Об образовании Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
📌 Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мекеме - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет), оған таратылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары және мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiгi берiле отырып, құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөнiндегi комитет 107
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдары 534";
"Қазақстан Республикасы Прокуратурасының
қарауындағы мемлекеттiк мекемелер
Құқықтық статистика және ақпарат орталығы 641"
деген жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Тармақша 1
1) өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
Тармақша 2
2) Комитет қызметiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 28 наурыздағы
№ 1050 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.05.2023 № 227 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк органның функциялары мен өкiлеттiктерін жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ және басқа тілдерде өз атауы бар мөрлерi және мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түceді.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, 34.
Тармақ 9
9. Комитеттiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi» мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитеттiң өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының
заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетке жіберіледі.
📌 Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттіліктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттіліктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми құқықтық статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.
📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелер бойынша құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жасау және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты өтеусіз алу;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінен бастапқы есепке алу және есептілік актілерінің толық және анық болуын, оларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде ұсынуды талап ету;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыруға және арнайы есепке алуды жүргізуге байланысты емес қызметіне араласпастан, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізу;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленетін, сондай-ақ Бас Прокурор белгілейтін тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;
ақпараттық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен құқықтық статистикалық ақпаратқа қолжетімділікті беру;
статистикалық жинақтарды шығаруды ұйымдастыру және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін өзгеше түрде пайдалану;
Комитетте тіркелуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту;
қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырудың нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жіберу;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттіліктері:
мемлекеттiк құқықтық cтaтистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласында ақпаратты жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмдерде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру;
алынған, мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету;
ақпараттық жүйелерді құқыққа сыйымсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердi бүлiнуден немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету;
мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсу және бекiту;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсыну;
📌 Ескерту. 2) тармақшаның оныншы абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру;
Тармақша 2
2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасатын адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзу;
Тармақша 3
3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру;
Тармақша 4
4) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн айқындау;
Тармақша 5
5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 5-1
5-1) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) құқықтық статистикалық ақпаратқа мониторинг пен салыстырып тексеруді жүргізу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне, Вице-Президентке, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайына және оның депутаттарына, Қазақстан Халық Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына келіп түсетін жолданымдарды қоспағанда) келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын және ұсыныстарын талдау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіру;
Тармақша 9
9) тексерілетін субъектілердің, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын заңсыз тексерулерден, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарынан оларды Комитетте тіркеуді жүзеге асыру барысында қорғау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және (немесе) есепке алынуын жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 12
12) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын қабылдау, тіркеу, қарау сатысында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын құзыреті шегінде қарау;
Тармақша 14
14) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалауды жүргізу;
Тармақша 15
15) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 16
16) құқықтық статистикалық байқауларды жүргізу;
Тармақша 17
17) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, мониторингтеуді жүзеге асыру;
іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуіне, оған әкімшілік етуге, пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды айқындау;
Тармақша 19
19) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, сақтауды, жоюды және олармен танысуды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялау;
Тармақша 22
22) мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қағидаттар мен стандарттарды, әдiстемені әзiрлеу;
Тармақша 23
23) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болатын нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеу;
Тармақша 24
24) Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауы, беруі, сақтауы, жоюы және олармен танысуы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 25
25) мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актілердің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлеу;
Тармақша 26
26) құқықтық статистика есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 27
27) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 28
28) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу;
Тармақша 29
29) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 31
31) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу, оларды тіркеуден және күшін жоюдан бас тарту қағидаларын, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылардың құрамын өзгерту және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 32
32)
жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
📌 Ескерту. 32) тармақшаның осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен.
Тармақша 33
33) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынатын мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының жасырын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізуге, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты Бас Прокурордың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу қағидалары мен негіздерін әзірлеу;
Тармақша 35
35) өзге де органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты Бас Прокурордың және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу қағидаларын және негіздерін әзірлеу;
Тармақша 36
36) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 37
37) прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 38
38) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Тармақша 39
39) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 40
40) Комитеттің міндеттерін іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 41
41) Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарының (бұдан әрі – аумақтық органдар) жұмысын бақылау, оларға есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау, қадағалау қызметін жүзеге асыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 42
42) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функциялар.
📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2026 № 1343 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) жарлықтарымен.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының орынбасарлары, оның ішінде бірінші орынбасары болады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бас Прокурор лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
📌 Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оларға басшылық етеді, оның аумақтық органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдарының өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің прокурорлары мен өзге де жұмыскерлерін, аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің, оның аумақтық органдарының прокурорлары мен өзге де жұмыскерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаларды қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Бас Прокурорға Комитеттiң қызметi туралы ақпарат береді;
Тармақша 7
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережені бекітеді;
Тармақша 8
8) бекітілген құрылым мен сан шегінде штат кестесін бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бектіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы аумақтық және оларға теңестірілген органдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаменті» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті» мемлекеттік мекемесі.
_______________
Басқа 97. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 28 наурыздағы
N 1050 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң құрылымы
📌 Ескерту. Құрылым алып тасталды - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.