Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппарата акима Осакаровского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашасы № 79/01 қаулысымен бекітілген Осакаров ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Тармақ 1
1. Осакаров ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) грамотамен марапаттау;
Тармақша 4
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Тармақ 3
3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.
Тармақ 4
4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
Тармақ 5
5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамын аудан әкімі бекіткен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді. Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақылар төлемі Осакаров ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге осы қағиданың 6 тармағында көрсетілген Осакаров ауданы әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына сәйкес, Аппаратты ұстауға берілген аудандық бюджеттен үнемделген қаражат есебінен комиссия ұсынымдары негізінде аудан әкімінің шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Тармақ 8
8. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, ерекше маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Тармақ 10
10. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Осакаров ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттаумен көтермеленуді есепке алуды аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
Тармақша 3
3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеру жүргізу кезеңінде;
Тармақша 4
4) Аппаратта бiр айдан аз жұмыс істегендер.