Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающего месторасположение объекта налогообложения по Каргалинскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 «Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6500 тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Актаев «____» ___________ 2020 жыл
Басқа 8
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 248 қаулысына қосымша Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттін бекіту туралы № Са­лық са­лу объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі Ай­м­ақ­қа бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі 1 Ба­дам­ша ауы­лы 2,7 Кемпірсай ауылдық округі 2 Жо­са­лы ауы­лы 2,65 3 Кем­пір­сай ауы­лы 2,3 Желтау ауылдық округі 4 Пет­ро­павл ауы­лы 2,65 Велихов ауылдық округі 5 Ақ­жай­ық ауы­лы 2,0 6 Ве­ли­хов ауы­лы 2,05 Әлімбет ауылдық округі 7 Әлім­бет ауы­лы 2,65 Қос Естек ауылдық округі 8 Қос Естек ауы­лы 2,65 Ащылысай ауылдық округі 9 Ащы­лы­сай ауы­лы 2,65 10 Пре­об­ра­же­нов­ка ауы­лы 2,3 11 Ақ­көл ауы­лы 1,85 12 Бозтө­бе ауы­лы 2,0 Степной ауылдық округі 13 Степ­ной ауы­лы 2,65 14 Қай­рақ­ты ауы­лы 2,65 Шәмші Қалдаяқов ауылы 15 Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы 2,65