О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тармағына, 176-бабының 3-тармағына, 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жіберілмейтін психикалық белсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пихикалық белсенді затты тұтыну фактісін және мас болу күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысты ауыстыруды жүргізу тәртібі;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары.
Тармақша 6
6) осы бұйрыққа 5-1 қосымшаға сәйкес консультативтік байқауды көрсету қағидалары.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына 1-қосымша Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі № Аурулар Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды -10 1-тарау. Туберкулез 1 Деструктивтік және бациллярлық нысандары бар туберкулез А15 - А19 2-тарау. Көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар 2 Мерездің кеш нысандары А52 3-тарау. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру 3 Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, қатерлі ісіктер түрінде, терминалдық сатыда, көптеген аурулардың көріністерімен пайда болатын ауру В20 – В24 4-тарау. Қатерлі ісіктер 4 Қатерлі ісіктер С00 - С97 5-тарау. Қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар 5 Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі иммундық механизмді тартатын қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және жекелеген бұзылулар D50 - D89 6-тарау. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы 6 Уытты емес зобтың басқа түрлері Е04 7 Тиреотоксикоз [гипертиреоз] Е05 8 Комамен инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.0 9 Кетоацидозбен инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.1 10 Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелді қантты диабет Е10.7 11 Комамен инсулинге тәуелсіз қантты диабет Е11.0 12 Кетоацидозбен ІІ типті қантты диабеті Е11.1 13 Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелсіз қант диабет Е11.7 7-тарау. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтар 14 Тамырлы деменция F01 15 Басқа бөлімдерде жіктелген анықталған басқа аурулардағы деменция F02.8 16 Анықталмаған деменция F03 17 Алкогольге немесе басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарға байланысты емес органикалық амнестикалық синдром F04 18 Органикалық галлюциноз F06.0 19 Органикалық кататоникалық бұзылушылық F06.1 20 Органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) ауруы F06.2 21 Мидың ауруы, зақымдануы және дисфункциясы салдарынан басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары F07.8 22 Делириймен алкогольдік абстиненттік жағдай F10.4 23 Шизофрения - үздіксіз және ұстамаға ұқсас прогредиенттік ағым типі бар, (тұрақты) жеке басының кемістігі бар барлық түрлері F20 24 Басқа созылмалы сандырақтық бұзылулар F22.8 25 Шизоэффективті бұзылулар F25 26 Психотикалық белгілері бар маниакалдық эпизод F30.2 27 Биполярлық аффективтік бұзылулар F31 28 Психоз симптомдары белгілері бар ауыр депрессиялық эпизод F32.3 29 Көңіл-күйдің қайталанатын депрессиялық бұзылуы F33 30 Жеңіл, орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі F7 8-тарау. Нерв жүйесінің аурулары 31 Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелік атрофиялар G10 - G13 32 Экстрапирамидалық және басқа да қозғалыс бұзылулары G20 - G26 33 Нерв жүйесінің басқа дегенеративті аурулары G30 - G32 34 Орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық аурулары G35-G37 35 Эпизодтық және пароксизмальды бұзылушылықтар G40 - G47 36 Полиневропатиялар және перифериялық нерв жүйесінің басқа да зақымданулары (кодтар) G60 - G64 37 Орталық нерв жүйесінің басқа бұзылыстары G 96.8 G 96.9 9-тарау. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары 38 Тамырлы қабық пен тордың аурулары Н30 - Н34 39 Бастапқы жабық бұрышты глаукома H40,2 40 Көру нерві мен көру жолдарының аурулары Н46 - Н48 41 Бинокулярлы соқырлық H54.0 42 Көрудің бинокулярлы жеңіл бұзылуы немесе оның болмауы H54.3 43 Басқа менингококк инфекциялары A39.8 10-тарау. Қанайналым жүйесінің аурулары 44 II-III дәрежелі қанайналым бұзылған ақаулары бар жүректің созылмалы ревматикалық аурулары. I05 - I09 45 Жіті миокард инфарктісі I 21 46 Жіті миокард инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынулары I 23 47 Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлері I 24 48 Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы; ІІ-ІІІ дәрежелі қан айналымы бұзылған инфаркттан кейінгі кардиосклероз I 25 49 Өкпелік жүрек және өкпе қан айналымының бұзылуы I 26 - I28 50 Жүректің басқа аурулары (III-IV дәрежелі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылулары бар). I 30 - I52 51 Жоғары қан қысымымен сипатталатын аурулар (II - III дәрежелі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі криз жағдайлары бар гипертониялық ауру) I 10-I15 52 Цереброваскулярлық аурулар (ми қан айналымының жіті бұзылуы және парез, паралич, афазия, атаксия құбылыстарымен ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейінгі жай-күй), басқа да цереброваскулярлық аурулар I 60 - I69 53 Айқын білінетін қайтымсыз трофикалық өзгерістері (некроз) және аяқ-қол функцияларының бұзылуы бар артериялардың, артериолалар мен капиллярлардың аурулары I 70 - I79 11-тарау. Тыныс алу ағзаларының аурулары 54 II - III дәрежелі II - III дәрежелі өкпе функциясының жеткіліксіздігі бар төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары J43 - J47 55 II-III дәрежелі өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі бар сыртқы агенттер тудыратын өкпе аурулары. J60 - J70, J84 12-тарау. Ас қорыту ағзаларының аурулары 56 Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары. К20 - К77 57 Жіті панкреатит К85 58 Ұйқы безінің басқа аурулары К86 13-тарау. Тері және тері асты жасушаларының аурулары 59 Асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздар L10 - L14, L98 60 Кәдімгі псориаз L40.1 14-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары 61 II - III дәрежелі ағзалар функциясының бұзылуымен дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы М30 - М36 62 Омыртқа, қабырға, II-III сатыдағы НЖФ-мен ірі буын қозғалғыштығы шектелген спондилопатиялар М45 - М49 15-тарау. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары 63 Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің аурулары N00 - N99 16-тарау. Туа біткен ауытқулар (даму), деформациялар және хромосомалық бұзылулар 64 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q20 - Q28 65 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q30 - Q34 66 Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q38 - Q45 67 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы жыныс мүшелерінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері) Q50 - Q56 68 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму) Q60 - Q64 69 Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) және декомпенсация немесе өршу сатысындағы сүйек-бұлшықет жүйесінің қисаюлары Q65 - Q79 70 Декомпенсация немесе өршу сатысындағы басқа да туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) Q80 - Q89 17-тарау. Жарақаттар, улану және сыртқы себептер әсерінің басқа да салдары 71 Ауыстырып салынған ағзалар мен тіндердің өлуі және қабылданбауы Т86 Ескертпе: осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі-ПМБ) бар адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі ПБЗ тұтынумен байланысты ПМБ бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне қолданылады.
