Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 836 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 қарашасы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі
Тармақ 1
1. Эпидемиялық мәні жоғары өнімдер:
Тармақша 1
1) тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе қайта өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерді пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;
Тармақша 2
2) балаларға арналған өнімдер (тауарлар): ойындар мен ойыншықтар, төсек-орын жабдықтары, киім, аяқкиім, оқу құралдары, жиһаз, арбалар, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер), балалар ассортименті өнімдерін (тауарларын) дайындауға арналған жасанды полимерлік және синтетикалық материалдар;
Тармақша 3
3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және сарқынды суларды, жүзу бассейндеріндегі суды тазалау кезінде қолданылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар;
Тармақша 4
4) парфюмерлік-косметикалық құралдар, ауыз қуысы гигиенасының құралдары;
Тармақша 5
5) иондаушы сәуле шығаратын, оның ішінде генерациялайтын көз болып табылатын өнімдер, бұйымдар, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен өнімдер (тауарлар);
Тармақша 6
6) тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық.
Тармақ 2
2. Эпидемиялық мәні болмашы өнімдер:
Тармақша 1
1) өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия өнімдері (тауарлары), лак-бояу материалдары;
Тармақша 2
2) құрылыста, көлікте қолдануға, сондай-ақ жиһаз бен басқа да үй тұрмысында пайдаланатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен тоқыма қосалқы заттар бар тоқыма тігін және трикотаж материалдары; киім мен аяқкиім дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғары мен тоқыма материалдары;
Тармақша 3
3) көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімдерімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері;
Тармақша 4
4) баспа өнімдері: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары;
Тармақша 5
5) өндіру процесінде өңделетін (боялатын, сіңдірілетін) табиғи шикізаттан жасалған бұйымдар;
Тармақша 6
6) адамның терісімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқкиім;
Тармақша 7
7) құрамындағы радиоактивті заттар «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы);
Тармақша 8
8) темекі бұйымдары мен темекі шикізаты;
Тармақша 9
9) жеке қорғаныш құралдары;
Тармақша 10
10) пестицидтер мен агрохимикаттар;
Тармақша 11
11) ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар;
Тармақша 12
12) мұздаққа қарсы реагенттер.
Тармақ 3
3. Эпидемиялық мәні жоғары объектілер:
Тармақша 1
1) балалар сүт асүйлері;
Тармақша 2
2) барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту объектілері;
Тармақша 3
3) балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері;
Тармақша 4
4) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, балалар үйі, балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру, санаториялық объектілер, денсаулық сақтау объектілері, оңалту орталықтары, медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері: интернат үйлері, оңалту орталықтары, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары; вахталық кенттер, өнеркәсіптік объектілер, құрылыс алаңдары) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;
Тармақша 5
5) кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;
Тармақша 6
6) дәрілік заттарды өндіру, дайындау объектілері;
Тармақша 7
7) көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері;
Тармақша 8
8) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдары (теміржол, су, әуе);
Тармақша 9
9) радиациялық қауіпті объектілер;
Тармақша 10
10) емдік-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынның бұзылулармен қызметтерді, оның ішінде татуаж және татуировка бойынша қызметтерді көрсететін косметологиялық орталықтар;
Тармақша 11
11) мынадай: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген амбулаториялық-емханалық көмектің, консультациялық-диагностикалық көмектің барлық кіші түрлерін көрсететін; Заңға Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмектің барлық кіші түрлерін көрсететін; стоматологиялық қызметтерді көрсететін; еңбекке уақытша жарамсыздықты және кәсіптік жарамдылықты сараптау қызметін көрсететін денсаулық сақтау объектілері; донорлық, қанды, оның компоненттерін дайындау және қан препараттарын өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар;
Тармақша 12
12) медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері;
Тармақша 13
13) балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары;
Тармақша 14
14) тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары;
Тармақша 15
15) отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;
Тармақша 16
16) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімдерін өндіру объектілері;
Тармақша 17
17) ет өңдеу объектілері, ет және еттің жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын ет өнімдерін өндіру объектілері;
Тармақша 18
18) балық өңдеу объектілері, юалық және балықтың жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын балық өнімдерін өндіру объектілері;
Тармақша 19
19) құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және (немесе) құс етінің дайын өнімдерін өндіру объектілері;
Тармақша 20
20) май өнімдерін өндіру объектілері;
Тармақша 21
21) алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру объектілері;
Тармақша 22
22) жемісті өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде соя өнімдерін қайта өңдеу объектілері;
Тармақша 23
23) арнайы тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және (немесе) өткізу объектілері;
Тармақша 24
24) аспаздық және йодталған тұзды өндіру объектілері;
Тармақша 25
25) ұн тарту объектілері;
Тармақша 26
26) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері;
Тармақша 27
27) қант өндіру объектілері;
Тармақша 28
28) тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері;
Тармақша 29
29) «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлері; радиорелелік станцияларды, ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станцияларын, стационарлық (жердегі) спутниктік байланыс станцияларын, құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдарын, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдарын қоспағанда елді мекендердің қоныстану аумағында орналасқан 30 килоГерцтен (бұдан әрі – кГц) бастап 300 ГигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі радиожиілік диапазоны бар стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радио басу құралдары);
Тармақша 30
30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері;
Тармақша 30-1
30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер;
Тармақша 31
31) спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар;
Тармақша 32
32) вахталық кенттер;
Тармақша 33
33) 2-санаттағы су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары (жағажайлар);
Тармақша 34
34) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су жинау орындары;
Тармақша 35
35) орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;
Тармақша 36
36) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;
Тармақша 37
37) сауықтыру және санаторий объектілері (маусымдық, жыл бойғы), демалыс базалары мен орындары;
Тармақша 38
38) мынадай: патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын; Заңға Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 15-тармағында көзделген кіші түрлер бойынша зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын зертханалар.
