит беру Ережелері қосымшаға сәкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімі бекітілген Ережелердің 5, 8 тармақтарын жүзеге асыруға байланысгьг құқықтық қостауды (правовое сопровождение) қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Алматы облысы Әкімінің 2003 жылғы қантардағы шешімімен «БЕКІТІЛДІ» Алматы облысы Әкімінің ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге кредит беру ЕРЕЖЕСІ Осы Ережелер жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алу, сондай-ақ көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге үшін ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге кредит беру мақсатында әзірленді.
Тарау i. I. Жалпы Ережелер
I. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде төмендегі ұғымдар пайдаланылады: Кредит беруші - Алматы облысының Әкімі. Бюджеттік кредит дегеніміз жергілікті бюджеттен шұғыл және қайтарым шарттарымен берілетін ақша қаражаты. Қарыз алушы (заемшы) дегеніміз Алматы облысының аумағында тіркелген, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын, бағдарлама әкімшісі арқылы бюджеттік кредитті алушы занды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері. Бағдарламаның әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредитті беру Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кредиттік шарттармен ресімделеді.
Тарау ii. II. Бюджеттік кредиттерді беру тәртібі мен шарттары
II. Бюджеттік кредиттерді беру тәртібі мен шарттары 3. Қарыз алушымен жасалған кредиттік шартқа облыс Әкімінің атынан, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы қол қояды. 4. Кредиттік шартта төмендегі міндетті түрдегі жағдайлар болуы тиіс: - қайтарылатын кредит, қайтару мерзімі 2003 жылды 1-қарашасы; - мақсатты кредит, ол тек қана көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын өткізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге пайдаланылуы мүмкін; - пайызсыз кредит, оған сыйақы есептелінбейді; - кредитті мақсатты пайдаланбаганы және дер кезінде қайтармағаны үшін айыппұл санкциялары; - қарыз алушының алған кредитті қайтару кепілдігі. 5. Кредиттік шартқа қарыз алушы төмендегі құжаттарды қоса тапсырады: - кредитті игеру және қайтару жөніндегі бизнес-план; - салық телеуші тіркелген жердегі салык комитетінің, кредитті рәсімдеу кезде бюджетке түсетін төлемдер бойынша қарызының жоқтығы туралы салық органының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы; - банктың, № 2 картотеканың және кредит алатын кезде ссудалық қарыздың жоқтығы көрсетілген, шоттың бар екендігі туралы анықтаммасы; - аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің қарыз берушіге ауыл шаруашылығы алқаптарының бекітілуі туралы алаңы көрсетілген аудандық комитеттің төрағасы қол қойған анықтамасы; - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының (департаментінің) ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себілген жерлердің алаңы туралы аудандық басқарма (департамент) бастығының қолы қойылған аныктамасы. 6. Кредитті дер кезінде қайтару мақсатында әкімші (кепілдік ұстаушы) және қарыз алушы (кепілдік беруші) арасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепілдік шарты немесе банктік кепілдік жасалады. 7. Кепілдікке қарыз алушының өндірістік үй-жайлардан, цехтардан және айналымдағы қарыздан басқа етімді мүлкі (үй, пәтер, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы және мал) қабылданады. Кепілдікке берілген мүлікті (үй, пәтер) бағалауды мүлік орналасқан жердегі жылжымайтын мүлік женіндегі орталық; Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын бағалауды ауданның ауыл шаруашылығы басқармасы (департаменті) жүзеге асырады; Малдың бар-жоғы ауылдық округ әкімінің аныктамасымен расталуы тиіс. Кепілдікке берілетін мүліктің тізбесі аудан әкімімен бекітіледі. Қарыз алушыга берілетін кредиттің сомасы кепілдікке берілген мүлік күнының 50 пайызынан аспауы тиіс. 8. Қарыз алушыға берілетін банк кепілдігі Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі авалирлеген, өз деңгейінде ресімделген жағдайда қабылданады.
Тарау iii. III. Қаржыландыру және кайтару тәртібі
III. Қаржыландыру және кайтару тәртібі
Тармақ 9
9. Бағдарламаның әкімшісі облыстық қаржы басқармасына кредиттік шарт жасалған қарыз алушылардың тізбесімен, белінетін соманы көрсете отырып, тапсырыс жасайды. Қарыз алушылардың тізбесі облыс Әкімінің орынбасарымен (Ә. Тойбаев) бекітіледі.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы бағдарлама әкімшісінің тапсырысы негізінде оның бюджеттік шотына ақша қаражатын аударады.
Тармақ 11
11. Бадарламаның әкімшісі облыстық қазынашылық басқармасына төлем жөніндегі тапсырма арқылы қарыз алушымен жасалған кредиттік шарт пен кепілдік туралы шартты тапсырады.
Тармақ 12
12. Жергілікті бюджет кірісіне бюджеттік кредиттерді қайтаруды қарызга алушылар кредиттік шартта керсетілген реквизиттер бойынша жүзеге асырады.
Тарау iv. IV. Бюджеттік каржыны есепке алу және бақылау
IV. Бюджеттік каржыны есепке алу және бақылау
Тармақ 13
13. Әкімші және уәкілетті мемлекеттік органдар бюджеттік кредиттердің игерілуіне мақсатты пайдаланылуына, дер кезінде және толық қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады.