Об утверждении стандарта организации оказания паллиативной медицинской помощи взрослому населению в Республике Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мынадай:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8956 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 3 шілдеде № 129 (27750) жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №369 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10245 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 27 қарашасы № ҚР ДСМ-209/2020 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 126-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) амбулаториялық жағдай – тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін медициналық көмекті көрсетудің шарттары;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жақынынан айырылу кезінде қолдау көрсету (пациенттің қайтыс болуы) – жақын адам қайтыс болған кезеңде отбасы мен күтім жасаған адамдарға паллиативтік көмектің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтері шеңберінде психологиялық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) жоспарлы медициналық көмек – оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
Тармақша 5
5) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмектің нысаны;
Тармақша 6
6) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
Тармақша 7
7) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 8
8) өмір сапасы – науқастың субъективті қабылдауына негізделген оның физикалық, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қызметінің интегралдық сипаттамасы;
Тармақша 9
9) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топ (бұдан әрі - МПТ) – паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 10
10) паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде жазылмайтын ауру пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 11
11) паллиативтік медициналық көмек бөлімшесі (палатасы, төсек) – жазылмайтын ауру пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсететін көпбейінді немесе мамандандырылған аурухана құрамындағы бөлімше;
Тармақша 12
12) паллиативтік медициналық көмектің мобильдік бригадалары (бұдан әрі – МБ) - паллиативтік медициналық көмек көрсету жөніндегі көшпелі топтар;
Тармақша 13
13) стационарлық жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау, емдеуді, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы бақылау көздейтін «бір күннің» терапиясы және хирургиясы жағдайларында медициналық көмек көрсету жағдайлары;
Тармақша 14
14) стационарды алмастыратын жағдайлар - тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеу көзделетін медициналық көмек көрсету жағдайлары;
Тармақша 15
15) үйде көрсетілетін медициналық көмек - медицина қызметкерін, мобильдік бригаданы шақырған, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы кезінде, үйде (үйдегі стационар) емдеу ұйымдастырылған кезде көрсетілетін медициналық көмектің жағдайлары;
Тармақша 16
16) хоспис – ауыр және жазылмайтын аурулары бар (жағдайлар) пациенттерге, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдарға стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, рухани қолдау) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым;
Тармақша 17
17) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек нысаны.
Тармақ 3
3. Кодекстің 196 – бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде, (бұдан әрі-ТМККК) ерікті медициналық сақтандыру, ақылы негізде, қайырымдылық ұйымдарының қаражаты есебінен көрсетіледі. Паллиативтік медициналық көмек щеңберіндегі қызметтер осы Стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда, сондай-ақ үйде паллиативтік медициналық көмек «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ересек халыққа амбулаториялық-емханалық не стационарлық көмекке және (немесе) стационарды алмастыратын көмекке медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың штаты Кодекстің 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес бекітілген өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін төсектермен қамтамасыз ету 100 000 тұрғынға шаққанда кемінде 10 төсек көзделеді. Қызметкерлердің және медициналық бұйымдармен жарақтандырудың штаты Кодекстің 138-бабы 2-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
2-тарау. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 7
7. Паллиативтік медициналық көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Паллиативтік медициналық көмек ұйымдары аудандық және облыстық орталықтарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады.
Тарау 3. 3-тарау. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттері мен қызмет бағыттары
3-тарау. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттері мен қызмет бағыттары
Тармақ 9
9. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
Тармақша 1
1) ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);
Тармақша 3
3) жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;
Тармақша 5
5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.
Тармақ 10
10. Хосписте (бөлімшеде) және үйде пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкер мен психолог лауазымы көзделеді. Әлеуметтік қызметкер емдеуге жатқызуға жәрдемдесуді, пациенттерді медициналық ұйымдарға алып жүруді, пациенттің отбасы мүшелерін күтім негіздеріне оқытуды, медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды және жүргізуді, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беруді жүзеге асырады. Психолог әлеуметтік-психологиялық патронажды, пациенттерді және бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдауды, жақын адамы қайтыс болған кезеңдегі қолдауды, шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 11
11. Паллиативтік медициналық көмек аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оны көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және үздіксіз бақылау қағидаттарын сақтай отырып: дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойғы стационарда, медицина қызметкерін, МБ шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмек көрсететін дәрігер: қабылдауды, қарап-тексеруді, паллиативтік медициналық көмек жоспарын жасауды, оны көрсетуді, дәрілік заттарды жазып тағайындауды, емшаралар мен манипуляцияларды орындауды Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген денсаулық сақтау саласында есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Пациентке паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада МПТ құрылады. МПТ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), бейінді мамандар (онколог, фтизиатр, инфекционист), орта медицина қызметкері (орта медицина қызметкерлері), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді. МПТ құрамы медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі. МПТ пациенттің медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық зерттеп-қарау нәтижелерін зерделегеннен кейін оған паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша комиссиялық талқылау өткізеді және паллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша пациенттер мен медициналық ұйым мамандарына консультация береді, оның ішінде:
Тармақша 1
1) пациенттің физикалық және психологиялық жай-күйін бағалайды;
Тармақша 2
2) жеке жоспарды жасайды және түзетеді;
Тармақша 3
3) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және медициналық араласулар жүргізеді;
Тармақша 4
4) дәрілік препараттарды енгізу жоспарын айқындай отырып, олардың дозасын есептеу, оның ішінде клиникалық хаттамаларға сәйкес пациенттерге есірткілік емес, сондай-ақ құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттарды тағайындайды және қолданады;
Тармақша 5
5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізеді. МПТ дәрігері стационардан шығару кезінде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша стационардан шыққан адамның статистикалық картасын ресімдейді, онда жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдеу іс-шараларының көлемі және одан әрі бақылау мен емдеу, сондай-ақ үйде күтім жасау негіздері бойынша ұсынымдар көрсетіледі. Көшірменің электрондық нұсқасы бекітілген (нақты тұратын) жері бойынша МСАК ұйымына жіберіледі. Стационардан шығару, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек үшін көрсетілімдерді бастапқы белгілеу кезінде паллиативтік медициналық көмекті қажет ететін не алатын науқастар туралы ақпаратты бейінді маман немесе отбасылық дәрігер медициналық ұйымның медициналық ақпараттық жүйесіне енгізеді. Егер пациент бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс стационарлық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған немесе паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымда емделсе, құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алатын және үйде емдеуді жалғастыруды қажет ететін пациентке шығу кезінде ауру тарихынан үзінді көшірмемен бірге құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген) бекітілген Бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына сәйкес беріледі.
Тармақ 14
14. Стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жазылмайтын ауру пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін тәулік бойы бақылау жағдайында қолдаушы, ауырсынуға қарсы терапияны таңдау немесе түзету қажеттілігі;
Тармақша 2
2) тәулік бойы бақылау жағдайында аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу қажеттілігі;
Тармақша 3
3) амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда, оның ішінде үйде жүзеге асыру мүмкін болмайтын медициналық араласулар жүргізу қажеттілігі көрсетілімдер болып табылады.
Тармақ 15
15. Хоспис (бөлімше) жағдайында пациентке отбасы мүшелері мен күтім жасайтын адамдар тәулік бойы келе алады.
Тармақ 16
16. Науқастарды стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Амбулаториялық жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
5-тарау. Амбулаториялық жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 17
17. Отбасылық дәрігер бекітілген халық арасынан паллиативтік медициналық көмекті қажет ететін немесе алатын пациент туралы ақпаратты алғаннан кейін мыналарды:
Тармақша 1
1) жоспарлы баруды (үйдегі актив айына 1 рет);
Тармақша 2
2) паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригаданы уақтылы шақыруды;
Тармақша 3
3) көрсетілімдер болған кезде стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде паллиативтік медициналық көмекті уақтылы алуды ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) мүгедектікті одан әрі белгілеу үшін организм функциялары тұрақты бұзылған кезде бастапқы немесе қайталама куәландыру мақсатында медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарау жүргізу үшін құжаттарды ресімдеуді;
Тармақша 5
5) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізуді, деректерді ұйымның медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізуді жүзеге асырады. Үйде көмек алу қажет болған кезде МСАК медициналық ұйымына бекітілген және паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттен ұйымның медициналық ақпараттық жүйесінде өтінім тіркеледі. Өтінімді алғаннан кейін отбасылық дәрігер бару жеделдігінің маңыздылығын бағалайды. Жоспарлы қарап-тексеру кезінде отбасылық дәрігер пациенттің үйіне активпен баруды жүзеге асырады. Пациенттің үйіне жоспарлы баруды дәрігер айына кемінде 1 рет және орта медицина қызметкері кемінде 4 рет жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттерді емдеу үшін ауырсынуды және аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін тоқтатудың дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмектік емес әдістері қолданылады.
