Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Мунайлинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш. Сұңғат) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жеріне ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «27» қараша № 299-қ қаулысына қосымша Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жеріне ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Аймақ коэффициенті Мұнайлы ауданы 1. Маңғыстау ауылы 2 1.2 Ақеспе, Бозжыра тұрғын үй массиві 1,85 1.3 Айрақты тұрғын үй массиві 1,95 1.4 Шерқала тұрғын үй массиві 1,85 1.5 Бесшоқы тұрғын үй массиві 1,95 2. Баянды ауылы 1,9 3. Қызылтөбе ауылдық округі 2,1 4. Атамекен ауылдық округі 1,70 5. Басқұдық ауылдық округі 1,9 6. Дәулет ауылдық округі 1,9 7. Батыр ауылдық округі 2,0