Об утверждении Правил осуществления ликвидации банков, принудительного прекращения деятельности филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и требований к работе ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 1-тармағына және 74-5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Басқа 1. Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашасы № 114 Қаулыға 1-қосымша Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады. Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5 және 6-тармақтарында және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 74-5-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады. Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттарда (келісімдерде) және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.
Тармақ 3
3. Сот:
Тармақша 1
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айыруына;
Тармақша 2
2) банктің банкрот болуына;
Тармақша 3
3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнама актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап-арызына) байланысты банкті мәжбүрлеп таратады.
Тармақ 3-1
3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айыруына байланысты;
Тармақша 2
2) сот Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға байланысты жүргізеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салдарлар басталады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банк кредиторы – таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
Тармақша 2
2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға»;
Тармақша 3
3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;
Тармақша 4
4) ең төменгі баға – бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;
Тармақша 5
5) кепілдік беру жөніндегі ұйым – екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 6
6) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;
Тармақша 7
7) кредиторлар санаты – біртекті сипаттағы талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген белгілі бір кезектілік шеңберінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
Тармақша 8
8) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;
Тармақша 9
9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кезек күттірмейтін мұқтаждарға арналған жоспарланбаған шығындары;
Тармақша 10
10) қатысушы банк – Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын;
Тармақша 11
11) құндылықтар – Қазақстан Республикасының бағалы металдары, валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланкілер және бағалы заттар;
Тармақша 12
12) лот – бірлікті сату үшін бөлінбейтін (бөлінетін) болып ажыратылған аукционға қойылатын мүлік;
Тармақша 13
13) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде 3 (үш) айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;
Тармақша 14
14) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) бекіткен мүліктің бағасы;
Тармақша 15
15) сату объектісі – жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылатын таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;
Тармақша 16
16) сатушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы;
Тармақша 17
17) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;
Тармақша 18
18) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;
Тармақша 19
19) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;
Тармақша 20
20) сауда-саттық қатысушысы – сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 21
21) сауда-саттықтың ағылшын әдісі – лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;
Тармақша 22
22) сауда-саттықтың голланд әдісі – лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;
Тармақша 23
23) тарату комиссиясы – банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;
Тармақша 24
24) тарату комиссиясының шығыстары – банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);
Тармақша 25
25) тарату, конкурстық масса – таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;
Тармақша 26
26) тарату массасының мақсатсыз жұмсалуы – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) тарату шығыстарының сметасы – кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;
Тармақша 28
28) тарату өндірісі – банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;
Тармақша 29
29) таратылатын банк – сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк;
Тармақша 30
30) таратылатын банктің борыштық міндеттемесі – олардың пайдасына орындау мерзімі басталған банк кепілдігі берілген кредиторлар алдындағы таратылатын банктің міндеттемесі;
Тармақша 31
31) таратылатын банктің мүлкі – құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы ;
Тармақша 32
32) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырған күннен бастап тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);
Тармақша 33
33) электрондық аукцион – мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының электрондық сауда алаңын пайдалану арқылы мүлік сатылатын аукцион түріндегі электрондық сауда-саттық тәсілі;
Тармақша 34
34) электрондық аукциондарды ұйымдастырушы – тарату комиссиясымен жасалған электрондық сауда-саттықты жүргізу жөніндегі электрондық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
Тарау 2. 2-тарау. Банкті мәжбүрлеп тарату тәртібі
2-тарау. Банкті мәжбүрлеп тарату тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Банкті мәжбүрлеп таратудың басталуы және талаптары
1-параграф. Банкті мәжбүрлеп таратудың басталуы және талаптары
Тармақ 5
5. Банкті мәжбүрлеп тарату процесінің басталуы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айырған күні болып табылады.
Тармақ 6
6. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап және тарату процесі аяқталғанға дейін:
Тармақша 1
1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген шектеулер (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5-тармағы үшінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген шектеулер (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) қолданылады;
Тармақша 2
2) банктің бұрын жұмыс істеген басқару органдарының, оның ішінде мүлікке иелік ету және банктің міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
Тармақша 3
3) басшылар, ал қажет болғанда өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады;
Тармақша 4
4) таратылатын банктің атынан және соның есебінен жүзеге асырылатын әрекеттердің егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы әрекеттерді жасауға сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;
Тармақша 5
5) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің, оның ішінде банк кепілдіктері (кепілдемелері) бойынша міндеттемелердің мерзімі аяқталған болып саналады;
Тармақша 6
6) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша сыйақы және/немесе тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұлдар) есептеу тоқтатылады;
Тармақша 7
7) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, таратылатын банкке қойылатын мүліктік сипаттағы талаптары бар сотта қаралған даулар тоқтатылады;
Тармақша 8
8) таратылатын банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады. Соттардың мүліктік талаптарға қатысты атқарушылық құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі;
Тармақша 9
9) банктің шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күні белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге аударылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Тарату комиссиясы
2-параграф. Тарату комиссиясы
Тармақ 7
7. Банктің тарату комиссиясын уәкілетті орган банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап келесі күннен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап кешіктірмей тағайындайды. Тарату комиссиясының құрамына кіретін уәкілетті органның және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлері тарату комиссиясындағы бүкіл қызмет кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылады. Көрсетілген мерзім ішінде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген басқа төлемдері сақталады.
Тармақ 8
8. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады. Тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 9
9. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет етеді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.
Тармақ 10
10. Тарату комиссиясы күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде банктің басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.
Тармақ 11
11. Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясының түпнұсқасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
Тармақ 12
12. Банкте филиалдары не өкілдіктері болған жағдайда банкті тарату банктің филиалдары не өкілдіктері орналасқан жерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) бірлесіп жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Банктің тарату комиссиясы банкті тарату рәсімін тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Тарату комиссиясы жұмыс жоспарын тарату комиссиясы таңғайындалған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде таратылатын банктің бас офисіне жарты жылға бөлу арқылы бөлімшілер ұсынған жұмыс жоспарларын ескере отырып бір жылға жасайды және тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін беріледі. Кейіннен жыл сайынғы жұмыс жоспарларын тарату комиссиясы жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 10 (онынан) кешіктірмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынады. Жұмыс жоспарын орындау туралы ақпаратты тарату комиссиясы уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей жарты жылдың жиынтығы бойынша береді.
Тармақ 14
14. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қызметінің жүзеге асырылуына дербес жауап береді. Тарату комиссиясының төрағасы жоқ болған кезде оның міндеттерін төраға тарату комиссиясының мүшелері немесе еңбек шарттары бойынша тартылған қызметкерлер арасынан тағайындайтын орынбасары орындайды.
Тармақ 15
15. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі мақсатында ол тағайындалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының, оның орынбасарының және тарату комиссиясы мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 16
16. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады. Бөлімше басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және тарату комиссиясының төрағасы оған берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы және бөлімше тұтастай алғанда тарату комиссиясының төрағасына есеп береді. Бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бөлімшенің қызметіне және банктің филиалды не өкілдіктерін таратуға жауап береді.
Тармақ 17
17. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері Қағидаларда және кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде белгіленеді. Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды. Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады. Уәкілетті органның немесе кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлері арасынан тағайындаланын тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен кредиторлар комитетімен келісім жасалмайды.
Тармақ 18
18. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босатқан күннен бастап келісім бұзылған болып есептеледі.
Тармақ 19
19. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.
Тармақ 20
20. Тарату комиссиясының жұмысына банктің кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.
Тармақ 21
21. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, тарату комиссиясы бөлімшелерінің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды. Тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін шешімдер мен мәселелерді қоспағанда, банкті тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.
Тармақ 22
22. Тағайындалған күннен бастап тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды өткізеді:
Тармақша 1
1) бірінші жұмыс күні ішінде: банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып таныстырады; қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтылымын, бланкілері мен құрылтай құжаттарын талап етеді; банктің қассасына түгендеу жүргізеді;
Тармақша 2
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде: банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешімінің қабылданғаны туралы және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жөнінде соттың қабылдаған шешімі туралы хабарландыруды көрінетін жерге, сондай-ақ банктің интернет-ресурсына орналастырады; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына (бұдан әрі – № 207 қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді; мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, «Қазақстан қор биржасы» (бұдан әрі – қор биржасы), «KASE клирингтік орталығы», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарий» (бұдан әрі – орталық депозитарий) акционерлік қоғамдарын және кредиттік бюроларды банкті мәжбүрлеп тарату туралы, банктің тарату комиссиясын тағайындау және оған банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктердің ауысуы жөнінде хабардар етеді; орталық депозитарийден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады; тарату комиссиясын тағайындау күнгі жағдай бойынша электрондық түрде бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті автоматтандырылған есепке алу жүйесінің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады; толық материалдық жауапкершілік атқаратын адамдар, оның ішінде таратылатын банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және өзге де есептілігін өңдеу және қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебі мен өзге де есептілігінің деректері бойынша есептілікті жүргізу электрондық жүйесіне қол жеткізе алатын адамдар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;
Тармақша 3
3) 10 (он) жұмыс күні ішінде: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында және банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын, филиалдар желісі болған кезде – кредиторлар өз талаптарын ұсынатын филиалдар мекенжайларын міндетті түрде көрсетіп, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты жариялайды; тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға ұсынады; банктің корреспонденттік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспонденттік шоттарын жабады және № 207 қағидаларда көзделген тәртіппен таратылатын банктің теңгемен және, қажет болған кезде, шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады; Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараларды (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) жүзеге асырады; кредиторлардың тізімін жасайды, автоматтандырылған банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) қолда бар деректері бойынша олардың мекенжайларын белгілейді;
Тармақша 4
4) банкті таратудың бүкіл кезеңі ішінде: таратылатын банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; таратылатын банктің активтерін анықтайды; таратылатын банктің активтеріне оны тарату мақсаттарына сәйкес иелік етеді; таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді; таратылатын банктің бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының-Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады; штаттық кестені қалыптастырады; өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа қызметкерлерді еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары негізінде қабылдайды; уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есептер және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады; тоқсанның қорытындысы бойынша уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не (он бесіне) дейін оның ресми интернет-ресурсында жариялау үшін тарату өндірісінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынады; тарату комиссиясы кепілдік беруге жататын, бірақ уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) есебіне енгізілмеген депозиттерді анықтаған, сондай-ақ есептеуде өзге де сәйкессіздіктер анықталған кезде тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей кепілдік беру жөніндегі ұйымды хабардар етеді. Тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебін есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында кепілдік беру жөніндегі ұйыммен салыстырып тексеруді жүргізеді және тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада ресімдейді; уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату ісіне қатысты мәліметтерді ұсынады; банкті тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді. Тарату туралы есеп түпкілікті нысанда жасалғанға дейін тарату туралы есептің жобасы Тарату комиссиясының жұмыс жоспарында айқындалған мерзімде мәлімет үшін жыл сайынғы негізде уәкілетті органға ұсынылады; банктің бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады; банкті тарату аяқталғаннан кейін Ұлттық мұрағат қорының және жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтірілген түрде мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 23
23. Таратылатын банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болған жағдайда шетел валютасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады.
Тармақ 24
24. Осы Қағидаларда көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын банктің, оның ішінде таратылатын банктің филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын банктің бас офисінің ағымдағы шотына кіріске алынады.
