О некоторых вопросах государственного учреждения «Байконырбаланс» Министерства финансов Республики Казахстан и внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің атауы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің жарғысын бекітуді;
Тармақша 2
2) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Тармақ 1
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
19 793
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
75
1)
Кинологиялық орталық
40
2)
Оқу-әдістемелік орталық
35
»;
13-1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
13-1
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
426
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
15
1)
Байқоңырбаланс
15
».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
Тармақ 3