Тармақ 4
4. Эпидемиялық мәні болмашы объектілер:
Тармақша 1
1) техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар;
Тармақша 3
3) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері;
Тармақша 4
4) халыққа компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктар) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;
Тармақша 5
5) отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар;
Тармақша 6
6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;
Тармақша 7
7) тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
Тармақша 8
8) кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;
Тармақша 9
9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон бұйымдарын өндіру объектілері;
Тармақша 10
10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинактарды, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корнды, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері;
Тармақша 11
11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;
Тармақша 12
12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;
Тармақша 13
13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;
Тармақша 14
14) крахмал-сірнелі өнімдерді, крахмалды өндіру объектілері;
Тармақша 15
15) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
Тармақша 16
16) осы Тізбенің 3-тармағының 11) тармақшасында көзделген объектілерді қоспағанда, ересектерге арналған оңалтуды жүзеге асыратын объектілер;
Тармақша 17
17) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілері;
Тармақша 18
18) медициналық жедел жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
Тармақша 19
19) апаттар медицинасы денсаулық сақтау объектілері;
Тармақша 20
20) паллиативтік көмек және үйде мейіргер күтімін, оның ішінде мобильді бригадаларды пайдалана отырып көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
Тармақша 21
21) дәстүрлі медицина және емшілік объектілері (гомеопатия, гирудотерапия, мануальды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи құралдармен емдеу);
Тармақша 22
22) вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік және диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу объектілері;
Тармақша 22-1
22-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын өндіру, қайта өңдеу, өткізу объектілері;
Тармақша 23
23) шаштараздар, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынды бұзбай косметикалық қызметтерді, оның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер көрсететін косметологиялық орталықтар;
Тармақша 24
24) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;
Тармақша 25
25) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, зираттар, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, хостелдер), әкімшілік, тұрғын (тұрғын үйлер) ғимараттар, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, тұрғын үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлардың меншік иелерінің кооперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар, контейнер алаңдары, қоғамдық дәретханалар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тазарту құрылыстары);
Тармақша 26
26) су құбыры, кәріз, жылу жүйелері, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;
Тармақша 27
27) кәріздік тазарту құрылыстары және желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
Тармақша 28
28) ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес қауіптіліктің 3-5 сыныбына жататын қызмет түрлері; (елді мекендердің қоныстану аумағынан тыс) өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылған 30 килоГерцтен (бұдан әрі – кГц) бастап 300 ГигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі радиожиілік диапазоны бар стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радио басу құралдары); радиорелелік станцияларды, ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары, стационарлық (жердегі) спутниктік байланыс станциялары, құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдары, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдары;
Тармақша 29
29) елді мекендердегі саябақтар;
Тармақша 30
30) Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделгеннен белсенділігінің мәні барынша төмен иондаушы сәулелену көздері бар радиациялық объектілер, радиоактивті қалдықтар;
Тармақша 31
31) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су және әуе);
Тармақша 32
32) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдарын сақтауға арналған қоймалар;
Тармақша 33
33) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиена құралдарын өндіру объектілері;
Тармақша 34
34) азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері;
Тармақша 35
35) осы Тізбенің 3-тармағының 38) тармақшасында көзделген зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;
Тармақша 36
36) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау, оның ішінде тамақ өнімдерін сақтауды жүзеге асыратын объектілер;
Тармақша 37
37) биологиялық матриалды алу және қабылдау пункттері;
Тармақша 38
38) арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер.