Об утверждении правил формирования и ведения регистра Қолданыста
Басқа 0
Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-226/2020
бұйрыққа қосымша
Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тіркелімді қалыптасыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 209-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды:
Тармақша 1
1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің;
Тармақша 2
2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) реципиенттерінің;
Тармақша 3
3) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорларының;
Тармақша 4
4) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорларының тіркелімі (бұдан әрі – донорлардың тіркелімі) - ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі және қайтыс болғаннан кейінгі донорларының деректер базасы;
Тармақша 2
2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі – «Бекітілген халық тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде модуль түрінде құрылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;
Тармақша 3
3) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімі (бұдан әрі – реципиенттердің тіркелімі) донордан ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау жүргізілген адамдардың деректер базасы;
Тармақша 4
4) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің тіркелімі (бұдан әрі – ықтимал реципиенттердің тіркелімі) - ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің деректер базасы;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) иммунологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан әрі – НLА жүйесі) – адам лейкоциттерінде орналасқан және ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;
Тармақша 7
7) қайтыс болғаннан кейінгі донор - он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тінінің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;
Тармақша 8
8) медициналық ақпараттық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
9) мультипәндік топ (бұдан әрі - МПТ) – пациент организмінің функциялары және құрылымдарының бұзылуы сипатына, оның клиникалық жай - күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 10
10) өңірлік трансплантаттау орталығы - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 11
11) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;
Тармақша 12
12) республикалық трансплантаттау орталығы – республикалық маңызы бар қалаларда және астанада ғылыми - зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар базасында ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 13
13) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және Қазақстан Республикасындағы трансплантаттау мен донорлықты дамыту мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;
Тармақша 14
14) реципиент – донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құю, еркектің немесе әйелдің донорлық материалын (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізу не донордан алынған ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін), сондай-ақ жасанды ағзаларды (ағзалардың бөлігін) трансплантаттау жүргізілетін пациент;
Тармақша 15
15) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын, ережесін уәкілетті орган Кодекстің 7 бабының 70) тармақшасына сәйкес бекітетін денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 16
16) трансплантаттау орталығы – республикалық немесе өңірлік трансплантаттау орталығы;
Тармақша 17
17) тірі кезіндегі донор – он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, ағзаларды (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерді (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін берген адам;
Тармақша 18
18) ықтимал реципиент - тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) трансплантаттауға мұқтаж пациент.
Тармақ 3
3. Реципиенттер, ықтимал реципиенттер және тірі кезіндегі донорлар туралы мәліметтерді донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ДРЕМАЖ) қалыптастыру олардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. ДРЕМАЖ-ға кіруге:
Тармақша 1
1) үйлестіру орталығының;
Тармақша 2
2) трансплантаттау орталықтарының;
Тармақша 3
3) тіндік типтеу зертханаларының рұқсаты бар.
Тармақ 5
5. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі уәкілетті орган айқындаған тәртіпте Кодекстің 212 - бабының 2 - тармағына сәйкес адамның ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде ерік білдіруінің негізінде медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымында немесе «электрондық үкіметтің» веб - порталында қалыптастырылады және жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Дербес деректерді жинау, өңдеу және өзектендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Ықтимал реципиенттердің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу пациенттің жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) автоматтандырылған режимде енгізген кезде уәкілетті органның медициналық ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалана отырып жүргізіледі және ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға мұқтаж ықтимал реципиенттер туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 8
8. Пациенттерді трансплантаттауға іріктеу және ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізу амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме, қарап тексеру және транспланттауға көрсетілімдерді немесе қарсы көрсетілімдерді анықтау мақсатында қосымша зерттеу қажеттілігіне негізделген бейінді мамандардың жолдамасы (қорытындысы) бойынша берілетін алмастыратын бүйрек терапиясын және ағзаларды трансплантаттауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі трансплантаттау орталықтарының МПТ немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі - ДСБ) жанындағы МПТ қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ықтимал реципиенттердің тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді Үйлестіру отралығы жүзеге асырады. Ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізу үшін негіз:
Тармақша 1
1) ДСБ МПТ немесе транспланттау орталығының қорытындысы;
Тармақша 2
2) пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу үшін пациенттің құжаттарын жіберетін медициналық ұйым ресімдейді;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес пациент туралы мәліметтер болып табылады.
Тармақ 10
10. Трансплантаттау орталығы немесе медициналық ұйымдар МПТ шешім шығарғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңірлік трансплантаттаушы үйлестірушіге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық түрде жібереді.
Тармақ 11
11. Өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пациентті ықтимал реципиенттер тіркеліміне енгізуге ДРЕМАЖ-да электрондық өтінімді қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Республикалық трансплантаттауды үйлестіруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізуге өтінімді қарайды. Қарау қорытындысы бойынша өтінім қабылданады не қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 13
13. Пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізуге өтінім мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі немесе сапасы төмен болғанда (МПТ мүшелерінің барлық қолтаңбаларының болмауы, қаріптің анық емес, көмескі болуы);
Тармақша 3
3) МПТ шешімі үш айдан артық уақыт бұрын қабылданғанда;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізу үшін қажетті мәліметтер болмаған да қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 14
14. Үйлестіру орталығы пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне (бұдан әрі – тіркелім) енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ДСБ және трансплантаттау орталығына (құжаттарды трансплантаттау орталығы жіберген жағдайда), тіндік типтеу зертханасына, сондай-ақ, өңірлік транспланттауды үйлестірушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті тіркелімге енгізгені туралы хабарлама жібереді.
Өңірлік транспланттауды үйлестіруші пациентті тіркелімге енгізгені туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл хабарламаны ықтимал реципиентке электрондық поштаны немесе басқа байланыс құралдарын қолдана отырып жібереді.
Тармақ 15
15. Өтінім қабылданбаған жағдайда өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші бес жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою бойынша шараларды қабылдайды және пациентті ықтимал реципиенттер тіркеліміне енгізуге ДРЕМАЖ - да өтінімді қайта қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Пациентті тіркелімге енгізу туралы хабарлама алған кезде тіндік типтеу зертханасының маманы бүйректің ықтимал реципиентін HLA-фенотипін анықтау үшін және үш айда бір рет жиілікпен HLA-антиденелердің болуына қан үлгілерін алу кестесіне енгізеді. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қанның үлгілерін тіндік типтеу зертханаларына жеткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тіндік типтеу зертханасының маманы ықтимал реципиенттің қан үлгісін алғаннан кейін HLA жүйесі бойынша типтеуді жүргізеді, оның нәтижелерін тіркелімге енгізеді.
Тармақ 18
18. ДСБ (бас штаттан тыс бейінді мамандар) өңірлік трансплантаттауды үйлестірушімен бірлесіп өңірдегі ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға мұқтаж адамдарды ДРЕМАЖ тіркелімінде тұрған адамдардың тізімімен тоқсан сайын салыстыруды жүргізеді. Салыстыру нәтижелері бойынша ДСБ (бас штаттан тыс бейінді мамандар):
Тармақша 1
1) бастапқы пациенттерді тіркелімге енгізуге;
Тармақша 2
2) тіркелімнен: трансплантатталған, қайтыс болған, өңірден кеткен (тұрғылықты жерін ауыстырған), трансплантаттаудан бас тартқан, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды шығаруға;
Тармақша 3
3) тіркелімнен медициналық көрсетілімдер бойынша (жай-күйі және клиникалық-зертханалық көрсеткіштерінің жақсаруы немесе МПТ қорытындысы бойынша трансплантаттауға уақытша медициналық қарсы көрсетілімдердің анықталуы), елден уақытша кеткен (тұрғылықты жерін ауыстырған) немесе трансплантаттаудан бас тартқан (ықтимал реципиенттің жазбаша өтініші бойынша) адамдарды уақытша шығаруға;
Тармақша 4
4) ықтимал реципиент МПТ қорытындысы бойынша өмірлік көрсеткіштері бойынша ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) шұғыл транспланттауға мұқтаж жағдайларда тіркелімінен пациенттің мәртебесін «ургентті» мәртебесіне өзгертуге өтінімдерді қалыптастырады.
Бүйректі трансплантаттауға мұқтаж адамдардың өзектендірілген тізімі салыстырудан кейін:
бастапқы енгізілген пациенттердің HLA-фенотипін;
процентпен көрсетілген сенсибилизация деңгейін бағалау мақсатында үш айда бір рет жиілікпен тіркелімде тұрған адамдарда лейкоциттік антиденелердің болуын анықтау үшін диализ орталықтарына тапсырылады.
Тармақ 19
19. Ықтимал реципиенттердің тіркелімінде тұрған тұлғалар туралы мәліметттер келесі жағдайларда өзекті емес болады:
Тармақша 1
1) ықтимал реципиенттің жазбаша қалауы бойынша;
Тармақша 2
2) ықтимал реципиент қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 3
3) ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттаудан кейін;
Тармақша 4
4) трансплантаттауға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде.
Тарау 3. 3-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 20
20. Реципиенттердің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу уәкілетті органның медициналық ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдаланумен жүргізіледі.