Тармақ 25
25. Банктің тарату комиссиясының бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы таратылатын банктің бас офисіне тарату комиссиясы бөлімшесінің кассасы арқылы келіп түсетін ақшаны кіріске алады және осы Қағидаларға сәйкес шығыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін таратылатын банктің бас офисінің тарату комиссиясынан ақша алады. Банктің тарату комиссиясынан қабылдаған шетел валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары тозу дәрежесі бойынша сұрыптау және түпнұсқалығын және төлеуге жарамдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтау орталығына жіберіп, кейін банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотына кіріске алады. Банктің тарату комиссиясының ағымдағы шотынан шетел валютасын беру есепшот арқылы жүзеге асырылады. Сұрыптау процесінде төлеуге жарамсыз, сондай-ақ айналыста болуға жарамайтын шетел валютасын анықтаған жағдайда банктің тарату комиссиясы оны сатады не екінші деңгейдегі банктер арқылы айырбастайды. Тарату комиссиясының екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуына уәкілетті органның келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Тарату шығыстарының сметасы
3-тарау. Тарату шығыстарының сметасы
Тармақ 26
26. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету шығыстары, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады. Тарату ісінің шығыстары олардың туындауына қарай тарату массасынан төленеді. Тарату массасының мақсатсыз жұмсалуына, сондай-ақ күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Кредиторлар комитетін құрғанға дейін тарату шығыстары, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін төлем мөлшерін қосатын сметаны уәкілетті органмен келісе отырып тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
Тармақ 28
28. Таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері Банктер туралы заңның 74-бабында айқындалған шекте белгіленеді.
Тармақ 29
29. Таратылатын банктің шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызметі кезеңінде тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Тармақ 30
30. Таратылатын банктің тарату шығыстары сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату комиссиясы, уәкілетті орган және кредиторлар комитеті тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа лайықтылық және жарамдылық қағидаттарын басшылыққа алады. Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын банктің нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешек көлемін негізге алу қажет екеніне меңзейді. Тарату шығыстарының негізділік қағидаты деп тарату ісінің белгілі кезеңіне болжанған шығындардың объективті қажеттілігі түсіндірілуі қажет. Мақсатқа лайықтылық қағидаты тарату комиссиясы жасаған шығындардың алға қойылған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату ісін аяқтауға және таратылатын банк кредиторларымен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді. Тарату шығыстарының жарамдылық қағидаты жасалған (жоспарланған) шығындарды тарату комиссиясының құжатқа негіздеп растайтындығын білдіреді.
Тармақ 31
31. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығын баптары көзделеді:
Тармақша 1
1) еңбекке ақы төлеу шығыстары;
Тармақша 2
2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;
Тармақша 3
3) әкімшілік шығыстар;
Тармақша 4
4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары;
Тармақша 5
5) іссапар шығыстары;
Тармақша 6
6) көзделмеген шығыстар;
Тармақша 7
7) өзге шығыстар.
Тармақ 32
32. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын банктің филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, апта сайынғы негізде орындалатын және ай сайын ақы төленетін өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған тұлғалардың жұмысына ақы төлеу. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының арасында жасалған келісім негізінде жүргізіледі, ол бойынша жұмыстар күн сайынғы негізде орындалады және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптастырылады. Штат кестесіне еңбек шарттары және өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ таратылатын банктің кредиторлар комитетімен жасалған келісімде белгіленген сыйақы мөлшері бар тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері енгізіледі.
Тармақ 34
34. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.
Тармақ 35
35. Әкімшілік шығыстар:
Тармақша 1
1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;
Тармақша 2
2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);
Тармақша 3
3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;
Тармақша 4
4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;
Тармақша 5
5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;
Тармақша 6
6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;
Тармақша 7
7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;
Тармақша 8
8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;
Тармақша 9
9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
Тармақша 10
10) коммуналдық қызметке;
Тармақша 11
11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;
Тармақша 12
12) үй-жайды жалдауға;
Тармақша 13
13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;
Тармақша 14
14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;
Тармақша 15
15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;
Тармақша 16
16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;
Тармақша 17
17) сантехникалық жұмыстарға;
Тармақша 18
18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;
Тармақша 19
19) мемлекеттік бажды төлеуге;
Тармақша 20
20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;
Тармақша 21
21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;
Тармақша 22
22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;
Тармақша 23
23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;
Тармақша 24
24) инкассация қызметіне;
Тармақша 25
25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;
Тармақша 26
26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;
Тармақша 27
27) құжаттарды аудару қызметіне;
Тармақша 28
28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;
Тармақша 29
29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін орталық депозитарийдің қызметіне;
Тармақша 30
30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;
Тармақша 31
31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру жөніндегі қызметке;
Тармақша 32
32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;
Тармақша 33
33) коллекторлық қызметке;
Тармақша 34
34) жеке сот орындаушыларының қызметіне арналған шығындарды қамтиды. Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және (немесе) біржолғы сипатта болады. 36.Ағымдағы қажеттілікті өтеу және мыналарға арналған барынша төмен қорларды құруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстар:
Тармақша 1
1) жұмыс бабындағы офистік жабдықтарды ұстау;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын ұстау;
Тармақша 3
3) үй-жайды ұстау;
Тармақша 4
4) қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу;
Тармақша 5
5) кеңсе тауарларын сатып алу;
Тармақша 6
6) жанар-жағар май материалдарын сатып алу.
Тармақ 37
37. Тарату комиссияларының әр түрлі қызмет көрсетулер мен тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі шығыстарды сметаға енгізу кезіндегі есеп айырысулары осы өңірде белгіленген тарифтік сетка мен орташа нарықтық баға негізінде жасалады.
Тармақ 38
38. Тарату комиссиясы қызметін қамтамасыз ету және функцияларын орындау үшін үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісін қоспағанда, қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асырады. Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызметтерді көрсетудің практикалық тәжірибесін, филиалдардың, өңірлерде мамандардың болуын ескере отырып, баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерінің және қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады Іссапарға жіберілген тарату комиссиясы төрағасына мүшелеріне және қызметкерлеріне тәуліктік ақы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына баратын көлік шығыстары өтеледі.
Тармақ 40
40. Өзге шығыстар шығыстар сметасында көзделмеген өзге де шығындарды қамтиды. «Өзге шығыстар» шығындар бабы бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қажеттіліктерге арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.
Тармақ 41
41. Жоспарланған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкілетті органға шарттарды, шот-фактураларды, чектерді және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.
Тармақ 42
42. Уәкілетті орган таратылатын банктің кредиторлар комитетінің құрамын бекіткенге және тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің бірінші отырысын өткізгенге дейін тарату комиссиясы кейіннен уәкілетті органмен келісу үшін жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасын осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген қағидаттардың сақталуын көрсететін түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, тарату комиссиясының әрбір бабы бойынша шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде ұсынады. Филиалдық желілері бар банкте тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және тарату комиссиясының бөлімшелері бойынша шығыстар бөлігінде шоғырландырылған тарату шығыстарының сметасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Тарату комиссиясының төрағасы бекіткен тарату шығыстарының сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу уәкілетті органмен келісім арқылы ғана жасалады.
Тармақ 43
43. Тарату шығыстарының сметасы уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органның қарауына жатады.
Тармақ 44
44. Тарату шығыстары сметасы:
Тармақша 1
1) тарату комиссиясы тарату шығыстары сметасын қалыптастыру қағидаттарын сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны;
Тармақша 2
2) жоспарланған (жасалған) шығыстарды растайтын құжаттарды бермеген жағдайларда келісуге (бекітуге) жатқызылмайды.
Тармақ 45
45. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын кредиторлар комитетіне бекітуге жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей береді. Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.
Тармақ 46
46. Кредиторлар комитеті тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей қарайды және бекітеді. Кредиторлар комитетінің тарату шығыстарының сметасын бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 47
47. Кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасын, оған қоса берілген түсіндірме жазбасын тарату комиссиясы уәкілетті органға кредиторлар комитеті бекіткен күннен кейінгі күні береді.
Тармақ 48
48. Таратылатын банктің нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына кредиторлар комитеті алдын ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.
Тармақ 49
49. Уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитетімен бекітілген тарату шығыстарының сметасы өткен кезеңде жүзеге асырылмаған жағдайда және оны жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі бар болғанда, көрсетілген шығыстар жоспарланған кезеңнің тарату шығыстарының сметасына енгізілуге жатады.
Тармақ 50
50. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келісуге немесе оны кредиторлар комитетінің бекітуіне дейін мынадай шығындар баптары:
Тармақша 1
1) банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыруды жариялау жөніндегі қызметтер;
Тармақша 2
2) еңбекке ақы төлеу шығыстары;
Тармақша 3
3) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер бойынша шығыстар, пошта мен анықтамалық қызметтер, интернет желісін пайдаланғаны үшін шығыстар);
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметтер;
Тармақша 5
5) бірінші және екінші қолдың (қолдардың) үлгілері және мөр бедері бар құжаттарды нотариатта куәландыру қызметтері;
Тармақша 6
6) үй-жайды жалдау қызметтері;
Тармақша 7
7) инкассация қызметтері
Тармақша 8
8) ғимараттар мен құрылыстарды күзету және сигнал беру жөніндегі қызметтер бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуге байланысты шығыстарды тарату комиссиясының жүзеге асыруына жол беріледі.
Тармақ 51
51. Тарату шығыстары сметасының орындалуын бақылауды тарату шығыстары сметасын келіскен не бекіткен орган жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Басқа бап бойынша үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығын жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ шығындарды шығындар баптарының ішінде қайта бөлуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 53
53. Бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығыстарды қоспағанда, тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін тарату комиссиясының шығыстарды жүзеге асыруына жол берілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптары
4-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртіпті сақтау талаптары
Тармақ 54
54. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, бөлімшелерде - бөлімше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаны уақтылы кіріске алуға бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдарды бұйрықпен белгілейді. Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда оның міндетін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.
Тармақ 56
56. Қолма-қол ақша операцияларын орындап отырған, сондай-ақ басқа құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт және (немесе) ұжымдық (ортақ) жауапкершілік шарты жасалады.
Тармақ 57
57. Қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды жүзеге асыру банктің қоймасында (сақтау қоймасында) немесе бекітілген және күзет, өрт және дабыл сигнализациясымен, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Тарату комиссияларының кассалары (бұдан әрі - касса) жұмыс аяқталған соң банктің қоймасы (сақтау қоймасы) немесе қолма-қол ақша мен құндылықтар сақталатын үй-жай бір жиынтығы кассирде, біреуі - бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілтпен және тарату комиссиясының мөрімен жабылады.
Тармақ 59
59. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарында, Ұлттық почта операторында және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті тарату комиссиясының бас офисінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден, бөлімшеде 600 000 (алты жүз мың) теңгеден аспайды. Осы тармақтың талабы шетел валютасының төлем жасалмайтын және (немесе) айналысқа жарамсыз банкноттарына қолданылмайды. Күн сайынғы лимит сомасын көтерген кезде тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарынан, екінші деңгейдегі банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті төлеттіруден кредиторлармен есеп айырысу мақсаты үшін сақтауға алған қолма-қол ақшасы ақшаны алған күнді қоспағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі кассалық операцияларды кассир кассалық кіріс құжаттарының:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақшаны шығаруды хабарлау;
Тармақша 2
2) кассалық кіріс ордері негізінде жүзеге асырады. Кассалық кіріс құжаттарына тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қояды және кассалық кітапта кіріс бойынша көрсетіледі. Кассаға құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) сол күні кассаға кіріске алынады.
Тармақ 63
63. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордері бойынша жасалады. Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресімделеді.
Тармақ 64
64. Егер ақшаны беру белгіленген тәртіп бойынша ресімделген сенімхат бойынша жасалған жағдайда кассир ақшаны алушының тегі, аты, әкесінің атынан кейін ордер мәтінінде ақшаны алу сеніп тапсырылған адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсетеді. Егер ақшаны беру ведомость бойынша жасалатын болса, кассир ақшаны алу жөніндегі қолхатқа «Сенімхат бойынша» деген жазба жасайды. Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомоске бекітіледі.
Тармақ 65
65. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасының, бас бухгалтерінің және кассирінің, ал бөлімшелерде - бөлімше басшысының қолы қойылады.
Тармақ 66
66. Тарату комиссиясының қызметкерлері мен оған тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу соманы қызметкердің банк шотына аудару жолымен төленеді.
Тармақ 67
67. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне тарату өндірісімен байланысты мақсаттарға есепті түрде қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақшаны есепті түрде беру негіздемесі тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерінің қолы қойылған, осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін тиісінше ресімделген (хабарлама жазбалар, есептеулер, тарату комиссиясының хаттамалары және басқалар) құжаттар болып табылады.
Тармақ 68
68. Есепті түрде берілген сомалар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапар шығыстары бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап есеп беретін тұлғалар алынған сомалардың көзделген мақсатқа жұмсалғанын растайтын (барлық растайтын құжаттар, тауарлар немесе көрсетілген қызметтің төленгендігі жөніндегі чектер қоса берілген аванстық есептер) құжаттарды береді. Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап, ал іссапар шығыстары іссапар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай жағдайларда қайтарылуы тиіс:
Тармақша 1
1) мақсатқа лайық пайдаланылмаса;
Тармақша 2
2) мақсатқа лайық пайдаланылатындығын растайтын құжаттар болмаса. Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.
Тармақ 69
69. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлер және баланстан тыс ордерлер нақты және түсінікті етіп толтырылады. Ешқандай тазалау, жағалдау және тіпті сөз болған түзетулер жасауға бұл құжаттарда жол берілмейді. Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемелері көрсетіледі және оларға қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.
Тармақ 70
70. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге мөртабанмен міндетті түрде бекітілуі немесе күнін, айын және жылын көрсете отырып, кассирдің не оның орнындағы адамның «Алынды» немесе «Төленді» деп қолын қоюы міндетті.
Тармақ 71
71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және мақсатты пайдаланылуын есепке алу үшін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықты) есепке алу кітабын жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссиясы төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолымен расталады.
Тармақ 72
72. Касса кітабында тазартуға және айтылмаған түзетулер жасауға жол берілмейді. Қателер түзетілген жағдайларда «Түзетілді» деген жазба жасалады, оған түзету күні көрсетіліп, тарату комиссиясы кассирінің және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады. Касса кітабының дұрыс және уақытылы жүргізілуіне бақылау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.
Тармақ 73
73. Жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі касса айналымы туралы жиынтық құжатты тарату комиссиясы дербес белгілеген нысан бойынша жасайды, оның нәтижесін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады және күннің кассалық құжаттарына тігеді.
Тармақ 74
74. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир күн ішіндегі операциялардың жиынтығын (кіріс және шығыс бойынша) есептейді, қолма-қол ақша қалдығы, сондай-ақ тарату комиссиясының кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталатын келесі күнгі касса кітабындағы басқа құндылықтар қалдығы шығарылады.
Тармақ 75
75. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есеп деректері арасында алшақтықтар болған жағдайда бұл туралы бас бухгалтер алшақтықтардың себептерін анықтау үшін тарату комиссиясының төрағасын және бөлімше басшысын дереу хабардар етеді. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады.
Тармақ 76
76. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және түптелуін жүргізеді. Кассалық құжаттарды қалыптастыру кезінде олар кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке (нөмірлеудің өсу тәртібімен) баланстық шоттар бойынша іріктеледі. Мемориалды құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша іріктеледі - бастапқыда кіріс, одан соң шығыс болып.
Тармақ 77
77. Кассалық құжаттар әр күн үшін жеке папкаларға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады. Түптелген құжаттардың жиынтық деректері сол күнгі кассалық айналым туралы жиынтық анықтаманың деректері саналады және салыстырылады. Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық ордерлердің күн ішіндегі кірісі мен шығысының кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттар папкасының бас жағына орналастырылады.
Тармақ 78
78. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде қолма-қол ақшаны (банкнотты - парақтап, монеталарды - дөңгелектеп) толық қайта санау арқылы кассаға ревизия және басқа құндылықтардың болуына тексеру жасалады. Кассаға тексеру жүргізу үшін тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен комиссия тағайындалады.
Тармақ 79
79. Тексеру ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыру, кем шығу ықтималдығын болдырмайтын жүйелілікпен барлық құндылықтардың болуын тексерумен жүргізіледі. Кассаға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады. Кассада құндылықтардың кем шығуы немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі.
Тармақ 80
80. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен күннің кассалық құжаттарынан құжаттарды алуға жол беріледі.
Тарау 5. 5 тарау. Шағымдарды қарау, аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
5 тарау. Шағымдарды қарау, аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
Тармақ 81
81. Кепілдік беру ұйымын қоспағанда, заңды тұлғалар, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру туралы шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын, оның ішінде заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкпен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен (бұдан әрі – кредитордың талабы) оның тарату комиссиясына хабарласады.
Тармақ 82
82. Таратылатын банктің кредиторларының талаптарын қоюға арналған мерзім басылымда банкті мәжбүрлеп тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және күнтізбелік 60 (алпыс) күн құрайды.
Тармақ 83
83. Кредиторлардың талаптары жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін, негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың мөлшері туралы жеке мәліметтерді, талаптың негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қамтиды (жеке тұлғалар үшін - жеке куәлік, олардың мүдделерін басқа тұлғалар білдірген кезде - сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа да құжаттар).
Тармақ 84
84. Кредитордың талабын тарату комиссиясы оны алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс.
Тармақ 85
85. Заңды немесе жеке тұлға кредиторының талабын қарау кезінде тарату комиссиясы қойылған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.
Тармақ 86
86. Тарату комиссиясының кредиторлар талаптарын қарау нәтижелері кредиторларға жазбаша нысанда жеткізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жауап жіберетін кредитор мен тарату комиссиясы талабының толық атауы, пошталық деректемелері, жауап берілетін кредитор талабының күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) кредитордың талабы толық танылған кезде - кредитордың осы талабына сәйкес келетін танылған сома мен кезектілік;
Тармақша 3
3) кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған кезде -кредитордың талабынан бас тартуды негіздейтін нормативтік құқықтық актілерге және құжаттарға сілтеме жасай отырып, бас тарту себептері.
Тармақ 87
87. Кредитордың талабы толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кредитордың талабымен алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар болмаса, кредитордың талабының қабылданбауын негіздейтін құжаттар жіберіледі. Тарату комиссиясының кредитордың растайтын құжаттарды ұсынбауына байланысты кредитордың талабын қабылдамауы кредитордың талап етуімен және кредиторлардың талаптарын қабылдау үшін белгіленген мерзім шегінде талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, кредитордың тарату комиссиясына қайта өтініш жасауына кедергі келтірмейді.
Тармақ 88
88. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен, оның ішінде электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Тармақ 89
89. Тарату комиссиясы банк шоттары бойынша банк клиенттері-жеке тұлғалар кредиторларының талаптарын Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар талаптарының тізіліміне дербес енгізеді. Мұндай талаптарды енгізу туралы ақпарат әрбір кредитордың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін көрсете отырып, жазбаша нысанда банк кредиторларының назарына жеткізіледі.
Тармақ 90
90. Осы Қағидалардың 82, 84-тармақтарында белгіленген кредиторлар талаптарын ұсыну және қарау үшін көзделген мерзімдер өткеннен кейін тарату комиссиясы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады, таратылатын банктің немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банк кредиторлары талап етпеген берешек туралы мәліметтерді қамтитын активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп жасайды.
Тармақ 91
91. Егер кредитор бір мезгілде таратылатын банктің дебиторы болып табылған жағдайда, тарату комиссиясы аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен дебитор бір тұлғаның сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуды жүргізу туралы мәселені қарайды және пайда болған айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді. Кредитор мен дебитордың бір тұлғада сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алу клиенттің тиісті өтінішінсіз жүргізіледі. Өзара талаптарды есепке алу:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Банктер туралы заңның 61-13-бабында көзделген, көрсетілген мәмілелердің жарамсыздығы негіздері болған кезде банк оны төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызғаннан кейін мәмілелер жасаған кредиторлар бойынша;
Тармақша 2
2) уақытша әкімшілікпен немесе тарату комиссиясымен жасалған мәмілелер бойынша құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерінің анықталуына байланысты ақпарат жіберілген кредиторлар бойынша жүргізілмейді. Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талаптар Банк туралы заңның 74-2-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, осы кредитордың талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті кезек пайда болған кезде ғана есепке алынады.
Тармақ 92
92. Өзара талап етулер сынағын таратылып отырған банкпен кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шарты (тар) бойынша пайда болған кезде жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 93
93. Банктің тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді. Кредиторлар талаптарының тізіліміне әр кредитор туралы, ұлттық валютамен көрсетілген ақшалай міндеттемелер және (немесе) міндетті төлемдер бойынша оның талаптарының мөлшері, әрбір талаптың кезектілігін қанағаттандыру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 94
94. Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есепке сәйкес сома көлеміндегі кепілдік берілген депозиттер бойынша өзі төлеген (төлейтін) өтемақы сомасы бойынша және (немесе) банк мүлкінің мөлшері және мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бірмезгілде беру операциясын жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер мөлшері арасындағы өтелген сома бойынша міндеттемелерді орындау талаптары енгізіледі. Орындалатын құжаттар танылған талап етулер болып табылады және орындалмаған сомалар мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптары тізілімінде ескеріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.
Тармақ 95
95. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағыштарда екі данада бекітуге ұсынады. Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды және бекітеді. Аралық тарату балансы және банк кредиторлары талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.
Тармақ 96
96. Аралық тарату балансының және кредиторлар талаптары тізілімінің деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректерімен сәйкес келмеген және (немесе) растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітпей тарату комиссиясына қайтарылуы тиіс. Аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою және бекіту үшін уәкілетті органға аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін қайта ұсыну себептері мен мерзімін көрсете отырып, бұл жөнінде тарату комиссиясына хабардар етеді. Аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайта ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімін бекітуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Тармақ 97
97. Тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмейді де өзге кредиттік берешек ретінде жеке баланстық шотта ескеріледі және белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүліктен қанағаттандырылады. 98. Тарату комиссиясы танымаған не тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, жеке баланстық шотта өзге кредиторлық берешек ретінде ескерілген кредиторлардың талаптары кредитор ұсынған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде ғана кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі. Тарату комиссиясының депозиттер бойынша өтемақы есептеріне енгізген өзгерістеріне және (немесе) толықтыруларына сәйкес кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптары кепілдік беру жөніндегі ұйым үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есептесу жүргізілген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектері тоқтатыла тұрады.
Тармақ 98
Тармақ 99
99. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор банктің тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап-арызбен сотқа жүгінеді. Белгіленген мерзімде мәлімделген, бірақ тарату комиссиясымен танылмаған, кредиторларға қатысты соттың оларды қанағаттандыру туралы шешімі бар кредиторлардың талаптары кредиторлармен есептесу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. Көрсетілген талаптар толық қанағаттандырылғанға дейін есептесу жүргізілген кредиторлардың талаптарын орындау кезектері тоқтатыла тұрады.
Тармақ 100
100. Таратылатын банктің міндеттемелері бойынша есеп айырысулар уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 101
101. Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы ақпарат тарату комиссиясы уәкілетті орган бекіткен аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 102
102. Тарату комиссиясы таратылған банктің кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты қанағаттандыруды аралық тарату балансына сәйкес ол бекітілген күннен бастап, Банктер туралы Заңның 74-2-бабында белгіленген тәртіп пен кезектілік бойынша жасайды. Тиісті кезегі келген жағдайда кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) бағалаушы айқындаған құны бойынша заттай нысанда мүлікті, сондай-ақ есептеулердің тепе-теңдік қағидатын сақтай отырып, беру күніне таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарында есептелген дебиторлық берешекті (негізгі борышты, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) беру арқылы қанағаттандырылады.
Тармақ 103
103. Бір кезектің танылған барлық талаптарын қанағаттандыру үшін таратылған банктің мүлкі жетіспеген жағдайда таратылған банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектің кредиторлары арасында кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырылуы тиіс талаптар сомасына теңбе-тең түрде бөлінеді. Таратылған банктің мүлкі жетіспеуіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін жасалмаған талаптары өтелді деп есептеледі. Егер кредитор сотқа талаптанбаған және соттың шешімі бойынша оны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайдағы тарату комиссиясы танымаған кредиторлар талаптары өтелген болып есептеледі
Тармақ 104
104. Өтініші тарату комиссиясымен танылған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредитордың алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған жағдайда, тарату комиссиясы кредиторға төленбеген соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен нотариустың депозитіне аударады.
Тармақ 105
105. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылған банктің қалған мүлкін тарату комиссиясы акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен банк акционерлері арасында бөліске салады.
Тарау 6. 6-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті
6-тарау. Таратылған банктің кредиторлар комитеті
Тармақ 106
106. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында және банкті еріксіз таратқан жағдайда солардың қатысуымен шешімдер қабылдау үшін кредиторлар комитеті құрылады.
Тармақ 107
107. Кредиторлар комитетінің құрамын тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.
Тармақ 108
108. Кредиторлар комитеті құрамын уәкілетті орган бекіту үшін тарату комиссиясы Осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 109
109. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлар, Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген әр кезектегі кредиторлар санатының бір өкілінен кіреді. Егер әрбір кезектің кредиторлар санатының бір өкілі бойынша кредиторлар комитетін құру мүмкін болмаса, кредиторлар комитеті бар кезектерден, оның ішінде сол кезектің бірнеше өкілдерінен қалыптасады. Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсыныстар жібереді. Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлар талаптарының тізілімінде бір кезектегі санатындағы кредиторлар болған кезде және бірдей талаптар сомасы, тарату комиссиясы талапты тарату комиссиясына бірінші жіберген кредиторға кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсынысты жібереді. Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі. Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.
Тармақ 110
110. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде 3 (үш) адам болады. Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылып отырған банкте ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.
Тармақ 111
111. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады:
Тармақша 1
1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан екі реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы;
Тармақша 2
2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру;
Тармақша 3
3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы;
Тармақша 4
4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар).
Тармақ 112
112. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс:
Тармақша 1
1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы;
Тармақша 2
2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені екі реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы;
Тармақша 3
3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы.
Тармақ 113
113. Осы қағидалардың 111 және 112-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.
Тармақ 114
114. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитеті отырысының күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілетін орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді. Кредиторлар комитетінің бірінші отырысы кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Бірінші отырыста кредиторлар комитеті кредиторлар комитетінің төрағасын сайлайды және кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі мен дауыс беру рәсімін регламенттейтін кредиторлар комитеті туралы ережені бекітеді. Кредиторлар комитетінің төрағасына дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс құқығы беріледі.
Тармақ 115
115. Кредиторлар комитетінің кейінгі отырыстары комитет айқындайтын тәртіппен және мерзімде шақырылады.
Тармақ 116
116. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) банкті тарату барысында пайда болған барлық құжаттармен танысу;
Тармақша 2
2) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;
Тармақша 3
3) тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келісім жасасу;
Тармақша 4
4) уәкілетті органды банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы туралы хабардар ету;
Тармақша 5
5) тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;
Тармақша 6
6) мүлікті сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының отырысын қоса алғанда, банкті тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысуға өкілеттік берілген кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан кредиторлар өкілдерін сайлау;
Тармақша 7
7) таратылатын банктің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегін баланстық және баланстан тыс шоттан есептен шығару туралы актіні бекіту;
Тармақша 8
8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын банктің тарату, конкурстық массасын сату жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін күнтізбелік 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге бөліп-бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;
Тармақша 9
9) тарату шығыстарының сметасын бекіту;
Тармақша 10
10) тарату комиссиясының таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарынан мүлікті есептен шығару актісін бекіту;
Тармақша 11
11) қарыздар бойынша дебиторлық берешекті мерзімінен бұрын ішінара өтеген кезде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды), банктік кепілдіктер бойынша айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығаруды келісу;
Тармақша 12
12) тарату комиссиясы қабылдаған, таратылатын банк алдындағы берешекті өтеу үшін, соның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті қабылдау туралы шешімін келісу;
Тармақша 13
13) тарату комиссиясы қалыптастырған кредиттік пакет бойынша баға ұсыныстарының нәтижелерін келісу және қалыптастырылған кредиттік пакет бойынша құқықтарды (талаптарды) иеліктен шығару және (немесе) басқаға беру тәртібін анықтау;
Тармақша 14
14) тарату комиссиясы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банктің тарату комиссиясы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот актілері бойынша қабылдаған, банкке келтірілген залалды өтеу есебінен алынған жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау туралы шешімді, сондай-ақ осы Қағиданың 141-тармағына сәйкес жасалатын, дауды реттеу туралы келісімнің талаптарын келісу;
Тармақша 15
15) таратылатын банктің борышкерлерінен берешекті өндіріп алу және таратылатын банктің активтерін қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жасалатын мәмілелерді келісу;
Тармақша 16
16) таратылатын банктің меншікті мүлкін қайта бағалау жүргізу мәселесін келісу;
Тармақша 17
17) кепіл жоғалған және (немесе) қосымша кепіл берілген жағдайларда, осындай шешім қабылданған күні белгіленген бағалау құны бойынша мүлікті кепілге қабылдау туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу;
Тармақша 18
18) әрбір жеке дебитордан берешекті өндіріп алу рәсіміне арналған жалпы шығындар оның берешек сомасынан асатын жағдайларда, таратылатын банк дебиторларының 2 (екі) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде дебиторлық берешек сомаларын есептен шығару туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу.
Тармақ 117
117. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Кредиторлар комитеті отырысы хаттамасының көшірмесін тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 118
118. Тарату комиссиясы қалыптастырған кредиторлар комитетінің құрамы болмаған немесе кредиторлар комитеті өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырмаған кезде, осы Қағиданың 116-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау өкілеттіктерін тарату комиссиясы дербес жүзеге асырады. Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 119
119. Уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлар комитеті болмаған кезде тарату комиссиясының төрағасы (қажет болған жағдайда) таратылатын банк кредиторларының жалпы жиналысын өткізеді.
Тарау 7. 7-тарау. Таратылатын банктің активтерін басқару және мүлкін сату тәртібі
7-тарау. Таратылатын банктің активтерін басқару және мүлкін сату тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Таратылатын банктің активтерін түгендеу және оларды басқару
1-параграф. Таратылатын банктің активтерін түгендеу және оларды басқару
Тармақ 120
120. Таратылатын банктің активтеріне банктің меншікті мүлкі, заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар, ақша, валюталық құндылықтар, бағалы қағаздар, талап ету құқықтары, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, материалдық емес активтер, материалдық қорлар және басқа активтер, оның ішінде таратылатын банкке тиесілі емес, бірақ бухгалтерлік есепте тұрған мүлік және қандай да бір себептермен ескерілмеген мүлік, сондай-ақ тарату массасын қалыптастыру үшін негіз құрайтын банктің басқа талаптары кіреді.
Тармақ 121
121. Тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін (активтерін), кредиттік және өзге де шарттарын түгендеуді, сондай-ақ дербес шоттарды баланстық шоттармен, баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы қалдықтарды ол тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей салыстырып тексеруді жүргізеді.
Тармақ 122
122. Түгендеу соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күнгі жағдай бойынша немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі жағдай бойынша жүргізіледі.
Тармақ 123
123. Мүліктің немесе мүлікке құқықтардың нақты болуын тексеруді тарату комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) төрағасының бұйрығына сәйкес құрылатын түгендеу комиссиясының мүшелері түгенделетін мүліктің жоғалуынан (зақымдануынан) келтірілген зиян үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған тұлғалардың (бар болса) қатысуымен (бұдан әрі – материалдық жауапты тұлғалар) жүргізеді. Түгендеу комиссиясының құрамына тарату комиссиясының мүшелері, таратылатын банктің қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бойынша тартылған адамдар енгізіледі. Таратылатын банктің қызметкерлерімен немесе қызмет көрсету шарты бойынша тартылған тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалады. Түгендеу актілерінде бухгалтерлік есептің деректері бойынша таратылатын банктің мүлкі туралы нақты мәліметтер банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі таратылатын банктің шоттары бойынша қалдықтар ведомосінің кіріс қалдықтарына сәйкес келеді.
Тармақ 124
124. Түгендеу нәтижелері бойынша активтердің әр түрі бойынша акт және түгендеу нәтижелері туралы жиынтық акт жасалады. Түгендеу актісі электрондық нысанда және қағаз тасымалдағышта уәкілетті органға жіберіледі. Түгендеу актілері мен түгендеу қорытындылары туралы жиынтық акт нөмірленеді, тігіледі және соңғы парақтың сыртқы бетіне нөмірленген парақтардың санын цифрлармен және жазумен көрсете отырып, Комиссия төрағасының қолымен бекітіледі. Комиссия төрағасының қолы таратылатын банктің мөрімен бекітіледі.
Тармақ 125
125. Түгендеу барысында мүліктің жетіспеушілігі анықталған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органға мүлікті түгендеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей жетіспейтін мүлікті іздеу және қайтару бойынша жүргізілген және жоспарланған іс-шараларды қамтитын жетіспеушілікпен жұмыс жөніндегі жоспарды ұсынады. Тарату комиссиясы жетіспейтін мүлікті іздеуге, анықтауға және қайтаруға, сондай-ақ жетіспеушілікке кінәлі адамдарды жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдайды. Тарату комиссиясы таратылатын банктің бұрынғы басшыларына, материалдық жауапты тұлғаларға, басқарушы компанияларға, жалға берушілерге, жалға алушыларға, ұйымдарға және жетіспейтін мүлік туралы ақпараты бар немесе болуы мүмкін тұлғаларға жазбаша сұратулар жібереді. Жетіспейтін мүліктің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат болмаған кезде тарату комиссиясы құқық қорғау органдарына жүгіну үшін негіздердің бар-жоғын айқындайды, қажетті құжаттарды жинау және жүйелеу бойынша жұмыс жүргізеді, өтініштерді дайындайды және құқық қорғау органдарына жібереді.
Тармақ 126
126. Түгендеу барысында анықталған нақты бар мүліктің бухгалтерлік есеп деректерімен алшақтықтарын жою мыналарға сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жаңадан анықталған мүлік (оның ішінде таратылатын банктің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген мәмілелерді жасау нәтижесінде меншік құқығы туындаған мүлік және талап ету құқықтары) кіріске алуға жатады;
Тармақша 2
2) мүліктің кем шығуы (оның ішінде қаржы ұйымының бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген мәмілелерді жасасу нәтижесінде мүліктің және (талап ету) құқықтардың шығарылуымен байланысты), оның туындауына кінәлі адамдар анықталмаған немесе осы тұлғалардан көрсетілген кем шығуды (залалдардың орнын толтыруды) өндіріп алу туралы сот бас тартқан жағдайда, кредиторлар комитеті бекіткен есептен шығару туралы актінің негізінде таратылатын банктің шоттарынан есептен шығаруға жатады.
Тармақ 127
127. Несиелік және басқа да дебиторлық берешекті түгендеу актіде көрсетілетін дебиторлық берешекті растайтын құжаттарды (шарттар және өзге де құжаттар) анықтаудан тұрады. Дебиторлық берешектің болуын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, осы берешек мүліктің жетіспеуі ретінде ескеріледі.
Тармақ 128
128. Қаржы ұйымдарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарындағы қалдықтарды түгендеу кезінде бухгалтерлік есеп деректері жоғарыда көрсетілген ұйымдардан алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі шоттар бойынша салыстырылады.
Тармақ 129
129. Бағалы қағаздарды түгендеу бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында есепте тұрған бағалы қағаздар санының қалдықтарын банкті лицензиядан айырған және банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнге орталық депозитарийден алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен салыстырып тексеруді білдіреді.
Тармақ 130
130. Негізгі құралдарды түгендеу олардың нақты болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікке және автокөлік құралдарына түгендеу жүргізу кезінде осы объектілерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болуы тексеріледі.
