Об определении мест для осуществления выездной торговли по Бородулихинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 - бабының 3 - тармағына, 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда ережесінің 102 - тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми түрде жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі.
Әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 387 қаулысына
қосымша
Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі.
№
Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы
Орналасқан жері
1
Бородулиха ауылдық округі
Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 94 «Аян» кафесі мен автобус бекетінің арасындағы алаң.
2
Андреевка ауылдық округі
Михайличенково ауылы, Абай Құнанбаев көшесі № 34 «Удача» дүкенінің жанында.
3
Белағаш ауылдық округі
Белағаш ауылы, Орталық көшесі № 78 «Болашақ» дүкенінің жанында;
Зенковка ауылы, Дружба көшесі № 3/1 «Тұлпар» дүкенінің жанында.
4
Бақы ауылдық округі
Коростели ауылы Бакинская көшесі № 13;
Ауыл станциясы, 1 Май көшесі № 56.
5
Дмитриевка ауылдық округі
Дмитриевка ауылы, Кирова көшесі № 23 «Максим» дүкенінің жанында.
6
Зубаир ауылдық округі
Зубаир ауылы, Ақжол көшесі № 32.
7
Жерновка ауылдық округі
Жерновка ауылы, Кирова көшесі № 3.
8
Жезкент кенті
Жезкент кенті, Молодежная көшесі № 1/1 базардың жанында.
9
Красный Яр ауылдық округі
Красный Яр ауылы, Ленин көшесі № 33-35 арасы;
Уба-Форпост ауылы, Ленин көшесі № 26.
10
Құнарлы ауылдық округі
Песчанка ауылы, Достық көшесі № 5 «Елена» дүкенінің жанында;
Жарбұлақ ауылы, Мостовая көшесі 3/1 «Көктем» дүкенінің жанында.
11
Новопокровка ауылдық округі
Новопокровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 58 «Батима» кафесінің жанында.
12
Новошульба ауылдық округі
Новошульба ауылы, Гагарина көшесі № 121 «Мираж» ғимаратының алдында.
13
Новодворовка ауылдық округі
Ивановка ауылы, Молодежная көшесі № 60 «Угловой» дүкенінің жанында.
14
Подборный ауылдық округі
Камышенка ауылы, Мира көшесі № 40.
15
Переменовка ауылдық округі
Переменовка ауылы, Болашақ көшесі № 55 б «Айназ-2» дүкенінің жанында;
Андроновка ауылы, Ивановская көшесі № 21/1;
Орловка ауылы, Победа көшесі № 4 «Ольга» дүкенінің жанында.
16
Петропавловка ауылдық округі
Петропавловка ауылы, Агиманова көшесі № 100 және 102.
17
Степной ауылдық округі
Шелехова ауылы, Школьная көшесі № 40.
18
Таврия ауылдық округі
Буркотово ауылы, Школьная көшесі № 1 «Венера» дүкенінің жанында;
Сахновка ауылы, Молодежная көшесі № 16 «Александра» дүкенінің жанында.