Басқа 2. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-203/2020 Бұйрыққа 2-қосымша Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтатудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Динамикалық байқау, оның ішінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулары бар науқастарды диагностикалық зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату тәртібі
2-тарау. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату тәртібі
Тармақ 3
3. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау созылмалы ПМБ ағымының өршуі мен нашарлауының алдын алу мақсатында жүзеге асырылады, оған: емдеу-диагностикалық іс-шаралар, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлей отырып оңалту әлеуетін айқындау, қоғамдық қауіпті іс-қимылдың алдын алу кіреді.
Тармақ 4
4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқауды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психиатриялық бейіндегі дәрігерлер жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. ПМБ бар адамды динамикалық байқауға алу өлшемшарттарын белгілеу кезінде психиатриялық бейіндегі дәрігер мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) пациентті оған динамикалық байқауды жүзеге асыру қажеттігі, қарап-тексерулерді, зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізу тізбесі, көлемі, кезеңділігі, байқау мерзімдері туралы хабардар етеді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ПМБ бар адамның динамикалық байқауға алу туралы жазбаша келісімі болған жағдайда, оған динамикалық байқау белгіленеді;
Тармақша 3
3) ПМБ бар адам немесе оның заңды өкілі динамикалық байқауды өз еркімен алудан бас тартқан жағдайда, оның немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз динамикалық байқауды белгілеу мәселесін шешу үшін адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) отырысына жіберіледі;
Тармақша 4
4) ПМБ бар адамды динамикалық байқауға алу кезінде бастапқы қарап-тексеруді жүргізеді, динамикалық байқау тобын, қарап-тексеру кезеңділігін, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды, жеке тәсілді ескере отырып, емдеудің жеке жоспарын, оңалтудың жеке бағдарламасын және басқа да іс-шараларды жасайды, деректер «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын нысанындағы электрондық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – ЭАЖ) енгізіледі;
Тармақша 5
5) мерзімді қарап-тексеруді және диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін, бейінді мамандардың қорытындылары мен ұсынымдарын бағалауды жүргізеді;
Тармақша 6
6) қажет болған кезде түзетулер енгізе отырып, емдеу, оңалту (абилитациялық) іс-шараларының тиімділігін мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) тиісті көрсетілімдер болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптамаға, медициналық-әлеуметтік оңалтуға, стационарды алмастыратын, стационарлық, оның ішінде мәжбүрлеп емдеуге жіберу құжаттары мен жолдаманы ресімдейді;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтаудың бейінді мамандарының консультациясына, қажетті зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауларға, психологтың қарап-тексеруіне, клиникалық және әлеуметтік көріністерге сәйкес әлеуметтік қызметкер мен өзге де мамандардың консультациясына жібереді;
Тармақша 9
9) тұрғылықты жері бойынша ПМБ бар адамға барады;
Тармақша 10
10) медициналық-әлеуметтік көмек көрсету деңгейлерінің, шарттары мен түрлерінің сабақтастығын жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. ПМБ бар адамды динамикалық байқау кезінде психолог мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) психологиялық консультация беруді, эксперименттік-психологиялық зерттеп-қарауды (зерттеуді), психокоррекцияны, жеке және топтық тренингтерді жүргізеді;
Тармақша 2
2) пациенттерге және олардың туыстарына жеке, кәсіби және тұрмыстық психологиялық проблемаларды шешуде көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) емдеудің жеке жоспарын, оңалтудың жеке бағдарламасын жасауға және басқа да іс-шараларға қатысады;
Тармақша 4
4) ПМБ бар адамдар мен олардың туыстары үшін психогигиена және салауатты өмір салты мәселелері бойынша әңгімелесулер, дәрістер, семинарлар өткізеді.
Тармақ 8
8. ПМБ бар адамды динамикалық бақылау кезінде әлеуметтік қызметкер мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ПМБ бар адамға және оның жақын туыстарына өз мұқтажын және әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындауға көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен шарттарын оны көрсетудің талаптары мен жалпы қағидаттарына сәйкес айқындайды;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Тармақ 9
9. ПМБ бар адамды динамикалық байқау кезінде мейірбике мынадай іс - шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тұрғылықты жері бойынша ПМБ бар адамның патронажы;
Тармақша 2
2) медициналық құжаттаманы толтыру;
Тармақша 3
3) ПМБ бар адамды мерзімді тексеріп-қарау және тағайындалған зерттеп-қараулардан, емделуден, мамандардың консультацияларынан және емдеу жоспарына, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес басқа да іс-шаралардан өтуін бақылау;
Тармақша 4
4) қарап-тексеру нәтижелерін, зерттеп-қарау деректерін, бейінді мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, пациенттің күнделігін жүргізуге үйрету (заңды өкілі, жақын туысы тарапынан өзін-өзі бақылау немесе бақылау);
Тармақша 5
5) ПМБ бар адамдар мен олардың туыстары үшін психогигиена және салауатты өмір салты мәселелері бойынша әңгімелесулер, дәрістер, семинарлар өткізу.