Тармақ 131
131. Негізгі құралдарды және мүліктің басқа да түрлерін түгендеу актілерінде үшінші тұлғалардың сақтауындағы, банк жалға берген мүлік, сондай-ақ өзге де белгіленген фактілер жеке көрсетіледі.
Тармақ 132
132. Қоймадағы және пайдалануға берілмеген тауарлық-материалдық қорлар әрбір затты қарап, оларды сақтау орындары бойынша түгенделеді.
Тармақ 133
133. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде материалдық емес активтердің бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі және Банктің оларды пайдалану құқығын растайтын құжаттардың болуы тексеріледі.
Тармақ 134
134. Уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшіден) таратылатын банктің тарату комиссиясы қабылдайтын мүлкінің көлемін ескере отырып түгендеу жүргізу кезінде, сондай-ақ тарату комиссиясы төрағасын, бухгалтерлік қызмет басшысын, материалдық жауапты адамдарды ауыстыру кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша түгендеу жүргізу мерзімі тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен белгіленген түгендеуді аяқтау мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, түгендеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы тарату комиссиясы төрағасы өтінішінің негізінде ұзартылады.
Тармақ 135
135. Таратылатын банктің түгендеу арқылы белгіленген барлық активтері, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тарату массасына енгізілуге тиіс. Тарату басында банктің балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілуге тиіс. Түгендеу барысында анықталған мүліктің жетіспеушілігі аралық тарату балансына қосылады және жеке шотта ескеріледі.
Тармақ 136
136. Бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы түгендеуді жылына кемінде бір рет, сондай-ақ міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізеді: тарату комиссиясының төрағасы, бухгалтерлік қызметінің басшысы, материалдық жауапты адамдары ауысқан кезде; мүлікті ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүлдіру фактілері анықталған кезде; табиғи апаттар, өрт, авариялар немесе төтенше жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайларда. Түгендеу кезінде тарату комиссиясы кепіл мүлкіне, оның ішінде банктің кепіл мүлкіне ауыртпалықтарының болуы тұрғысынан тіркеу органдарымен салыстыруды жүзеге асыру арқылы мониторинг жүргізеді. Электрондық нысандағы және қағаз тасымалдағыштағы түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталғаннан және қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғаннан кейін (тарату комиссиясының төрағасы, бухгалтерлік қызмет басшысы, материалдық жауапты адамдар ауысқан жағдайда) 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Таратылатын банктің дебиторларымен жұмыс
2-параграф. Таратылатын банктің дебиторларымен жұмыс
Тармақ 137
137. Банктегі тарату процесінің басталуы банктің дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды. Банктің дебиторлық берешегі бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банк арасында жасалған шартта көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 138
138. Провизияларды есептеу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) уәкілетті органмен келісілген банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 139
139. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 141
140. Тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа талап арыз берген күні дебитор мен банк арасында жасалған шарттардың талаптарын негізге ала отырып, таратылатын банктің уәкілетті органдары сыйақы және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекке айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған сәтте болған қарыздар бойынша бұған дейін қабылдаған шешімдерін ескере отырып жүзеге асырады. Сотқа талап арыз берілген күннен бастап дебиторлық берешек бойынша сыйақыны, айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) есептеу кредиторлар комитетінің келісімінсіз тоқтатыла тұрады. Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқарушылық құжаттарды тарату комиссиясы оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сот актісін мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе өңірлік палатасына жібереді.
Тармақ 141
141. Сот талқылауы барысында немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтініш мәлімделген жағдайда, тарату комиссиясы мынадай талаптар сақталған кезде бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер (бұдан әрі – дауды реттеу туралы келісім) жасасу туралы мәселені қарайды: дебитордың қаржылық жағдайы дебиторлық берешекті дауды реттеу туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өтеуге мүмкіндік береді; дауды реттеу талаптары таратылатын банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайды дауды реттеу туралы келісім шеңберінде дебиторлық берешекті өтеу мерзімі дебитор-жеке тұлғалар үшін - 30 (отыз) айдан, дебитор-заңды тұлғалар үшін - 24 (жиырма төрт) айдан аспайды; банк дебитордың міндеттемелерін орындау есебіне бұрын қабылдаған қамтамасыз ету (ол бар болса) өзгеріссіз сақталады; сот орындаушысы дебиторға қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдаған мүлік (бар болса) дауды реттеу туралы келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету ретінде тарату комиссиясына кепілге беріледі; дауды реттеу туралы келісімнің талаптары таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешекті есептен шығаруды көздемейді. Осы тармақта көзделген талаптарды іске асыру мақсатында тарату комиссиясының төрағасы кепіл мүлкі шарттарын жасасады. Дебитормен жасалатын дауды реттеу туралы келісім бойынша берешекті өтеу дауды реттеу туралы келісімде көзделген берешекті өтеудің бүкіл мерзімі ішінде ай сайын тең төлемдермен жүзеге асырылады. Дауды реттеу туралы келісімге тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитетімен оның талаптарын келіскеннен кейін қол қояды. Егер сот актісін мәжбүрлеп орындау сатысында дебитор өзіне кредиторлар комитетімен келісілген дауды реттеу туралы келісімнің талаптары бойынша дебиторлық берешекті өтеуді жүргізуге, сондай-ақ жеке сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау бойынша нақты жұмсаған шығыстарын өтеуге міндеттеме алған жағдайда, тарату комиссиясы борышкермен дауды реттеу туралы келісім жасасуға байланысты атқарушылық іс жүргізуді тоқтата туралы сот орындаушысына жүгінуге құқылы. Атқарушылық құжаттар банкте сақталады.
Тармақ 142
142. Тарату комиссиясы дауды сотқа дейінгі реттеу шеңберінде жеке (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) және заңды тұлғаларға (шағын және орта бизнес субъектілері) берілген қарыздар, сондай-ақ қарызды пайдаланудан туындаған дебиторлық берешек бойынша айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы шешім қабылдайды:
Тармақша 1
1) айыпақыны (айыппұл, өсімпұлды) есепке алмағанда, дебиторлық берешек сомасынан 70 (жетпіс) және одан да көп пайыз мөлшерінде борыш сомасын біржолғы өтеген кезде – 100 (жүз) пайыз мөлшерде;
Тармақша 2
2) айыпақыны (айыппұл, өсімпұлды) есепке алмағанда, дебиторлық берешек сомасынан 70 (жетпіс) пайыздан кем мөлшерде борыш сомасын біржолғы өтеген кезде - борышкер өтеуге жоспарлаған соманың пайыздық қатынасына мөлшерлес мөлшерде. Бұдан әрі тарату комиссиясы қарызды және дебитор тарапынан қарызды пайдаланудан туындаған дебиторлық берешекті біржолғы толық өтеу шартымен айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) толық көлемде есептен шығару туралы шешім қабылдайды. Тарату комиссиясы бұрын қаралған және тарату комиссиясының оларды қанағаттандыру туралы кредиторлар комитетімен келісілген айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы шешімдері бойынша қайталама өтінішхаттарды қарамайды және қанағаттандырмайды.
Тармақ 143
143. Тарату комиссиясының осы Қағидалардың 142-тармағында көрсетілген қарыздар бойынша есептелген айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару және (немесе) банктік кепілдіктер бойынша айыпақыны (өсімпұлды) есептен шығару туралы шешімдер қабылдауы үшін дебиторлар тиісті өтінішхат береді.
Тармақ 144
144. Айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы өтінішхат, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу кезінде тарату комиссиясының шешім қабылдауы үшін объективті негіздерді қамтиды, олар мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнесті жүргізудің қатарынан 6 (алты) айдан астам, қызметтен түскен кірістің, берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттардағы ақшаның болмауы; екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарда тыйым салудың болуы; кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы; алынатын табыс көзі болып табылатын мүліктің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы; борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшін: берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарда қатарынан 6 (алты) айдан астам ақшаның болмауы; кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы; соңғы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жұмысынан айрылғандығын және табыстың жоқтығын растайтын құжаттар; асыраушысынан айрылғандығын растайтын құжаттар; борышкердің немесе оның отбасы мүшесінің мүгедектігін растайтын құжаттар; борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар. Өтінішхаттарға растайтын құжаттар (мемлекеттік органдардың ресми жауаптары, фотосуреттер, ағымдағы шоттардан үзінді көшірмелер, банктермен хат алмасу, тәуелсіз бағалау компаниясы (кепіл мүлкі болған кезде) жүргізген кепіл мүлкін бағалау туралы есеп және басқа да растайтын құжаттар) қоса беріледі.
Тармақ 145
145. Тарату комиссиясы өтініш берілген күні:
Тармақша 1
1) кепілмен қамтамасыз ету бағалау құны бойынша есептелген сыйақы мен айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есепке ала отырып, қарызды 2 (екі) және одан да көп есе өтейтін болса;
Тармақша 2
2) борышкерге қатысты таратылатын банктің мүддесі үшін берілген қарыздар бойынша қылмыстық талқылау жүргізілетін болса;
Тармақша 3
3) борышкерге қатысты таратылатын банктің пайдасына дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы заң күшіне енген орындалмаған сот шешімі болса.
Тармақ 146
147. Дебиторлық берешек қарыздары бойынша есептелген айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) кейіннен есептен шығара отырып, есептелген айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбай таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешектің 100 (жүз) пайызынан аз мөлшерде борыш сомасын біржолғы өтеу туралы шешімді тарату комиссиясы таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісім бойынша қабылдайды және банк шартына қосымша келісімге қол қою арқылы таратылатын банктің ішкі кредиттеу қағидаларына сәйкес ресімделеді. Есептелген айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбай таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешек сомасы толығымен біржолғы өтелген кезде міндеттемелерді тоқтату туралы тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясы төрағасының өкімімен ресімделеді. Берешектің толық өтелгені жөніндегі ақпаратты тарату комиссиясы кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.
Тармақ 148
148. Осы Қағидалардың 140, 141, 142, 143, 144, 145 және 147-тармақтарының ережелері берілген банктік қарыздар бойынша тең қарыз алушыларға, кепіл берушілерге және кепілгерлерге қолданылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Таратылатын банктің мүлкін жалға беру тәртібі
3-параграф. Таратылатын банктің мүлкін жалға беру тәртібі
Тармақ 149
149. Таратылатын банктің мүлкін өткізгенге дейін тарату шығыстарын барынша азайту мақсатында банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің мүлкін, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде заңды күшіне енген сот актілеріне сәйкес банктің тарату комиссиясы қабылдаған, сондай-ақ меншік құқығы белгіленген тәртіппен банкке тіркелген банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған мүлікті жалға беру мәселелерін қарайды.
Тармақ 150
150. Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі. Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды. Тарату комиссиясының жалдау шартын жасасуы жалға алушының тарату комиссиясының бірінші талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалға алынған мүлікті қосалқы жалдауға (қосалқы жалға) беру мүмкін еместігі бойынша шектеулерді қабылдауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 151
151. Жалға алушыны таңдауды банктің тарату комиссиясы тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша жалға алудың ең жақсы шарттарын ұсынған тұлғаға артықшылық беріледі.
Тармақ 152
152. Тендер өткізу туралы хабарландыру тендер өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Тендер өткізу туралы хабарландыруда:
Тармақша 1
1) тендерді өткізу күні, орны және уақыты;
Тармақша 2
2) таратылатын банктің атауы;
Тармақша 3
3) жалға берілетін мүліктің сипаттамасы;
Тармақша 4
4) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;
Тармақша 5
5) тендерлік құжаттаманы және қосымша ақпаратты алуға болатын телефондар, мекенжайлар қамтылады.
Тармақ 153
153. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) хабарландыруда көрсетілген ақпарат;
Тармақша 2
2) жалға берілетін мүлікпен танысу күні, уақыты және орны;
Тармақша 3
3) жалдау ақысын төлеу шарттары;
Тармақша 4
4) олардың негізінде тендер жеңімпазы анықталатын критерийлер;
Тармақша 5
5) жалдау шартының жобасы.
