Об утверждении Правил использования средств резерва акимата города Рудного Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.01.2005 № 36 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Зандарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімиятының резерв қаражаттарын пайдаланудың қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімінің 2000 жылғы 17 қаңтардағы № 35 "Рудный қаласының әкімі резервінің қаражатын пайдаланудың ережелерін бекіту туралы" шешімі күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Рудный қаласының әкімияты резервінің каражатын пайдаланудың ережелері
Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы " 26" акпандағы № 142 қаулысына қосымша Рудный қаласының әкімияты резервінің каражатын пайдаланудың ережелері Осы ережелер Рудный қаласының әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртіптерін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер 1. Осы ережелерде төмендегі түсініктер қолданылады: Рудный қаласы әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына қалалық бюджетте қарастырылған және біруақтылы сипаттағы ойда болмаған шығындарды қаржыландыру үшін Рудный қаласы әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражаттар; ойда болмаған шығындар — ағымдағы қаржы жылына қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде жоспарлауға мүмкіндік болмаған жоне ағымдағы қаржы жылында кезек күттірмей қаржыландыруды талап ететін шығындар; Рудный қаласы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Рудный қаласы әкімиятының резерві қүрамындағы қаражаттар - Рудный қаласы окімияты резервінің қүрамында қарастырылған жоне соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін қаражаттар; Рудный қаласы әкімиятының резерв қаражаттарын алушы — жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімиятының резерві есебінен қаржыланатын, біруақтылы сипаттағы ойда болмаған шығындарға келесі іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оларға мыналар жатады: төтенше жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шегушілердің түруы мен тамақтануы үшін уақытша пункттер ашу және үстау; төтенше әсер етудің апат-қүтқару-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық қүтқару қүралдарымен, жабдықпен және сайманмен қосымша жарақтау; төтенше жағдай зонасына күш және құрал тасымалдауды қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) Рудный қаласы әкімиятының қаулысымен белгіленген басқа да ойда болмаған шығындар.
Тарау 2. 2. Рудный қаласыңың әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
2. Рудный қаласыңың әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды бөлуді осы мақсаттар үшін тиісті қаржы жылына арналған шығындар құрамында бекітілген көлемдер шегінде, Рудный қаласының әкімияты қаулысының негізінде, зандар белгілеген тәртіпте жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы қалалық қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда қаражатты алушы, бөлінген қаражаттың көлемі және пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Рудный қаласының әкімияты резервінің қаражаттары қатаң түрде мақсатты жұмсалуы керек, осы ережелерде және Рудный қаласы әкімиятының резервтен қаражаттарды бөлу жөніндегі қаулысында қарастырылмаган қажеттіліктерге жұмсалмайды.
Тармақ 5
5. Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды бөлу туралы Рудный қаласы әкімиятының қаулысын дайындау кезінде келесі жағдайлар есепке алынады:
Тармақша 1
1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржы бөлудің болмауы;
Тармақша 2
2) Рудный қаласының әкімияты резервінің қаражатын қажет ету ағымдағы қаржы жылында туындады және оны қажет ету соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуден басқа, қаржы алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты емес.
Тармақ 6
6. Рудный қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар болу туралы Рудный қаласы әкімиятының қаулысы Рудный қаласы әкімиятының тиісті қаулыларының негізінде жыл аяғына дейін күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою ушін қаражаттар бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою ушін қаражаттар бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды бөлу жөніндегі қолдаухаттарды төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарастырады.
Тармақ 8
8. Негіздемесі бар материалдары және олардың тізбесін берудің тәртібін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгілейді.
Тармақ 9
9. Аймақтық және ғаламдық масштабта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия зандар белгілеген тәртіпте төтенше жағдайларды болдырмау үшін қаражатттарды бөлу туралы қаулының жобасын Рудный қаласы әкімиятының қарауына енгізеді.
Тармақ 10
10. Жергілікті масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резерві есебінен қаржылануы керек.
Тарау 4. 4. Соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу ушін қаражаттар бөлу
4. Соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу ушін қаражаттар бөлу
Тармақ 11
11. Соттар шешімдері бойынша Рудный қаласы әкімиятының, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың орындаушы құжаттары болған жағдайда Рудный қаласы әкімиятының резерв қаражаттары есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Рудный қаласы әкімиятының міндеттемелерін өтеу үшін Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды болу туралы Рудный қаласы әкімияты каулысының жобасын қалалық қаржы басқармасы зандар белгілеген тортіпте дайындайды.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды болу туралы Рудный қаласы әкімияты қаулысының жобасын тиісті жергілікті атқарушы орган зандар белгілеген тәртіпте дайындайды.
Тарау 5. 5. Басқа да ойда болмаган шығындарға қаражаттар бөлу
5. Басқа да ойда болмаган шығындарға қаражаттар бөлу
Тармақ 14
14. Басқа да ойда болмаған шығындар үшін Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды болу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері тиісті негіздемелер мен есептеулерді қоса отырып, қаражат бөлу жөніндегі қолдаухатты қалалық қаржы басқармасына береді.
Тармақ 15
15. Қалалық қаржы басқармасы берілген қолдаухаттың негізінде Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі жөнінде қорытынды жасайды. Қолдаухатты қарастыру кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға және ойда болмаған басқа да шығындарға қаражаттарды ұтымды болу мақсатында Рудный қаласы әкімиятының резервінен бөлінетін қаражаттар сомасы қаржы жылы бойы қалалық бюджетте әр тоқсанда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға және ойда болмаған басқа да шығындарға қарастырылған жылдық соманың 25 пайызынан аспауы керек. Бүл кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмауға және басқа да ойда болмаған шығындарға Рудный қаласы әкімиятының резервінен қаражаттар болу туралы Рудный қаласы әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
Тармақ 16
16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалдардың әкімгерлерінің қолдаухаты бойынша дұрыс қорытынды болған кезде басқа да ойда болмаған шығындарға Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды болу туралы Рудный қаласы әкімияты қаулысының жобасын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың осы әкімгері заңдар белгілеген тәртіпте дайындайды.
Тарау 6. 6. Бакылау және есеп беру
6. Бакылау және есеп беру
Тармақ 17
17. Рудный қаласы әкіміиятының резервінен қаражаттар алушылар оларды пайдалану, олардың көлемі жоне орындалған жұмыстардың құны жөнінде есеп беруді қалалық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде берулері керек.
Тармақ 18
18. Қалалық қаржы басқармасы Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды пайдалану және оның тиісті кезендегі қалдықтары жөніндегі ақпаратты Рудный қаласының әкіміне ай сайын беруі керек.
Тармақ 19
19. Рудный қаласы әкімиятының резервінен бөлінетін қаражаттарды мақсатты жұмсау үшін қаражатты алушы Қазақстан Республикасының зандары қарастырған тәртіпте жауапты.
Тармақ 20
20. Рудный қаласы әкімиятының резервіндегі қаражаттарды мақсатты пайдалану үшін бакылауды қалалық қаржы басқармасы жүзеге асырады.