Тармақ 10
10. Динамикалық байқаудағы ПМБ (F00-F99) бар барлық адамдарды дәрі-дәрмекпен, оның ішінде тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру учаскелік психиатр дәрігердің ұсынымы бойынша ДКК шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату және есептен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) динамикалық психиатриялық байқау топтарындағы ПМБ бар адамдарға динамикалық байқау көрсету үшін кемінде 12 ай есепке алу өлшемшарттарының болмауы, ремиссия мерзімі динамикалық наркологиялық байқау тобы үшін белгіленген динамикалық байқау мерзімінен 3 жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыға отырып, тұрақты тұратын жерінің өзгеруі. Пациенттің Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, ЭАЖ-дегі деректерді өзгерте отырып, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін тиісті аумақтық ұйымға бекітуді өзгерту жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) 12 айдың ішінде орналасқан жері туралы нақты мәліметтердің болмауы (учаскелік полиция инспекторының рапортымен және учаскелік мейіргердің патронажымен екі айда кемінде 1 рет расталады);
Тармақша 4
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес бекітілген № 045/е нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәліктің негізінде және (немесе) бекітілген халық тіркеліміндегі деректермен расталған өлім;
Тармақша 5
5) динамикалық психиатриялық байқаудың екінші тобында есепте тұрған F20 «Шизофрения» диагнозы бар адамдар: динамикалық байқауға алынған сәттен бастап 12 ай ішінде мүгедектік тобы анықталмаған жағдайда;
Тармақша 6
Тармақ 13
13. Динамикалық байқаудан алынған ПМБ бар адамдар туралы мәліметтер контингенттен шығарылады, бірақ статистикалық көрсеткіштерді есептеу үшін ПМБ бар адамдарды есепке алу жөніндегі ЭАЖ-да сақталады.
Тармақ 14
14. ДКК шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек ЭЦҚ-мен расталған ДКК мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 2-1. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына 1-қосымша Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі № Ди­на­ми­ка­лық бай­қау то­бы ПМБ бар адам­дар­ды ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алу өл­шем­шар­тта­ры Бай­қау мер­зім­ді­лі­гі ПМБ бар адам­ды бас­қа топ­қа ауы­сты­ру өл­шем­шар­тта­ры ПМБ бар адам­ды ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уды тоқ­та­ту өл­шем­шар­тта­ры 1 2 3 4 5 6 1 Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 1-то­бы Пси­хи­ка­лық жай-күйі бой­ын­ша әле­умет­тік-қа­уіп­ті әре­кет­тер­ге бей­ім, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға қа­ты­сты жы­ны­стық си­патта­ғы зор­лық-зомбы­лық әре­кет­те­рін жа­сау тәу­е­ке­лі бар, сон­дай-ақ есі дұ­рыс емес күй­де аса қа­уіп­ті әре­кет­тер­ді жа­са­ған және сот ше­ші­мі­мен ам­бу­ла­то­ри­я­лық мәж­бүр­леп ем­деу тү­рін­де­гі ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры анық­тал­ған адам­дар. ай­ы­на ке­мін­де бір рет осы жол­дың 3-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген ен­гі­зу өл­шем­шар­тта­ры­ның бол­мауы, ке­мін­де 12 ай ЭАЖ-да «са­уы­ғу, тұ­рақ­ты жақ­са­ру» деп көр­се­те оты­рып, 3-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өл­шем­шар­ттар­дың бол­мауы, ке­мін­де 12 ай; қыз­мет көр­се­ті­ле­тін аумақ­тан тыс жер­лер­ге ба­ру ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рін өзгер­ту; ЭАЖ-да «мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы» деп көр­се­те оты­рып, учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты­мен және учас­ке­лік мей­ір­гер­дің екі ай­да ке­мін­де 1 рет па­т­ро­на­жы­мен рас­тал­ған 12 ай ішін­де ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы нақ­ты мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы; «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес бе­кі­ті­л­ген № 045/е ны­са­ны бой­ын­ша қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық ку­ә­лік негі­зін­де және (неме­се) ЭАЖ-да «өлім» деп көр­се­те оты­рып, бе­кі­ті­л­ген ха­лық тір­ке­лі­мін­де­гі де­ректер­мен рас­тал­ған өлім; сон­дай-ақ ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2-то­бын­да есеп­те тұр­ған «Ши­зо­фре­ния» F20 ди­а­гно­зы бар адам­дар үшін: ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алын­ған сәт­тен ба­стап 12 ай ішін­де мү­ге­дек­тік то­бы бел­гі­лен­бе­ген жағ­дай­да. 2 Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2-то­бы ПМБ бар, оның ішін­де F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ қо­с­па­ған­да пси­хи­ка­лық ау­руы бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі бар деп та­ны­л­ған адам­дар; анық­тал­ған­нан кей­ін бір жыл бойы F20 «Ши­зо­фре­ния» ди­а­гно­зы бар адам­дар (бұл рет­те мү­ге­дек­ті­гі бар адам деп та­ны­л­ған жағ­дай­да ол ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2- то­бын­да бай­қа­удан өту­ді жал­ға­сты­ра­ды) 3 2А – пси­хо­ти­ка­лық симп­то­ма­ти­ка­ның жиі және ай­қын ас­қы­ну­ла­ры, д-еком­пен­са­ци­я­ла­ры бар, те­гін ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­деу шең­бе­рін­де пси­хо­фар­ма­ко­те­ра­пи­я­ны қа­жет ете­тін адам­дар, оның ішін­де F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ бар адам­дар үш ай­да ке­мін­де бір рет 4 2Б – жай-күйі тұ­рақ­тан­ған, ор­та­ша про­гре­ди­ент­ті про­цесс ағы­мы және аяқ асты­нан бо­ла­тын ре­мис­си­я­ла­ры бар адам­дар. ал­ты ай­да ке­мін­де бір рет 5 Ди­на­ми­ка­лық нар­ко­ло­ги­я­лық бай­қау то­бы 1) Сот ше­ші­мі бой­ын­ша мәж­бүр­леп ем­деу үшін бө­лім­ше­лер­ге жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 2) Сот-нар­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның қо­ры­тындысы негі­зін­де сот ше­ші­мі бой­ын­ша ем та­ғай­ын­дал­ған адам­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 3) Ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 4) Ста­ци­о­нар­лық ем­деу жағ­дай­ын­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан пси­хо­ти­ка­лық бұ­зы­лу­шы­лық­ты ба­стан ке­шір­ген­нен кей­ін ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 5) Әле­умет­тік қа­уіп­ті әре­кет­тер­ге бей­ім адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 6) Уа­қыт­ша бей­ім­деу және де­ток­си­ка­ция ор­та­лық­та­ры­на 6 ай ішін­де екі рет ор­на­ла­сты­ры­л­ған адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ; 7) Ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға өз ер­кі­мен ке­лі­сім бер­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ. тұл­ға­ның же­ке ерекше­лік­те­ріне және ау­ру­дың ағы­мы­на бай­ла­ны­сты жы­лы­на ке­мін­де ал­ты рет ЭАЖ-да «са­уы­ғу, тұ­рақ­ты жақ­са­ру» деп көр­се­те оты­рып, ре­мис­сия мер­зі­мі бел­гі­лен­ген ди­на­ми­ка­лық бай­қау мер­зі­мі­нен 3 жыл­дан кем емес; қыз­мет көр­се­ті­ле­тін аумақ­тан тыс жер­лер­ге ба­ру ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рін өзгер­ту; ЭАЖ-да «мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы» деп көр­се­те оты­рып, учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты­мен және учас­ке­лік мей­ір­гер­дің екі ай­да ке­мін­де 1 рет па­т­ро­на­жы­мен рас­тал­ған 12 ай ішін­де ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы нақ­ты мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы; «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес бе­кі­ті­л­ген № 045/е ны­са­ны бой­ын­ша қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық ку­ә­лік негі­зін­де және (неме­се) ЭАЖ-да «өлім» деп көр­се­те оты­рып, бе­кі­ті­л­ген ха­лық тір­ке­лі­мін­де­гі де­ректер­мен рас­тал­ған өлім.