Тармақ 154
154. Тендерге қатысуға таратылатын банктің бұрынғы басшы қызметкерлері, таратылатын банктің кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ банктің тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тартылған қызметкерлері жіберілмейді.
Тармақ 155
155. Егер тендерге екіден кем қатысушы қатысса, тендер өтпеді деп есептеледі. Тендер өткізілмеді деп танылған жағдайда тарату комиссиясы тендердің жалғыз қатысушысымен жалдау шартын жасасу туралы мәселені қарайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Таратылатын банктің мүлкін сату және активтеріне билік ету тәртібі
4-параграф. Таратылатын банктің мүлкін сату және активтеріне билік ету тәртібі
Тармақ 156
156. Тарату комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі – Бағалаушы) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.
Тармақ 157
157. Тарату комиссиясы бір мезгілде барлық мүлікке не мүліктің бір бөлігіне бағалау жүргізеді.
Тармақ 158
158. Таратылатын банктің баланстық құнына қарамастан, оның барлық мүлкін бағалау үшін бағалаушыны таңдау бағалау компанияларынан олардың қызметтеріне баға ұсыныстарын қарау жолымен жүзеге асырылады. Бағалау компанияларынан алынған баға ұсыныстарының нәтижелері бойынша неғұрлым тиімді шарттарды (көрсетілетін қызметтер үшін төлем мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушыда филиалдық желінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Баға ұсынысын беру талаптарын банктің тарату комиссиясының төрағасы айқындайды және таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар баға ұсыныстарын бере алмайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.
Тармақ 159
159. Таратылатын банктің алдындағы берешекті өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетінің келісімі бойынша бағалау туралы есеп болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 160
160. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банкін, бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырғанға дейін орын алған, банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырғанға дейін орындалуы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделуі аяқталмаған таратылатын банктің қатысуымен жасалған мәмілелер өтпеді деп есептеледі.
Тармақ 161
161. Осы Қағидалардың 162-тармағында көрсетілген активтерді аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгенге дейін қайтару кезінде тарату комиссиясы:
Тармақша 1
1) тарату конкурстық массасына енгізілмейтін активтерді басқа банкке аудару үшін түгендеу;
Тармақша 2
2) беру күніне берілетін активтердің сомаларын салыстырып тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тиісті акт жасалады. Активтердің басқа банкке берілетін сомасы таратылатын банктің сақтау және есепке алу үшін алған активтерінің сомасына тең болуы тиіс;
Тармақша 3
3) активтерді (ақшаны) басқа банкке аудару туралы шарт жасау және активтерді аудару туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын активтерді қабылдау-беру актісін жасайды.
Тармақ 162
162. Банктер туралы заңның 74-1-бабының 1-1-тармағында көрсетілген кепілдік мүлікті және бөлінген активтерді аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгенге дейін қайтару кезінде тарату комиссиясы:
Тармақша 1
1) ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне кепілдік мүлікті және ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді беру туралы шарт жасасады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ипотека туралы заңнамасына сәйкес ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтары болып табылатын ипотекалық қарыз шарттарын (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ ипотекалық шарттарды және берілетін кепіл мүлкіне құқық белгілейтін барлық құжаттарды ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді о;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ипотекалық шарт бойынша талап ету құқығын ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне беруді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ипотекалық куәлігінде ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің пайдасына тапсыру жазбасын жүргізеді. Бұл ретте тапсыру жазбасында ипотекалық куәлігі бойынша құқықтар тапсырылатын ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілінің аты нақты және толық көрсетілуге тиіс. Ипотекалық куәлігіндегі және ипотекалық шартындағы бланктік тапсыру жазбалары жарамсыз болып саналады. Ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ипотекалық куәлігі бойынша құқықтарды тапсыру онымен келешекте оған негізгі міндеттеме бойынша құқықтарды да тапсыратынын көрсетеді. Ипотекалық куәлігінің және ипотекалық шарттың заңды иесі кепілдік ұстаушы мен кредитордың негізгі міндеттеме бойынша құқықтарын қоса алғанда, оның мазмұнынан туындаған барлық құқықтарды иеленеді;
Тармақша 5
5) тапсыру күніне тапсырылатын ипотекалық заемдардың мөлшерін (нақтылы өтелген берешек сомалары бойынша және өтелмеген берешек қалдықтары бойынша) салыстырып тексеру жүргізеді. Ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне негізгі борыш, сыйақы, осы ипотекалық заемдар бойынша айыппұл, өсімпұлды қоса алғандағы сомаға тапсырылады;
Тармақша 6
6) ипотекалық облигациялар шығарылымының көлемі мен банк берген жиынтық сомасы арасында айырма пайда болған жағдайда ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілін ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық қарыздар бойынша жетпеген соманы мойындағаны туралы және осы берешек соманы кредиторлардың талап ету тізілімінің сегізінші кезек тобына енгізетіні туралы хабардар етеді;
Тармақша 7
7) ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқығын тапсырған кезде әрбір дебиторды жазбаша оның қарыз бойынша міндеттемелерін басқа тұлғаға тапсырғаны туралы хабардар етеді. Егер дебитор ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқығы ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар етілмесе банк алдындағы міндеттемелерін орындау ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкілі орындауы тиіс деп танылады. Тарату комиссиясының ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлікті және бөлінген активтерді ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкіліне тапсырғаннан кейін ипотекалық облигациялар ұстаушылар өкілдері мен ипотекалық облигациялар ұстаушылары арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 163
163.Тарату комиссиясы банктік қарыз шарттарды өтеу нақтылығы мен перспективалары, борышкерлердің мүліктік жағдайы мәніне талдау жасайды және кредиттік топтаманы қалыптастырады. Тарату комиссиясы банктің уәкілетті органдарының шешімдерін банктің уәкілетті органдарының қабылдаған шешімдерін банктік операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге дейін соңғы 2 (екі) ай ішіндегі бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыра отырып, банктік қарыз шарттары бойынша сатуды немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру мәніне салыстырып тексеру жүргізеді. Кредиттік пакеттерді қалыптастыру мыналарды: қарыз түрін; кредиттеу мерзімін; қамтамасыз ету түрлерін; берешектің мөлшерін; қарыз беру өңірін (орынын); сот талқылауларының және/немесе атқарушылық іс жүргізудің болуын; сыйақы мөлшерлемелерін; мерзімі өткен күндер санын; қарыз валютасын ескере отырып жүзеге асырылады. Тарату комиссиясы қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банктің кредиторлар комитетімен келісе отырып, иеліктен шығарғанға немесе құқықты (талапты) басқаға бергенге дейін 6 (алты) айдан аспайтын кезеңге бағалаушы айқындаған, таратылатын банк алдындағы қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік құнының бағалауын ескеріп жүргізеді. Тарату комиссиясы қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруды банктің интернет-ресурсында жариялау арқылы жүргізеді. Төлемді бөліп төлеу түрінде төлеу талабымен қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығаруды немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банктің кредиторлар комитеті айқындайды. Қалыптастырылған кредиттік топтаманың иеліктен шығару немесе құқықтарын (талаптарын) басқаға беру бойынша төлемді бөліп төлеу мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспайды. Төлемді бөліп төлеу түрінде төлеу талаптары туралы ақпарат және осындай бөліп төлеудің мерзімі тарату комиссиясы жариялайтын баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыруда көрсетіледі. Әлеуетті сатып алушылар баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде «Қатаң конфиденциалды» белгісі бар баға ұсынысын жібереді. Тарату комиссиясы әлеуетті сатып алушыларға қосымша ақпаратты құпиялылықты сақтау және қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығару немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беру мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін ғана береді. Кредиттік топтама бойынша иеліктен шығарудың немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға берудің ең жоғары құнын ұсынған тұлға әлеуетті сатып алушы деп танылады. Тарату комиссиясы әлеуетті сатып алушының баға ұсынысы келісілмеген жағдайда әлеуетті сатып алушыға қалыптастырылған кредиттік топтама бойынша иеліктен шығарудан немесе құқықтарды (талаптарды) басқаға беруден бас тартады.
Тармақ 164
164. Таратылатын банктің алдындағы мерзімі өткен берешегін, оның ішінде банк лицензиясынан айырылған күннен бастап құралған тұрақсыздық айыбы (айыппұл және өсімпұл) толық өтеген жағдайда, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау шеңберінде тарату комиссиясы таратылатын банктің клиентінің өтінішхаты бойынша кредиттік бюроға ұсынылатын ақпаратқа түзету енгізеді.
Тармақ 165
165. Таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыстағы таратылатын банктің бағалы қағазының (бір бірлігінің) құнын бағалау қор биржасының бағалы қағаздарының нарықтық бағаларының әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Мұндай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкін болмаған не белгілі бір бағалы қағазға қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді. Таратылатын банкке меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша сатып алуға ниет еткен адамдар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде уәкілетті органмен келісім бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бағалы қағаздардың әрбір түрі үшін құн, алайда оның соңғы бағалау құнының 50 (елу) пайызынан кем емес құн белгілейді. Өзгерген құны бар бағалы қағаздар ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында ғана сатуға жатады.
Тармақ 166
166. Тарату комиссия төрағасының мүлікті сату туралы шешімін, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін сату жоспарын таратылатын банктің кредиторлар комитеті бекітеді. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгенге дейін тарату комиссиясы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісу бойынша мүлікті сатады. Таратылатын банкте кредиторлар комитеті болмаған жағдайда, мүлікті сату туралы шешімді, сондай-ақ таратылатын банктің мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және оны уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 167
167. Мүлікті сату сауда-саттық жасау Жоспарына сәйкес ашықтық, жариялылық және рұқсат беру қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Тарату комиссиясы аукциондарды өткізу кезінде сауда-саттық жасау (ағылшын немесе голланд әдісі) әдістерін дербес таңдайды
Тармақ 168
168. Таратылатын банктің үйлері және ғимараттары, жылжымайтын мүліктің өзге де объектілері, олардың құнына қарамастан көлік құралдары, сондай-ақ мүліктің бір бірлігі үшін 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен асатын бағалау құны бар таратылатын банктің өзге мүлкі тек қана жария сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылуға жатады.
Тармақ 169
169. Бұрын жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша кепіл болып табылған, жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіріген кезде банктің меншігіне алынған таратылатын банктің мүлкін сатуды таратылатын банк мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын қаржы ұйымына, сондай-ақ оның бұрынғы меншік иесіне (жеке тұлғаға) атаулы сату арқылы бағалау құны бойынша аукцион өткізбей жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келдмейтін мүлік осы Қағиаларға сәйкес сауда-саттықта сатылады.
Тармақ 170
170. Банктің 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аз бағалау құны бар жылжымалы мүлікін сату бағалау құнынан төмен емес баға бойынша жария сауда-саттық жүргізбей сатылады. Осы мүлікті бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатып алуға ниетті тұлғалар болмаған жағдайда, жылжымалы мүлік бағалау құнынан 50 (елуден) төмен емес баға бойынша. Банктің құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен болатын жылжымалы мүлікін сату туралы ақпарат таратылатын банктің интернет-ресурсында сату бағасы, оның техникалық сипаттамалары (бар болса) көрсетіле отырып орналастырылады.
Тармақ 171
171. Тазартылған қымбат металдардың құны Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының (LBMA Gold Price) сату күніне белгіленген алтын бағасы бойынша айқындалады.
Тармақ 172
172. Таратылатын банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) таратылатын банктің мүлкін қайта қарау құрылымдау (сегментация, шоғырландыру) жөніндегі ұсыныстарды дайындау және нәтижесінде объектіні сату анықталатын лоттарды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) бағалаушыны таңдау және таратылатын банктің мүлкін бағалау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Тармақша 3
3) таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруларды жариялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) таратылатын банктің мүлкін сату Жоспарын кредиторлар комитетіне қарауға және бекітуге дайындау және ұсыну;
Тармақша 5
5) тартылатын жеке немесе заңды тұлғамен, оның ішінде электрондық аукциондарды ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасау.
