Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении ставок земельного налога города Павлодара Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 3
3. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы «Павлодар қаласының жерлеріне жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффиценттері мен аймақтарға бөлу сұлбасын бекіту туралы» № 338/46 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4224 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Павлодар қалалық маслихатының 2020 жылғы 30 қарашасы № 544/72 шешіміне 1-қосымша Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 7. Павлодар қаласының жер салығының мөлшерлемелері
Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 544/72 шешіміне 2-қосымша Павлодар қаласының жер салығының мөлшерлемелері Аймақтың нөмірі Арттыру пайызы 1 +50% 2 +50% 3 +50% 4 +50% 5 +50% 6 +40% 7 +40% 8 +40% 9 +30% 10 +20% 11 +20%