Басқа 2-2. Динамикалық байқауды жүргізуге жазбаша келісім/бас тарту бланкісі
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына 2-қосымша Динамикалық байқауды жүргізуге жазбаша келісім/бас тарту бланкісі Мен, _____________________________________________ ЖСН __________________ (Мен, баланың/күтім жасалатын адамның __________________ЖСН __________________ата-анасы (қамқоршысы)) _______________________________________мекенжайы бойынша тұрамын, наркологиялық аурудың (диагноз: _________________) болуына байланысты медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілер және және динамикалық байқаудан бас тартудың ықтимал салдары туралы хабардар болдым. Мен, ________________ (Мен, _______________________ баланың/күтім жасалатын адамның ____________ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқаудан бас тартамын. Мен, ________________ (Мен, _______________________ баланың/күтім жасалатын адамның ____________ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқауға келісемін және динамикалық байқау жүргізу қағидалары, қарап-тексерулерді өткізу кезеңділігі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, байқау мерзімдері туралы хабардар болдым. Қолы Күні
Басқа 3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-203/2020 Бұйрыққа 3-қосымша Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін затты (бұдан әрі – ПБЗ) тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады
Тармақша 1
1) есірткі құралдары – «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулері бар 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи текті заттар;
Тармақша 2
2) мас болу жағдайы – ПБЗ-ның жіті уыттануы салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй;
Тармақша 3
3) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру (бұдан әрі – медициналық куәландыру) – психикалық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін есірткілік, алкогольдік масаң күйде болу жағдайын және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттардан масаң күйде болу жағдайын анықтау мақсатында адамды зерттеп-қарау;
Тармақша 4
4) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 5
5) психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да есеңгірететін заттар);
Тармақша 6
6) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
Тармақ 3
3. Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберу «Масаң күйді куәландыруға жiберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 650 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36770 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі
2-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру мемлекеттік медициналық ұйымдарда жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдік адамдар, сондай-ақ қоғамдық орында, жұмыста масаң күйдегі не көлік құралын басқаратын азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздерде медициналық куәландыруға жатады. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтауды тәулік бойы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен психиатр дәрігер немесе психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласында қосымша білім алған басқа мамандықтардың медицина қызметкері жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Медициналық куәландыруды жүргізу алдында медицина қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттармен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттармен танысып, медициналық куәландыруға жіберілген немесе келген адамды сәйкестендіруді жүзеге асырады. Медициналық куәландыру қорытындысында куәландырушы адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін құжаттар болмаған кезде (бұдан әрі – Қорытынды) жіберген адамның немесе куәландырылатын адамның сөздерінен паспорттық деректерді алу туралы міндетті түрде көрсете отырып, адамның ерекше белгілері көрсетіледі. Қорытынды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттардың немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттардың болмауы куәландырудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Медициналық куәландыруға жіберілген адамның жеке басын анықтау медицина қызметкерінің құзыретіне кірмейді.
Тармақ 8
8. Медициналық куәландыру мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымында шұғыл медициналық көмек көрсетуге мұқтаж адамдарды қоспағанда, барлық жеткізілген және жүгінген адамдарға жүргізіледі. Мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымында адамды ауыр, ес-түссіз күйде жеткізу кезінде ПБЗ-ны пайдалануға байланысты жай-күйді анықтау үшін екі рет (30-60 минут аралықпен), организмнің биологиялық сұйықтықтарында ПБЗ-ның (қан, несеп, сілекей) болуына сандық зерттеу жүргізіледі. Биологиялық ортаның осы үлгілері зерттеп-қарау жүргізілген медициналық ұйымда олардың сақталуына кепілдік беретін қажетті шарттарды сақтай отырып, алынған күннен бастап күнтізбелік 25 күннің ішінде сақталады. Жеке тұлға ауыр, ес-түссіз күйде денсаулық сақтау ұйымына жеткізілген кезде медициналық көмек көрсету сәтінде науқастың медициналық картасына клиникалық зерттеп-қарау және биологиялық үлгілерді зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жеке тұлғада мас болу жай-күйінің болуы (болмауы) немесе ПБЗ пайдалану фактісі туралы жазба жасалады, бұл ретте Қорытынды жасалмайды.
Тармақ 9
9. Қорытындының негізі психикалық және соматоневрологиялық жағдайды кешенді бағалау түріндегі клиникалық зерттеп-қарау деректері болып табылады. Биологиялық ортаға зертханалық зерттеу немесе экспресс-тестілеу жүргізу (алкогольдік мас болуға күдік болған кезде қан немесе несеп, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болуға күдік болған кезде несеп) мынадай жағдайларда қажет болып табылады:
Тармақша 1
1) куәландырылушының жай-күйінің ауырлығына байланысты толық куәландырудың мүмкін еместігі;
Тармақша 2
2) медицина қызметкері мас күйін (психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылуларды) кешенді бағалауда күмәні болған жағдайда;
Тармақша 3
3) куәландырылушы Қорытынды нәтижелерімен келіспеген жағдайларда;
Тармақша 4
4) қайта куәландыру;
Тармақша 5
5) ПБЗ қолдану фактісі анықталған кезде және масаң жай-күй белгілері (психикалық, мінез-құлық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар) болмаған кезде;
Тармақша 6
6) жол-көлік оқиғасы немесе зардап шеккен адамдардың қатысуымен құқық бұзушылық жасалған кезде;
Тармақша 7
7) егер жол-көлік оқиғасы және құқық бұзушылық жасалған кезден бастап зардап шегушілерсіз 3 (үш) сағаттан астам уақыт өтсе.
Тармақ 10
10. Биологиялық сынамаларды жүргізудің сипаты мен дәйектілігін куәландырылушының клиникалық жай-күйінің ерекшеліктеріне байланысты куәландыру жүргізетін медицина қызметкері айқындайды. Зертханалық зерттеу үшін іріктелген биологиялық сынамаларды мөрлеу және заттаңбалау куәландырылушының және куәландырылушыны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен жүргізіледі. Егер куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды объективті бағалай алмаған жағдайда, бұл рәсім куәгерлердің (мүдделі емес адамдардың) қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Медициналық куәландыру жүргізу кезінде алкогольді тұтыну фактісін және алкогольден мас болу жай-күйін анықтау үшін алкогольге шығарылған ауаны сандық зерттеу жүргізіледі. Шығарылатын ауаны алкогольдің болуына зерттеу «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасында ресми тіркелген техникалық өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Егер психикалық және (немесе) соматоневрологиялық бұзылуларға немесе оны куәландырудан бас тартуға байланысты куәландыруды толық көлемде жүргізу мүмкін болмаса, Қорытындыда куәландыруды толық көлемде жүргізудің мүмкін еместігінің себептері көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Адам медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда, медицина қызметкері Қорытындының 1-тармағын толтырады және куәгерлердің (мүдделі емес адамдардың) қолдарын қояды. Куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды бағалай алмайтын немесе медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда куәгерлердің (мүдделі емес адамдардың) қатысуын олардың бастамасы бойынша куәландыру жүргізілетін адамдар қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Медицина қызметкері Қорытынды жасаған кезде және адам куәландыруды жүргізуге келіскен кезде қолда бар клиникалық және (қажет болған жағдайда) зертханалық деректердің не масаңдық тудырған психикаға белсенді әсер ететін заттың түрін растайтын экспресс-тестілеу нәтижелерінің негізінде мынадай жағдайлардың бірін белгілейді:
Тармақша 1
1) байсалды;
Тармақша 2
2) ПБЗ қолдану фактісі, мас болу белгілері анықталмаса;
Тармақша 3
3) алкогольдік масаңдық (жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі);
Тармақша 4
4) ПБЗ (есірткі – апиындар, каннабиоидтар, кокаин; седативті, ұйықтататын заттар; психостимуляторлар; галлюциногендер; ұшпа еріткіштер) қолданудан туындаған масаң күй (есірткілік, уытқұмарлық).
Тармақ 14
14. Қорытынды 3 (үш) данада жасалады, медицина қызметкерінің қолымен және куәландыру жүргізілген медициналық ұйымның мөрімен расталады. Бір данасы куәландырылушыны жеткізген адамға не куәландыруға өз бетінше келген адамға беріледі, екінші данасы медициналық ұйымда қалады және 5 (бес) жыл бойы мұрағатта сақталады, үшінші дана медициналық куәландыруға жеткізілген адамға беріледі. Алып жүруші болмаған кезде қорытындының данасы медициналық куәландыруға жіберген адамның ресми жазбаша сұрау салуы бойынша поштамен немесе көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.
Тармақ 15
15. Куәландыру нәтижелері куәландырылатын адамға оны жіберген және (немесе) жеткізген адамның қатысуымен дереу хабарланады. Қорытынды зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін шығарылған жағдайларда Қорытындының данасы зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Куәландырылатын адам не оны жеткізген лауазымды адам медициналық куәландыру нәтижелерімен келіспеген кезде қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Қайта медициналық куәландыру куәландырылушының не оны жіберген және (немесе) жеткізген лауазымды адамның куәландыруға жүгінудің мән-жайлары баяндалған жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Қайта медициналық куәландыруды медициналық ұйымның дәрігері алғашқы куәландырудан кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыруды тіркеу журналында (бұдан әрі-Журнал) және мамандандырылған ақпараттық жүйеде болған кезде тіркеледі. Журнал нөмірленеді, тігіледі және медициналық ұйымның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Басқа 3-1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына 1-қосымша Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы Осы факт бойынша куәландыру бастапқы, қайталама (қажеттісінің астын сызу). 1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________________________________________________________ Жасы (туған жылы)___________________________________________________ Жеке басын растайтын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (болған кезде) ____________________________________________________________________ Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________ Кім және қашан куәландыруға жіберді (нақты уақыты) немесе өзі жүгінді ____________________________________________________________________ Куәландыру күні және нақты уақыты ____________________________________________________________________ Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер, мейіргер) ____________________________________________________________________ 2. Куәландырудың себебі: ____________________________________________________________________ 3. Куәландырылушының сыртқы түрі: ____________________________________________________________________ 4. Мінез-құлық: шиеленісті, жабық, тітіркенген, қозған, агрессивті, эйфориялық, сөйлейтін, мазасыз, тұрақсыз көңіл-күй, ұйқышылдық, тежелген, өзінің жағдайына шағымдар, тыныш (қажеттісінің астын сызу) ____________________________________________________________________ 5.  Сананың жай-күйі, орынға, уақытқа, жағдайға және жеке тұлғаға бағдарлау ____________________________________________________________________ 6. Сөйлеу қабілеті: сөйлеудің байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеу _______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 7. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері жабындарының, көздің, тілдің шырышты қабықтарының жай-күйі, тершеңдік, сілекейдің ағу) _________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тыныс алу: жылдам, баяу ______________________________________________ Пульс_________________________ артериялық қысым _____________________ Көз қарашықтары: тарылған, кеңейтілген, жарыққа реакция ____________________________________________________________________ Жан-жағына қараған кездегі нистагм_____________________________________ 8. Қозғалу аясы ______________________________________________________ Мимика: енжар, жанды ________________________________________________ Жүру (теңселу, жүру кезінде аяқтың жан-жаққа кетуі), бұрылу арқылы жүру (бұрылу кезінде теңселу)_______________________________________________ Ромберг позасындағы тұрақтылық_______________________________________ Дәл қозғалысы (монетаны еденнен көтеру, саусақ-мұрын сынамасы) ____________________________________________________________________ Қабақтың, тілдің, саусақтардың дірілдеуі _________________________________ 9. Нейропсихиатриялық аурулардың, мидың органикалық зақымдануы, физикалық шаршау белгілері бар ма. Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен) Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 10. Алкогольді, психикаға заттарды соңғы қолдану туралы мәліметтер: субъективті, объективті (құжаттар бойынша, сөздер бойынша) ____________________________________________________________________ 11. Алкогольдің иісі __________________________________________________ 12. Шығарылатын ауада және организмнің биологиялық ортасында алкогольдің болуы: а) ауа аспапта зерттелді ________________________________________________ Зерттеу уақыты мен нәтижелері _________________________________________ қайта зерттеу ________________________________________________________ б) биологиялық орта (орталар) (несеп, сілекей, қан) зерттелді ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________ әдістері ______________________________ сынама алу уақыты ____________________________________________________________________ Зерттеу уақыты мен нәтижелері ____________________________________________________________________ 13. Медициналық тексеріп-қараудың немесе ұсынылған құжаттардың басқа да деректері ____________________________________________________________ 14 Қорытынды (куәландырылушының жай-күйі gсихикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жай-күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының 13-тармағында көзделген тұжырымдамаларда сараланады): _______________________________________ ____________________________________________________________________ Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің қолы ____________________________________________________________________ Куәландыру нәтижесімен таныстым ____________________________________________________________________ (куәландырылатын адамның қолы) Куәландыру нәтижелерімен таныстым, бірақ қол қоюдан бас тарттым ____________________________________________________________________ Медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы Куәгерлер (мүдделі емес адамдар) (куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды бағалай алмаған және (немесе) медициналық куәландырудан және (немесе) танысудан және (немесе) қол қоюдан бас тартқан жағдайда): 1. _________________________________________________ қолы 2. _________________________________________________ қолы 📌 Ескертпе. Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес куәландырылатын адам не оны жеткізген лауазымды адам медициналық куәландыру нәтижелерімен келіспеген кезде қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.
Басқа 3-2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды тіркеу журналы
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидаларына 2-қосымша Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды тіркеу журналы
Тармақ 1
1. р/с №
Тармақ 2
2. Куәландыру жүргізу күні, уақыты
Тармақ 3
3. Куәландырылушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Тармақ 4
4. Туған жылы (жасы)
Тармақ 5
5. Тұрғылықты жері
Тармақ 6
6. Куәландырылушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы және нөмірі
Тармақ 7
7. Жұмыс орны және лауазымы
Тармақ 8
8. Қашан, кім куәландыруға жіберді
Тармақ 9
9. Жеткізген тұлға құжатының сериясы, нөмірі, ресми жолдаманың нөмірі
Тармақ 10
10. Куәландыруға жіберу себебі
Тармақ 11
11. Куәландырудан бас тарту туралы белгі
Тармақ 12
12. Осы факт бойынша куәландыру бастапқы, қайталама болып табылады.
Тармақ 13
13. Актінің нөмірі және куәландыру нәтижесі
Тармақ 14
14. Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
Басқа 4. Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-203/2020 Бұйрыққа 4-қосымша Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 156-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын медициналық түзету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адам - қарама-қайшы жыныстағы адам ретінде өмір сүруге және қабылдануға ұмтылатын адам;
Тарау 2. 2. Жынысын ауыстыру үшін жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдарды медициналық куәландырудан өткізу тәртібі
2. Жынысын ауыстыру үшін жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдарды медициналық куәландырудан өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жыныстық сәйкестендірудің бұзылулары бар, жиырма бір жасқа толған, әрекетке қабілетті, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар (бұдан әрі – ПМБ) адамнан басқа, жынысына медициналық түзету жүргізуді қалайтын адам (бұдан әрі – куәландырылатын адам) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға (бұдан әрі-медициналық ұйым) жазбаша өтініш береді.
Тармақ 4
4. Психиатр дәрігер жынысын медициналық түзетуге қарсы көрсетілімдер болып табылатын ПМБ анықтау мақсатында куәландырылатын адамның қолда бар құжаттарын қарап-тексеруді және зерделеуді жүргізеді.
Тармақ 5
5. Психиатр дәрігер куәландырылатын адамның психикалық жай-күйіне күмән болған кезде оны Кодекстің 138-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында Медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық ұйымға стационарлық зерттеп-қарауға жібереді.
Тармақ 6
6. Жынысын ауыстыруға қарсы көрсетілімдер болып табылатын ПМБ болмаған кезде психиатр дәрігер куәландырылатын адамды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жынысын ауыстыруды жүргізуге ниет білдірген адамның медициналық куәландырудан өтуі үшін қажетті медициналық зерттеп-қарауға сәйкес медициналық зерттеп-қараудан өтуге тұрғылықты жері бойынша емханаға жібереді.
Тармақ 7
7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық зерттеп-қараудан өткеннен кейін психиатр дәрігер куәландырылатын адамды медициналық ұйымның басшысы бекітетін комиссияға медициналық куәландыруға жібереді. Куәландырылатын адам сондай-ақ гормондық алмастыру терапиясын жүргізгеннен кейін де комиссияның медициналық куәландыруына жіберіледі.
Тармақ 8
8. Жынысын ауыстыруды жүргізуге ниет білдірген адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамына мынадай мамандар енгізіледі:
Тармақша 1
1) психиатрдың үш дәрігері, олардың біреуі сексопатология саласында арнайы білімге ие,
Тармақша 2
2) уролог,
Тармақша 3
3) гинеколог,
Тармақша 4
4) терапевт,
Тармақша 5
5) эндокринолог,
Тармақша 6
6) психолог.
Тармақ 9
9. Комиссияны психиатр дәрігерлердің қатарынан медициналық ұйымның басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссия хатшысын психиатр дәрігерлердің қатарынан комиссия төрағасы тағайындайды.
Тармақ 10
10. Комиссияның құзыретіне мынадай қорытындылардың бірін шығара отырып, мәселелерді қарау жатады:
Тармақша 1
1) гормондарды алмастыру терапиясын жүргізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы;
Тармақша 2
2) жынысты хирургиялық түзетуді жүргізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы;
Тармақша 3
3) жынысын ауыстырғысы келетін адамға қосымша зерттеп-қараулар жүргізу туралы.
Тармақ 11
11. Куәландырудан өткен жынысын ауыстырғысы келген адамға мыналар бас тарту үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) жіті және (немесе) созылмалы ПМБ болуы;
Тармақша 2
2) генетикалық және (немесе) хромосомалық ауытқулардың болуы;
Тармақша 3
3) куәландырылатын адамның өмірі және (немесе) денсаулығы үшін қауіпті болатын соматикалық ерекшеліктердің, жынысын ауыстыру процесінде асқынулардың болуы;
Тармақша 4
4) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралардың бірінші кезеңінің теріс нәтижелері.
Тармақ 12
12. Комиссия қорытындысын Комиссия хатшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) данада ресімдейді және оған төраға мен Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Жынысын ауыстырудың бірінші немесе екінші кезеңі басталар алдында Комиссия қорытындысының қолданылу мерзімі осы кезеңде осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген аурулар болмаған кезде 6 (алты) айдан аспайды.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорытындының 2 (екі) данасын куәландырылатын адамға береді. Комиссия қорытындысын беру туралы жазба осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдарды медициналық куәландыру жүргізу туралы берілген қорытындыларды есепке алу журналында тіркеледі. Қорытындының үшінші данасы медициналық ұйымда сақталады.
Тармақ 14
14. Комиссияның қорытындысына байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.
Тарау 3. 3. Жыныстық сәйкестендіру бұзылушылықтары бар адамдардың жынысын ауыстыруды жүргізу тәртібі
3. Жыныстық сәйкестендіру бұзылушылықтары бар адамдардың жынысын ауыстыруды жүргізу тәртібі
Тармақ 15
15. Жынысты ауыстыру жүргізу комиссияның оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Жынысты медициналық түзету гормондық алмастыру терапиясынан (бұдан әрі – бірінші кезең) және жынысты хирургиялық түзетуден (бұдан әрі – екінші кезең) тұрады.
Тармақ 17
17. Жынысты ауыстыру (гормондық алмастыру терапиясы және жынысты хирургиялық түзету) қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жынысын ауыстыруды жүргізу кезінде гормондық алмастыратын терапия Кодекстің 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Жынысты ауыстыруды жүргізу кезінде хирургиялық түзету Кодекстің 138-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және Урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 4-1. Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдардың медициналық куәландырудан өтуі үшін қажетті медициналық зерттеп-қараулар
Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларына 1-қосымша Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдардың медициналық куәландырудан өтуі үшін қажетті медициналық зерттеп-қараулар 1. Жалпы клиникалық қан мен несеп талдауы. 2. Вассерман реакциясына (ВР), АИТВ инфекциясына қанның талдауы. 3. Қанның биохимиялық талдауы (бауыр сынамалары, ақуыз фракциялары). 4. Екі проекциядағы бас сүйегінің суреті. 5. 17-кетостероидтар, жалпы эстрогендер, тестостерон (Т), пролактин (ПРЛ), лютеинизациялайтын гормон (ЛГ), фолликулды ынталандыратын гормон (ФЫГ). 6. Кариотипті, генетикалық жиынтықты анықтау. 7. Психиатр дәрігердің (сексопатологтың) қорытындысы. 8. Эндокринологтың қорытындысы. 9. Психологтың қорытындысы.
Басқа 4-2. Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның қорытындысы
Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларына 2-қосымша Ұйымның мөртабаны Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның қорытындысы __________________________________________ жанынан медициналық ұйымның атауы, мекенжайы Азамат ___________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса),туған күні, айы, жылы Мына мекенжайда тұратын: _________________________________________________________________ Қорытынды: ______________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Ұсыным: _________________________________________________________ Күні: 20__ жылғы «__» ___________ Төраға _______________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) қолы хатшы: ______________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) қолы
Басқа 4-3. Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдарға медициналық куәландыру жүргізу туралы берілген қорытындыларды есепке алу журналы
Жыныстық сәйкестендіру ауытқушылықтары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларына 3-қосымша Жынысын медициналық түзетуді жүргізуге тілек білдірген адамдарға медициналық куәландыру жүргізу туралы берілген қорытындыларды есепке алу журналы р/с № Жүгіну күні Куәландырылатын адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде) Туған күні Мекен-жайы Жүгіну бастапқы қайталаған 1 2 3 4 5 6 7 Қорытындының нәтижесі Қорытындыны берген күн Қорытындының № Қорытындыны алған адамның қолы Қорытындыны берген адамның қолы 8 9 10 11 12
Басқа 5. Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-203/2020 Бұйрыққа 5-қосымша Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 174-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, мәжбүрлеп емдеу ұйымынан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдардың қолдап (рецидивке қарсы) емдеуден өту тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту тәртібі
2-тарау. Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеуден өту тәртібі
Тармақ 2
2. Сот қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделгендер ретінде жазылғаннан басқа, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлеп емдеуге ұшыраған адамдардың қолдап емдеу (бұдан әрі – қолдап емдеу) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін аумақтық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. ПМБ бар адамдар Кодекстің 176-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін динамикалық байқау, сондай-ақ ПМБ бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына сәйкес динамикалық наркологиялық байқау тобында бақыланады.
Тармақ 4
4. Психиатр (нарколог) дәрігер ПМБ бар адамдарды қолдаушы емдеу кезінде емдеудің жеке жоспарын және оңалтудың жеке бағдарламасын жасайды.
Тармақ 5
5. Жеке емдеу жоспары және жеке оңалту бағдарламасы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) диагностикалық әдістер: организмнің биологиялық сұйықтықтарындағы және тіндеріндегі ПБЗ құрамын талдау, АИТВ-ға тестілеу, эксперименттік-психологиялық диагностика, өмір сапасы мен әлеуметтік жұмыс істеуін анықтау, клиникалық-биохимиялық диагностика, нейрофизиологиялық диагностика;
Тармақша 2
2) дәрі-дәрмекпен емдеу: психофармакотерапия, симптоматикалық терапия, коморбидтік патология терапиясы, апиынды рецепторлардың блокаторларын қолдану арқылы антагонистік терапия;
Тармақша 3
3) консультациялық әдістемелер: ПБЗ-ға тәуелді және бір-біріне тәуелді адамдарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік консультация беру;
Тармақша 4
4) тренингтік әдістемелер: қолдаушы рецидивке қарсы терапияны жалғастыруға уәждемелік тренингтер, бейімделу дағдылары мен стреске төзімділікті қалыптастыру бойынша, ПБЗ-ға тәуелділікке қайта тартуға психологиялық тұрақтылық қасиеттерін қалыптастыру бойынша;
Тармақша 5
5) психотерапиялық әдістер: ПБЗ-ға тәуелді адамдардың жеке және топтық психотерапиясы, ПБЗ-ға тәуелді, бұзылу жағдайындағы адамдардың жеке экспресс-психотерапиясы;
Басқа 5-1. Консультативтік байқау жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына 5-1-қосымша Консультативтік байқау жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы консультативтік байқау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және консультативтік байқау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) консультативтік байқау – психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдаланатын адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамды медициналық байқау;
Тармақша 2
2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдалану – тәуелділік синдромының белгілері жоқ физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық зардаптарға әкеп соққан медициналық емес мақсатта пайдалану.
Тарау 2. 2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі
2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі
Тармақ 3
3. Егер адам мамандандырылған көмексіз қалатын болса, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь мен темекіден басқа) зиянды тұтынған адамға және (немесе) аурудың даму немесе өршу тәуекелінің алдын алу мақсатында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға (ауыр, өзгемейтін сипат алған, асқынған ауыр белгілері жиі болатын созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылушылыққа немесе айқын әлеуметтік бейімделуге ауысуына) консультативтік байқау белгіленеді.
Тармақ 4
4. Консультативтік бақылау психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарды консультативтік бақылау топтарына, консультативтік бақылауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Консультативтік байқау психиатр дәрігердің тұрақты қарап-тексерулері арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
Тармақ 6
6. Психикалық жай-күйі өзгерген және/немесе байқаудан жалтарған кезде консультативтік байқаудағы адам куәландырудан өтеді және психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша динамикалық байқауға ауыстырылады.
Тармақ 7
7. Консультативтік байқаудағы адамдар туралы мәліметтер контингентке кірмейді және статистикалық есепке алу үшін электрондық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – ЭАЖ) тіркеледі.
Тармақ 8
8. Консультативтік байқаудан алу не динамикалық байқау тобына ауыстыру учаскелік психиатр дәрігердің ұсынымы бойынша дәрігерлік консультациялық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Консультативтік байқауда тұрған адамдар оң динамика болған және 12 ай ішінде аурудың қайталануы болмаған кезде консультативтік байқаудан алынады.
Тармақ 10
10. Консультативтік байқау кезінде психикалық денсаулық кабинетінің немесе бастапқы психикалық денсаулық орталығының психиатриялық бейіндегі дәрігері мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностикалық іс-шаралар;
Тармақша 2
2) клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеуді тағайындау (қажет болған жағдайда);
Тармақша 3
3) консультативтік байқау, сондай-ақ консультативтік байқауды тоқтату туралы мәселені шешу;
Тармақша 4
4) ПМБ бар адам туралы ақпаратты ЭАЖ-ға енгізу;
Тармақша 5
5) консультативтік байқауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ПМБ бар адамдарды зерттеп-қарауға және (немесе) емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға аумақтық психикалық денсаулық орталығына немесе «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберу (көрсетілімдер бойынша).
Тармақ 11
11. Консультативтік байқау кезінде психолог психикалық-профилактикалық іс-шараларды, психологиялық консультация беруді, эксперименттік психологиялық зерттеп-қарауды және психикалық түзетуді жүргізеді.
Басқа 5-1.1. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау топтары, консультативтік байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау, сондай-ақ консультативтік байқауды тоқтату қағидаларына қосымша Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау топтары, консультативтік байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі № Консультативтік байқау тобы Алу өлшемшарттары Байқау мерзімділігі Консультативтік байқауды тоқтату өлшемшарттары 1 2 3 4 5 1 Есірткі заттарын тұтынудан туындаған ПМБ бар адамдар, зиянды тұтынудан (АХЖ-10 коды F1x.1) Есірткі заттарын тұтынудан, зиянды тұтынудан туындаған ПМБ, 12 ай (алғашқы 6 айда – айына кемінде 1 рет, одан әрі тоқсанына кемінде 1 рет) Консультативтік байқаудың белгіленген мерзімінен 12 ай ішінде аурудың қайталануының болмауы 2 ПМБ бар – құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдар (АХЖ-10 коды F63.0) Құмар ойындарға патологиялық әуестік
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-203/2020 Бұйрыққа 6-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15519, 2017 жылғы 29 тамызда тіркелген).
Тармақ 2
2. «Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 187 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10843 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған).
Тармақ 3
3. «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарды есепке алу, қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5954 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2010 ж., № 1, 366-құжат; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2010 жылғы № 7 жарияланған).
Тармақ 4
4. «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарды есепке алу, қарау және емдеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 814 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1083 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13030 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 маусымда жарияланған»).