Тармақ 173
173. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар. Сату жоспарына бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен мүлік кірмейді. Мүлікті сату жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жіберіледі Өзгертілген сату жоспары сатылатын лоттардың жаңартылған құрылымын және (немесе) олардың жаңа бастапқы (ең төменгі) бағасын қамтиды.
Тармақ 174
174. Тарату комиссиясы осы Қағидаларда белгіленген тәртіп бойынша тартылып отырған банктің мүлкін сатуды мынадай талаптар мен мақсаттарды негізге ала отырып жүргізеді:
Тармақша 1
1) сатылып отырған мүлікке осы өңірдегі осыған ұқсас мүлік түрлерінің нарықтық бағасынан кем емес баға белгілеу;
Тармақша 2
2) мүлікті ең жоғары бағамен сату;
Тармақша 3
3) мүлікті қалдырмай сатып жіберу кезіндегі жоғалтуды барынша азайту.
Тармақ 175
175. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі. Таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыру қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде немесе мүліктің орналасқан жері бойынша жарияланады.
Тармақ 176
176. Сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарда мынадай мазмұн болады:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты өткізу күні, орны және уақыты;
Тармақша 2
2) таратылатын банктің сатуға қойылатын мүліктің атауы және тарату комиссиясының мекенжайы;
Тармақша 3
3) қойылатын лоттардың сипаты (мазмұны);
Тармақша 4
4) әрбір лот бойынша сауда-саттықты өткізу әдісі;
Тармақша 5
5) сатуға қойылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы (лоттың ең төмен бағасы сауда-саттықты голландтық әдісімен өткізген жағдайда көрсетіледі);
Тармақша 6
6) кепілдік беру жарнасының мөлшері, мерзімі және тәртібі, сатушының деректемелері;
Тармақша 7
7) өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;
Тармақша 8
8) сату объектісімен таныстыру күні, уақыты мен орны;
Тармақша 9
9) сатып алынған объектісін сату бойынша ақы төлеу шарттары;
Тармақша 10
10) сауда-саттықты өткізу ережесімен танысуға және өзге ақпаратты алуға болатын телефондары мен мекен-жайлары;
Тармақша 11
11) сатушының шешімі бойынша басқа қосымша ақпарат.
Тармақ 177
177. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізгенге дейін әрбір қатысушыға оның тіркеген сәтте берілетін аукционға қойылатын әрбір лоттың жан-жақты сипаты бар аукциондық карта жасайды.
Тармақ 178
178. Ақпараттық хабарды жариялағаннан кейін сатушы барлық ниет білдірушілердің аукционды өткізу ережесі және ұйымдастыру туралы ақпаратқа және сату объектісіне еркін кіруін қамтамасыз етеді.
Тармақ 179
179. Сатушының функцияларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) кепілдік берілген жарналарын қабылдау;
Тармақша 2
2) аукционды өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Тармақша 4
4) қатысушыларымен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру.
Тармақ 180
180. Аукционға қатысуға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі. Аукционға «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес таратылатын банкке қатысты немесе өзара үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды. Аукционға тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тарату комиссиясының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары болып табылатын адамдар қатыстырылмайды.
Тармақ 181
181. Таратылатын банктің аукцион арқылы сатылатын мүлігін сатып алуға ниет білдіруші тұлғалар кепілдік жарнасын енгізеді.
Тармақ 182
182. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасы барлық таратылатын банктер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі бойынша оның бастама бағасының 5 (бес) пайызын құрайды.
Тармақ 183
183. Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарнасы болып табылады:
Тармақша 1
1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
Тармақша 2
2) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;
Тармақша 3
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау.
Тармақ 184
184. Бір кепілдік жарнасы сауда-саттыққа қатысуға және кепілдік жарнасы енгізілген бір нақты лотты сатып алуға құқық береді.
Тармақ 185
185. Кепілдік жарнасын қатысушы не оның атынан Қағидалардың 182-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепілдік жарнасының алушысы болып табылады.
Тармақ 186
186. Сатушы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) аукционды өткізуге дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын оған қатысудан бас тартқанда;
Тармақша 2
2) сауда-саттық жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;
Тармақша 3
3) қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға оның нәтижелерімен келіспеуді негіздемей қол қоюдан бас тартқанда;
Тармақша 4
4) сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;
Тармақша 5
5) егер қатысушы сауда-саттықтың ағылшын әдісінде бастама баға хабарланғаннан кейін немесе сауда-саттықтың голланд әдісінде ең төменгі бағаға жеткен кезде аукциондық нөмірін көтермеген болса, кепілдікті жарнаны қайтармайды.
Тармақ 187
187. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналары аукцион басталған күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін сатушының банк шотына түссе, онда олар түскен күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде қайтарылады.
Тармақ 188
188. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап өткізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат қалғанда аяқталады.
Тармақ 189
189. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)»;
Тармақша 3
3) кепілдік жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;
Тармақша 4
4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Тармақ 190
190. Аукцион қатысушыларын тіркеу сатушы еркін нысанда жасайтын сауда-саттық қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді. 191.Тіркеуден өткен тұлға аукцион өткізілетін күнінде аукциондық нөміріне ауыстырылатын қатысушының билетін алады. Сауда-саттық барысында аукциондық номерін басқа тұлғасы пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 192
192. Аукционға қатысушы:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа өзі немесе өзінің өкілдері арқылы қатысады;
Тармақша 2
2) қосымша мәліметтерді, сауда-саттыққа шығарылатын сату объектісі бойынша нақтылауларды тегін алады;
Тармақша 3
3) сауда-саттықта сатылатын объектіні алдын ала қарайды;
Тармақша 4
4) өзінің құқығы бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
Тармақша 5
5) Қағидалардың 186-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарнасын қайтарып алады;
Тармақша 6
6) сатушыға бұл туралы жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысуға өзінің өтінімін қайтарып алады.
Тармақ 193
193. Аукционға кіру билетін төлеген барлық ниет білдірушілер қатысады. Кіру билетінің құнын сатушы өзі айқындайды және ол бір билет үшін бір айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукционға қатысушылар, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.
Тармақ 194
194. Сатушы сауда-саттықты дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңінде:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 2
2) Қағидалардың 189-тармағында атап көрсетілгендерді қоспағанда, аукционға қатысушылардан қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды талап етпейді.
Тармақ 195
195. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион оны өткізу қағидаларын хабарлаудан басталады, онда сату объектісінің қысқаша сипаты, лоттың бастама (ең төменгі) бағасы, бағаны өзгерту қадамы және сауда-саттықты өткізу әдісі көрсетіледі. Аукционды өткізу қағидаларын бұзған адамдар аукцион өткізу залынан шығарылады.
Тармақ 196
196. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағаны өзгерту қадамын сауда-саттық барысында сату объектісінің бастапқы бағасының бес пайызынан он пайызына дейінгі шекте белгілейді.
Тармақ 197
197. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион картасында белгіленген тәртіпке қарамастан лоттарды сауда-саттыққа қою бірізділігі туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 198
198. Аукционға бірнеше лоттар шығарған кезде әрбір лоттар бойынша сауда-саттықтың әр түрлі әдістер өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 199
199. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының сексен пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының елу пайызынан аз болмайды. Егер сауда-саттықты өткізу кезінде баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Жарияланған қадам сауда-саттықта белгіленген қадамға тең болады. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады. Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде «жеңімпаз» деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады. Конвертті тарту құқығын аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. «Жеңімпаз» деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады. Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда: Осы Қағидалардың 202-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны бір өтінімнен аспайтын болса; сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда; сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда; көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде; сауда-саттықтың голландық әдісінде лоттың ең төменгі бағасы жарияланған кезде көтерілген аукцион нөмірлері болмағанда; сауда-саттық өткізу залынан қатысушылардың жалпы саны екі адамнан аспайтын аукционның бір қатысушысын шығарып жібергенде өтпеген болып саналады.
Тармақ 200
200. Аукцион егер онда кемінде екі қатысушы қатысқан жағдайда, өтті деп саналады.
Тармақ 201
201. Аукционға бірінші рет қойылатын мүлікті сату сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі.
Тармақ 202
202. Бір сатып алушы қатысатын сауда-саттықты өткізген кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы жалғыз қатысушыға қойылатын лотты сауда-саттықтың кез келген әдісі кезінде бастапқы бағасынан кем емес сатады.
Тармақ 203
203. Әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттық нәтижелері сол күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасымен ресімделеді, сатушы, сауда-саттықты ұйымдастырушы, сауда-саттықтың жеңімпазы және әрбір лот бойынша сауда-саттық аяқталған барлық қатысушылары оған қол қояды. Сауда-саттық қатысушыларына кепілдік жарнасы олар сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттық қатысушысы оның нәтижелеріне өз келіспеушілігін жазбаша негіздейді. Егер сауда-саттық болмай қалған жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушы болмай қалған сауда-саттық туралы хаттама жасайды.
Тармақ 204
204. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған сауда-саттықтың жеңімпазы аукционға бұдан әрі қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектісі бойынша сауда-саттықтар жаңартылады. Сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе сатушымен сатып алу-сату объектісі бойынша одан әрі есеп айырысу тәртібін бұзған сауда-саттықтың жеңімпазы мүлікті сату жөніндегі тарату комиссиясы өткізетін барлық кейінгі аукциондарға қатысу құқығынан айырылады.
Тармақ 205
205. Сауда-саттық нәтижелерін және сауда-саттық жеңімпаздарының міндеттемелерін және сатушының сату бағасы бойынша сатып алу-сату шарт жасауын белгілейтін құжаты сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы болып табылады.
Тармақ 206
206. Аукционды өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алушы және сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері, сондай-ақ тараптар арасында сатып алушы және сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауына қарай өзге де талаптар көрсетіледі.
Тармақ 207
207. Егер шартта бөлiп төлеу немесе төлем мерзімін кейінге қалдыру көзделмеген болса, сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.
Тармақ 208
208. Сатып алушы белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлік үшін төлем енгізбеген жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады, бұл осы шарттың талаптарында көзделеді. Сатып алушы енгізген кепілдік жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегені үшін жауапкершілігі сатушы мен оның арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді. Мүлікті сатып алу-сату шарты және (немесе) мүлікті сату жөніндегі сауда-саттық нәтижелері сот тәртібімен жарамсыз деп танылған жағдайда, мүлікті сатып алу-сату шарты бойынша түскен ақша сатып алушыға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарылады.
Тармақ 209
209. Мүлікті сату рәсімін жеделдету және сату рәсімімен байланысты шығыстарды қысқарту мақсатында тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен келісі отырып электрондық аукциондар арқылы электрондық аукциондарды ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сатуды жүзеге асырады.
Тарау 8. 8-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды және архивке тапсыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
8-тарау. Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды және архивке тапсыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 210
210. Банктің тарату комиссиясы сақтауға жататын құжаттарды есепке алу, ресімдеу мен сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша банктерге қойылатын, оның ішінде архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 211
211. Банктің тарату комиссиясының құрамы өзгерген кезде сақтауға жататын істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелеріне) қабылдау-өткізуі таратылатын банктің істері мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.
Тармақ 212
212. Таратылатын банктің қызметі нәтижесінде пайда болатын, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысымен белгіленеді.
Тармақ 213
213. Істер мен құжаттарды сақтау мерзімін оларды іс жүргізу аяқталған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.
Тармақ 214
214. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою сараптау-тексеру комиссиясының келісімі бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекітетін, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның нысаны бойынша актімен ресімделеді.
Тармақ 215
215. Сараптау-тексеру комиссиясымен келісусіз құжаттарды жою жүргізілмейді.
Тармақ 216
216. Таратылатын банктің тұрақты сақталуға жататын құжаттары банктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік архивтерге реттелген түрде тапсырылады, ал банкті таратуды толық аяқтау сәтінде сақталу мерзімі өтпеген, уақытша сақталуға жататын, оның ішінде жеке құрам бойынша құжаттары қабылдау-өткізу актісі бойынша уәкілетті органға тапсырылады.
