Об установлении квоты на ввоз в Республику Казахстан цемента Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасына цемент әкелуге квоталар белгілеу туралы Отандық цемент өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағына цемент әкелуді шектейтін шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына 1998 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейін 10 мың тоннадан артық емес жалпы мақсаттағы цементке квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі 1998 жылдың аяғына дейін экспортталатын өнімдердің негізгі түрлері бойынша баға белгілеудің, Қырғыз Республикасына, Кеден одағының басқа да елдеріне экспортты ынталандырудың принциптерін зерделесін және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөнінде негізделген ұсыныс дайындасын.