Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 25.02.2004 № 207 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қостанай облысы әкiмиятының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 15 «Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi туралы» қаулысына өзгертулер енгiзу туралы» қаулысына (тiркеу нөмiрi 1510, «Қостанай таңы» 2003 жылғы 29 қаңтардағы) сәйкес Қостанай қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарына кiретiн жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 513 «Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы» қаулысының (тiркеу нөмiрi 1670, «Қостанай» 2002 жылғы 20 тамыздағы) және Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 17 қыркүйектегi № 654 «Қостанай қаласы әкiмиятының 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 513 «Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы» қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» қаулысының (тiркеу нөмiрi 1756, «Қостанай» 2002 жылғы 1 қазандағы) күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасарына В.А. Полешкоға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2003 жылдың 1 ақпаннан қолдануға енгiзiледi.
Басқа 6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi
Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы № 119 қаулысына 1-қосымша Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн немесе қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудi қаржыландыру тек ғана жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ұйымдардан басқа ұйымдармен есеп айырысу жүйесi мен негiзгi талаптарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұйымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiлердiң жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының iшiндегi жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен берiлетiн жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгiленген адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа - орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заңнамалары тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушiлермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет көрсету жөнiнде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегiне ақы төлеуге белгiленген бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қала әкiмияты жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тiзiмiн анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда нысаналы топтарға кiретiн күнкөрiстерi төмен жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру талаптары және көздерi
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру талаптары және көздерi
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделiлiгi мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушiмен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушiлердiң шығыны қалалық бюджеттен ең төменгi жалақының 50 пайыз көлемiнде алты айға дейiнгi мерзiмде өтеледi.
Тармақ 12
12. Бюджет қаражатын аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есеп шотына жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетiн еңбекақыға заңнама белгiлеген тәртiппен салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушiлер еңбекақыға төлеген шығынын қалалық бюджеттен қайтару үшiн қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына ай сайын жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшiрмесiн, жұмыс уақытының есеп табелiн, еңбекақы есептеу тiзбесiн, орындалған жұмыстың кесiмiн берiп отырады. Әлеуметтiк жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға жалақы нақтылы iстелген жұмыс үшiн төленедi.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушiлер қалалық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесiн сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Басқа 29. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі
Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы № 119 қаулысына 2-қосымша Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі N Ұйымдардың атауы Мекен-жай 1 2 3 1 «Қостанай электржелілері компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 115 2 «Мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Қостанай қаласы, А/я № 9 3 «Теркомсоюз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Қостанай қаласы, Чкалов көшесі, 7-2 4 «Қостанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 130 5 «Большевичка» ашық акционерлік қоғамы Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 117 6 «Дорожник» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105А 7 «Жан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 51 8 «Уют-К» пәтер иелерінің кооперативі Қостанай қаласы, 9-13-117