Реципиенттердің тіркелімі трансплантаттау орталықтарында ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау жүргізілген адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 21
21. Тірі кезінде донордан трансплантаттау жүргізілген реципиенттер туралы мәліметтерді трансплантаттау орталығы реципиенттердің тіркеліміне операция жүргізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде енгізеді. Сонымен бір мезгілде ДРЕМАЖ жүйесіне донорлық ағзасы (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіні (тіннің бөлігі) алынған донор туралы ақпарат енгізіледі.
Тармақ 22
22. Реципиентті ауруханадан шығару кезінде трансплантаттау орталығы кейінгі бақылау және зерттеп-қарау үшін оның тұрғылықты жері бойынша ДСБ хабарлама жібереді.
Тармақ 23
23. Реципиенттердің тіркелімінде тұрған тұлғалар туралы мәліметтер мынадай жағдайларда өзекті емес:
Тармақша 1
1) реципиенттің жазбаша қалауы бойынша;
Тармақша 2
2) реципиент қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде.
Тарау 4. 4-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
4-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 24
24. Донорлардың тіркелімін қалыптастыру және жүргізу донордың ЖСН автоматтандырылған режимде енгізген кезде уәкілетті органның медициналық ақпараттық жүйесінің деректерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Донорлардың тіркелімі ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) алынған қайтыс болғаннан кейінгі және тірі кезіндегі донорлар туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 25
25. Қайтыс болғаннан кейінгі донор туралы мәліметтерді донорлардың тіркеліміне өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші қайтыс болғаннан кейін донордың миының біржола семуі расталған кезде енгізеді.
Тармақ 26
26. Тірі кезіндегі донор туралы мәліметтерді донорлардың тіркеліміне трансплантаттау орталықтары ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) ауыстырып қондыру жөніндегі операцияны жүргізуден кейін екі жұмыс күні ішінде енгізеді. Сонымен бірге бір уақытта ДРЕМАЖ жүйесіне донорлық ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) алған реципиент туралы ақпарат енгізіледі.
Тармақ 27
27. Тірі донорды ауруханадан шығару кезінде трансплантаттау орталығы кейінгі бақылау және зерттеп-қарау үшін оның тұрғылықты жері бойынша ДСБ хабарлама жібереді.
Тармақ 28
28. Донорлардың тіркелімінде тұрған тірі кезіндегі донорлар туралы мәліметттер мынадай жағдайларда өзекті емес:
Тармақша 1
1) донор қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде.
Тармақ 29
29. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тіркелімдерге енгізілген және алынған мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және оларды:
Тармақша 1
1) тіркелімдердің уақтылы жүргізілуін бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органға;
Тармақша 2
2) медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін), тіндерді (тіннің бөлігін), гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді, консервацияланған мөлдірқабық тіндерін және гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ «Назарбаев университеті» медициналық ұйымдарына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа органдар мен ұйымдарға ұсыну жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Басқа 1. Пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі
Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
1 - қосымша
Нысан
Пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі
Мен: пациент, (заңды өкілі) (астын сызу):
_________________________________________________________________
(реципиенттің, (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________ бола отырып,
(медициналық ұйымның атауы)
_________________________________________________________________
(тіркелімнің атауы)
тіркеліміне енгізу үшін қажетті дербес деректерімді енгізуге, жинауға,
өңдеуге және сақтауға келісімімді беремін.
Қолы: _____________________________________________
(пациент немесе заңды өкілі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы ______/______/
Дәрігер: _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қолы: ___________
Басқа 2. Пациент туралы мәліметтер
Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына
2 - қосымша
Нысан
Пациент туралы мәліметтер
Пациент _________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Туған күні «___» ____________ ___________, жынысы ______________
Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________
Тұрғылықты жері
Пациенттің байланыс ақпараты, оның ішінде, телефон нөмірлері (мобильді, үй), электрондық пошта мекенжайы, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының телефон нөмірлері
Негізгі диагнозы
Антропометриялық көрсеткіштері (бойы және салмағы)
Қан тобы және резус-факторы
Трансплантаттау орталығының дәрігері _______________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________________
Қолы____________
20_____ж. «_____» _______________
немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының
жанындағы мультипәндік топтың хатшысы
_________________________________________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қолы________________ж. «_____» _______________
Басқа 0. Пациентті ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу туралы хабарлама
Тіркедімді қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Пациентті ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу туралы хабарлама
Азамат _________________________________________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Тұрғылықты жері _____________________________________________________________
Электрондық мекенжайы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының атауы)
Сізге 20__ жылғы «___» ______ мультипәндік топтың шешімінің
(медициналық ұйымның немесе трансплантаттау орталығының жанындағы – қажеттінің астын
сызу) және «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
20__ жылғы «___»____________№ ____ бұйрығының негізінде
_____________________________________________________________________________
ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) көрсету)
трансплантаттауға ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізілгеніңізді хабарлайды.
Директор _______________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20_____ ж. «__» __________ ________________________ (қолы)