Тармақ 217
217. Құжаттардың есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыруға жауапты адам істерді архивтік сақтауға тапсыруға дайындаған кезде, олардың дұрыс ресімделу, қалыптастырылу және тізімдемеге енгізілген істердің саны таратылатын банктің іс номенклатурасына сәйкес куәландырылған істердің санына сәйкестігін тексереді. Құжаттарды тапсыру тізімдемелер бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді. Егер таратылатын банктің құжаттарын өңдеу жай-күйі мен сапасы тиісінше болмаса, онда тарату комиссиясы олардың ретке келтірілуін ұйымдастырады. Таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыру бойынша шығыстар таратылатын банк қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 9. 9-тарау. Таратуды аяқтау
9-тарау. Таратуды аяқтау
Тармақ 218
218. Таратылатын банктің кредиторларымен есеп айырысулар аяқталғаннан кейін немесе өндіріп алу немесе сату үшін мүмкін активтер болмаған кезде тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады. Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторларымен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есеп береді. Уәкілетті орган қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 219
219. Тарату комиссиясы тарату балансы және банкті тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 220
220. Мәжбүрлеп таратылған жағдайда банктердің қызметін тоқтатуды тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 221
221. Тарату комиссиясының өкілеттіктері банктің қызметін тоқтату туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізіліміне енгізілгеннен, банктің құжаттары мемлекеттік архивке өткізілгеннен және бұл туралы уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тоқтатылады.
Тармақ 222
222. Банктің қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
Тарау 10. 10-тарау. Қорытынды ережелер
10-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 223
223. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына сәйкес шешілуге тиіс.
Басқа 1. __________________________________________________ (таратылатын банктің атауы) ________________ жылғы _____ тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларына және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға 1-қосымша Нысан __________________________________________________ (таратылатын банктің атауы) ________________ жылғы _____ тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы № Шы­ғы­стар бап­та­ры­ның ата­уы Жос­пар­лан­ған шы­ғы­стар со­ма­сы (мың тең­ге­мен) ай ай ай тоқ­сан­да­ғы бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 1 Ең­бек­ке ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры 1.1 та­ра­ту ко­мис­си­я­сы тө­ра­ға­сы­ның және мү­ше­ле­рі­нің сый­а­қы­сы, оның ішін­де: 1.1.1 сый­а­қы 1.1.2 же­ке та­быс са­лы­ғы 1.1.3 мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры 1.1.4 мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру 1.2 ең­бек шар­тта­ры негі­зін­де жұ­мыс іс­тей­тін та­ра­ту ко­мис­си­я­сы­ның тар­ты­л­ған қыз­мет­кер­ле­ріне ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры, оның ішін­де: 1.2.1 ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы 1.2.2 же­ке та­быс са­лы­ғы 1.2.3 мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры 1.2.4 мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру 1.3 өте­улі қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры бой­ын­ша қыз­мет көр­се­те­тін тар­ты­л­ған адам­дар­дың жұ­мысы­на ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры, оның ішін­де: 1.3.1 көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін ақы тө­леу 1.3.2 же­ке та­быс са­лы­ғы 1.3.3 мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры 1.3.4 мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру 2 Бюд­жет­ке ауда­рым­дар бой­ын­ша шы­ғы­стар 2.1 әле­умет­тік са­лық 2.2 әле­умет­тік ауда­рым­дар 2.3 мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру 2.4 мү­лік­ке са­лы­на­тын са­лық 2.5 кө­лік құ­рал­да­ры­на са­лы­на­тын са­лық 2.6 жер са­лы­ғы 2.7 қо­сым­ша құн са­лы­ғы 2.8 жер те­лім­де­рін пай­да­ла­ну тө­ле­мі, қор­ша­ған ор­та эмис­си­я­сы үшін тө­лем 2.9 өзге са­лық­тар және бас­қа да бюд­жет­ке тө­ле­не­тін мін­дет­ті тө­лем­дер 2.10 қыз­мет­кер­дің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры 3 Әкім­ші­лік шы­ғы­стар 3.1 қыз­мет­тік және ша­ру­а­шы­лық қа­жет­ті­лік­тер­ге кө­лік жал­дау қыз­мет­те­рі 3.2 бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі 3.3 үй­лер мен ғи­ма­рат­тар­ды кү­зе­ту және сиг­на­ли­за­ци­я­сы қыз­мет­те­рі 3.4 кө­лік­ті кү­зе­ту қыз­мет­те­рі 3.5 кө­лік үшін тұ­рақ бе­ру қыз­мет­те­рі 3.6 кө­лік­ті тір­кеу қыз­мет­те­рі 3.7 кө­лік­ті тех­ни­ка­лық қа­рау қыз­мет­те­рі 3.8 кө­лік­ті сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі 3.9 қыз­мет­кер­ді жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сын тө­леу қыз­мет­те­рі 3.10 ком­му­нал­дық қыз­мет­тер 3.11 негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды ағым­да­ғы жөн­деу, тех­ни­ка­лық, сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту (қа­рау) жұ­мыста­ры 3.12 үй-жай­ды жал­дау 3.13 тір­кеу ор­ган­да­рын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті және ти­іс­ті құ­жат­та­ма­ны тір­кеу қыз­мет­те­рі 3.14 мү­лік­ті ба­ға­лау қыз­мет­те­рі 3.15 бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лау қыз­мет­те­рі 3.16 жы­лы­ту жүй­е­сін қо­су­ға дай­ын­дау қыз­мет­те­рі 3.17 сан­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар 3.18 мү­лік­ті сақ­тау қыз­мет­те­рі 3.19 мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу 3.20 но­та­ри­ат­тық ку­әлан­ды­ру қыз­мет­те­рі 3.21 мү­лік­ті та­сы­мал­дау, ти­еу, тү­сі­ру қыз­мет­те­рі 3.22 те­ре­зе­лер­ге, есік­тер­ге те­мір тор­лар­ды дай­ын­дау және ор­на­ту жұ­мыста­ры 3.23 аук­ци­он­дар өт­кі­зу қыз­мет­те­рі 3.24 ин­кас­са­ция қыз­мет­те­рі 3.25 са­рап­та­ма жүр­гі­зу қыз­мет­те­рі 3.26 аудит жүр­гі­зу қыз­мет­те­рі 3.27 құ­жат­тар­ды ауда­ру қыз­мет­те­рі 3.28 те­ле­фон нө­мір­ле­рін ор­на­ту, ауы­сты­ру неме­се бас­қа жер­ге ор­на­ту 3.29 ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу жө­нін­де­гі ор­та­лық де­по­зи­та­рий­дің қыз­мет­те­рі 3.30 банк шо­ты­на қыз­мет көр­се­ту, банк шо­тын ашпас­тан жү­зе­ге асы­ры­л­ған тө­лем­дер және ақ­ша ауда­рым­да­ры қыз­мет­те­рі 3.31 құ­жат­тар­ды ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық өң­деу және олар­ды ар­хив­ке тап­сы­ру қыз­мет­те­рі 3.32 та­ра­ту­ды тір­кеу үшін алым тө­леу 3.33 кол­лек­тор­лық қыз­мет­тер 3.34 же­ке сот орын­да­у­шы­ла­ры­ның қыз­ме­ті 4 Та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу шы­ғы­ста­ры 4.1 офис жабды­ғын жұ­мысқа қа­бі­лет­ті жағ­дай­да ұстау 4.2 кө­лік құ­рал­да­рын ұстау 4.3 үй-жай­лар­ды ұстау 4.4 қа­ғаз және бланк­тік өнім­дер­ді са­тып алу 4.5 кең­се та­у­ар­ла­рын са­тып алу 4.6 жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­рын са­тып алу 5 Іс­са­пар шы­ғы­ста­ры 6 Көз­дел­ме­ген шы­ғы­стар 7 Өзге де шы­ғы­стар ЖИЫН­ТЫҒЫ Атауы________________ Мекенжайы____________________________ Телефон _______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы___________________________________ Орындаушы ____________________________________ __________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам ________________________________ __________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам _______________________________ _____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 2. ____________________________________________ (таратылатын банктің атауы) Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларына және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға 2-қосымша Нысан ____________________________________________ (таратылатын банктің атауы) Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы Басталды ___________________________ Аяқталды _________________________ Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады Кі­ріс Түс­кен кү­ні Кім­нен қа­был­дан­ды (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Кі­ріс құ­жат­тар­дың са­ны (дан­амен) Цифр­лар­мен со­ма­сы (ва­лю­та тү­рін көр­се­те оты­рып бір­лік­тер­мен) Со­ма­сы жа­зу­мен Ны­са­на­лы мақ­са­ты Кас­сир­дің қо­лы Бас бух­гал­тер­дің (бө­лім­ше бух­гал­те­рі­нің) қо­лы Тө­ра­ға­ның (бө­лім­ше бас­шы­сы­ның) қо­лы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бір күн­де­гі жиын­тығы Шы­ғыс Бе­рі­л­ген кү­ні Кім­ге бе­ріл­ді (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Шы­ғыс құ­жат­тар­дың са­ны (дан­амен) Цифр­лар­мен со­ма­сы (ва­лю­та тү­рін көр­се­те оты­рып бір­лік­тер­мен) Со­ма­сы жа­зу­мен Ны­са­на­лы мақ­са­ты Кас­сир­дің қо­лы Бас бух­гал­тер­дің (бө­лім­ше бух­гал­те­рі­нің) қо­лы Тө­ра­ға­ның (бө­лім­ше бас­шы­сы­ның) қо­лы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бір күн­де­гі жиын­тығы Растаушы жазба: «Осы кітаптағы жиынтығы _____________________________________________, (таратылатын банктің атауы) 20 ___ жылғы «__» _________ жазбаларға арналған __________________ _______________________________________ (саны жазумен көрсетіледі) _______________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса алғанда нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ.» 20 ___ жылғы «_____» _________________ Басшы немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам _______________________________________ ________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы Бас бухгалтер немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам _______________________________________ ________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы Кассир _______________________________________ ________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Басқа 3. Кредиторлар комитетінің құрамы ___________________________________________ (таратылатын банктің атауы)
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларына және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға 3-қосымша Нысан «Бекітемін» ____________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) ___________ жылғы «__» ___________ Кредиторлар комитетінің құрамы ___________________________________________ (таратылатын банктің атауы) № р/с Ке­зек­ті­лік­тің (са­нат­тың) нө­мі­рі және ата­уы Кре­ди­тор­лар ко­ми­те­ті­нің құ­ра­мы­на ен­гі­зі­л­ген та­ра­ты­ла­тын банк кре­ди­то­ры­ның ата­уы Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек со­ма­сы 1 2 3 4 Тарату комиссиясының төрағасы __________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон Орындаушы ______________________________________ __________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон Күні _________ жылғы «____» ___________
Басқа 1.4
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларына және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға 4-қосымша Нысан «Бекітемін» ___________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) «__» ________________ жыл р/н № Берген өңір Субъектінің типі (ЖТ/ЗТ/ДК) Берілген күні Аяқталған күні Кредиттің валютасы 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Кредиттің типі % мөлшерлеме Мерзім кешіктірілген күндер саны Берешек сомасы (жалпы және бөлу арқылы) Қамтамасыз етудің болуы, қамтамасыз етудің түру, құны Сот талқылауы/атқарушылық іс жүргізу 7 8 9 10 11 12 Тарату комиссиясының төрағасы ___________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Орындаушы_________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Күні «____» ____________________ жыл
Басқа 2. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашасы № 114 Қаулыға 2-қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 9-10, 219-құж. жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 58 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 болып тіркелген) 14-тармағы;
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5073 болып тіркелген);
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 197 (1597) жарияланған).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5890 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 193 (1790) жарияланған).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 6 қарашадағы № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6665 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 357-358 (26418-26419) жарияланған).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6907 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 179 (26600) жарияланған.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7660 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 226 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13074 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 325 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18189 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 205 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19640 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 14
14. «Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20329 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).