Тармақ 19
19. Паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж пациенттер емделмейтін науқас пациенттің ауыруын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдету үшін құрамында есірткі, психотроптық заттары бар дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдардың есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті лицензиялар және (немесе) қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру және қайта ресімдеу, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында Кодекстің 17-бабының 2) тармақшасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 20
20. Пациент құрамында есірткі психотроптық заттары бар дәрілік препараттарды үш айдан артық қабылдаған жағдайда МСАК дәрігері МБ қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі - ДКК) қарауына одан әрі ауырсынуға қарсы терапия жөніндегі мәселені шығарады.
Тармақ 21
21. Медицина қызметкерлері пациентті немесе оның заңды өкілдерін дәрі-дәрмектердің атауын, тағайындау үшін көрсетілімдерді, дозаны, сақтау жағдайларын, жанама әсерлер анықталған кездегі іс-қимылдарды қоса алғанда, препараттарды қабылдау тәртібі мен режимін сақтау бойынша, осы препаратпен емдеуді жалғастыру жағдайлары туралы, оған (оларға) шешім қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік бере отырып жүргізілген ем туралы хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Гистологиялық бекітілмеген диагноз кезінде қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберу пациентті бақылау және емдеу жүргізілетін медициналық ұйымның МБ және ДКК бірлескен шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Көрсетілімдер және пациенттің амбулаториялық деңгейде медициналық ұйымға өз бетінше бару мүмкіндігі болған кезде паллиативтік медициналық көмек қабылдауда немесе стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Пациенттің медициналық ұйымға өз бетінше бару мүмкіндігі болмаған кезде науқасқа үйде паллиативтік медициналық көмек көрсетіледі. Амбулаториялық деңгейде және үйде стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мыналар:
Тармақша 1
1) қолдаушы, ауырсынуға қарсы терапияны іріктеу немесе түзету;
Тармақша 2
2) аурудың ауыр көріністерін (жай-күйін) симптоматикалық емдеу;
Тармақша 3
3) дәрігерлік манипуляцияларды және мейіргерлік емшараларды жүргізу;
Тармақша 4
4) стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмекке арналған хоспистердің, бөлімшелердің (төсектердің) болмауы көрсетілімдер болып табылады.
Тармақ 25
25. Пациенттің жай-күйі нашарлаған, асқынулар туындаған кезде паллиативтік медициналық көмек көрсету МБ беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Мобильдік бригадалардың паллиативтік медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру тәртібі
6-тарау. Мобильдік бригадалардың паллиативтік медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 26
26. МБ амбулаториялық жағдайда және үйде паллиативтік (оның ішінде қашықтықтан) медициналық көмек көрсетуге арналған, кез келген медициналық ұйымдардың базасында қалыптастырылады және медициналық ұйымның ішкі бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 27
27. МБ шығуы МСАК ұйымының жұмыс сағаттарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, бригаданы пациентке қызмет көрсету орнына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін мамандандырылған немесе мамандандырылмаған автомобильді пайдалана отырып, дәрігерлік немесе фельдшерлік (мейіргерлік) бригадалар жүзеге асырады. МБ құрамына: дәрігер (дәрігерлер), орта медициналық қызметкер (орта медициналық қызметкерлер), психолог, медициналық ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы (әлеуметтік қызметкер) кіреді. МБ-ның бірінші шығуын дәрігер және (немесе) фельдшер өтінімді қабылдағаннан кейін бір тәулік ішінде мейіргердің алып жүруімен жүзеге асырылады. Пациенттің жай-күйінің ауырлығына және қажеттілігіне қарай осы өтініммен байланысты паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін кейінгі шақыруларды МБ жекелеген мүшелері жүзеге асырады. МБ жұмысы дәрігердің басшылығымен жүзеге асырылады. Шектеулі ресурстар жағдайында МБ ең төмен құрамына паллиативтік көмек бойынша тиісті даярлықтан өткен дәрігер (фельдшер) мен мейіргер кіреді. Паллиативтік көмектің тиімділігін арттыру мақсатында МБ-ға басқа медициналық мамандар, еріктілер тартылады.
Тармақ 28
28. МБ:
Тармақша 1
1) паллиативтік медициналық көмек көрсету, оның ішінде аурудың (жай-күйдің) ауыр көріністерін симптоматикалық емдеу және үйде медициналық араласулар жүргізуді;
Тармақша 2
2) пациентті жүргізудің жеке жоспарын жасау және науқастың жай-күйіне, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып мониторинг жүргізуді;
Тармақша 3
3) дәрілік препараттарды, оның ішінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар препараттарды (медициналық ұйымда және үйде) тағайындауды;
Тармақша 4
4) үйде қолдайтын, ауырсынуға қарсы терапияны таңдауды немесе түзетуді;
Тармақша 5
5) дәрігерлік араласулар мен мейіргерлік күтім емшараларын жүргізуді;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды үйдегі жазылмайтын ауру пациенттерге мейіргер күтімін жасау негіздеріне оқытуды;
Тармақша 7
7) көрсетілімдер болған кезде пациентті стационарлық жағдайларда паллиативтік медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. МБ қызметтерін көрсететін ұйымда мақсатына сәйкес мынадай үй-жайлар (аймақтар) көзделеді:
Тармақша 1
1) бригадалардың қоңырауларды қабылдау (call-орталық) және көшпелі МБ-мен байланыс аймағы;
Тармақша 2
2) бригадаларды медициналық жарақтандыруды сақтауға, медициналық жинақтарды және дәрі-дәрмектердің ағымдағы қорын жинақтауға арналған үй-жай (аймақ); медициналық сөмкелерге, пайдаланылған құралдар мен материалдарға санитариялық өңдеу жүргізуге арналған жуғышпен жабдықталған үй-жай (аймақ); құрамында есірткі заттары бар есірткі дәрілік препараттар қорын сақтауға арналған үй-жай.
Тарау 7. 7-тарау. Паллиативтік медициналық көмекті қашықтықтан көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
7-тарау. Паллиативтік медициналық көмекті қашықтықтан көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 30
30. Паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтер Кодекстің 129-бабына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 31
31. Амбулаториялық деңгейде қашықтықтан мынадай қызметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) науқастың жай-күйіне мониторинг;
Тармақша 2
2) МПТ мүшелерінің пациенттерге консультация беруі;
Тармақша 3
3) рецепт жазып беру.
Тармақ 32
32. МБ қызметкерлері үйде жазылмайтын ауру пациенттерге мейіргерлік күтім негіздері бойынша отбасы мүшелеріне және күтім жасайтын адамдарға қашықтықтан консультация жүргізеді.
Тармақ 33
33. Жазылмайтын ауру пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне қашықтықтан жеке психологиялық консультация, сондай-ақ медициналық ұйымның әлеуметтік қызметкері консультация береді.
Тарау 8. 8-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету тәртібі
8-тарау. Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету тәртібі
Басқа 2. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына қосымша Паллиативтік медициналық көмек көрсететін қызметтердің тізбесі № Қызмет коды Дәрігер көрсететін қызметтер 1. А.02.001.000 Терапевт консультациясы (қарап-тексеруі) 2. 3. А.02.018.000 Невропатологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 4. А02.015.000 Кардиологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 5. А.02.044.000 Фтизиатрдың консультациясы (қарап-тексеруі) 6. А.02.013.000 Хирургтың консультациясы (қарап-тексеруі) 7. А.02.014.000 Отоларингологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 8. А.02.055.000 Стоматологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 9. А.02.039.000 Онкологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 10. А.02.021.000 Эндокринологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 11. А.02.026.000 Урологтың консультациясы (қарап-тексеруі) 12. А.02.019.000 Инфекционисттің консультациясы (қарап-тексеруі) 13. А.02.045.000 Психотерапевттің консультациясы (қарап-тексеруі) 14. А.02.046.000 Психиатрдың консультациясы (қарап-тексеруі) 15. D.54.910.426 Лапароцентез 16. D.54.910.427 Плевроцентез 17. D.54.910.428 Трахестомия 18. D.54.910.429 Назогастральді зондты орнату 19. D.54.910.430 Несеп катетерін орнату Орта медицина персоналы көрсететін қызметтер 20. 21. D93.891.022 Ауыр науқас пациенттің шашына, тырнағына күтім жасау, қыру 22. D93.891.023 Ауыр науқас пациенттің ауыз қуысына күтім жасау 23. D93.891.024 Ауыз жұтқыншағынан сілемейді сору 24. D93.891.025 Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал жабдықтар 25. D93.891.026 Трахеостома кезіндегі құрал жабдықтар 26. D93.891.027 Назогастральді зондқа, мұрын канюляларына және катетерге күтім жасау 27. D93.891.028 Жоғарғы тыныс жолдарынан сілемейді сору 28. D93.891.029 Мұрын сілемейін сору 29. D93.891.030 Фарингостомия кезіндегі құрал жабдықтар 30. D93.891.031 Дәрілік препараттарды интраназальді енгізу 31. D93.891.032 Гастростомалар кезіндегі құрал жабдықтар 32. D93.891.033 Назогастральді зондқа күтім жасау 33. D93.891.034 Ауыр науқас пациентті гастростома арқылы тамақтандыру 34. D93.891.035 Илеостом кезіндегі құрал жабдық 35. D93.891.036 Интестинальді зондқа күтім жасау 36. D93.891.037 Ауыр науқас пациентті интестинальді зонд арқылы тамақтандыру 37. D93.891.038 Илеостомға күтім жасауды үйрету 38. D93.891.039 Тоқ ішек стомалары кезіндегі құрал жабдық 39. D93.891.040 Колостомаға күтім жасауды үйрету 40. D93.891.041 Ауыр науқас пациенттің дефекациясы кезіндегі құрал жабдық 41. D93.891.042 Тазалау клизмасын қою 42. D93.891.043 Желді шығару түтікшесін орнату 43. D93.891.044 Копролитті алып тастау 44. D93.891.045 Нәжістің ұстамауы кезіндегі құрал жабдық 45. D93.891.046 Сифон клизмасын қою 46. D93.891.047 Қынаптық қолдаушы сақинаны (пессарияны) енгізу, алып тастау 47. D93.891.048 Сыртқы есту жолына күтім жасау 48. D93.891.049 Ауыр науқас пациенттің көзіне күтім жасау 49. D93.891.050 Конъюнктивалық қуысқа дәрілік заттарды тамызу 50. D93.891.051 Ауыр науқас пациентке несеп шығару кезіндегі құрал жабдық 51. D93.891.052 Несеп шығару катетеріне күтім жасау 52. D93.891.053 Цистостома мен уростомаға күтім жасау 53. D93.891.054 Несепті ұстай алмау кезіндегі құрал жабдық 54. D93.891.055 Ауыр науқас пациентті төсекте ауыстыру және (немесе) жатқызу 55. D93.891.057 Ауыр науқас пациентті ауыз және (немесе) назогастральды зонд арқылы тамақтандыру 56. D93.891.058 Ауыр науқас пациент төсек жабдықтарын дайындау және ауыстыру 57. D93.891.059 Ауыр науқас пациенттің төсек жаймаларын және киімін ауыстыру кезіндегі құрал жабдықтар 58. D93.891.060 Ауыр науқас пациенттің бұтарасына және сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасау 59. D93.891.061 Дренажға күтім жасау 60. D93.891.062 Дәрілік препараттарды парентералдық енгізу кезіндегі құрал жабдық 61. D93.891.063 Жауыржаралардың даму қаупі деңгейін бағалау 62. D93.891.064 Жауыржаралардың ауырлық деңгейін бағалау 63. D93.891.065 Ауырсыну қарқындығын бағалау 64. D93.891.066 Пациенттің отбасы мүшелеріне төсекте орын ауыстыру және (немесе) жайғастыру техникасын үйрету 65. D93.891.067 Төсекте және (немесе) креслода орын ауыстыру кезінде пациентті өзіне-өзі көмек көрсетуге үйрету 66. D93.891.068 Пациентті балдақпен жүріп тұруға үйрету 67. D93.891.069 Қосымша тіреуіш көмегімен қозғалу кезінде пациентті өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету 68. D93.891.021 Терінің бүтіндігі бұзылған кезде таңғыш салу Психологтың қызметтері 69. А02.005.000 Консультациялық қабылдау: психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық және(немесе) психологиялық интервенция, психологиялық қолдау көрсету) Әлеуметтік қызметкердің қызметтері 70. A01.006.000 Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер консультациясы (қабылдау) 71. A01.007.000 Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер консультациясы (қабылдау) 72. A01.006.001 Медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу: жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер 73. A01.007.001 Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу: орта білімі бар әлеуметтік қызметкер 74. A01.006.002 Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында жүргізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету: жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер 75. A01.007.002 Пациенттің отбасы мүшелерін үй жағдайында жүргізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету: орта білімі бар әлеуметтік қызметкер Мобильдік бригаданың шығуы 76. Е01.006.000 Паллиативтік көмек көрсету кезінде мобильдік бригаданың шығуы